Центрифугалау әдістері


Дифференциалды центрифугалау



бет3/4
Дата03.12.2022
өлшемі0.73 Mb.
#466346
1   2   3   4
Дифференциалды центрифугалау
1 - ұлпаның гомогенатын төменгі жылдамдықпен (1000g, 10 мин) центрифугалайды, 2 - одан алынған тұнбаның құрамында бүтін клеткалар, ядролар, клетка қабықшалары және плазма мембраналары болады. Оның супернатантын орташа жылдамдықпен центрифугалайды (20 000g, 20 мин), 3 - одан алынған тұнбаның құрамында митохондрия, лизосома және пероксисомалар болады. Оның супернатантын жоғары жылдамдықта центрифугалайды (80 000g, 1 сағ), 4 - одан алынған тұнбаның құрамында микросомалар немесе эндоплазматикалық тордың сынықтары және кіші түйіршіктер болады. Оның супернатантын өте жоғары жылдамдықта центрифугалайды (150 000g, 3 сағ). 5 - одан алынған тұнбада рибосомалар мен макромолекулалар, ал супернатантында суда еритін белоктар және басқа биомолекулалар болады.
Изопикникті центрифугалау.
    • Мұндай центрифугалауды тығыздық градиентінде, сонымен қатар қалыпты жағдайда жүргізуге болады. Егер центрифугалау тығыздық градиентінде өткізілетін болса, онда биологиялық препараттың ішіндегі зерттелетін қосылыстан ауыр басқа заттар тұнбаға түсетіндей етіп центрифугалайды. Одан алынған супернатантты ары қарай оның ішіндегі молекулалардың тығыздығына байланысты бір-бірінен бөлу үшін таңдап алынған жылдамдық үдеуінде центрифугалайды.

Зоналы-жылдамдықта центрифугалау
    • Бұл әдісті басқаша s-зоналды центрифугалау деп атайды. Зоналы-жылдамдықтағы центрифугалауды РНҚ-ДНҚ гибридтерін, рибосоманың суббірліктерін және басқа да клетка компоненттерін бір-бірінен бөлу үшін пайдаланылады.

Изопикникті (сахароза-тығыздығындағы) центрифугалау
А - сұйық күйдегі биологиялық материалды центрифуга пробиркасының ішінде сахароза тығыздығының градиентін беретін сұйықтың бетіне ұқыптап құяды. В – центрифугалау кезінде тығыздығы төмен қосылыстар центрден тебілетін күштің әсерінен пробирканың түбіне қарай баяу қозғалады. Тығыздығы жоғары қосылыстар пробирка түбіне қарай жылдам қозғалады. С – центрифугалау аяқталғаннан кейін центрифуга пробиркасының ішіндегі сахароза градиенттері қатар қойылған пробиркалардың ішіне ұқыппен фракциялар түрінде кезегімен жиналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет