Бюджеттік ұйымдар үшін жылу қуатын жеткізуге жасалған шарт № Ақтөбе қ. 2013 ж. «Трансэнерго»



Дата23.02.2016
өлшемі297.25 Kb.
#5969

Бюджеттік ұйымдар үшін жылу қуатын

жеткізуге жасалған

ШАРТ №
Ақтөбе қ.
« » 2013 ж.
«Трансэнерго» АҚ , Жарғысы негізінде, іс жүргізуші директоры М.А.Бекмеев атынан, әрі қарай «Қызмет көрсетуші» деп аталады, бір жақтан және___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________, әрі қарай «Тұтынушы» деп аталады, екінші жақтан, төмендегідей осы Шартты жасасты.
1. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар.

Осы Шартта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:



баланстық иелігін бөлу шекарасы – жылу желісінің баланстық иелігі бойынша

немесе Шартпен анықталатын, Орындаушы мен Тұтынушы арасындағы жылу желілерін бөлу орны.



тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – жылуды тұтыну қондырғылары және/немесе желілерінің иелігі бойынша немесе тараптардың келісімімен анықталатын, тараптардың жылуды тұтыну қондырғылары және/немесе желілерін бөлу орны.

төлем құжаты – оның негізінде төлем жүргізілетін, Қызмет көрсетушінің құжаты (есептеуіш аспабы көрсеткішінің немесе шарт жүктемесінің негізінде жасалған шот-фактура, төлем шоты, төлем тапсырмасы, шот-хабарлама).

есептеу кезеңі – жылу қуатын тарату және/немесе бөлу бойынша Орындаушының қызмет көлемін және бағасын есептейтін уақыт кезеңі (күнтізбелік ай).

реттеуші орган – табиғи монополиялар саласында іс-әрекетті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзыры шегіндегі облыстық (мемлекеттік маңызы бар қала, астана) Атқару органы.

жылу желісі – жылу қуатын тарату және/немесе бөлу үшін қолданылатын құрылғылар жиынтығы.

жылуды тұтыну қондырғысы – жылу қуатын қабылдау және пайдалану үшін қолданылатын қондырғы немесе аспап.

өкілетті орган – электр энергетикасы

саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.



жылу қуатының нақты көлемі – есептеуіш аспаптары көрсеткіштерінің негізінде анықталған немесе олар жоқ болғанда, жергілікті атқару органдары бекіткен нормалар бойынша Тұтынушыға берілген жылу қуатының көлемі.
2. Шарттың мәні

2.1. Қызмет көрсетуші Тұтынушыға ҚР АК 387, 482-492 баптарына және ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрінің 24.01.2005ж. № 10 бұйрығымен бекітілген, жылу қуатын пайдалану Ережелеріне (әрі қарай Ережелер) және де ҚР Үкіметінің 28.11.2003ж. № 1194 қаулысымен бекітілген жылу қуатын тарату және/немесе бөлу Қызметін көрсетуге жасалған тұрпатты шартқа сәйкес, ҚР аумағында қолданылатын санитарлық нормалар мен гигиеналық талаптарға сай, жылумен жабдықтау және ыссы сумен жабдықтау бойынша міндетті қызметтер кешенін (әрі қарай Қызметтер) ұсынады.

2.2. Қызметтер, Қызмет көрсетуші және Тұтынушы арасындағы жеке Шарт негізінде көрсетіледі. Дара тұрған ғимараттардың иелері болып табылатын тұтынушылар үшін, жылу желілерінің баланстық иелігін бөлу акті және әр жылыту маусымының алдында жылумен жабдықтау жүйесінің техникалық дайындығы актісі шартқа міндетті түрде қосылады.

2.3. Қызмет көрсетуші Тұтынушыға жылу желілерінің баланстық иелігін бөлу акті анықтаған, тараптардың баланстық иелігі және пайдалану жауапкершілігі шекарасына дейін, Қызмет көрсетушінің жылу желілері бойынша Қызмет көрсетуге міндеттенеді.

Бұнда жеткізілетін жылу қуатының параметрлері (сапасы), тараптардың баланстық иелігі шекарасында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталады және белгіленген мемлекеттік стандарттар немесе өзге техникалық құжаттама талаптарына, және де Қызмет көрсетуші жасаған және жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестеге сәйкес болуы тиіс.

2.4. Тұтынушы өз иелігіндегі жылыту және ыссы сумен жабдықтау жүйесі жарамды қалыпта болғанда, Ережелерді сақтап және осы шартта белгіленген тәртіпке сай қызметтерге төлем жасап, Қызмет көрсетушінің Қызметін пайдаланады.

2.5. Осы шарттың жалпы сомасы құрайды:

ҚҚС қоса _______________________________ теңге,

ҚҚС – сыз _______________________________ теңге, оның ішінде :

- жылытуға ҚҚС қоса_______________________ теңге

ҚҚС – сыз _________________________ теңге;

- ыссы суға ҚҚС қоса _____________________ теңге.

ҚҚС – сыз __________________________ теңге

Қызмет көрсетуші ҚҚС толемшісі болып табылады.



3. Қызмет көрсетуді шектеу тәртібі.

3.1. Қызмет көрсетуші Тұтынушыға жылу қуатын таратуды және/немесе бөлуді, осы Шартта көзделген жағдайларда тоқтатуға немесе шектеуге құқылы, оның ішінде:

- Шартта белгіленген мерзімде жылу қуатын тарату және/немесе бөлу бойынша

көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлемеу, бұнда кемінде 15 күн бұрын жазбаша түрде ескерту беріледі;

- Қызмет көрсетушінің жылу желісіне жылуды тұтыну қондырғыларын өз бетімен қосуы;

-Қызмет көрсетушінің өкілдерін жылуды тұтыну жүйесіне және есептеуіш аспаптарына жібермеуі (кемінде 3 тәулік бұрын ескертіледі);

-Күзгі-қысқы кезеңге жылуды тұтыну қондырғылары мен жылу жүйесінің техникалық дайындығы актісіз және сараптау ұйымының қорытындысыз Қызмет көрсетушінің жылу желісіне қосылуы (жылу қуатын беруді тоқтату немесе шектеуге кемінде 3 тәулік қалғанда ескерту);

- Өкілетті орган растаған жоспарлы жөндеу жүргізілуі (кемінде 3 тәулік бұрын ескерту);

3.2. Тұтынушы жылуды тұтыну қондырғыларын өз бетімен қосса немесе коммерциялық есептеуіш аспаптарының алдынан қосса, Қызмет көрсетуші акт жасайды және Тұтынушыға жеткізілген жылу қуатының көлемін, заңнамада белгіленген тәртіппен қайта есептеу жүргізеді.

Акт, Қызмет көрсетуші өкілінің және тексерілетін Тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының, болмаса олардың өкілдерінің қолдары болса, жарамды болады. Акт, Тұтынушы немесе қосалқы тұтынушы қол қоюдан бас тартсада, бірақ Қызмет көрсетушінің және/немесе кондоминиумды басқару органының құрамында кемінде үш адамы бар комиссиясы рәсімдеген жағдайда жарамды болып саналады.


4. Жылу қуатын есепке алу

4.1. Қызмет көрсетушінің желілері бойынша таратылған және Тұтынушы қабылдаған жылу қуатының мөлшері есептеуіш аспаптарының көрсеткіштері бойынша, олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда, нормативті-техникалық құжаттар талаптарының негізінде Қызмет көрсетуші есептеу жолымен шығарған, оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректеріне сәйкес анықталады.

4.2. Көрсетілген Қызметті есепке алу тараптардың баланстық иелігін бөлу шекарасында жүргізіледі. Есептеуіш аспаптары тараптардың баланстық иелігі шекарасында орнатылмаса, бөлу шекарасынан есептеуіш аспаптары орнатылған жеріне дейінгі желі учаскесіндегі ысыраптар, аталған желі учаскесі кімнің балансында, соған жатқызылады және есептеу жолымен анықталады.

4.3. Тұтынушының жылумен жабдықтау жүйесін есептеуіш аспаптарын орнатпай, уақытша пайдалануына Қызмет көрсетушінің рұқсатымен жол беріледі. Қызметтер көлемі бұл жағдайда есептеу жолымен белгіленеді.

4.4. Жабдықтың және инженерлік желілердің техникалық жай-күйіне және де жылу қуатын есептеуіш аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және баланстық иелігі шекарасы бойынша анықталады.

4.5. Тараптардың есептеуіш аспаптары тексерілуі және пломбалануы тиіс.

Тараптар бір-біріне тәуліктің жұмыс сағаттары ішінде көрсеткіштерді жазып алу, есептеуіш жүйелерінің техникалық жай-күйін

тексеру мақсатында, есептеуіш аспаптарына өтуге мүмкіндік беруі тиіс.

4.6. Қызмет көрсетуші Тұтынушыға жылу қуатын тарату және/немесе бөлуді Шартқа сәйкес қамтамасыз етуге, берілетін жылутасушы параметрлерінің шарттық параметрлерден +/-5% асатын ауытқуға жол бермеуге міндетті.

4.7. Тараптар, тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімде, олардың балансындағы коммерциялық есептеуіш аспаптарының метрологиялық тексерілуін өз есебінен жүргізеді.

Тараптар қосымша тексеру өткізуді талап ете алады.

Егер тексергенде, коммерциялық есептеуіш аспаптарының көрсеткіштері, олардың дәлдік классы шектейтін қателігінен асса, онда кезектен тыс тексеру шығындарын аспаптардың иесі төлейді. Басқа жағдайларда тексеру шығындарын, тексеруді талап еткен жақ көтереді.


5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
5.1. Тұтынушы құқылы:

5.1.1. Осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімде белгіленген сапамен қызмет алуға;

5.1.2. Жасалған Шарт жағдайларына сәйкес, жылу қуатын жеткізуде үзіліс болса және толық жеткізілмесе немесе ол стандарттық параметрлерге сәйкес жеткізілмесе, қызмет төлемі бойынша қайта есеп жүргізуді талап етуге;

5.1.3. Қызмет көрсетушіден тарифтер өзгеруі жөнінде ақпаратты, оларды қолданысқа енгізуден кемінде он күн бұрын алуға;

5.1.4. Шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мәселерді шешу үшін, сот органдарына жүгінуге;

5.1.5. Осы Шартты, Қызмет көрсетушінің нақты көрсеткен Қызметіне ақы төлеп, кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын Қызмет көрсетушіге жазбаша хабарлап, бір жақты тәртіппен бұзуға. Бұнда, жылыту жүйесі көппәтерлік үйдің ортақ жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын, бөлек панажайдың иесіне, жылу қуатын тарату және/немесе бөлуге жасалған Шарттан бір жақты бас тартуға жол берілмейді;



5.2. Тұтынушы міндетті:

5.2.1. Қызмет көрсетушімен жеке шарт жасасып, шартты Қазынашылықта уақтылы тіркеуден өткізуге.

5.2.2. Қызмет көрсетушінің көрсеткен қызметіне Шарт жағдайлары бойынша уақтылы ақы төлеуге.

5.2.3. Жылумен жабдықтау жүйелерін тиісті техникалық жай-күйінде ұстауға.

5.2.4. Есептеуіш аспаптарының істен шыққаны немесе жұмыс режимі мен жағдайлары бұзылуы жөнінде Қызмет көрсетушіге дереу жазбаша хабарлауға, қарсы жағдайда есептеуіш аспаптары, оларды тиісті құжаттармен расталған соңғы тексеру сәтінен бастап, істен шыққан болып саналады.

5.2.5. Қызмет көрсетушінің қызметші құрамына жылу қуатын есептеуіш аспаптарын және жылуды тұтыну қондырғыларын, желілердің, аспаптардың және жабдықтың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру

үшін кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге.

5.2.6. Ай сайын, айдың 20-сы мен 30-ы аралығында төлем құжаттарында көрсетілген телефондар бойынша ыссы су санауышының көрсеткіштерін, ал жылу қуатын есепке алу, реттеу және өлшеу бөліміне жылу санауыштарының көрсеткіштерін хабарлайды.

Қарсы жағдайда Қызмет құнын есептеу Шарттың қосымшаларында көрсетілген есептеу деректері бойынша жүргізіледі.

5.2.7. Жылуды тұтыну шарттық жағдайлары өзгеруі жөнінде кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын Қызмет көрсетушіге жазбаша арызбен хабарлауға.

5.2.8. Шарт бұзылғанда есептерді салыстыра тексеріп, жылу қуатын тарату және/немесе бөлу бойынша Қызмет көрсетушінің нақты көрсеткен қызметтері үшін қарызды өтеуге.

5.3. Қызмет көрсетуші құқылы:

5.3.1. Осы Шарттың 3.1.т-да көзделген жағдайларда Шарттың орындалуын бір жақты тәртіппен тоқтата тұруға.

5.3.2. Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге де іс-қимылдар жасауға.

5.4. Қызмет көрсетуші міндетті:

5.4.1. Жылу қуатын тарату және/немесе бөлу қызметтерін тұтынушылардың барлығына бірдей жағдайда көрсетуге.

5.4.2. Жылу желілерінің баланстық иелігін бөлу шекарасында температуралық кестеде берілген энергия параметрлерін сақтауға.

5.4.3. Жылу қуатын тарату және/немесе бөлу қызметтерін көрсетуге Тұтынушымен шарт жасасуға.

5.4.4. Жылу қуатын тарату және/немесе бөлу қызметтерін Тұтынушыға, Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде, тиісті сапамен көрсетуге.

5.4.5. Тұтынушыға жеткізілетін жылу қуатының сапасы мен мөлшерін есепке алып бақылауға және жылу қуаты сапасын бұзудың алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар алуға.

5.4.6. Жылу қуаты сапасы төмендегені туралы Тұтынушыдан арыз түскен күннен бастап, үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды алуға және қайта есеп жүргізуге.

5.4.7. Жылу қуатын тарату және/немесе бөлу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін реттеуші орган бекіткен тарифтермен төлем алуға;

5.4.8. Осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу қуатын тарату және/немесе бөлуде үзілістерге жол бермеуге.
6. Тараптарға қойылатын талаптар.

6.1. Тұтынушыға тиым салынады:

6.1.1. Ішкікварталдық желілерді, инженерлік жабдық және құрылғыларды қайта жабдықтауға, Қызмет көрсетушімен келіспей реттеу және бекіту

арматурасын және де қауіпсіз пайдалану талаптарына, басқа да нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сай емес жабдықты орнатуға, қосуға және пайдалануға.

6.1.2. Жылу қуатын есепке алу сұлбаларын бұзуға.

6.1.3. Жылыту жүйесіндегі жылутасушыны тікелей емес мақсатта пайдалануға.

6.2. Траптардың құқықтарын шектейтін, болмаса өзге түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын іс-қимылдар жасауға тиым салынады.
7. Төлем (есептесу) тәртібі және мерзімдері
7.1. Тұтынушы қызметтерге төлемді, өкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша, белгіленген тәртіппен жүргізеді.

7.2. Жылу қуатын тарату және/немесе бөлу бойынша Қызмет көрсетушінің нақты көрсеткен қызметтеріне, есептеуіш аспаптары көрсеткіштеріне сәйкес, Тұтынушыларға есептеу жүргізіледі. Есептеуіш аспаптары болмаса, жеткізілетін қуатты есепке алу тұтынушы желілік суының ортатәуліктік температуралық айырмашылығы және Тұтынушы көрсеткен, есептеу кезеңіндегі жобалық жүктемеге сәйкес, сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша жүргізіледі (шартқа қосымша – нысан бойынша жылу қуатын тұтыну есебі).

7.3. Тариф өзгерген жағдайда Қызмет көрсетуші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, бұл жөнінде Тұтынушыға жаңа тарифтің қолданысқа енуінен 10 күнтізбелік күн бұрын хабарлайды.

7.4. Алдынғы кезеңге бережағы бар жағдайда, төлем бірінші кезекте осы бережақты өтеуге жолданады. Тұтынушы есептеу кезеңінде нақты төленетін сомадан артық төлем жүргізсе, артық төленген айырмашылық автоматты түрде келесі есептеу кезеңіне аванстық төлемге (болмаса тараптардың келісімі бойынша Тұтынушы Қызмет көрсетушінің алдындағы өзге міндеттемелері бойынша, егер ондайы болса, қарызын өтеу есебіне) есептеледі. Егер Тұтынушы келесі есептеу кезеңіне Қызмет көрсетушінің қызметтерінен бас тартса, Тұтынушының Қызмет көрсетуші алдындағы өзге міндеттемелері (егер ондайлары болса) бойынша бережақтарын өтеуге жіберілетін сомадан басқа, артық төленген сома қайтарылады.

7.5. Бақылау-өлшеу аспаптарының жарамсыздығы нәтижесінде және басқа жағдайларда шоттарға түзету енгізу қажет болса, тараптар шоттарға түзетуді кейінгі есептеу кезеңдерінде енгізеді.

7.6. Қызметтерге төлем, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

7.7. Қызмет көрсетуші қызметтерінің төлемі бойынша Тұтынушының міндеттемелерін атқаруы, төлем құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Қызмет көрсетушінің ағымдағы шотына ақша енгізу күні болып табылады.

7.8. Жылуды тұтыну көлемінің өзгеруі, Қызмет көрсетушінің өкілі жасаған, Қызмет көрсетуші және Тұтынушы өкілдері қол қойған,

Тұтынушы тапсырған растау құжаттары немесе тексеру акті негізінде жүргізіледі. Акт, Тұтынушы

қол қоюдан бас тартса да, Қызмет көрсетушінің құрамында кемінде үш адамы бар комиссиясымен рәсімделген жағдайда, жарамды болып есептеледі.

7.9. Тұтынушы қызметтер үшін төлемді есептеу айынан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей жүргізуі тиіс.

7.10. Тұтынушы қызметтер үшін төлемнің мерзімін асырған болып, есептеу айынан кейінгі айдың 21-і саналады.

7.11. Егер Тұтынушы белгіленген тәртіппен қызметке ақы төлемегені үшін ажыратылған болса, ол қарызын өтегеннен кейін қайта қосылады. Бірнеше рет ажыратылған болса (бір реттен артық), ол қарызды өтегеннен кейін және қайта қосу үшін ақы төлегеннен кейін қайта қосылады.

7.12. Төлем бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінетін қаражат есебінен жүргізіледі:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



8. Тараптардың жауапкершілігі.

8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті орындамауы үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.

8.2. Тұтынушы қызмет төлемі бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті орындамауы үшін, Тұтынушының ақшалай міндеттемелерін нақты орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген кері қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 есе мөлшерінде, төлемнің мерзімін өткізген әр күні үшін бережақ сомасынан, бірақ негізгі қарыздың сомасынан аспайтын өсімақы төлейді.

8.3. Өсімақы төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін атқарудан босатпайды.



9. Форс-мажор жағдайлары
9.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл тежеусіз күш жағдайларының салдарынан болса. Бұл жағдайда тараптардың ешбіреуі зиянды өтеу құқына ие болмайды.

Тараптардың қайсыбірінің талабы бойынша бұл жағдайда, өзара міндеттемелерін атқаруды анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұнда тараптардың ешбіреуі Шарт бойынша тежеусіз күш жағдайларынан бұрын болған міндеттерінен босатылмайды.

9.2. Егер тараптардың бірі тежеусіз күш жағдайлары орын алған сәттен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін атқара алмаса, екінші жақ, Шартты бұзу жөнінде жазбаша хабарлама жолдап, Шартты бұзуға құқылы.
10. Жалпы қағидалар және дауларды шешу

10.1. Қызметтерді алмаған, қызметтерді тиісті сапамен немесе толық көлемде алмаған жағдайда, Тұтынушы Қызмет көрсетушіге бұл жөнінде тәулік ішінде жеке өзі (өтініммен) немесе міндетті түрде берілген уақыты, күні және берген және қабылдаған адамның тегі көрсетіліп телефонхатпен хабарлайды. Телефонхатта көрсетіледі: қызметтер сапасының нашарлауы(болмауы) уақыты, нашарлау сипаты

және Қызмет көрсетуші өкілінің болу қажеттілігі (егер Қызмет көрсетуші қызмет сапасының нашарлауын немесе оның тоқтауын белгілемесе). Қызмет көрсетуші қызмет сапасындағы ауытқушылық (үзіліс) туралы журналдағы белгіні, өтінімде (телефонхатта) көрсетілген нормамен салыстырады және келіспеушілік болмаса, қызмет құнын, оның нақты тұтынылуына сәйкес, қайта есептейді.

10.2. Тұтынушы қызметті пайдалануда бұзушылыққа жол берсе, Қызмет көрсетуші және Тұтынушы өкілдерінің қатысуымен екі жақты акт рәсімделеді. Тұтынушы қол қоюдан бас тартса да, Қызмет көрсетушінің құрамында кемінде үш адамы бар комиссиясымен рәсімделген жағдайда, акт жарамды болып есептеледі.

10.3. Барлық орын алған келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуге мүмкін болмаса, келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

10.4. Шарт екі дана болып, тараптардың әр қайсысына бір данадан жасалды, және бірдей заңды күші бар.

10.5. Шартқа қосымшалар:

- жылумен жабдықтау нысандар тізбесі;

- жиынтық есеп;

- есеп(тер):_____________________________;

- жылу ысырабын есептеу:________________;

- №1 және №2 қосымшалар.

«___»_________20___ж. жасалған №___ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.


11. Шарттың қолданылу мерзімі
11.1. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап жасалды деп саналады және 31.12.2013ж. дейін қолданылады, ҚР АК көзделген тәртіппен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

11.2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін жасалған Шарт Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі қазынашылық Комитетінің аумақтық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәттен бастап колданысқа енеді.



ДОГОВОР №

на поставку тепловой энергии

для бюджетных организаций
г.Актобе
« » 2013 г.
АО "Трансэнерго" в лице директоа Бекмеева М.А., действующей на основании Устава, именуемое в дальнейшем "Услугодатель", с одной стороны, и__________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________и, действующий на основании ________________________, именуемый в дальнейшем "Потребитель", с другой стороны, заключили настоящий договор о нижеследующем:

1. Основные понятия, используемые в Договоре.

В данном Договоре используются следующие основные понятия:



граница раздела балансовой принадлежности – точка раздела тепловой сети между Исполнителем и Потребителем, определяемая по балансовой принадлежности тепловой сети или Договором;

граница раздела эксплуатационной ответственности сторон – точка раздела теплопотребляющих установок и/или сети сторон, определяемая по принадлежности теплопотребляющих установок и/или и сети или соглашением сторон;

платежный документ – документ (счет-фактура, счет на оплату, платежное требование, счет-извещение, составленные на основании показаний приборов учета, либо на основании договорных нагрузок) Услугодателя, на основании которого производится оплата;

расчетный период – период времени (календарный месяц), за который производится расчет объемов и стоимости услуг Исполнителя по передаче и/или распределению тепловой энергии;

регулирующий орган – центральный государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий, или областной (города республиканского значения, столицы) Исполнительный орган в пределах установленный компетенции;

тепловая сеть – совокупность устройств, предназначенных для передачи и/или распределения тепловой энергии к потребителям;

теплопотребляющая установкаустановка или прибор, предназначенный для приема и использования тепловой энергии;

уполномоченный орган – государственный

орган, осуществляющий руководство в области электроэнергетики;



фактический объем тепловой энергии – объем тепловой энергии, переданной исполнителем Потребителю, определенный на основании показаний приборов учета или при их отсутствии по нормам,

утвержденным местными исполнительными органами.


2. Предмет договора.
2.1. Услугодатель предоставляет Потребителю в соответствии со ст. 387, 482-492 ГК РК и Правилами пользования тепловой энергии, утвержденными приказом Министра энергетики и минеральных ресурсов РК № 10 от 24 января 2005 года (далее Правила), а также в соответствии с типовым договором на оказание услуг по передаче и/или распределению тепловой энергии, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан № 1194 от 28.11.2003г., комплекс обязательных услуг по теплоснабжению и горячему водоснабжению (далее Услуг) в соответствии с установленными санитарными нормами и гигиеническими требованиями, действующими на территории Республики Казахстан

2.2. Предоставление Услуг производится на основании индивидуального договора между Услугодателем и Потребителем. Для потребителей, являющихся собственниками отдельно стоящих зданий, обязательным приложением к договору является акт разграничения балансовой принадлежности тепловых сетей и акт технической готовности системы теплоснабжения перед каждым отопительным сезоном.

2.3. Услугодатель обязуется предоставлять Услуги Потребителю по тепловым сетям Услугодателя до границы балансовой принадлежности и эксплутационной ответственности сторон, которая определяется актом разграничения балансовой принадлежности тепловых сетей.

При этом параметры (качество) поставляемой тепловой энергии определяются по показаниям контрольно-измерительных приборов, установленных на границе балансовой принадлежности сторон, и должны соответствовать требованиям, установленным государственными стандартами или иной технической документацией, а также температурному графику, составленному Услугодателем и согласованному с местными исполнительными органами.

2.4. Потребитель пользуется Услугами Услугодателя при наличии исправных систем отопления и горячего водоснабжения, находящихся в его собственности, при соблюдении Правил и оплате Услуг в соответствии с порядком, установленным настоящим договором.

2.5. Общая сумма настоящего договора

Составляет с НДС___________________________ тенге,

без НДС __________________________ тенге,

в том числе:

- на отопление с НДС __________________________ тенге,

без НДС ___________________________тенге;

- на горячую воду с НДС _______________________ тенге,

без НДС _________________________ тенге.

______________________________________________

Услугодатель является плательщиком НДС .

3. Порядок ограничения предоставления

услуг.
3.1. Услугодатель вправе прекратить или ограничить передачу и/или распределение тепловой энергии

Потребителю в случаях, предусмотренных настоящим Договором, в том числе:

- неоплаты за предоставленные услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии в установленные Договором сроки, при этом предупреждение предоставляется в письменном виде не менее чем за 15 дней;

- самовольного подключения к теплосети Услугодателя теплопотребляющих установок;

- недопущения представителей Услугодателя к системам теплопотребления и приборам учета (предупреждение не менее чем за 3 суток);

- подключения к тепловой сети Услугодателя без акта технической готовности теплопотребляющих установок и теплосетей к работе в осенне-зимний период и заключения экспертной организации (предупреждение не менее чем за 3 суток до прекращения или ограничения подачи тепловой энергии);

- проведения плановых ремонтов, подтвержденных уполномоченными органом (предупреждение не менее чем за 3 суток).

3.2. При самовольном подключении Потребителем теплопотребляющих установок или подключении их до приборов коммерческого учета, Услугодателем составляется акт и производится перерасчет объема переданной Потребителю тепловой энергии в установленном законодательством порядке.

Акт действителен при наличии подписи представителя Услугодателя и проверяемого Потребителя или субпотребителя, либо их представителя. Акт считается действительным и при отказе Потребителя или субпотребителя от подписи, но при условии оформления его комиссией Услугодателя и/или органа управления кондоминиума в составе не менее трех человек.
4. Учет тепловой энергии.
4.1. Количество переданной по сетям Услугодателя и принятой Потребителем тепловой энергии определяется в соответствии с данными учета о ее фактическом потреблении по показаниям приборов учета, а при их отсутствии или временном выходе из строя – расчетным путем, выполненным Услугодателем на основании требований нормативно-технических документов.

4.2. Учет оказанных Услуг производится на границе раздела балансовой принадлежности сторон. При установке приборов учета не на границе балансовой принадлежности сторон, потери на участке сети от границы раздела до места установки приборов относятся к владельцу, на балансе которого находится указанный участок сети и определяется расчетным путем.

4.3. Временная эксплуатация системы теплоснабжения Потребителя без установки приборов учета допускается с разрешения Услугодателя. Объем услуг в этом случае устанавливается расчетным путем.

4.4. Ответственность за техническое состояние

оборудования и инженерных сетей, а также за сохранность приборов учета тепловой энергии, возлагается на его собственника и определяется по

границе балансовой принадлежности.

4.5.Приборы учета сторон должны быть проверены и опломбированы. Стороны должны предоставлять друг другу доступ к приборам учета в течение рабочих часов суток для целей снятия показаний, проверки технического состояния систем учета.

4.6. Услугодатель обязан обеспечить передачу и/или распределение тепловой энергии Потребителю в соответствии с Договором и не допускать отклонения параметров подаваемого теплоносителя более чем на +/-5% от договорных.

4.7. Стороны производят за свой счет метрологические поверки находящихся на их балансе приборов коммерческого учета в сроки, предусмотренные соответствующими метрологическими стандартами.

Стороны могут потребовать проведения дополнительных поверок.

В случае, если при проверке обнаружится, что показания приборов коммерческого учета превышают погрешность, допустимую их классом точности, то издержки по внеочередной поверке оплачивает собственник приборов. В ином случае издержки по поверке несет сторона, требовавшая поверку.


5. Права и обязанности сторон.
5.1. Потребитель имеет право:

5.1.1. На получение услуг установленного качества в объеме и сроки, установленные настоящим Договором;

5.1.2. Требовать перерасчет по оплате услуг за время перерывов и недопоставки или поставки тепловой энергии, не соответствующей ее стандартным параметрам, в соответствии с условиями заключенного Договора;

5.1.3. Получать от Услугодателя информацию об изменении тарифов не позднее, чем за десять дней до введения их в действие;

5.1.4. Обращаться в судебные органы для решения спорных вопросов, связанных с заключением и исполнением договора;

5.1.5. Расторгнуть настоящий Договор в одностороннем порядке с письменным уведомлением Услугодателя не позже, чем за 30 календарных дней при условии оплаты за фактически предоставленные Услугодателем услуги. При этом не допускается односторонний отказ от Договора на передачу и и/или распределение тепловой энергии собственником отдельного помещения, система отопления которого является частью общей отопительной системы многоквартирного дома.



5.2. Потребитель обязан:

5.2.1. Заключить индивидуальный договор с Услугодателем и своевременно произвести регистрацию договора в Казначействе.

5.2.2.Своевременно оплачивать предоставленные Услугодателем услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии согласно условиям Договора;

5.2.3. Поддерживать надлежащее техническое состояние систем теплоснабжения;

5.2.4. Немедленно письменно уведомлять Услугодателя о выходе из строя приборов учета или нарушения режима и условий работы, в противном случае приборы учета считаются вышедшими из строя с момента их последней поверки, подтвержденной соответствующими документами;

5.2.5. Обеспечить беспрепятственный доступ персоналу Услугодателя к приборам учета тепловой энергии и теплопотребляющим установкам для осуществления контроля технического состояния и безопасности сетей, приборов и оборудования;

5.2.6. Ежемесячно, в период с 20 по 30 число месяца, передает показания счетчиков горячей воды по телефонам указанным в платежных документах, а тепловых счетчиков в отдел по учету, наладке и измерениям тепловой энергии.

В противном случае подсчет стоимости Услуг

будет производиться по расчетным данным указанным в приложениях к Договору.

5.2.7. Уведомить Услугодателя письменным заявлением, не менее чем за 30 календарных дней, об изменениях договорных условий теплопотребления,

5.2.8. При расторжении Договора сделать сверку расчетов и погасить долг за фактически предоставленные Услугодателем услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии.

5.3. Услугодатель имеет право:

5.3.1. В одностороннем порядке приостановить исполнение Договора в случаях, предусмотренных пунктом 3.1 настоящего Договора.

5.3.2. Совершать иные действия, установленные договором и действующим законодательством Республики Казахстан.

5.4. Услугодатель обязан:

5.4.1. Предоставлять равные условия для всех потребителей услуг по передаче и/или распределению тепловой энергии;

5.4.2. Поддерживать на границе раздела балансовой принадлежности тепловых сетей

параметры энергии, заданные температурным графиком;

5.4.3. Заключить с Потребителем договор на предоставление услуг по передаче и/или распределению тепловой энергии;

5.4.4. Предоставлять Потребителю услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии соответствующего качества в порядке и в сроки, определенные условиями Договора;

5.4.5. Вести учет и контроль качества и количества поставляемой Потребителю тепловой энергии, принимать своевременные меры по предупреждению и устранению нарушений качества тепловой энергии;

5.4.6. В течение трех дней со дня подачи заявления Потребителем о снижении качества тепловой энергии принять все меры по восстановлению качества и выполнить перерасчет;

5.4.7. Взимать оплату за оказываемые услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии по тарифам, утвержденным регулирующим органом;

5.4.8. не допускать перерывы в передаче и/или распределении тепловой энергии, кроме случаев, предусмотренных настоящим Договором.


6. Требования, предъявляемые сторонам.
6.1. Потребителю запрещается:

6.1.1. Переоборудовать внутриквартальные сети, инженерное оборудование и устройства, устанавливать, подключать и использовать без согласования с Услугодателем регулирующую и запорную арматуру, а также оборудование, не отвечающее требованиям безопасной эксплуатации и другим требованиям, установленным нормативными документами;

6.1.2. Нарушать имеющиеся схемы учета тепловой энергии;

6.1.3. Использовать теплоноситель в системах отоплениях не по прямому назначению.

6.2. Сторонам запрещается совершать действия, ограничивающиеся права сторон либо иным образом нарущающие законодательство Республики Казахстан.

7. Порядок и сроки оплаты (расчетов).
7.1. Оплата услуг производится Потребителем по тарифам, утвержденным уполномоченным органом, в установленном порядке.

7.2. Начисления за фактически предоставленные Услугодателем Услуги по передаче и/или распределению тепловой энергии производятся Потребителям в соответствии с показаниями приборов учета. При отсутствии приборов учета, учет поставляемой энергии производится по среднесуточному температурному перепаду сетевой воды у потребителя и средней температуре наружного воздуха за расчетный период по проектной нагрузке, предоставленной Потребителем (приложение к договору - расчет потребления тепловой энергии пообъектно).

7.3. В случае изменения тарифа Услугодатель через средства массовой информации уведомляет об этом Потребителя за десять календарных дней до вступления в действие нового тарифа.

7.4. При наличии задолженности за предыдущие периоды, в первую очередь, оплата направляется на погашение этой задолженности. В случае оплаты Потребителем суммы, превышающей фактическую за расчетный период, разница этого превышения автоматически засчитывается в авансовой платеж следующего расчетного периода (либо по согласованию сторон, в счет погашения задолженности Потребителя по иным обязательствам перед Услугодателем, если таковая имеется). Если Потребитель отказывается от услуг Услугодателя на следующий расчетный период, излишне выплаченные суммы возвращаются, за исключением сумм, которые идут на погашение задолженности Потребителя по иным обязательствам перед Услугодателем (если таковые имеются).

7.5. В случае если исправления в счетах необходимы в результате неисправности контрольно-измерительных приборов и в других случаях. Стороны вносят корректировку в счета в последующие расчетные периоды.

7.6. Оплата за услуги производится по тарифам, утвержденным Департаментом Агентства РК по регулированию естественных монополий и защите конкуренции по Актюбинской области.

7.7. Исполнением обязательств Потребителя по оплате услуг Услугодателя признается дата зачисления денег на текущий счет Услугодателя по реквизитам, указанным в платежном документе.

7.8. Изменение объемов теплопотребления производится на основании предоставленных Потребителем подтверждающих документов или

акта обследования, составленного представителем Услугодателя, подписанного представителями Услугодателя и Потребителя. Акт считается действительным и при отказе Потребителя от подписи, при условии оформления его комиссией Услугодателя в составе не менее трех человек.

7.9. Оплата за Услуги должна производиться Потребителем не позднее 20-го числа месяца, следующего за расчетным.

7.10. Днем просрочки оплаты за Услуги Потребителем считается 21-ое число месяца следующего за расчетным.

7.11. Если Потребитель отключен, в установленном порядке, за неоплату Услуг, то подключение его производится после погашения долга. При неоднократном отключении (более одного раза) подключение его производится после погашения долга и внесения платы за подключение.

7.12. Оплата производиться за счет средств, выделяемых по бюджетной программе: _______________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Ответственность сторон
8.1. За неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств по настоящему Договору стороны несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

8.2. За неисполнение либо ненадлежащее исполнение обязательств по оплате Услуг Потребитель выплачивает Услугодателю пеню в размере 1,5 кратной ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан на день фактического исполнения Потребителем денежного обязательства, от суммы задолженности за каждый день просрочки платежа, но не более суммы основного долга.

8.3. Уплата неустойки не освобождает стороны от выполнения обязательств по Договору.
9. Форс-мажорные обстоятельства
9.1. Стороны освобождаются от ответственности за неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств по Договору, если это явилось следствием обстоятельств непреодолимой силы. В этом случае ни одна из сторон не будет иметь право на возмещение убытков. По требованию любой из сторон в этом случае может быть создана комиссия, определяющая исполнение взаимных обязательств. При этом ни одна из сторон не освобождается от обязанностей по Договору, возникающих до наступления обязательств непреодолимой силы.

9.2. Если одна из сторон оказывается не в состоянии выполнить свои обязательства по Договору в течение шестидесяти календарных дней с момента наступления обстоятельств непреодолимой силы, другая сторона имеет право расторгнуть Договор, направив письменное уведомление о расторжении Договора.


10. Общие положения и разрешение споров
10.1. При неполучении Услуг, получении Услуг ненадлежащего качества или не в полном объеме, Потребитель должен известить об этом (заявкой) или телефонограммой с обязательным указанием времени, даты её передачи и фамилии лица, передавшего и принявшего её. В телефонограмме указывается: время начала ухудшения качества (отсутствия) Услуг, характер ухудшения и необходимость присутствия представителя Услугодателя (если ухудшения качества Услуг или ее прекращение Услугодателем не зафиксировано). Услугодатель сверяет отметки в журнале об отклонении качества (перерыв) Услуг от нормы указанной в заявке (телефонограмме) и при отсутствии разногласий выполняет перерасчет стоимости Услуг в соответствии с её фактическим потреблением.

10.2. Нарушения, допущенные Потребителем при пользовании Услугами, оформляются двухсторонним актом с участием представителей Услугодателя и Потребителя. Акт считается действительным и при отказе Потребителя от подписи, при условии оформления его комиссией Услугодателя в составе не менее трех человек.

10.3. Все возникшие разногласия решаются путем переговоров. В случае невозможности решения разногласий путем переговоров, разногласия решаются в судебном порядке.

10.4. Договор составляется в 2-х экземплярах, по одному экземпляру каждой из сторон, и имеют одинаковую юридическую силу.

10.5. Приложения к Договору:

- перечень объектов теплоснабжения;

- сводный расчет;__________________________;

- расчет(ы):_______________________________;

- расчет(ы) теплопотерь: ___________________;

- приложения №1 и №2.

являются неотъемлемой частью договора №_____ от «__»________20___г.


11. Срок действия Договора
11.1 Настоящий договор считается заключенным с момента подписания и действует до 31.12.2013г. и может быть изменен или расторгнут в порядке, предусмотренном ГК РК.

11.2. Договор для государственных учреждений, финансируемых из государственного бюджета, регистрируется в территориальных органах Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и вступает в действие с момента его регистрации.





12. Тараптардың деректемелері

Реквизиты сторон


Қызмет көрсетуші

Услугодатель:

«Трансэнерго»АҚ

АО «Трансэнерго»

Ақтөбе қ.( г.Актобе,)

Сәңкібай батыр даңғ.,24 «Г»

(пр-т Санкибай батыра,24/Г)

тел: 560649, 562123

БИН 001040002513 АО « БТА Банк»

ИИК KZ47319V010000341129

БИК АВКZKZКХ


АО « Трансэнерго» АҚ

директоры

_________________________ Бекмеев М.А.


Тұтынушы

Потребитель:___________________________________

________________________________________

________________________________________

г.Актобе,________________________________

БИН (ИИН) _____________________________

ИИК ___________________________________

БИК ___________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________





« » 2013ж. жасалған №

1 шартқа қосымша


№ 1 қосымша

1.Ақтөбе қ. үшін жылыту кезеңінің ұзақтылығы: тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін 203 тәулік; мектеп, мектепалды және медицина мекемелері үшін 216 тәулік; жылыту кезеңінің басталуын жергілікті атқару органдары белгілейді.

2.Ыссы сумен жабдықтау жылына 350 тәулік.

3. Судың есептік температурасы су айыру шүмегінде 500С («Ғимараттардың ішкі су құбыры және кәрізі» ҚР ҚН 4.01-02-2011)

4. Жылу желілері немесе жылу пунктінің баланстық иелігі шекарасында жылутасушы параметрлері, Ақтөбе ЖЭО немесе қазандықтар жылыту маусымына жіберетін жылудың температуралық кестесімен анықталады.
2 қосымша
1. 01.01.2013ж. жағдайына жылыту және ыссы сумен жабдықтауға қолданыстағы тарифтер;

1) ЖЭО: тұтынушылардың барлық топтары үшін – 2407,07 тг/Гкал ҚҚС-сыз

2) Қазандықтар: – 2407,07 тг/Гкал ҚҚС-сыз – бюджеттік ұйымдардан басқа барлық тұтынушылар үшін.; 10414,5, тг/Гкал ҚҚС-сыз – бюджеттік ұйымдар үшін.



Приложения к договору №

от « » 2013г.

Приложение № 1
1.Продолжительность отопительного периода для г.Актобе: 203 суток для жилых и общественных зданий; 216 суток для школ, дошкольных и медицинских учреждений.

Начало отопительного периода устанавливается местными исполнительными органами.

2. Горячее водоснабжение 350 суток в году.

3. Расчетная температура горячей воды 500С у водоразборного крана (СН РК 4.01.– 02-2011 «Внутренний водопровод и канализация зданий»)

4. Параметры теплоносителя на границе балансовой принадлежности тепловых сетей или на тепловом пункте определяются температурным графиком отпуска тепла Актюбинской ТЭЦ или котельных, на отопительный сезон.
Приложение №2
1. Действующие тарифы на отопление и горячее водоснабжение по состоянию на 01.01.2013г:

1)ТЭЦ для всех групп потребителей – 2407,07 тг/Гкал без НДС.



2)Котельные: - 2407,07 тг/Гкал без НДС - для всех потребителей кроме бюджетных организаций; 10414,50тг/Гкал без НДС – для бюджетных организаций.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет