Ұбт – тің жаңа форматы



Дата24.02.2024
өлшемі202.42 Kb.
#493123
ҰБТ туралы

11 сынып бітірушілеріне өткізілетін қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелері


11 сынып түлектеріне
Жоғарғы оқу орнында
ҰБТ
Мектеп базасында
Қорытынды аттестаттау
11 (12) СЫНЫПТАРДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
? маусым
Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан
Оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан
қазақ /орыс ұйғыр/тәжік/өзбек
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан
Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады.
А бөлімінде ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын 15 тапсырма бар. Тапсырмалар 1 балмен бағаланады.
В бөлімінде қысқа немесе егжей-тегжейлі жауаптарды қажет ететін 10-12 тапсырма бар. Тапсырмалар 2-8 балмен бағаланады.
Жоғары балл-60
Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім екі мәтінмен жұмыс жасауды қамтиды (мәтіндердің жалпы көлемі – 600-650 сөз). Екінші бөлімде ЖМБ сыныптарда білім алушылар бір жазбаша жұмыс орындайды– эссе (200-250 сөз). ҚГБ сыныптарда білім алушылар 200-250 сөзден тұратын жазбаша жұмыс (мақала, эссе, көпшілік алдында сөйлеу, рецензия және басқалар) жазу ұсынылатын үш тапсырманың ішінен бір тапсырманы таңдайды.
Жоғары балл-40.
Емтихан билеттер бойынша өткізіледі.
Барлығы 30 билет, әр билетте білім алушылар ауызша жауап беретін үш сұрақ беріледі.
Жоғары балл-30
?
маусым
?
маусым
11 (12) СЫНЫПТАРДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
қазақ тілі мен әдебиеті/орыс тілі мен әдебиеті бойынша
жазбаша емтихан
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика)
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
Тапсырмаларда төрт қысқа мәтін бар, олардың жалпы көлемі 400 сөзден аспайды.
Жоғары балл-40
Емтихан жұмысы 2-3 бөлімнен тұрады:
ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар;
Қысқа немесе егжей-тегжейлі жауаптарды қажет ететін 4-5 тапсырма; шағын зерттеу
?
маусым
?
маусым

. Қорытынды аттестаттау мектеп базасында өтеді

Аталған 5 емтиханның да тапсырмаларын

Оқу ағарту министрлігі дайындайды. Емтиханды арнайы уәкілдер келіп қатысады. Тест тапсырған пәндердің жауаптары тест орталығынан шығады.

ЖОО түсу үшін ҰБТ арнайы тест орталығында өткізіледі


Биыл ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады. ҰБТ тапсырушы үміткерлерге 240 емес, 210 минут беріледі. Бұл – 3 сағат 30 минут , Тестілеу үшеуі – міндетті және екеуі – таңдау пәндерінен болады. Алайда “Оқу сауаттылығы” мен “Математикалық сауаттылық” міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны 40-қа дейін ұлғайды. Емтихан тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалды. Демек, жалпы 120 сұрақ пен 140 балл.
Жекелей тоқталсақ, Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, Оқу сауаттылығы – 10, Математикалық сауаттылық – 10 және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Сонымен қатар, шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлер “Қазақстан тарихы” мен “Оқу сауаттылығы” пәндерімен қатар, “Математикалық сауаттылықты” міндетті пән ретінде тапсырады. 2024 жылы талапкерлер ҰБТ-ны бес рет тапсыра алады. Оның екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берсе, қалған үшеуі ақылы оқуға түсуге мүмкіндік береді.

ҰБТ 2024 жылы 5 рет өткізіледі:

  • ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында 3 рет;
  • грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін 2 рет. Бұл ретте ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында өткізілетін ҰБТ мектеп түлектері үшін тегін өткізіледі

талапкерлер ҰБТ-ны әдеттегідей 5 пән бойынша тапсырады. Алайда бұған дейін талапкер әр пәннен кемінде 5 балл жинауы керек болса, бүгінде бұл ережеге аздаған өзгеріс енгізіліп отыр. Енді үміткер "Математикалық сауаттылық" пен "Оқу сауатталығы" пәні бойынша 3 балл жинауға тиіс. 2024 жылғы ҰБТ форматы мынадай: Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5; 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5; 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

  • талапкерлер ҰБТ-ны әдеттегідей 5 пән бойынша тапсырады. Алайда бұған дейін талапкер әр пәннен кемінде 5 балл жинауы керек болса, бүгінде бұл ережеге аздаған өзгеріс енгізіліп отыр. Енді үміткер "Математикалық сауаттылық" пен "Оқу сауатталығы" пәні бойынша 3 балл жинауға тиіс. 2024 жылғы ҰБТ форматы мынадай: Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5; 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5; 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Бейіндік пәндер тізбесі:

  • математика және физика;
  • математика және география;
  • дүниежүзілік тарих және география;
  • биология және химия;
  •  биология және география;
  • шет тілі және дүниежүзілік тарих;
  • оқу тілі мен әдебиеті;
  • география және шет тілі;
  • химия және физика;
  • дүниежүзілік тарих және құқық негіздері;
  • математика және информатика.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет