Украинаға
ресми ізгілік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне «Укрытие» Чернобыльдік қоры бойынша Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 1000000 (бір миллион) еуроға баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты мына арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
-
Bank name:
|
HSBC BANK PLC;
|
SWIFT code:
|
MIDLGB22;
|
Bank address:
|
8 Canada Square, 13 E04 01, London, E14 5HQ, United Kingdom;
|
Account name:
|
EBRD- Chernobyl Shelter Fund;
|
Account no:
|
40051573106405;
|
ABA:
|
GB46MIDL40051573106405;
|
Currency:
|
EUR;
|
EBRD address:
|
One Exchange Square, London, EC2A 2JN,
United Kingdom;
|
Invoice Reference:
|
FFC-2015-06-14
|
|
|
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Қаулы жобасы 2015 жылғы 12 ақпандағы Германия Федеративтік Республикасының Федералды канцлері А.Меркельдің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына жолдауына;
2015 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жауап жолдауына;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №1392-2, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы №20-33/1350//1392-1тапсырмаларына, сондай-ақ, Халықаралық ізгілік көмек жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 5 хаттамасына сәйкес әзірленді.
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Қаулы жобасын қабылдау Чернобыльдік «Укрытие» қорына қаржылай қаражат аудару арқылы Украинаға ресми ізгілік көмек көрсетуге мүмкіндік береді
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржылық шығындар
|
Жоба ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылға республикалық бюджетте қарастырған «Қазақстан Республкиасы Үкіметінің резерві» 010 бағдарламасындағы қаржы есебінен 1000000 (бір миллион) евро көлеміндегі сома негізінде жүзеге асырылатын болады
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Чернобыльдік «Укрытие» қорына қаржылай қаражат аудару арқылы Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
7
|
Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі
|
Қажет емес
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа
ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Қажет емес
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
|
Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында (www.mfa.gov.kz) 2015 ж. ___________ орналастырылды.
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
«Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына қатысты ақпарат баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына (www.mfa.gov.kz) 2015 ж. ___________ орналастырылды.
|
13.
|
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)
|
Талап етілмейді
| Сыртқы істер министрі |
|
Е.Ыдырысов
|
| |
|
|
|
2015 жылғы «___» ___________
Достарыңызбен бөлісу: |