Бюллетень Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен



Дата03.07.2016
өлшемі130.58 Kb.
#174074

Астана қаласының ҮЕҰ электронды бюллетені

Шығарылым (87)

22-26 қараша 2010
Электронды бюллетень

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен

«ҮЕҰ қолдау орталығы» шығарады


ҮЕҰ қолдау орталығы – Астана қызметі:


  • Ұйымдастырушылық дамыту, фандрайзинг пен заң сұрақтары бойынша кеңес беру

  • Семинар-тренингтерді өңдеу мен өткізу

  • Іс – шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.)

  • Әлеуметтік зерттеулерді өткізу

  • Жобалардың мониторингін және сараптамасын өткізу

  • Пікір алмасу алаңдарын өткізу

  • Ақпараттық хабарларды жіберу

  • Әдістемелік әдебиеттерді шығару

  • Астана қаласының ҰЕҮ негізгі мәліметтерін жасау мен жанарту






Хабарландыру


2010 жылдың 25 қарашасынан бастап Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Астана-ҮЕҰ орталығының базасында шетелдік ҮЕҰ және БАҚ өзара әрекет бойынша ЕҚЫҰ жедел штабы ашылды.
Штаб мына мекенжай бойынша орналасқан:

Астана қаласы, 19, офис 802F, 8 қабатта,

«Алматы» іскерлік үйі» бизнес – орталығы

тел: 8 (7172) 78 76 65

e-mail: osce.2010@mail.ru

World Learning (WL) «EdNet»   Ассоциациясымен серіктестікте Оңтүстік және Орта Азия үшін шәкіртақылық бағдарламаның басталуы туралы хабарлайды - Бангладештен, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Непалдан, Шри-Ланкадан, Тәжікстаннан және АҚШ елдерінен кәсіпқойлар және жас мамандар алмасу бойынша жоба.
Саяси процесс барысында американдық заң шығарушы билік құрамы түсінігін және азаматтық қоғам маңызын кеңейту үшін, сондай-ақ азиаттық және американдық институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға әсер ету үшін. Бағдарламаны АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады.

Осы бағдарлама аясында алты азия елінен келген 60 жас көшбасшылар және АҚШ келген 36 жас көшбасшы өз қауымдастығында белсенді қатысу үшін, бір-бірінің елдерін жақын танып-білу үшін, топтың әр мүшесінің этникалық, діни тегі туралы білу үшін жаңа білім мен көшбасшылық дағды сабақтарын алатын болады.

 

Осы бағдарлама Үкіметтің жергілікті және ұлттық деңгейдегі, сондай-ақ саяси ұйымдарда институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында әр алуан шаралар, пікірталастар, шақырулар, оқытулар, сондай-ақ қатысушылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу өткізілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар шәкіртақылық бағдардама шеңберінде АҚШ азаматтық қауымдастығына ену кезеңіндегі АҚШ заңдық процестерін ұғынуда білім деңгейлерін көтеру мүмкіндігіне ие болады. Шәкіртақылық бағдардама қатысушылар:

 


  • АҚШ заңдық процестері саласында оқудан өтуге

  • Азаматтық қауымдастық маңызы және оның саяси процестерге тартылуы саласында білімі мен түсінігін арттырады

  • АҚШ ұлттық азшылық және иммигранттар жұмыс тәжірибесіндегі мәлімділігі мен түсінік деңгейін арттыру, оның ішінде олардың саяси интеграциясы және басқарылуы

  • Ұйымдастырушылық әлеуетін артыру мақсатында теориялық және практикалық деңгейде өз кәсіби білімін арттыру

  • Өз еліне қайтқан кезде азаматтық қауымдастық пен тұрақты институттардың табысты нұсқаулығын ілгерілетуге мүмкіндік туғызатын жобалар мен бағдарламаларды жасап, жүзеге асыра алады

  • Американдық және азиялық үкіметтің, институттар мен азаматтардың арасында өзара байланыс тудыру

  • Үкіметтік және азаматтық қауымдастық арасында аймақтық коперацияны ұлғайту

  •  

Жоба қатысуға барлық тілек білдірген заңгерлерді, саяси қайраткерлерді, заңтану және саясат саласында тәжірибе жинақтаған ЖОО түлектерін шақырады.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2010 жылдың 1 желтоқсаны.

 

Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты, сонымен қатар өтінімнің электрондық нысанын біздің сайтымыздан алуға болады:

http://www.ednet.edu.kg/content/view/500/1/lang,ru/

 

ең табысты үміткерлер әңгімелесуге шақырылатын болады.

 

Басқа да қызықтыратын сұрақтар бойынша EdNet Ассоциациясының кеңсесіне төмендегі байланыс нүктелері арқылы хабарласуға болады: +996-312-900-821, lkhier@career.kg Луиза Хиер

Азаматтық Альянс еліміздің ҮЕҰ секторын дамыту мәселелері бойынша баршаңызды қоғамдық тыңдалым сериясына қатысуға шақырады. Әрбір ғаламтор тұтынушы тыңдалым бетінде сарапшыларға сауалдарын қоя алады.
Тыңдалым тақырыбы кең: Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуынан бастап, заң жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың қоғамдық бағалануына дейін.

Тақырып бойынша талқылауды тамамдау барысында еліміздің аймақтарында қорытынды шаралар жүргізілетін болады. Қорытынды тыңдалымға әрбір тақырып бойынша 4-5 аймақ қатысатын болады.

Онлайн-тыңдалым форматы – бұл Азаматтық Альянстың «үшінші секторымен» жұмыстағы тағы бір инновация. Қазақстанның қоғамдық ұйымдары үшін ресми емес конференцияларды өткізу нысандары тестіленіп, іске қосылды, азаматтық мониторинг акциясы жүргізіледі. 2011 жылдың қаңтар айына ҮЕҰ Мектебін іске қосу жоспарланып отыр.
Ссылки:
1.Қазақтанның Азаматтық Альянс сайты –

http://civilsociety.kz/
2.Тыңдалым беті

http://civilsociety.kz/index.php/ru/publichearings
3.Қазақтандағы волонтерліктің даму проблемалары –

http://civilsociety.kz/index.php/ru/p/show/31/7
4.Сауал қою –

http://civilsociety.kz/index.php/ru/quest/


Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемалары

Қазақстандағы волонтерліктің де басқа елдердегі сияқты тарихы тереңде жатыр. Бірақ волонтерлікті дамыту және қолдау мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Бұл әртүрлі себептер мен проблемаларға байланысты:



  • Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волотерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;

  • Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық және моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;

  • Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;

  • «Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сәйкес волонтердің де мәртебесі анықталмаған.

Осы тақырып бойынша қоғамдық тыңдалым 2010 жылдың 23 қарашасынан 7 желтоқсанына дейін өтеді. Сауалдар 2010 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.



Қосымша ақпарат:

тел: +7 (7172) 21 62 26; +7( 7172) 21 61 65;





Заңнама және құқық


2010 жылдың 16 қарашасында Елбасы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды:

«Қазақстан Республикасының үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 1998 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федарациясының Қазақстан Республикасындағы елшілік өкілділігі және консулдық мекемелердің орналасу және қызмет көрсету жағдайлары туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы бекіту туралы».



  • «Қазақстан Республикасының үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 1996 жылғы 18 қарашадағы темір жол тасымалы кәсіпорнынының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы бекіту туралы».




Конкурстар

Мәскеу және Русь Әулие Патриархы Кириллдің қолдауымен Серафим Саровский Қайырымдылық Қоры «Православиелік бастама» атты конкурс жариялайды.

Конкурстың негізгі идеясы – православие қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Шіркеудің, кәсіпкерліктің және мемлекеттің лайықты өмір құру әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру.

«Православиелік бастама» конкурсы Ресей Федерациясының, сондай-ақ Украина, Белоруссия, Молдова және Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын жобаларды қолдайды.

Конкурс аясында өтінім берілген жобаларды жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясы және Жақын Шетелдердегі 62 субъектінің ішінен 400 ұйым қаржылық қолдау алды.


Конкурс келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

1. Жеке тұлғаның білімі және діни қалыптасуы

2. Әлеуметік қыземет көрсету

3. БАҚ айнасындағы мәңгілік құндылықтар

4. Кітап арқылы ағарту. Орыс Православие Шіркеуінде кітапхана ісін дамыту және модернизациялау.
Конкурс аясында қазіргі заманғы орыс қоғамының барлық таптарын дәстүрлі православиелік құндылықтар айналасына біріктіруге бағытталған адамдардың шынайы әрекеті негізінде қаланған жобалар қабылданады.

Конкурстың өткізілу шарттары және өтінім нысандары мына сайттарда жарияланған: www.bfss.ru, www.patriarhia.ru, www.nne.ru
Өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн – 2010 жылдың 15 желтоқсаны

Бірінші іріктеуден өткен өтінімдер Сарапшылар кеңесінде қаралатын болады. Конкурс қорытындылары 2011 жылдың 15 ақпанына кешікпей жарияланатын болады.


Өтінімдерді үйлестіру орталығына мына мекенжай бойынша жіберу қажет:

070019, ШҚО, Өскемен қаласы,

Қазақстан к-сі, 158А, 2 қабат

Тел. 8 (7232) 26-22-22, 57-83-74

zubr@ukg.kz (ӘКҚ «ЗУБР»)


Жаңалықтар


2010 жылдың 25 қарашасында Астана қаласында Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева Қайырымдылық күніне орай Астана балалар үйіне жылыжай тарту етті. Сара Алпысқызы тарту еткен жылыжайда балалар күтім жасайтын әрбір баланың гүлі бар. Бұл гүл бүлдіршінмен бірге өсетін болады. Бұл балалар бойында жауапкершілік пен дербестікті тәрбиелейді.

Жылыжайдың атауын балалар бірден ойлап тапты – «Қайырымдылық бағы». Бұл жерде 30-ға жуық бөлме гүлдері өседі. Сонымен қатар, «Бөбек» қоры балалар үйінің кітапханасына әр кездегі және барлық халықтың ең үздік 30 кітабын сыйға тартты. Қайырымдылық күні астаналық балалар үйінде екінші рет аталып отыр. Бүгін мұнда балалар үшін «балалардың игілігіне арналған жақсылық!» атты қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды. Дарынды тәрбиеленушілер концерт қойды, сосын спорттық жарыстар, конкурстар ұйымдастырылды. Кешкісін балалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің басты жаңа жылдық шыршасын жағуға қатысты.

Балалар үйінде әрбірінде 15-20 тәрбиеленушісі бар 15 отбасы тұрады. Отбасылар туыстық байланыстарды ескере отыра құрылып, аға-бауырлардың бірге тұруына мүмкіндік туғызылған.

2010 жылдың 24-25 қараша күндері Астана қаласында Қазақ мемлекеттік заң университетінде «Болашақ - жастар үшін»атты семинар өтті. Ол республиканың барлық аймақтарын қамтып, үш айға жуық уақыт созылған ірі республикалық жобаның қорытынды кезеңі болып табылады.

Семинардың мақсаты: тың идеялар мен қызықты жобалары бар дарынды жастарды, жас ғалымдарды табу.

Астанада семинарға қатысуға 700-ге жуық адам өтінім берді, олардың 100-ге жуығы өтті. Көпшілігі «2010 жылғы жас кадрлар резервіне» қатысушылар болып отыр. Өз жұмыстарын семинарда қорғай отырып, болашақта жастардың еңбекке орналасуында олардың рейтингтерін көтеруде оң маңыз атқаратын қосымша ұпайлар алатын болады.

Жұмысты «Болашақ - жастар үшін» жобасын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бағдарламасы стипендианттарының ассоциациясы және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жас қанаты бағалады.







Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының қызметі


«Республика гүлденуі» қоғамдық қорының жанында «Өнерпаз» атты Аулалық клуб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сурет, үстел теннисі және шахмат үйірмелері тегін жұмыс істейді. Жақын арада әдеби және би үйірмелері ашылатын болады. Клуб Есіл ауданындағы «Номад» тұрғын үй кешенінде орналасқан.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы ала аласыз:

тел: +77015308272 Акимов Айдар

Adalnietastana@mail.ru

«Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер-2010» республикалық акциясын өткізеді. Акция мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін өте маңызды және олардың басындағы жағдайға қоғамдастықтың кең шеңберінің назарын аударуға бағытталған.
«Шексіз мүмкіндіктер-2010» акциясының шеңберінде Жыл сайынғы қоғамдық «Жаншуақ» сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. Бұл сыйлық мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдениет, спорт, білім салаларындағы жетістіктері үшін, сондай-ақ азаматтық қоғамдағы мүгедек адамдарға арналған интеграциялық процеске қосқан елеулі үлесі үшін беріледі. Бүгінгі таңда «Шексіз мүмкіндіктер» және «Жаншуақ» мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдаудың орнықты және танымал құралы болып табылады. Алайда, Акцияның да, Сыйлықтың да өзіндік айқын анық көрінетін бренді жоқ. Осыған байланысты, Астана қаласының дизаин-студиялары мен суретшілер ұжымы «Шексіз мүмкіндіктер-2010» Жыл сайынғы әлеуметтік акциясының бірыңғай логотипінің нобайын жасауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Ең үздік жұмыстардың авторларына 2010 жылдың 12 желтоқсанында Бейбітшілік және Келісім Сарайында арнайы сыйлық тапсырылатын болады.


Сіздердің жұмыстарыңызды 2010 жылдың 25 қарашасына дейін мына мекенжай бойынша күтеміз:

Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 33/2, тел./факс: (7172)336085, 336033, danila1969@mail.ru


2010 жылдың 21 қарашасында «Еуразия» ҚК «Астана қаласының ХХІ ғасыр көшбасшысы» жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Астана қаласының әуесқой жастар командасы арасында мини-футболдан қалалық турнир өткізді.
Мақсаты: 7-қысқы Азия ойындарын насихаттау және халықты бұқаралық спортқа тарту.

Жарыстар қаламыздың жастары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, 26 команда спорт кешенінің футбол залында ең күшті команданы анықтау үшін кездесті.


Нәтижесінде орындар төмендегідей берілді:

  • 1 орынды және Турнир Кубогін «Құрылыс» командасы иеленді;

  • 2 орынды Қаржы Акдемиясының құрама командасы иеленді;

  • 3 орын –«Торпедо-Астана» командасының еншісінде.

  • «Жеңіске деген еркі үшін» аталымын «V-team» командасы жеңіп алды.

Ең үздік шабуылшы «Құрылыс» командасының ойыншысы Радмир Муксинов болды. Жеңімпаздардың барлығы «Астана қаласының ХХІ ғасыр көшбасшысы» жастар қоғамдық бірлестігінің медальдары және дипломдарымен марапатталды.

Қатысқан командалар деңгейі әр түрлі болғандықтан, турнир өте қызықты өтті, мұнда ұйымдар, студенттер, аулалық командалар қатысты. Қатысушылардың ешқайсысы аянып қалған жоқ. Жарыстар олимпиадалық жүйе бойынша өтті – ұтылған командалар турнирден шығып отырды.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың сайттары




  1. ҚР Ішкі істер Министірлігі www.mvd.kz

  2. ҚР денсаулық сақтау Министірлігі www.mz.gov.kz

  3. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі www.mit.kz

  4. ҚР Сыртқы істер Министірлігі www.mfa.kz

  5. ҚР Мәдениет Министірлігі www.mki.gov.kz

  6. ҚР қорғаныс Министірлігі www.mod.kz

  7. ҚР білім және ғылым министірлігі www.edu.gov.kz

  8. ҚР қоршаған ортаны қорғау министірлігі www.eco.gov.kz

  9. ҚР ауыл шаруашылық министірлігі www.minagri.kz

  10. ҚР көлік және коммуникация министірлігі www.mtk.gov.kz

  11. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі www.enbek.gov.kz

  12. ҚР туризм және спорт министірлігі www.mts.gov.kz

  13. ҚР қаржы министірлігі www.minfin.kz

  14. ҚР төтенше жағдай министірлігі www.emer.kz

  15. ҚР экономикалық даму және сауда министірлігі www.minplan.kz

  16. ҚР мұнай және газ министірлігі www.mng.gov.kz

  17. ҚР әділет министірлігі www.minjust.kz

  18. ҚР байланыс және ақпарат министірлігі www.mci.gov.kz

  19. Балалардың құқығын қорғау комитеті www.bala-kkk.kz

  20. Астана қаласының әкімшілігі www.astana.kz

  21. Астана қаласының ішкі саясат Басқармасы http://ishki-sayasat.astana.kz





________________________________________________________________
Жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесі:

2010 ж., бюллетенде жарияланған, барлық мәліметтер үшін «Астана – ҮЕҰ колдау орталығы» ЖҚ жауап бермейді деп хабарлайды. Осы бюллетенде авторлармен көрсетілген ойлар, Астана – ҮЕҰ колдау орталығының ұстанымын көрсетуі міндетті емес.

___________________________________________________________
Мекен жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ. 010000,

Абай данғылы, 38, 410, 425 кеңселер

тел: 8 (7172) 21-61-51, 8 (7172) 21 63 12

E-mail: npoastana08@mail.ru

Сайт: www.npoastana.kz


ҮЕҰ қолдау орталығы – Астана

Каталог: upload -> iblock -> ab0
iblock -> Тест по географии для государственной аттестации общего среднего образования учащихся
iblock -> Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014ж
iblock -> Л. Н. Гумилев атындағы
iblock -> Решением Президиума Общероссийской общественной спортивной организации «Союз танцевального спорта России»
iblock -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
iblock -> 007: Координаты «Скайфолл» Режиссер: Сэм Мендес в ролях: Дэниэл Крэйг, Хавьер Бардем, Джуди Денч, Райф Файнс, Бен Уишоу Премьера: 26 октября dvd/Blu-Ray: февраль «Куда мы едем?»
ab0 -> Бюллетень Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет