Буын үндестігі сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм



Дата07.03.2022
өлшемі84.35 Kb.
#456045
Буын үндестігінің (сингармонизм) қарастыратын мәселесі. №2 пр


Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
Буын үндестігі
Басқа тілден енген сөздер
Біріккен сөздер
Қос сөздер
(кітап, қадір, мұғалім т.б.)
(бойжеткен, баспасөз т.б.)
(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)
-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)
Тасымал


Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. 1. Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б. 2. Тасымал буынға негізделеді. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар 1. Бір дыбысты ашық буын. а-та, ә-ке т.б. 2. Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды:ат-ант-өрт, ұлт т.б. 3. Бітеу буындарды да тасымалдауға болмайды. құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б. 4. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: ҚР, БҰҰ, ТМД т.б. 5. Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әріптері: А.Құнанбаев. А.С.Пушкин. М.О.Әуезов т.б. 6. Цифрлар арқылы таңбаланған сандар: 15га, 25см т.б. 7. Буын құрай алмайтын дауыссыздар тіркесі.Мысалы: электр, станция, ансамбль, вол
 


Дыбыс үндестіктері мәселелері Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Оған: 1. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –ы дыбысын – ұ – ға айналдырады.
Мысалы: орын – орұн, құлын – құлұн. Ал ашық дауысты –а дыбысына –о – ның да, -ұ – ның да әсері байқалмайды.
Мысалы. орақ, құлан 2. Алғашқы буындағы –о немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –і дыбысын – ү – ге айналдырады.
Мысалы: көрік – көрүк, күдік – күдүк
3. Алғашқы буындағы –ө немесе –ұ дыбыстары екінші буындағы –е дыбысын – ө – ге айналдырады.Мысал: өлең - өлөң, күрек – күрөк

Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап. 1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады. Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:- мен (-бен, - пен): қалам – мен, ағаш – пен;
- паз: әсем – паз, өнер – паз;
- қор: пәле – қор;
- қой: сән – қой;
- кер: жұмыс – кер;
- дік (-нікі, - тікі): колхоз – дікі;
- кеш: арба – кеш;
- хана: шеберхана
- күнем: пайда – күнем.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет