Зақымдану дәрежелері
Жарақаттануды келесідей дәрежелерге ажыратады:
бірінші – терінің білінер-білінбес зақымдалуы, терінің болар-болмас сыдырылуы, тырналып кетуі, емдеуді қажет етпейді;
екінші – қатты ауырады, бұлшықеттің жыртылуы, ал ол өз кезегінде ісіктің, қанды ісіктің пайда болуына алып келіп, науқастың хал-жағдайына кері әсер етеді;
үшінші – бұлшықет тіндерінің, сіңірдің зақымдалуымен, буынның шығуымен, асқынулармен, қосалқы өзгерістермен сипатталады;
төртінші – көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметінің толықтай бұзылуына алып келетін өзгерістер тән болады.
Созылудың дәрежелері:
бірінші – аталмыш жағдайды сіңір ішінара жыртылған болады, әлсіз ауырсыну сезімдері буындардың қозғалғыштығының шектелуіне алып келмейді, ісіну әлсіз ғана білінеді;
екінші – қатты ауырады, ісік, қан құйылуы, бірқалыпты созылу, талшықтардың бүтіндігінің жоғалуы орын алады, кейде капсула зақымдалуы мүмкін, қозғалған кезде ауырады, буынның патологиялық қозғалғыштығы байқалады;
үшінші – сіңірдің толық үзілуімен сипатталады, ісік, зақымдалған жерде қан кернеуі, ауқымды түрде қан құйылуы, тұрақсыздық пайда болады, шұғыл араласуды қажет етеді.
Диагностика
Жарақаттанудың, сіңірдің созылуы мен сынудың белгілері өте ұқсас, өз бетінше диагноз қоюға болмайды. Тізе буындары мен жарақаттану кезінде пайда болатын өзге де патологияларға тәжірибелі травматолог қана диагностика жасай алады. Диагностикалық әдіс аясында рентген, МРТ қолданылады. Соңғы зерттеу хирургиялық әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін анықтауға көмектеседі.
Диагноз қойылғаннан кейін жалпы ережелерге сәйкес терапия белгіленеді. Жарақаттанғаннан, соққы алғаннан кейін кешенді емдеу аясында дәрі-дәрмектерді қабылдау, физиотерапиялық емделуді қолдану, халықтық рецепттерді пайдалану көрсетілген.
Жарақаттану, сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Аяқ сіңірінің созылуы, тізенің жарақаттануы үй жағдайында жасауға болатын тез арада көрсетілетін көмекті қажет етеді.
Сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мынадай айла-амалдардың жүргізілуін қамтиды:
суық компресс – ауырсынумен, ісінумен күресуге көмектеседі, зақымдалған жерге мұз немесе суық сумен толтырылған шөлмекті қою керек;
зақымдалған жерге салмақ түспеуі, дәрігер келіп қарағанға дейін аяқты немесе қолды қозғалтпай, тыныш қалыпта ұстау керек;
аяқ-қолды дененің жоғарғы бөлігінде ұстау, ол үшін валикті қолдануға болады;
ауыруды басатын, сездірмейтін дәрі-дәрмекті қабылдау.
Жарақаттанған және сынған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің айырмашылығы көп емес.
Тобық жарақаттанған, сіңірі созылған кезде көрсетілетін дәрігерлік көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмектер, физиотерапия қолданылады. Терапияның ұзақтығы, жараны емдеу, жараның жазылуы жарақаттың алынған деңгейіне байланысты. Көбінесе ауыруды басатын дәрілер белгіленеді. Кейде шендеуіштер, таңғыштар қолданылады, ауыр жағдайларда хирургиялық әрекеттер жүргізіледі.
Жарақаттану мен созылудан кейін емделуді жылдамдатуға жергілікті ауыруды басатын қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер көмектеседі. Аталмыш санатқа фастум гуль және өзге де препараттар жатады. Дәрі-дәрмектерді зақымдалған жерге күніне 2-3 реттен 10 күн бойы жағуға кеңес беріледі.
Физиотерапияның әдістерді сондай-ақ жазылу процесін жылдамдатады, дәрігер электрофорез, массаж, инфрақызыл сәулелендіру, магнитотерапия белгілейді. Сондай-ақ емдік денешынықтырудың тиімділігі өте жоғары, жаттығулар кешенін таңдаумен дәрігер айналысады.
Емделудің ұзақтығы жарақаттың ауырлық деңгейіне, науқастың жағдайына, оның ағзасының жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты. Орташа есеппен терапиялар 2-3-тен 5-8 аптаға дейін уақыт алады. Осы кезеңде дәрігердің барлық кеңесін орындап, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әрекеттерден бас тарту керек.
Емдеу
Буынға шамадан тыс созу күші түскенде , оның айналасындағы сіңірлер созылады. Қол-аяқ бұлшық еттерінің соғылғандығы мен созылуын тек рентгеноскопия арқылы ғана анықтауға болады. Шытынап сынған жер мен буынның созылуына бірдей ем қолданылады. Буынды қозғалыссыз ұстау керек, оны бұл үшін қимылдатпайтындай етіп байлап тастаңыз. Қатты созылған жер 3—4 аптадай уақыт өткесін барып жазыла бастайды. Ал сынған сүйектің жазылып, бітуіне бұдан да көбірек уақытты қажет етеді. Ауруды жеңілдетіп, ісікті басу үшін созылған жерді жоғары көтеріп ұстаңыз. Алғашқы бірінші, екінші күндері іскен буынға әр сағат сайын 20—30 минуттен шүберекке не пластикке оралған мұз, әйтпесе салқын сумен ылғалдалған шүберекті басып отырыңыз. Бұл ісіктің бетін қайтарып, ауырған жердің сыздағанын қойдырады. Ісіктің азайып беті қайта бастаған кезден 24—48 сағат өткесін сол жерді ыстық сумен сүртіп, сылап қойыңыз.
Тез жазылып кетуі үшін созылған буынға қолдан жасалған жақтау қалақша немесе эластикалық бандаж салып бекітіп қойыңыз. Аяқ пен табанды эластикалық бандажбен таңып байлау ісікті болдырмайды немесе оның азаюына септігін тигізеді. Байлауды аяқтың башпайларынан бастап жоғары қарай суретте орап таңу керек Бандажды өте қатты қысып байламаңыз және 1—2 сағат сайын аз уақытқа босатып тұрыңыз. Аспирин ішіңіз. Егер ісік 48 сағат өткеннен кейін қайтпаса, дәрігерге барып көріңіз. Алдын-ала сақтандыру: созылған буынға немесе сынған сүйекке ешуақытта үйкелеп массаж жасаушы болмаңыз. Бұдан зиян келмесе, пайда болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |