Клеткалық теория



Дата25.02.2016
өлшемі27.5 Kb.
#18982
КЛЕТКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

Ағылшын дәрiгерi Роберт Гук алғаш рет 1665 жылы клеткалар туралы айтқан болатын. Өзi жасаған микроскоппен пайдалана отырып, өсiмдiк ұлпалары бiр-бiрiнен майда ұяшықтардан тұратынын байқады. Ол бұл ұяшықтарды клеткалар деп атады. Бұл жаңалықтан кейiн көптеген әртүрлi өсiмдiктер клеткалары анықталды. Жүзелу жылдан соң, 1838-1839 ж.ж. ботаник Матиас Шлейден және зоолог Теодор Шванн клеткалық теория деген атпен белгiлi концепцияны жасап шығарды. Бұл теорияға сәйкес: 1) клеткалар тiршiлiктiң негiзгi элементi – «тiрi» деп айтуға болатын ең кiшi бөлшек; 2) барлық организмдер бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұрады; 3) барлық клеткалар басқа клеткалардың бөлiну нәтижесiнде түзiледi.

Вирхов концепциясы эволюциялық көзқарас бойынша үлкен мағынаға ие болуда. Қазiргi кездегi клеткалар – олар құрайтын организмдер мен Жер бетiнде 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған алғашқы қарапайым клеткалар арасында үздiксiз байланыс бар.

Барлық клеткалар негiзгi өмiрлiк қызметтердi атқарады. Бiрақ олардың арасында еңбектi бөлуде бар: көпклеткалы организмнiң бiр бөлiгi болатын әрбiр клетка маманданған және организмнiң жалпы экономикасына өзiнiң үлкен үлесiн қосады. Клеткалардың көптеген түрлерi бар. Адам денесi 100-ден аса клеткалардан тұрады. 1 шәй қасық тоған суында бiрклеткалы организм емес, бүкiл тоған бар, оның iшiнде организмдердiң бiрнеше жүз түрлерi бар. Өсiмдiктер сыртқы құрылысы адам организмiнiң клеткаларына ұқсамайтын клеткалардан тұрады. Ал жәндiктерде өсiмдiктерде де, омыртқалыларда да кездеспейтiн клеткалар түрлерi бар. Сонымен, клетканың бiр қасиетi алуантүрлiлiгi.

Клетка теориясын жасау – биологиядағы ең үлкен жетiстiк, өйткенi ол барлық тiрi жүйелердiң бiрлiгiн көрсетiп, әртүрлi организмдердi зертейтiн биологияның түрлi бағыттарын бiрiктiредi.

Клеткалар – тiрi организмдердiң құрылымдық және функциональдi бiрлiгi. Ең үлкенi - әрқайсысы белгiлi қызмет атқаратын, тәуелсiз миллиардтаған клеткалардан тұрады. Барлық организмдер клеткалардан тұрады деген идея биология тарихында ең негiзгi теориялық жетiстiк болды, ол барлық тiрi организмдердi зерттеу үшiн тұтастай негiз қалады. Клеткалық деңгейде тiптi алшақ жатқан түрлер құрылысы және биохимиялық қасиеттерi бойынша ұқсас болып келедi.



Сонымен әрбiр клетка тұйық бiрлiк болып табылады, оның сыртын зат тасымалдануын бақылайтын және қоршаған ортадан клетканың құрылымдық және биохимиялық ерекшеленуiн қамтамасыз ететiн плазмалық мембрана қоршайды. Клетканың iшкi кеңiстiгi цитоплазмамен толып тұрады, ол жерде бiрнеше органеллалар және ерiген және суспензияланған заттар болады. Сонымен бiрге барлық клеткаларда ДНҚ бар, оның құрамында тұқымқуалайтын информациясы жазылған. Генетикалық код барлық организмдер үшiн, не бактерия, не ағаш, не адам болсын бәрiне бiрдей.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет