Бұзылық селолық округінің әкімі Ысқақов А.К.
2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы
ақпараты
Өткен 2012 жыл Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздерінің 20 жылдығы, еліміздің жеңісі - «ЭКСПО 2017» халықаралық серпілісі Астанада өткізуі, әрине, ең бастысы, бүкіл қазақстандықтардың бірлігі нығайтуына жаңа жеңістерге жетуіне рухтандыратын «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Преззиденті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы сияқты оқиғалармен атап өтті.
Бұзылық селолық округiнiң тұрғыны 312 отбасы тұрады, ол 1068 адамды құрайды. Ұлттық құрам бойынша (жалпы 17 ұлт) ол төмендегідей:
Қазақ – 489 адам немесе 45,8 %
Орыс – 352 адам немесе 32,95 %
Украин – 90 адам немесе 8,4 %
Неміс – 36 адам немесе 3,4 %
Татар – 35 адам немесе 3,3 %
Басқа ұлт өкілдері - 66 адам немесе 6,2 %
Ер адамдар саны - 552 адам немесе 51,7 %
Әйелдер саны - 516 адам немесе 48,3 %
Әлеуметтік құрам:
Оқушылар – 127 адам
Зейнеткерлер – 146 адам
Мұғалімдер – 38 адам
Мемлекеттік қызметкерлер саны – 3 адам.
Дәрігерлер – 3 адам
Жалпы 657 адамның саны еңбекке жарамды тұрғыны, олардың iшiнен 548 адам жұмыс iстейді, соның iшiнде 102 адам ауыл шаруашылық кешенiнде, 446 адам басқа салаларында жұмыс істейді.
80 адам мемлекеттiк жәрдемақысын алушылар, соның iшiнде 9 адам асыраушысынан айырылушылар:
Соғыска қатысқандар саны – 1 адам
Көп балалы отбасы – 11 адам
Мүгедектер саны – 23 адам
Көп балалы аналар – 19 адам, «Алтын алқа» және «Күміс алқа»
Тыл еңбеккерлері – 7 адам
Ақталғандар саны - 2 адам.
Жыл басындағы көшіріп жазылған қосалқы шаруашылық бойынша ауыл тұрғындарының қорадағы мал саны:
Ірі қара мал – 401 бас – 212 бас сиыр
Жылқы – 137 бас – 58 бас бие
Шошқа - 387 бас – 38 бас аналық
Қой, ешкі - 1067 бас – 560 бас аналығы
Қояндар - 236 бас, оның ішінде 79 - тұқымдық қояндар, құстардың басы жалпы 3788, 2947 - мекиен тауықтар.
24 отбасы тек қана құстарды ұстайды. 75 отбасында қосалқы шаруашылық жоқ.
ЖШС «Агро –Олдиви» ЖШС «Жасыбай ХХІ, ЖШС «Сұрған және К» еңбекақы бойынша есептесу толық жасалды. ЖШС «Агро – Олдиви» жер үлестерi бойынша есептесу толық жасалды. Есептесу ақшалай жүргiзiлдi, өнiммен қ/ш және қалған қызметтер. Ауыз су бойынша төленбеген қарыз бар.
Сонымен бiрге еңбекақы бойынша есептесулер және жер жарнасы бойынша есептесулер жасалған қ/ш «Сымбат», «Қымбат», ЖШС «Шаңырақ-Р» бойынша. Есептесу жалпы жемдермен – шөппен, сабанмен, астық қалдықтарымен жасалған.
Селолық округ әкімі аппаратының негізгі жұмысы - жоғары тұрған органдар және Үкіметтің қаулыларын, ел Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру.
Селолық округ әкімінің жұмысы болашақ, тоқсандық және оперативтік (қауырт) жоспарлар бойынша құрылды.
Нотариалдық 10 әрекеттер жүргізілді, 14 жазбаша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді.
Селолық округтің тіршілік әрекеттеріне қатысты көкейкестілік сұрақтар ауыл тұрғындарымен жеке және топ ретімен қарастыралды.
Селолық округі азаматтарының өкілдерімен жалпы 8 жиын өткізілді. Жиындарда келесі сұрақтар қаралды-«2011 жылдағы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараты», 2011 жылдың Есіл ауданы және Бұзылық селолық округі әкімдерінің есеп беру баяндамалары, «Селолық округтің санитарлық, көркейту және көгалдандыру іс шараларын жүргізу туралы», «Мал бағымын ұйымдастыру», «Жазғы суаруды ұйымдастыру», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бағдарламасы», «Округте әлеуметтік сұрақтарды шешуге селолық округ мекемелерінің қатысуы туралы».
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін «2020 Жұмыспен қамту», «2020 бизнесс жол картасы» мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірме әңгімелер өткізілді. «Жұмыспен қамту орталығы» мамандарымен кездесу өткізілді. Жеті жеке кәсіпкерлер «Бизнесс кеңесшісі» курстарын оқып бітірді.
«Агро ОЛДИВИ», «Сұрған и К», «Жасыбай ХХ1» ЖШС көмегімен аулдардан 800 астам тонна қоқыс шығарылды.
Маңызды тауарларға тұрақты бағаларын сақтауы жөнінде жеке кәсіпкерлермен, жұмыскерлердің құқығын сақтау жөнінде ауыл шаруашылық мекемелерімен меморандумдар бекітілді.
Ауыл бойынша 21007 га шаруашылық жайылымдары бекітілген, ол төмендегідей бөлініп берілген:
ОДЗ арнайы құр Айдалған жер Жайылым Барлығы
ЖШС «Агро – ОЛДИВИ» 6810 3903 9667 1031 10713
ЖШС «Шанырак Р» 876 1567 2363 238 2615
Шаруа қожалығы
«Қымбат» 959 1963 2718 803 3308
«Сымбат» 1131 162 1293 183 1476
«Адиль» -- 410 410 - 411
«Абыз» -- 405 405 - 405
«Руслан» (Шатило А.) -- 156 156
«Чуприн А.А.» 20 20 20
Барлығы 9572 8430 17032 2602 19104 село округінің жері 1903 га
|
Бұзылық селолық округ бойынша өнiмдiлік 4 ц/га құрады.
Селолық округте бүгiн 7 дүкен жұмыс iстейдi. Ондаған жанұяларда ірі қосалқы шаруашылық бар, ол біршама табыс әкеледі.
«Агро- Олдиви» ЖШС, «Жасыбай XXІ» ЖШС наубайхана бар, бүгінгі күнде наубайхана толық қуатымен жұмыс істейді. Оның өнiмi ақшалай және лимиттер бойынша беріледі. Нанның бағасы 40-45 теңге.
Селолық округтiң аумақтарында Победа және Сұрған орта мектебi, Победа және Сұрған дәрiгерлiк пунктi, Победа ауылының кітапханасы, пошталық байланыс бөлімшесі және АТС жұмыс iстейдi.
ЖШС «Агро-Олдиви», «Жасыбай-ХХІ» ЖШС, «Сұрған және К» ЖШС және «Қымбат», «Сымбат» ш/қ демеушілерінің ерікті салымдарының арқасында мектептерде ыстық тағам ұйымдастырылған.
Сұрған орта мектебінде 15 орынды шағын орталық, Победа орта мектебінде 20 орынды шағын орталық жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетумен дәрігерлік пункт айналысады, бірінші көмек көрсету ретінде ол барлық қажетті дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілген.
Егу, амбулаториялық ауруларды емдеу, вакцинацияны өткізу ретінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, жыл сайын флюротексеріс жүргізіледі.
Ауылдың 312 аулаларында дәл қазір 245 телефон орнатылған, оған қосымша 24 - өндірістік. Бұзылық ауылында цифрланған станция орнатулы. Бұзылық ауылының пошта бөлімшесі бұрынғыдай 3 сағат қана жұмыс істейді, ал Сұрған ауылында пошта бөлімшесі жоқ. Зейнеткерлер, мұғалімдер жәрдемақысын алатын тұрғындары оларға арналып есептелген қаржыларын мезгілімен алады.
Селолық округте қолдан ұрықтандыру–технигі жұмыс істейді. Ұрықтандырылған сиырлардың саны 2012 жылы 67 бас құрады. Селолық округте «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымы, ардагерлер ұйымы, мектептің кәсіподақ ұйымы, селолық әкімшілігі және басқа көпшілік ұйымдар жұмыс істейді.
Басталған жылда селолық округ әкімі аппаратының алдында талай маңызды мақсаттар тұр: біріншіден ол екі ауылдың су құбырын қайта құру үшін жобаларын жасау,
-иесіз қалған жерлерді қайта құнарландыру,
-Победа орта мектебінің жылу беру құбырының жөндеуін өткізу,
-Сұрған орта мектебінің жылу беру қазандығынын жөндеуін өткізу.
-жұмыссыз, өзі бетінше жұмыспен айналысушылар азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік бағдармалар бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру.
-селолық округтегі мекемелермен бірге ауылдардың жолдарын тегістеу, көгалдандыру және қоқыстан тазалау жұмыстарын жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |