Астана қаласының ҮЕҰ электронды бюллетені
Шығарылым (86)
15-19 қараша 2010
Электронды бюллетень
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен
«ҮЕҰ қолдау орталығы» шығарады
ҮЕҰ қолдау орталығы – Астана қызметі:
-
Ұйымдастырушылық дамыту, фандрайзинг пен заң сұрақтары бойынша кеңес беру
-
Семинар-тренингтерді өңдеу мен өткізу
-
Іс – шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.)
-
Әлеуметтік зерттеулерді өткізу
-
Жобалардың мониторингін және сараптамасын өткізу
-
Пікір алмасу алаңдарын өткізу
-
Ақпараттық хабарларды жіберу
-
Әдістемелік әдебиеттерді шығару
-
Астана қаласының ҰЕҮ негізгі мәліметтерін жасау мен жанарту
|
Хабарландыру
|
World Learning (WL) «EdNet» Ассоциациясымен серіктестікте Оңтүстік және Орта Азия үшін шәкіртақылық бағдарламаның басталуы туралы хабарлайды - Бангладештен, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Непалдан, Шри-Ланкадан, Тәжікстаннан және АҚШ елдерінен кәсіпқойлар және жас мамандар алмасу бойынша жоба.
Саяси процесс барысында американдық заң шығарушы билік құрамы түсінігін және азаматтық қоғам маңызын кеңейту үшін, сондай-ақ азиаттық және американдық институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға әсер ету үшін. Бағдарламаны АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады.
Осы бағдарлама аясында алты азия елінен келген 60 жас көшбасшылар және АҚШ келген 36 жас көшбасшы өз қауымдастығында белсенді қатысу үшін, бір-бірінің елдерін жақын танып-білу үшін, топтың әр мүшесінің этникалық, діни тегі туралы білу үшін жаңа білім мен көшбасшылық дағды сабақтарын алатын болады.
Осы бағдарлама Үкіметтің жергілікті және ұлттық деңгейдегі, сондай-ақ саяси ұйымдарда институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында әр алуан шаралар, пікірталастар, шақырулар, оқытулар, сондай-ақ қатысушылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу өткізілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар шәкіртақылық бағдардама шеңберінде АҚШ азаматтық қауымдастығына ену кезеңіндегі АҚШ заңдық процестерін ұғынуда білім деңгейлерін көтеру мүмкіндігіне ие болады. Шәкіртақылық бағдардама қатысушылар:
-
АҚШ заңдық процестері саласында оқудан өтуге
-
Азаматтық қауымдастық маңызы және оның саяси процестерге тартылуы саласында білімі мен түсінігін арттырады
-
АҚШ ұлттық азшылық және иммигранттар жұмыс тәжірибесіндегі мәлімділігі мен түсінік деңгейін арттыру, оның ішінде олардың саяси интеграциясы және басқарылуы
-
Ұйымдастырушылық әлеуетін артыру мақсатында теориялық және практикалық деңгейде өз кәсіби білімін арттыру
-
Өз еліне қайтқан кезде азаматтық қауымдастық пен тұрақты институттардың табысты нұсқаулығын ілгерілетуге мүмкіндік туғызатын жобалар мен бағдарламаларды жасап, жүзеге асыра алады
-
Американдық және азиялық үкіметтің, институттар мен азаматтардың арасында өзара байланыс тудыру
-
Үкіметтік және азаматтық қауымдастық арасында аймақтық кооперацияны ұлғайту
Жоба қатысуға барлық тілек білдірген заңгерлерді, саяси қайраткерлерді, заңтану және саясат саласында тәжірибе жинақтаған ЖОО түлектерін шақырады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2010 жылдың 1 желтоқсаны.
Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты, сонымен қатар өтінімнің электрондық нысанын біздің сайтымыздан алуға болады:
http://www.ednet.edu.kg/content/view/500/1/lang,ru/
ең табысты үміткерлер әңгімелесуге шақырылатын болады.
Басқа да қызықтыратын сұрақтар бойынша EdNet Ассоциациясының кеңсесіне төмендегі байланыс нүктелері арқылы хабарласуға болады: +996-312-900-821, lkhier@career.kg Луиза Хиер
Алғашқы Жыл сайынғы «Самғау» Қоғамдық Сыйлығы
Мүгедектердің қоғам өміріне белсенді араласуына және оған толыққанды қатысуға мүмкіндік бермейтін көптеген әлеуметтік кедергілерді болдырмаудың және ең маңызды бағыттарының бірі шығармашылық, көркем және интеллектуалдық әлеуеті тек үшін ғана емес, қоғамның өркендеуі үшін белсенді араласу болып табылады.
Мүгедектердің шығармашылық және қоғамдық реабилитациясы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың рухани жан дүниесін оңалтып, кеңейтетін әдістердің бірі. Өнерде олар дені сау адамдармен бәсекелестікке түсіп, өз қабілеттерін толық көрсете алады.
2010 жылдың 3 желтоқсанында Алғашқы Жыл сайынғы «Самғау» Қоғамдық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. Бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдардың Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, білім және қоғамдық қызмет салаларында қол жеткізген табыстары үшін беріледі.
Оның бірегейлігі барлық мүгедектердің басын қосып, біртұтас шығармашылық жарыс өткізу мақсатында: есту қабілеті бойынша, көру қабілеті бойынша, жалпы сырқаттары, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы бойынша.
Ұйымдастырушылар: «Бауыржан» қоғамдық қоры және «Мейірім» жекеменшік қоры
Бас демеуші: “КазРосГаз”
өтінімдерді қабылдау: 2010 жылдың 1 қазанынан 25 қарашасына дейін
«Самғау» сыйлығы шектеулі физикалық мүмкіндіктеріне қарамастар, сұлулықты паш етіп, бізідің мәдениетімізге үлес қосып, нағыз рухани жанкештілік жасап жүрген мыңдаған адамдардың шығармашылық ерлігі іспеттес болмақ. Мұндай адамдарды білу керек, мұндай адамдарды мақтан тұту керек, өйткені олар біздің еліміздің мақтанышы.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс.телефондары:+7/727/262-16-11, 315-40-84
ofbf@mail.ru
www.baurzhan.kz
|
Заңнама және құқық
|
2010 жылдың 16 қарашасында Елбасы заңға қол қойды:
-
«Өндіріс және биоотын айналымы саласында туындаған қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған өндіріс пен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу туралы».
|
Конкурстар
|
Мәскеу және Русь Әулие Патриархы Кириллдің батасымен Серафи Саровский
қайырымдылық қоры «Православие бастамасы» атты конкурс жариялайды.
Конкурстың негізгі идеясы – православие қоғамдастығы, шіркеу, кәсіпкерлік және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту, лайықты өмірді қалыптастыруда әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру.
«Православие бастамасы» атты конкурс Ресей Федерациясының, сондай-ақ Украина, Беларуссия, Молдова, Қазақстан аумақтарында жүзеге асырылатын жобаларды қолдайды.
Конкурс аясында берілген жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржылық қолдауды Ресей Федерациясы және Жақын Шетелдердің 62 субъектісінен 400-ден астам ұйым алды.
Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Жеке тұлғаның білім алуы мен қалыптасуы
2. Әлеуметтік қызмет көрсету
3. БАҚ беттеріндегі мәңгілік құндылықтар
4. Кітап арқылы ағарту. Русь Православие Шіркеуінде кітапхана ісін дамыту және модернизациялау.
Конкурс аясында негізінде адамдардың шынайы қызметі бар, дәстүрлі православие құндылықтарының аясына заманауи орыс қоғамының барлық таптарын біріктіруге бағытталған жобалар қабылданады.
Конкурсты өткізу шартта мен өтінім нысандары келесі сайттарда жарияланған: www.bfss.ru, www.patriarhia.ru, www.nne.ru
Өтінімдері қабылдау аяқталатын күн – 2010 жылдың 15 желтоқсаны.
Бірінші іріктеуден өткен өтінімдер Сарапшылар кеңесінде қаралатын болады. Конкурс қорытындысы 2011 жылдың 15 ақпанында жарияланатын болады.
Өтінімдерді міндетті түрде үйлестіру орталығына мына мекен-жай бойынша жіберу керек:
070019, ШҚО, Өскемен қ.
Қазақстан к-сі, 158А, 2 қабат
Тел. 8 (7232) 26-22-22, 57-83-74
zubr@ukg.kz («ЗУБР» ӘКҚ)
|
Жаңалықтар
|
ЕҚЫҰ саммиті өту барысында Астана қаласына 5 мыңдай шетелдіктер келеді. ЕҚЫҰ байланысты шара өткізілетін бір апта бойы 5 мыңға жуық адам күтіліп отыр. Олардың ішінде ЕҚЫҰ 2010 жылдың 26-28 қараша аралығында шолу конференциясына қатысатын 500-ден 1000-ға дейін шетелдік журналисттер, 500-ге жуық ҮЕҰ өкілдері.
|
Астана қаласы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы
|
«Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолауымен жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндікдер-2010» республикалық акциясын өткізеді. Акцияның мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін маңызы зор және мүгедектер проблемасына қоғамдастықтың назарын аударуға бағытталған.
«Шексіз мүмкіндікдер-2010» акциясының аясында Жыл сайынғы «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығын табыстау салтанаты өтеді. Бұл сыйлық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәдениет, спорт, білім және азаматтық қоғамда мүгедек адамдар үшін интегралды процеске үлес қосқаны үшін беріледі.
Бүгінгі таңда «Шексіз мүмкіндіктер» және «Жаншуақ» мүгедек адамдарды қолдаудағы қалыптасқан, әрі өзін көрсете білген құралдар. Алайда, Акцияның да, Сыйлықтың та өзіндік анық айқындалған көзбен көретін бренді жоқ. Осыған байланысты, Астана қаласының дизаин студияларын және суретшілер шығармашылық ұжымын Жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер-2010» акциясының бірыңғай логотипінің эскизін жасауда белсенді қатысу үшін шақырамыз.
Ең үздік жұмыстың авторларына 2010 жылы 12 желтоқсанда Бейбітшілік және Келісім Сарайында арнайы сыйлық тапсырылатын болады.
Сіздердің жұмыстарыңызды 2010 жылдың 25 қарашасына дейін мына мекенжай бойынша күтеміз:
Астана қ., Абылай хан даңғылы 33/2, тел./факс: (7172)336085, 336033, danila1969@mail.ru
«Астана қаласының ХХІ ғасы көшбасшысы» жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Мәдениет министрлігінің әлеуметтік тапсырысы аясында қала жастары арасында мини футболдан қалалық турнир өткізеді.
Мақсаты халықты Қазақстанда өтетін 7-ші «Азиада-2011» Азия ойындарына дайындық және өткізу мәселелері бойынша ақпараттандырып, бұқаралық спортқа шақыру бойыша күш салу болып табылады.
Командаларға қойылатын талаптар: 5+1
Тіркелу 2010 жылдың 19 қарашасына дейін мына телефондар бойынша:
87022987877; 87004071176;
«Астана қаласының азаматтық альянсы» ЗТБ «Саяси партиялардың жастар қанаты көшбасшыларының өкілдерінің қатысуымен конференция өткізу» жобасын жүзеге асыру шеңберінде осы тақырып бойынша мақалалар жинағын шығарады. Мүдделі тұлғаларды осы жинақты дайындауға және өз мақаласын жарияланымға енгізуге шақырамыз.
Мақалаларды мына электрондық мекенжайға жолдау керек: Zagrebina_inga@mail.ru, мақалада ұйымның атауын, А.Т.Ә., мақаланың атауы көрсетілуі тиіс.
Анықтама телефондары: 37-45-97, 22-88-05, 8-701-361-99-36 (Загребина Инга)
|
Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының айдары
|
Дін қырлары
|
«Ареал» ҚҚ діни сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық материалдар жарияланымын жалғастырады..
Иудаизм
Пайда болу тарихы. Иудаизм біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Палестина аумағында өмір сүрген еврейлер арасында пайда болды. Политеистикалық нысанда пайда болып, иудаизм біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықта біртіндеп еврейлердің монотеистік ұлттық дініне қарай бет бұрды.
Діни оқытудың негізгі қағидалары. Иудаизмнің басты діншілдік және тәжірибе негізі ретінде Тора және Талмудта көрсетілген еврей халқының тарихы қызмет етеді. Тора және Талмудтың (Заң) негізгі ережелері иудейлер өмірінің қыр-сырын реттейді. Иудаизм Заңында Заңға бағынуға ерекше мән беріледі: сенбіні, тамақ дайындау ережелерін, ауыз бекіту және өзін-өзі тоқтату, мерекелерді сақтау.
Иудаизм діні адамзат тарихында бірінші рет монотеизмді - Өз бейнесі мен ұқсастығы бойынша адамды Құдай жаратқан («Құдайадам еврей тұжырымы») – оның салдары Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігі, Құдайдың адамға көмекке ұмтылуы және Қайырымдылықтың жеңетініне деген сенімділік туралы терең ілімін жариялады. Бұл ілім ғасырлар бойы өз мазмұнының тереңдігіне жаңа қырларына үңіліп, терең философиялық және діни ұғынуға себеп болып келе жатыр.
Қазіргі заманғы иудаизм діні негізгі үш ағымға бөлінген: ортодокстық, реформостик және консервативтік.
Ортодокстық иудаизм өткен жиырма жүз жылдықта көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Ортодокстықтар Талмуд жазып қалдырған, ережелерді сақтауға тырысады.
Реформистік иудаизм – дінге сенушіліктің либеральді формасы. Ең бастысы – дәстүрді сақтау емес, қоғамдық белсенділік.
Консервативті ағым ортокстық және либеральді бағыттар арасындағы орынды алады. Заңды заманауи мәдениетпен және философиямен байланыстыра отырып, абайлап өзінше түсіндіреді, Талмуд – бұл дамушы жүйе деп болжайды.
Қазақстанда таралуы. Иудаизм еврейлердің ұлттық діні болғандықтан, иудаизм Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін тарай бастады. Ұлы Отан соғысы кезінде, сталиндік репрессия салдарынан, сосын кеңестік жобаларды іс жүзіне асыру барысында (тың игеру және т.б.) Қазақстанға көптеген еврей отбасылары келіп, қалып қойды.
Республикада қазіргі уақытта Израильмен де, АҚШ-пен де халықаралық байланысты нығайтуға нгегізделген заманауи иудаизмнің үш тармағы да бар. Қазіргі таңда қазақстандық еврей қауымы басқа елдердегі еврей қауымдарымен байланыс орнатуда. Қазақстаннның әр түрлі облыстарында синагогтер салынып, өз газеттері шығады, кейбір азық-түлік тағамдарын өндіру жолға қойылған, қауымның кейбір мұқтаж мүшелеріне қажетті көмек көрсетіледі.
1994 жылы Қазақстанға қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас раввині болып отырған, Любавичский Ребенің елшісі раввин Ешая Коген келген болатын. Бас раввиннің орталық кеңсесі Алматы қаласында, бөлімдері Астана және Павлодар қалаларында орналасқан. ҚР бас раввинінің Астанадағы өкілі – Юда Кубалкин (Израиль).
Қазіргі уақытта жаңа синагогтер Астана, Алматы, Павлодар қаласында бар. Қызылорда, Шымкент қалаларында тұрғын үйлерге бейімделген синагогтер бар. Қазақстанның барлық қалаларында еврейлік жерлеу рәсімін жүзеге асыратын арнайы топтар бар, еврейлік ұйымдар жұмыс істейді, әр түрлі жастағы және мүдделі адамдар үшін клубтар ашылған.
Қазақстан еврейлері үшін 2004 жылы Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогінің ашылуы маңызды шара болды. Еврей күнтізбесіне сәйкес жыл сайын ежелгі еврей мерекелерін тойлау өткізіледі, олардың ішіндегі ең әдемісі Пурим, Песах, Лаг Баомер и Ханукка мерекелері.
2002 жылдан бастап Қазақстанда «Шалом» газеті шығады (ұйымдастырушы – Қазақстан Еврей конгресі).
«Ареал» ҮЕҰ жанындағы
Сенім телефоны 45-63-63
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыз:8 (7172) 59-22-55; e-mail: arust2335@mail.ru
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың сайттары
|
-
ҚР Ішкі істер Министірлігі www.mvd.kz
-
ҚР денсаулық сақтау Министірлігі www.mz.gov.kz
-
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі www.mit.kz
-
ҚР Сыртқы істер Министірлігі www.mfa.kz
-
ҚР Мәдениет Министірлігі www.mki.gov.kz
-
ҚР қорғаныс Министірлігі www.mod.kz
-
ҚР білім және ғылым министірлігі www.edu.gov.kz
-
ҚР қоршаған ортаны қорғау министірлігі www.eco.gov.kz
-
ҚР ауыл шаруашылық министірлігі www.minagri.kz
-
ҚР көлік және коммуникация министірлігі www.mtk.gov.kz
-
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі www.enbek.gov.kz
-
ҚР туризм және спорт министірлігі www.mts.gov.kz
-
ҚР қаржы министірлігі www.minfin.kz
-
ҚР төтенше жағдай министірлігі www.emer.kz
-
ҚР экономикалық даму және сауда министірлігі www.minplan.kz
-
ҚР мұнай және газ министірлігі www.mng.gov.kz
-
ҚР әділет министірлігі www.minjust.kz
-
ҚР байланыс және ақпарат министірлігі www.mci.gov.kz
-
Балалардың құқығын қорғау комитеті www.bala-kkk.kz
-
Астана қаласының әкімшілігі www.astana.kz
-
Астана қаласының ішкі саясат Басқармасы http://ishki-sayasat.astana.kz
|
________________________________________________________________
Жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесі:
2010 ж., бюллетенде жарияланған, барлық мәліметтер үшін «Астана – ҮЕҰ колдау орталығы» ЖҚ жауап бермейді деп хабарлайды. Осы бюллетенде авторлармен көрсетілген ойлар, Астана – ҮЕҰ колдау орталығының ұстанымын көрсетуі міндетті емес.
___________________________________________________________
Мекен жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ. 010000,
Абай данғылы, 38, 410, 425 кеңселер
тел: 8 (7172) 21-61-51, 8 (7172) 21 63 12
E-mail: npoastana08@mail.ru
Сайт: www.npoastana.kz
ҮЕҰ қолдау орталығы – Астана
Достарыңызбен бөлісу: |