Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


жасқа дейінгі балалардағы диарея (орташа және ауыр сусыздану) БШАЫЕ бағдарлама бойынша



бет33/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

41. 5 жасқа дейінгі балалардағы диарея (орташа және ауыр сусыздану) БШАЫЕ бағдарлама бойынша. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
: Диареямен ауыратын барлық балалар үшін, гидратация статусын ауыр сусыздану, шамалы сусыздану немесе cусызданудың болмауы деп жіктеп (12-кестені қараңыз), тиісті емдеуді таңдау қажет. Диареямен ауыратын баланың жалпы жағдайын бағалаңыз, оның көздері шүйіленбегенін анықтаңыз, тері қатпарының қаншалықты тез жазылатындығын тексеріңіз, сондай-ақ нәрестеге шөлдегенін немесе нашар ішкенін білу үшін су ұсыныңыз.
Ауыр сусыздану
Төмендегі екі немесе одан көп белгілері:

сананың тежелуі/жоғалуы


көз шүңіреюі
ішпеуі немесе нашар ішуі
тері қатпарының баяу жазылуы (≥ 2 секунд). Емі: рингер лактат немесе физ ерітіндіні к/т 100мл көлемінде енгіземіз. Әр 10-15 мин сайын бақылаймыз. Шамалы сусыздану
Төмендегі екі немесе одан көп белгілері:

мазасыздық, тітіркену


көз шүңіреюі
ашқарақтанамен ішуі, шөлдеу
тері қатпарының баяу жазылуы. Емі: Шыныаяқтан ерітіндіні аз мөлшерде жиі жұтымдармен ішкізіңіз.
Егер бала құсып жатса, 10 минут күтіңіз. Содан кейін ерітіндіні баяу беруді жалғастырыңыз.
Баланы қалаған кезде емізуді жалғастырыңыз.
Сусыздану жоқ Шамалы немесе ауыр сусыздану диагнозын қою үшін белгілер жеткіліксіз. Бала қанша ішсе, сонша сұйықтық беріңіз.

Анасына кеңес беріңіз:


Жиі емізу және әр емізудің ұзақтығын арттыру.
Егер нәресте тек емшек сүтімен қоректенсе, емшек сүтіне қосымша ОРТ ерітіндісін немесе таза су беру
Егер нәресте тек емшек сүтімен қоректенбесе, келесі сұйықтықтардың біреуін немесе бірнешеуін беріңіз: ОРТ ерітіндісі; сұйық тағамдар (мысалы, сорпа, күріш сорпасы, айран); таза су.


42. Жаңа туған нәрестелердегі сарғаю БШАЫЕ бағдарлама бойынша. Сарғаю түрлері (физиологиялық және патологиялық).Диагностика.Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Дені сау жаңа туған нәрестелердің жартысынан көбі және шала туылған нәрестелердің 80%-ында сарғаю дамиды, бұл физиологиялық немесе патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық сарғаю-тері мен аққабықтар (склеарлар) сарғыш, бірақ төменде көрсетілген патологиялық сарғаю белгілерінің ешқайсысы жоқ.


Патологиялық сарғаю-өмірдің бірінші күнінде пайда болады;
толық жетілгендерде 14 күннен артық және шала туғандарда 21 күннен артық сақталады
қызбамен қатар жүреді; айқын сарғаю: нәрестенің алақандары мен аяқтары қанық сары түске ие. Патологиялық сарғаю келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
-ауыр бактериялық инфекция;
-ана мен бала арасындағы қанның топтық сыйыспауынан немесе глюкоза-6 фосфатдегидрогеназаның тапшылығынан туындаған гемолитикалық ауру;
-туа біткен мерез (3.13.1 тарауы) немесе басқа құрсақішілік инфекциялар;
-гепатит немесе өт жолдарының атрезиясы сияқты бауыр аурулары (ашықнәжіс және қара зәр);
-гипотиреоз.
Патологиялық сарғаю кезіндегі диагностикалық зерттеулер
Барлық жаңа туған нәрестелерде сарғаюдың дамуын бақылау керек, егер бұл мүмкін болса, қан сарысуындағы билирубин деңгейін анықтау арқылы расталуы керек:
-өмірдің бірінші күнінде сарғаю пайда болған нәрестелерде;
-гестациялық жасы < 35 апталық шала туылған нәрестелерде сарғаю өмірдің екінші күнінде пайда болады;
-алақандары мен аяқтарының сары түсі кез-келген жаста пайда болатын нәрестелерде.
Емдеу
Фототерапия (сәулемен емдеу) келесі жағдайларда көрсетіледі:
-сарғаю бала өмірінің алғашқы күнінде байқалса;
-алақан мен аяққа жайылған айқын сарғаю байқалса;
-сарғаю шала туған нәрестеде байқалса;
-сарғаю гемолизге байланысты болса.
Сарысудағы билирубин деңгейі, шекті деңгейден төмен болғанша немесе баланың жағдайы қалыпқа келгенше және алақан мен аяқтардағы сарғыштық жойылғанша фототерапияны жалғастырыңыз.
Егер билирубин деңгейі күрт жоғарыласа (кестені қараңыз) және қан құюды қауіпсіз ауыстыру үшін жағдайлар болса, оны жүргізу туралы ойланыңыз.
Антибиотиктер
Егер мерезге немесе басқа инфекцияға күдік болса, ауыр бактериялық инфекциядағыдай емдеуді жүргізіңіз (3.8 тарауы, 3.13 тарауы).
Безгекке қарсы препараттар
Ұзаққа созылған қызба кезінде және егер нәресте безгекке эндемиялық аймақтан шыққан болса, безгек паразиттеріне қан жағындысын тексеріп, оң нәтиже берсе, безгекке қарсы препараттарды тағайындаңыз.
Емшекпен емізуді ынталандырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет