Өзің басқаларға әлімжеттік көрсетуші болсаң не білуің керек?
Әлімжеттік сенің болмысың емес, ол сенің теріс қылықтарың екенін түсін!
Әлімжеттік үшін заң алдында жауаптылық бар екенін ұмытпа!
Егер біреудің әлімжеттік жасағанын көрсең не істеу керек?
Ересектерден көмек сұра!
Әлімжеттіктен бірден бас тарт!
Ашық сөйлесуге тырыс! Себебі ол сенің көмегіңе өте мұқтаж!
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! ӘЛІМЖЕТТІК – ӘЛСІЗДІКТІҢ ІСІ!
1. Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. 2. Досыңды алдамай, оған адал бол. 3. Досыңды қорлама. 4. Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. 5. Досыңды барда да сына, жоқта да сына. 6. Досыңның кемшілігін кешіре біл.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН!
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? • Батыл болуға үйрен Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды. • Құрбыңмен/досыңмен бөліс Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады. • Ересек адамдармен бөліс Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі. • Мұғаліммен бөліс Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың. КИБЕРБУЛЛИНГ – дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
Кибербуллинг дегеніміз не? Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек? Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
111 жедел желісіне қоңырау шал
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар)
ЕГЕР БІРЕУ СЕНДЕРДІ КЕЛЕМЕЖДЕП ЖАТЫР ДЕП ОЙЛАСАҢДАР? Өздерің сенетін адамнан, ата-аналарыңнан, жақын отбасы мүшесінен немесе басқа бір ересек адамнан көмек сұраңдар Егер келемеждеу/буллинг әлеуметтік желілерде болып жатса, бұзақыны бұғаттап тастаңдар FACEBOOK/INSTAGRAM: ЕГЕР ИНТЕРНЕТТЕН КЕЛЕМЕЖГЕ ТАП БОЛСАҢДАР, АТА-АНАЛАРЫҢЫЗБЕН, МҰҒАЛІММЕН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІҢ СЕНІМ БІЛДІРЕ АЛАТЫН АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСІҢДЕР! Мектепте психологтан, спорт жаттықтырушысынан немесе сүйікті мұғаліміңнен көмек сұраңдар Егер сендерге тікелей қауіп төндіріп тұрса, полицияға немесе шұғыл көмек көрсету қызметтеріне хабарласқандарың жөн «Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ …» «Досы көпті жау алмайды, …»