Бударин ауылдық кітапханасы



Дата25.02.2016
өлшемі38.5 Kb.
#20805
Бударин ауылдық кітапханасы
Ауданның ең теріскей өңіріне орналасқан әкімшілік құрылымы. Шығысы мен батысында Жайық және Көшім өзендерімен, күнгейі- Жаңабұлақ ауылдық округімен шектеседі. Орталығы – Бударин ауылы. Округке қарасты Самал (Барановка), Коловертное ауылдары бар. Округ бойынша 3 мектеп, 3 дәрігерлік бөлімшелер, шаруа қожалықтары, сауда саттық орындары бар.
Бударин ауылдық кітапханасы

мәдениет үйі ғимаратының

42 кв.м көлеміне орналасқан.

Аудан ішіндегі көпшілік кітапханалар сияқты Бударин ауылында да алғашқы кітапхана 1930 жылдары білім бөлімінің қарауында Бударин орталау мектебінің жанынан «оқырман отауы» болып ашылды.

1948 жылдары мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің қарауына алынған кітапхана өз жұмысын насихат жағына бейімдеп жалғастыра берді.

1952 жылы Бударин ауылындағы кітапханаға кітапханашы болып С.Мусина қызметке алынды. (мәдениет бөлімінің №12 бұйрығы 1952 жыл. 15 мамыр)

1952 жылы 18 қыркүйек айынан бастап кітапхана қызметін С.Истаева жалғастырды.

1953-1958 жылдар аралығында кітапханашы қызметін А.А.Лютикова атқарған.

Бударин ауылдық кітапханасының 1958 жылы екі бөлмелі шағын үйдің бір бөлмесіне орналасып, жұмысын жалғастырды.

1959 жылы мәдениет бөлімінің 1959 жылғы №67 бұйрығы негізінде Бударин ауылындағы кітапханаға меңгеруші қызметіне М.А.Гусаков қабылданды.

Кітапхана қызметін жан–жақты дамыту оны жаңа биіктерге көтеруде әр жылдары қызмет еткен кітапханашылар да елеулі үлес қосты.

Айтатын болсақ, 1959-1962 жылдар аралығында Нугманов Құспан, Тойған Хабиева, Ермұханова Манаура оқырмандарға үздіксіз қызмет атқарып, кітап оқуға баулып, ауылдың мәдениетін көтеруге атсалысып, кино көрсету жұмыстарын қатар атқарды.

1961 жылы 13 шілде айынан бастап (Бұйрық №150 пр.2) кітапханашы қызметін Абдрахманова Фарида атқарды.

1979 жылдың 6 ақпан айынан (Бұйрық № 4 пр.5) Боранбаева Мадина, кітапхананың меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Кітапханалық жұмысты автоматтандырылған жүйеге еңгізу «КАБИС» бағдарламасы арқылы жүргізілуде.

Қазіргі таңда ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін басты қызметтерінің бірі ақпарат қеңестігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық-тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы бағытта Бударин ауыл кітапханасында 2006 жылдың маусым айында ОКЖ құрамындағы кітапханашылардың қатысуымен «Кітапханадағы библиографиялық ресурстар: мәселемен негізгі даму бағыттары» зерделі кеңесі өтті.

Ауыл мәдениетін көтеру, дамыту бағытындағы оңды істер жалғасын тауып келеді. Осы тұрғыда 2007 жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің «Ауылдық жерлерде мәдени қызмет көрсетуді дамыту» республикалық – аймақтық семинар –кеңесінің басталу сәті Бударин ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ы.Бөребаев, министрдің кеңесшісі С.З.Баймағамбетов қатысып мәдениет үйі кітапханаға саяхат жасау, «Табиғат – ұрпақ игілігі» атты әдеби–экологиялық композицияны тамашалап жоғарғы баға беруі, ауыл тұрғындарына мәдениет қызметкерлеріне үлкен мақтаныш.

Кітапхананың және өзінің де кәсіби деңгейін үздіксіз көтеріп, ауылдастары арасында үлкен беделге ие болып жүрген ауданның үздік кітапханашысы Әсима 20 жылдан астам осы білім ордасында үздіксіз ауыл оқырмандарына қызмет етіп келеді.



Құлетова Асима Жанұзаққызы 1991 жылдың ақпан айынан Бударин ауылдық кітапханасында жұмыс істеуде. Бүгінде Бударин ауылдық кітапханасының қарамағында екі бөлімшелік кітапхана кітап беру арқылы мәдени қызмет көрсетуде. Кітапхана өзінің кітап қорын ОКЖ арқылы жаңа әдебиеттермен толықтырып отыруда.

Еңбектегі жемістері және кәсіби шеберлігі үшін кітапханашы А.Құлетова 2004 жылы «Жылдың ең үздік кітапханашысы» (суретте) атты аудан әкімшілігі атынан алғыс хатпен, 2005 жылы ауыл әкімшілі атынан «Ауылды өркендетуде қосқан үлесі» атты грамотасы, 2006 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қажырлы еңбек жолындағы жетістіктері үшін кітапханашылар күніне орай «Құрмет грамотасы» табыс етілді. 2007 жылы «Кітапхана ісін модернизациялау» және «Оқитын Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында ауыл кітапханаларының қоғамдағы беделін арттырып, мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік ауыл кітапханасы» (суретте) облыстық байқауында І-орынды иеленіп, І-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет