Буканова асель кайратовна



бет12/31
Дата29.02.2024
өлшемі7.27 Mb.
#493319
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
bukanova-a-k-povtor-phd-s-sp

Мысал 1. Бағдарламалау тілдерінің тарихын оқыту кезінде біз тарихтағы алғашқы бағдарламашы Ада Августа Лавлейс болғанына назар аударып, оның әкесі Лорд Байрон әлемдік поэзияның (соның ішінде отандық) дамуына ерекше әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде еркін ойлау дәстүрін құрғаны туралы да айтып өтеміз.
Мысал 2. Есептеу тарихын оқыту кезде біз В.Г. Лейбниц жасаған есептеу машинасының бірі туралы айтамыз. Сонымен қатар, кең ауқымын аша отырып, оның ғылыми зерттеулері мен тарих, әдебиетке деген қызығушылықтары туралы, соның ішінде оның Германияны біріктірудегі балама көзқарастарды және ымыраға келуге әрекеттерін, католик және протестанттық діндерді жақындастыру әрекеттерін, оның Петр I-нің көптеген жобаларына, соның ішінде білім беру жобаларына әсерін көрсетеміз.
Информатика тарихы курсының ізгілендіру (гуманитарлық) әлеуеті көбінесе оның авторы қандай әдебиет көздерін қолданатындығына байланысты, оның шеберлігі курстың ғылымилығын төмендетпей, оны қызықты ету қабілетімен анықталады. «Есептеу тарихы» тақырыбын зерттеуде әртүрлі әдеби көздерді қолдануға мысал келтірейік.
Мысал. Есептеу құрылғыларының ерте тарихын оқытуда біз И.А. Апокиннің, Л.Е. Майстровтың [103] «Есептеу техникасының тарихы: қарапайым құрылғылардан күрделі релелік жүйелерге дейін» және Р.С. Гутердің, Ю.Л. Полуновтың «Абактан компьютерге дейін» кітаптарын кеңінен қолданамыз [104]. Олардың біріншісі курстың ғылыми болуын қамтамасыз етеді; ондағы материал академиялық стильде берілген. Екіншісі әлдеқайда танымал, әр түрлі қызықты фактілерді, соның ішінде өмірбаяндық сипаттағы фактілерді қамтиды, біз оларды негізінен семинарларда кеңінен қолданамыз. Біз сипаттаған информатика тарихы курсының гуманитарлық функциясымен оның мәдениеттанымдық функциясы тығыз байланысты, ол қазіргі білім берудің негізгі принциптерінің бірі – мәдениеттілік қағидасымен байланысты.
Е.В. Бондаревскаяның пікірінше, тұлғаның дамуы «әлеуметтік және биологиялық, табиғи қағидалар» арасындағы қайшылықтарды шешу процесінде жүреді, табиғат пен қоғам арасында «оларды біріктіретін және осы қайшылықтарды шешуге көмектесетін» мәдениет жатыр. Сондықтан қазіргі білім берудің «жаһандық мақсаты» ретінде Е.В. Бондаревская «адам мәдениетін қарастыруды» ұсынады. Бұл көзқарас жалпы әлемдік даму процестеріне толық сәйкес келеді. Осылайша, ЮНЕСКО шеңберінде Мәдениеттің Дүниежүзілік онжылдығы бағдарламасы әзірленді, онда мәдениет «қазіргі заманғы өркениеттің дамуының бастапқы қағидаттарының бірі» ретінде қарастырылады [105]. Оның негізгі мақсаттары ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор былай тұжырымдады: «дамудың барлық нысандарының мәдени аспектілерін назарға алу, қазіргі әлемдегі мәдени императивті түсінуге ықпал ету; кез келген қоғамда, оның экономикасы мен әлеуметтік – саяси бағдарының деңгейіне қарамастан, мәдениет дамумен тығыз байланысты екенін баса көрсету; мәдениет және оның маңызды салалары – білім, ғылым, коммуникация саласындағы зияткерлік ынтымақтастыққа жәрдемдесу» [106].
А.П. Валицкая, Т.С. Полякова сияқты жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін зерттеушілердің пікірінше, мәдениеттілік принципі мұғалімнің білім беруінде ерекше мәнге ие болады, өйткені ол қандай арнайы пән оқытса да «... мәдениеттің бейнесін орындайды, оны өзінің рухани-адамгершілік бейнесінде «айтады». «Осы типтегі мұғалім өзінің пәнін басқа пәндермен пәнаралық байланыста әлем туралы тұтас білімнің органикалық бөлігі ретінде көруі, оның қоғамдық практикадағы маңыздылығын, яғни «өзінің» пәнінің ізгілік (гуманистік) құндылығын» түсінуі тиіс [107].
Біздің зерттеуімізде, Т.С. Полякованың зерттеуіндегідей кәсіби дайындық қарастырылатындықтан, біз болашақ информатика мұғалімін – мұғалім бола отырып, маңызды әлеуметтік функцияны орындайтын кәсіби мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде және кәсіби қызметті тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар информатика мұғалімі ретінде қабылдаумен шектелеміз. Сонымен, мәденилік принципіне сәйкес информатика мұғалімінің кәсіби мәдениеті құрамына педагогикалық мәдениет пен ақпараттық мәдениет компоненттерін құрамдас бөлік ретінде қамтиды және біздің ойымызша, олардың қалыптасуы информатика мұғалімін даярлау мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазіргі заманғы адамтану ғылыми әдебиетінде «Мәдениет адамы» ұғымы кеңінен қолданылады. В.Франкл «Мәдениет адамы» ретінде «мәдениет қорына» қосылып қана қоймай, оның құрылуына қатыса алатын, сонымен қатар жаңа мәдени нысандар құра отырып, яғни мәдени шығармашылыққа қабілетті адамды қарастырады [108].
Информатика тарихы курсы біз атап өткен информатика мұғалімінің кәсіби мәдениетінің әр компонентін қалыптастыруда үлкен әлеуетке ие. Осы мүмкіндіктерді толығырақ ашып көрсетейік.
«Ақпараттандыру мәдениеті» ұғымы қазіргі ғылымда кеңінен қолданылады. Біз бұл тұжырымдамаға мазмұнды және процестік қырлар (аспектілер) кіреді деп санаймыз. Мазмұндық қыры – жеке тұлғаның ақпараттық құзыреттілігін қамтамасыз ететін, информатика және оны қолдану мүмкіндіктері туралы білім; ал, процессуалдық қыры – жеке адамның компьютерді пайдалануы мен оны кәсіби қызметінде қолдануды сипаттайды. Сондықтан жеке адамның ақпараттық мәдениетті игеруі оның ақпараттық құзыреттілік пен компьютерде жұмыс жасаудың белгілі бір негізгі деңгейлерінің болуын білдіреді.
Информатика тарихы курсы компьютерді меңгеру деңгейінің жоғарлауына да әсер етеді, ол негізінен курсты оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерімен ғана анықталады. Информатика тарихы курсын оқыту тәжірибемізде негізінен біз әзірлеген электрондық жүйе осындай мүмкіндіктерге ие, оны әрі қарай толығырақ 2 тарауда сипаттаймыз.
Информатика тарихы курсының информатиканың ғылым ретінде қалыптасуына, ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуына әсер етуін сипаттайық. Ең алдымен, ешқандай мәдениет өзінің қайнар көзінен тыс жерде болмайтынын атап өтейік.
Информатика тарихы білім алушыларды ғылым ретінде информатиканың генезисімен (түптегімен) таныстырады, осылайша оның ретроспективті нұсқасында мұғалімнің ақпараттандыру мәдениетін қамтамасыз етеді. Мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға курстың даралық (персоналистік) компоненті де әсер етеді, өйткені информатиканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды сипаттау кезінде олардың жетістіктері туралы айтылады және қысқаша талданады, ал бұндай ақпарат іргелі курстардың бағдарламасына кірмейтіні анық.
«Ақпараттық мәдениет» термині жиі қолданылады, бұл біздің пікірімізше сәтсіз сияқты, өйткені ол «ақпарат» терминінен алынған және анықталған ұғымды айтарлықтай тарылтады. Біздің ойымызша «ақпараттандыру мәдениеті» терминін пайдаланған неғұрлым тиімдірек.
Сонымен қатар, біз әзірлеген информатика тарихы курсына жоғарыда айтылғандай, әдістеменің элементтері кіреді: информатика ұғымының генезисі, ғылым ретінде информатика туралы қазіргі идеяларды да талдайды; информатиканың құрылымы қарастырылады, оның негізгі әдістері талданады т.б. Осылайша, информатика тарихы курсы болашақ информатика мұғалімдерінде информатиканың өзі, оның құрылымы мен әдістері туралы барабар идеяларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл ережелердің барлығы мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда информатика тарихы курсының елеулі үлесін сипаттайды.
Біз Е.В.Бондаревскаяның педагогикалық мәдениет туралы берген анықтамасына сүйене отырып: «Жеке-даралық деңгейде біз педагогикалық мәдениетті мұғалімнің педагогикалық құндылықтарының, қызметі мен кәсіби мінез-құлқының динамикалық жүйесі болып табылатын мұғалімнің интегралды жеке басының маңызды сипаттамасы ретінде қарастырамыз», оның негізінде педагогикалық білім жатқандығын аңғаруға болады. Мәдениетті меңгеру арқылы адамда өзгерістер болады және ол шығармашылық тұлға ретінде қалыптаса бастайды.
Информатика тарихы курсының осылайша түсінілген педагогикалық мәдениеті туралы айтпас бұрын, заманауи мұғалімнің қалыптасуында анықтаушы рөл атқаратын екі мәдениеттің, яғни педагогикалық және ақпараттық мәдениеттердің өзара байланысын анықтап алайық. Көпшілік мойындағандай, заманауи мұғалім ақпараттық технологияларды игерген жағдайда ғана заманауи болып есептеледі және де осыған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Білім берудегі цифрлық технологиялар», «Информатиканы және робототехниканы оқытудың инновациялық әдістері» сияқты курстар бағытталғаны белгілі. Жоғарыда біз информатика тарихы курсы болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына әсер ететінін көрсеттік, сондықтан, ол қазіргі заманғы түсіндірудегі педагогикалық мәдениеттің қалыптасуына жанама әсер етеді.
Информатика тарихы курсы мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне тікелей әсер етіп, оның жалпы мәдени көзқарасын едәуір кеңейтеді, эрудициясына ықпал етеді, заманауи құндылықтар жүйесі мен кәсіби мінез-құлықты қалыптастырады.
Информатика мұғалімін даярлаудың қысқа тарихы бар, ал математика мұғалімін ақпараттық даярлау әлі қалыптасу барысында. Маңызды міндеттердің бірі – гуманитаризациялау мәселесі бола тұра, информатика дамуын қолданбалы векторға жатқызуға болады. Информатикаға іргелі пән мәртебесі ХХ ғасырдың 80 жылының соңында беріле бастады. Мұның себептері «базалық информатика курстарында жаңа ақпараттық технологияларды оқуға бағытталу, информатиканың жоғары даму әлеуетін және оның қазіргі ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы ерекше рөлін тану» болып табылады.
Г.А. Бордовскийдің пікірінше, «білім қоғамына», кіре отырып, адамзат өзінің мүшелері алатын білімнің іргелі сипаты туралы қамқорлық жасауы керек, көбінесе олардың «тез және салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз қалпына келтіру, жаңа мамандықтар мен біліктіліктерді меңгеру» қабілетін қамтамасыз етеді [109].
Білім беруді гуманитаризациялау ЮНЕСКО-ның ІІ халықаралық конгресінде «Білім мен информатика» ұлттық баяндамасында «қоршаған әлемнің әр түрлі үдерістері арасындағы терең маңызды негіздер мен байланыстарды анықтауға арналған» деп анықталған болатын [110]. Информатика тарихы курсының пәнаралық, блокаралық және цикларалық байланыстарының бай әлеуеті туралы сөз көтерген едік, ол курсты оқыту барысында белсенді түрде жүзеге асады және осылайша болашақ информатика мұғалімін даярлау процесін гуманитаризациялайды.
Бұдан бөлек, информатика тарихы курсы болашақ информатика мұғалімін даярлауда кемінде екі бағыт бойынша іргелендіруіне елеулі әсер етуге қабілетті. Соларды сипаттап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет