8. "Капитал мен резервтер" 5-бөлімінің шоттары
39. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
5 "Капитал мен резервтер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 - "Жарғылық капитал";
5100 - "Төленбеген капитал";
5200 - "Сатып алынған меншікті үлес құралдары";
5300 - "Эмиссиялық кіріс";
5400 - "Резервтер";
5500 - "Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)";
5600 - "Қорытынды пайда (қорытынды залал)".
40. 5000 "Жарғылық капитал" кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 - "Артықшылықты акциялар", онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;
5020 - "Қарапайым акциялар", онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;
5030 - "Салымдар мен пай", онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.
41. 5100 "Төленбеген капитал" кіші бөлімі төленбеген капиталды есепке алуға арналған.
5110 - "Төленбеген капитал", онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.
42. 5200 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған.
5210 - "Сатып алынған меншікті үлес құралдары", онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген ығындар ескеріледі.
43. 5300 "Эмиссиялық кіріс" кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған.
5310 - "Эмиссиялық кіріс", онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.
44. 5400 "Резервтер" кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 - "Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал", онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 - "Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв", онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 - "Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв", онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 - "Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв", онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 - "Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв", онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалары көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;
5460 - "Өзге резервтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.
45. 5500 "Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)" кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 - "Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)", онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;
5520 - "Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)", онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.
46. 5600 "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.
5610 - "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.
Достарыңызбен бөлісу: |