Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет23/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

29. Аналық без апоплексиясы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Аналық без апоплексиясы – аналық без тіндерінің бүтіндігінің бұзылысынан дамитын, іш қуысына кенеттен қан құйылу. Аналық без апоплексиясы етеккір циклының
әртүрлі фазаларында дамуы мүмкін, бірақ жиі овуляция және сары дененің васкуляризация сатысында дамиды. Ең жиі қан кету көзі сары дене және оның кистасы. Тамыр
склероздануынан немесе варикозды кенеюден, тұрып қалатын гиперемия нәтижесінен аналық без жарылады. Қыздарда аналық бе тіндерінің және тамырларының өзгеруі алдында болған қабыну процесінің, жиі жатыр қосалқыларының қабынуы нәтидесінде пайда болады.Апоплексия 90-94% жағдайда овуляторлы ауырсыну немесе менструальді циклдің 2 фазасында пайда болады. Бұл осы кезде қантамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы және овуляция кезінде қанға толуының күшеюімен байланысты. Оң жақ аналық безі апоплексясы сол жақтікіне қарағанда 2-4 есе жиі кездеседі. Себебі оң жақ аналық безіне қан көп мөлшерде
аортаның өзінен, ал сол жаққа бүйрек артериясынан келуімен байланысты.
Кіші жамбас астауындағы ағзалар қабыну аурулары аналық без тінінде склеротикалық өзгерістерге, овариальді веналардың варикозды кеңеюіне алып келеді. Гормональді статустың өзгеруі де аналық без апоплексиясына себеп болады. Оның ішінде гипофиздің лютеиндеуші гормон ЛГ секрециясының жоғарылауы аз емес орынды алады.Құрсақ ұуысына қан құйылуына байланысты:
Женіл түрі (қан жоғалту 100-150 мл)
Орташа түрі (қан жоғалту 150-500 мл)
Ауыр түрі ( қан жоғалту 500 мл-ден жоғары).
Клиникасы
Балалық шақта жиі ауарсынулық түрі байқалады. Әдетте ауру кенеттен басталатын өткір, кейде өте қатты зақымдалған без жағында локализацияланған ішінің төменгң бөлігінің ауырсынуымен басталады. Ауру жиә менструалды циклдың ортасында дамиды және ешқашан менстурациядан кейінгі бірінші аптада дамымайды. Ауырсыну ұстамасы жиі жүрек айнумен, құсумен жүреді. Көп қан жоғалтқанда френикус-симптомы, коллапс
симптомы пайда болуы мүмкін. Жалы зерттегенде тері жамылғысы бозарады, жиі пульс және АҚҚ төмендейді. Қарағанда іш қабырғасының алдыңғы бұлшықеттері тырысқан, іш астарының тітіркену симптомы айқан емес. Ішті перкуссиялағанда іш қуысында бос сұйықтық анықталады.Диагностикасы Ректо-абдоминальды зерттеуде аналық без ұлғайған, шар пішінді, жұмсақ консистенциялы, пальпациялағанда ауырсынады. УДЗ – ол зақымдалған аналық безді, іш қуысында бос сұйықтықты оның сипатын және мөлшерін анықтауға
көмектеседі. Лапароскопия – аналық без апоплексиясын құрсақ қуысы мүшелерінің жіті хирургиялық ауруларынан (соның ішінде жиі кездесетіні жіті аппендицит) ажыратуға көмектеседі. Трансобдаминалды УДЗ
Трансвагиналды УДЗ.Ажырату диагностикасы
Жіті аппендецит
Жатырдан тыс жүктілік
Аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы
Жатыр қосалқыларымен қоса жіті іріңді-қабыну
аурулары
Ісіктер.
Емдеу
Диагноз дұрыс қойылып және іш қуысына көп қан құйылмаса, консервативті шаралармен шектеледі (тыныштық, ішке суық қою, гемостатикалық терапия) Ауырсынуды басу үшін спазмолитиктер тағайындалады Сонымен қатар витаминотерапия (тиамин, пиридоксин,
цианкобаламин) және физиотерапия (УВЧ-терапия, экетрофарез кальций хлоридімен)
Біршама қан кеткенде лапароскопияға көрсеткіш, онда тін дефектісін тігеді немесе аналық без резекциясын жасайды. Көп мөлшерде қан кетуде ған аналық безді тұтас тінімен
алып тастаймыз. Балаларда осындай жағдай өте сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет