Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі158 Kb.
#3257
Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 02.06.2010 г., № 136 (26197); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 03 маусымдағы № 216 (26062); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 35, 281-құжат


      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру;
      2) Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру;
      3) Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру мемлекеттiк қызметтер стандарттары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.


      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. «Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Қолданылу мерзiмi шектеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн және аккредиттелген кәсiби ұйымдардың тiзiлiмiнде мiндеттi тiркеуге жататын кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнiнен аспайды;
      2) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут;
      3) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн Министрлiктер үйiнiң ғимараты бойынша ыңғайлы жүрiп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтiлер) көзделген. Қажеттi құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесiне оларды тапсырғанға дейiн күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:


      1) қағаз тасығыштарда:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң, 2006 жылғы 18 шiлдедегi № 265 бұйрығымен бекiтiлген Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiне (бұдан әрi - Ереже) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жарғының, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
      Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның құрамында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың болуы туралы мәлiметтер;
      Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер.
      Атауы немесе орналасқан жерi өзгерген жағдайда кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн күнтiзбелiк он күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы жазбаша өтiнiш;
      2) жарғының, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      2) ҚБК-ге аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтiнiш.
      Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      12. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне почта арқылы жiберiледi не қолма-қол тапсырылады.
      14. Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесiнiң қабылдаған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
      Қабылданған құжаттарды ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына және кейiннен орындаушыға берiледi.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
      ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексередi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың, құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
      Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету, өтiнiштердi қарау және талап қою-қуыну жұмысы басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi нөмiрi мен күнiн қойып, бұйрықты тiркеудi жүргiзедi.
      Бұйрық тiркелгеннен кейiн сериясы мен реттiк нөмiрi, кәсiби аудиторлық ұйымның атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) бастығынын бұрыштамалары қойылады.
      Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК регламентiнде белгiленген.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiшпен екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
      16. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 527-кабинет мекенжайы бойынша өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша оның өкiлiне қолма-қол берiледi.
      17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тiзбесiнiң ұсынылмауы;
      2) құжаттардың ресiмделуi осы Стандарттың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi;
      3) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталуы.
      Көрсетiлген ескертулердi кәсiби аудиторлық ұйым ескергеннен кейiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. «Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57 немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.


      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdministrator@minfin.kz.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң атына берiледi. Қаржы министрлiгi кеңсесiнiң қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым ҚБК төрағаның атына берiледi. Қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi әр айдың бiрiншi және үшiншi сәрсенбi күнi, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейiн. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 iске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесi: 74- 30-45.
      24. Шағымдар еркiн жазбаша (баспа) түрде ресiмделедi.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен мынадай телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-34-68, электрондық почта мекенжайы аdministrator@minfin.kz.

«Кәсiби аудиторлық ұйымды    


аккредиттеу туралы куәлiктi беру»
мемлекеттiк қызмет       
стандартына қосымша      

Кесте. Сана және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы
куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.


      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негiзiнде көрсетiледi.
      4. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» Мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Бес жыл мерзiмге берiлетiн және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлiк ұйымдарды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күнiнен аспайды;
      2) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут;
      3) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн Министрлiктер үйiнiң ғимараты бойынша ыңғайлы жүрiп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтiлер) көзделген. Қажеттi құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесiне оларды тапсырғанға дейiн күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:


      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығымен бекiтiлген Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiне (бұдан әрi - Аккредиттеу ережесi) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық телеушiге тiркеу немiрiн беру туралы куәлiктер (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      3) ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын кәсiби бухгалтерлердiң этика Кодексi;
      4) Аккредиттеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның құрамы туралы мәлiметтер;
      5) Аккредиттеу ережесiне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымдардың жұмыс органдарының бар болуы туралы мәлiметтер;
      6) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң бар болуын растайтын құжаттар.
      4)-6) тармақшаларда айтылған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.
      Атауы (оның iшiнде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тиiстi өзгерiстер туралы жазбаша хабарлама;
      2) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш;
      3) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: жарғы, мемлекеттiк тiркеу туралы және салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктер (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi).
      Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымы аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмiрiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердi жариялау;
      2) ҚБК-га аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беру.
      Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      12. Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне почта арқылы жiберiледi не қолма-қол тапсырылады.
      14. Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесiнiң қабылдаған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
      Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады, Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына және кейiннен орындаушыға берiледi.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
      ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексередi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың, құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), КБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
      Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тапсыратын құжаттарды орындаушы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысында қарайды.
      Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету, өтiнiштрдi қарау және талап қою-қуыну жұмысы басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi нөмiрi мен күнiн қойып, бұйрықты тiркеудi жүргiзедi.
      Бұйрық тiркелгеннен кейiн сериясы мен реттiк нөмiрi, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) бастығының бүрыштамалары қойылады.
      Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК регламентiнде белгiленген.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiштiң екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
      16. Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 537-кабинет мекенжайы бойынша өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша оның өкiлiне қолма-қол берiледi.
      17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген тиiстi құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталса;
      3) мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
      бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының құрамында бухгалтерлiк есеп немесе аудит саласында кемiнде екi жыл расталған жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;
      халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген кәсiби бухгалтерлердiң әдеп Кодексiнiң болуы;
      өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;
      Аккредиттеу ережесiне сәйкес болуы;
      бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және Аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуы қажет;
      бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
      Көрсетiлген ескертулердi кәсiби аудиторлық ұйым ескергеннен кейiн кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.


      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdministrator@minfin.kz..
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң атына берiледi. Қаржы министрлiгi кеңсесiнiң қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым ҚБК төрағаның атына берiледi. Қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа кундерi әр айдың бiрiншi және үшiншi сәрсенбi күнi, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейiн. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 iске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесi: 74-30-45.
      24. Шағымдар еркiн жазбаша (баспа) түрде ресiмделедi.
      25.Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен мынадай телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-га дейiн үзiлiс.
      Байланыс телефондары: 74-29-11, 74-35-63, 74-35-66, 74-38-20, электрондық почта мекенжайы аdministrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын 


аккредиттеу туралы куәлiктi беру»
мемлекеттiк қызмет       
стандартына қосымша       

Кесте. Сана және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды
аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (бұдан әрi - ҚБК) көрсетедi.


      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-5а дейiн үзiлiс.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негiзiнде көрсетiледi.
      4. «Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» (бұдан әрi - Стандарт) мемлекеттiк қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Үш жыл мерзiмге берiлетiн және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет кәсiби бухгалтерлерге үмiткерлердi сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күнiнен аспайды;
      2) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут;
      3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күңдерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн Министрлiктер үйiнiң ғимараты бойынша ыңғайлы жүрiп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтiлер) көзделген. Қажеттi құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесiне оларды тапсырғанға дейiн күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:


      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығымен бекiтiлген Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiне (бұдан әрi - Аккредиттеу ережесi) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi болып бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етуi көзделген жарғы, мемлекеттiк тiркеу туралы және салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктер (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      3) Аккредиттеу ережесiне 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құрылымы және жұмыс органдарының бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәлiметтер;
      4) осы тармақшада көрсетiлген пәндер бойынша оқудан тәуелсiз емтихандық жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын құжаттар, оның iшiнде:
      кәсiби бухгалтердi сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ереже мыналардың көрсетiлуiмен:
      тест сұрақтары мен ахуалдық мiндеттердi қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
      сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың ұзақтығы;
      кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргiзу мерзiмдерiн;
      кандидат нәтиженi бекiткен күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтиженi бекiткен күнiнен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оң нәтиже алуы;
      жекелеген пәндер бойынша үш жылдың iшiнде қатарынан үш реттен астам терiс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуi;
      кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi;
      Аккредиттеу ережесiне 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрi - комиссия) төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз бақылаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекiтiлген ереже;
      комиссияның (кеңестiң) арызы мен шешiмiн қарау мерзiмiн, нысанын белгiлей отырып, емтихандардың нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестiң) құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы бекiтiлген ереже;
      Аккредиттеу ережесiне 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәлiметтер;
      кандидаттарды сертификаттау жөнiндегi күндiзгi оқыту түрi бойынша, Аккредиттеу ережесiне 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшiн қажеттi мынадай пәндердi қамтитын бекiтiлген бағдарламалары:
      «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп»,
      «Салық және салық салу»,
      «Азаматтық құқық»;
      үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткiзудiн бекiтiлген кестесi. Емтихандарды өткiзу Аккредиттеу ережесiнiң 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
      «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша кемiнде 200 тест сұрақтары мен 100 мiндеттен, Аккредиттеу ережесiне 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тiзбесiне сәйкес әрбiр ХҚЕС бойынша кемiнде бiр мiндеттен тұратын емтихандық модульдер; «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша - Аккредиттеу ережесiне 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тiзбесiне сәйкес кемiнде 500 мiндет және/немесе тест сұрақтары;
      қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгерiс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөнiндегi бағдарламаларды жаңартып отыру;
      6) кәсiби бухгалтерлiкке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәрiс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекiтiлген материалдар;
      7) Аккредиттеу ережесiне 7-қосымшаға сәйкес кәсiби бухгалтерлiкке кандидат сертификатының жобасы.
      3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда берiледi.
      Атауы (оның iшiнде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу үшiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тиiстi өзгерiстер туралы жазбаша хабарлама;
      2) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш;
      3) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшiрмелерi: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi болып бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етуi көзделген жарғы, мемлекеттiк тiркеу туралы және салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiктер (сәйкестендiру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi).
      Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде сериясын, нөмiрiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау;
      2) уәкiлеттi органға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беру.
      Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы өтiнiш берiлген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      12. Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алуға арналған өтiнiш үлгiсi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесiне почта арқылы жiберiледi не қолма-қол тапсырылады.
      14. Аккредиттелуге тапсырылғаң құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады. Тiзiмдеменiң көшiрмесiн ҚБК кеңсесiнiң қабылдаған күнiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жолдайды (бередi).
      Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесiмен қаралады, бақылауға қойылады. Тiркелген, тиiстi тәртiппен ресiмделген құжаттар ҚБК төрағасына және кейiннен орындаушыға берiледi.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi хат-хабарды тiркеудi, бөлудi, ресiмдеу мен адресаттарға жеткiзудi ол ҚБК кеңсесiне түскен сәттен бастап екi сағат iшiнде жүзеге асырады.
      ҚБК өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшiрмелердiң түпнұсқаларға сәйкестiгiн тексередi. Толық еместiгi туралы факт анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолақтардың құжаттардың бекiтiлген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшiрмелерiнiң түпнұсқаларына сәйкес келмеуi), ҚБК көрсетiлген мерзiм iшiнде бұдан әрi қараудан бас Тарту туралы жазбаша, дәлелдi жауап бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойғаннан кейiн құжаттар жалпы негiзде қаралады.
      Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тапсыратын құжаттарды орындаушы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысында қарайды.
      Мемлекеттiк қызметтi алуға берiлген құжаттарды қарау нәтижесi оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi туралы, өзiнiң, ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күнi мен нөмiрi қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негiзiнде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету, өтiнiштердi қарау және талап қою-қуыну жұмысы басқармасымен 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде келiсiлетiн бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы КБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметi нөмiрi мен күнiн қойып, бұйрықты тiркеудi жүргiзедi.
      Бұйрық тiркелгеннен кейiн сериясы мен реттiк нөмiрi, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымының атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жерi, берiлу мерзiмi, аккредиттеу туралы куәлiктi берушi органның атауы, күнi мен берiлу жерi жазылатын аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсi шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлiк бланкiсiне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрiмен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушiге өтiнiш қабылданған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден жазбаша дәлелдi бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екi данада шығарылып, ҚБК-нiң ресми бланкiсiнде басылады. Бiрiншi дана өтiнiш берушiге ҚБК кеңсесi арқылы почтамен жiберiледi. Екiншi данада орындаушының және ҚБК-нiң құрылымдық бөлiмше (басқарма) бастығының бұрыштамалары қойылады.
      Құжаттар өтуiнiң iшкi тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi төрағасының 2009 жылғы 7 шiлдедегi № 9 бұйрығымен бекiтiлген ҚБК регламентiнде белгiленген.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың (өтiнiштiң екiншi данасына немесе ұсынылатын құжаттарға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылады) ҚБК кеңсесiнде тiркелуi тапсырылғанын растау болып табылады.
      16. Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк, берiлген аккредиттеу туралы куәлiктердiң журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 537-кабинет мекенжайы бойынша өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша оның өкiлiне қолма-қол берiледi.
      17. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген тиiстi құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместiгi анықталса;
      3) сертификаттау жөнiндегi емтихандық модульдер мен оқу бағдарламаларының мазмұны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап бермесе;
      4) заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөнiндегi емтихан модульдерiн толық және пәндер бойынша қолданылса;
      5) келесiнi қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
      оқудан тәуелсiз емтихандық жүйесiнiң бар болуы;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын қамтитын емтихандық модульдер, және олардың жаңару жүйесiнiң бар болуы;
      бiр немесе бiрнеше бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимылдары туралы келiсiмнiң бар болуы;
      уәкiлеттi органмен бекiтiлген Аккредиттеу ережесiне сәйкес болуы.
      Көрсетiлген ескертулердi бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ескергеннен кейiн бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктi алу туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) мемлекеттiк қызметтiң рәсiмi туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. «Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.


      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесiнiң қызметкерi арқылы, демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdministrator@minfin.kz.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң атына берiледi. Қаржы министрлiгi кеңсесiнiң қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым ҚБК төрағаның атына берiледi. Қабылдау күндерi: демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi әр айдың бiрiншi және үшiншi сәрсенбi күнi, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейiн. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 iске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесi: 74-30-45.
      24. Шағымдар еркiн жазбаша (баспа) түрде ресiмделедi.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесiнде тiркелуi (екiншi данасына немесе шағым келiп түскен iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Iшкi әкiмшiлендiру және ҚБК персоналымен жұмыс iстеу басқармасы қызметкерлерiнен мынадай телефондар арқылы бiлуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8,Министрлiктер үйi, № 7 кiреберiс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесi демалыс күндерiнен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы аdministrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау


жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы
куәлiктi беру» мемлекеттiк қызмет 
стандартына қосымша       

Кесте. Сана және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет