7- сыныпты тереңдетіп оқытуға арналған
«Физика»
факультативтік курсының бағдарламасы
Түсінік хат
7 сыныптың оқушыларына факультатив курс бойынша құрастырылған «Физика» бағдарламасы физиканы кеңейтіп оқуға арналған және 68 сағатқа есептелген. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың физика пәніне және физикалық эксперимент жасауға деген танымдық қызығушылығын арттыруға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған.
Факультативтік курсы оқушылардың алған білім, білік-дағдыларын есептер шығаруда және күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білуге, қоршаған ортада қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруге дағдыландыруға, оқушыларға жеткілікті көлемде танымдық материалдар беруге негізделген.
Курстың мақсаты: оқушылардың табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, тірі және өлі табиғат әлемінің адам өміріндегі рөлін анықтау, табиғаттағы өзгерістерді адам өмірімен байланыстыру, табиғатты бағалап, қорғауға үйрету.
Физика және астрономия табиғат туралы ғылымдар- 4 сағат.
Жердегі және Әлемдегі физикалық құбылыстар. Физика-техника негізі. Физика және техникалық прогрестің жеделдетілуі. Физикалық және астрономиялық құрал-жабдықтар. Құрал- жабдықтардың өлшеу дәлдігі мен қателігі.
Заттың құрылысы- 5 сағат.
Заттың молекулалық құрылысын дәлелдейтін құбылыстар. Тірі табиғаттағы диффузия. Адамның ас қорытуы, дем алуы. Заттың агрегаттық күйлері және оның адам өміріндегі рөлі. Температуралық шкалалар.
Қозғалыс- 12 сағат.
Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдықты өлшеу тәсілдері. Табиғаттағы және техникадағы жылдамдықтар.Әр түрлі жануарлардың қозғалыс жылдамдықтары. Автомобильдің, локомотивтің жылдамдықтары. Ұшақтың, желдің жылдамдықтары. Тірі табиғат әлеміндегі ұшу. Жүру және жүгіру. Күнделікті өмірдегі инерция. Инерцияның кейбір байқалулары. Тірі жаратылыс иелерінің құлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |