3-1. Банктік қарыз ұсыну және төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс
34-1. Банк осы Ережелердің 9-3 тармағының 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтер мен құжаттармен қатар банктік қарыз шартын жасасқанға дейін клиентке ауызша түрде банктік қарыздар бойынша келесі ақпаратты ұсынады:
1) банктік қарыз берудің мерзімін;
2) банктік қарыздың шекті сомасын және валютасын;
3) сыйақы мөлшерлемесінің түрін: тіркелген немесе құбылмалы, сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы болған жағдайда есептеу тәртібін;
4) клиенттің хабарласқан күніне сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жылдық пайызбен және анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен (нақты құнын);
5) Банк пайдасына комиссиялардың, тарифтер мен банктік қарызды алуға және оған қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты өзге шығындардың мөлшері мен толық тізбесін;
6) Банктер туралы заңмен қарастырылған заңды тұлға-клиенттермен жасалған банктік қарыз шарты талаптарының біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін жағдайларды;
7) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамау жағдайында клиенттің жауапкершілігін және тәуекелдіктерін;
8) кепілзат берушінің, кепілгердің және қарызды қамтамасыз ету шартының тараптары болып табылатын өзге тұлғаның жауапкершілігін.
34-2. Банк банктік қарыз бойынша шешім қабылдаған күннен бастап мерзімі үш жұмыс күніне дейін банктік қарызды беру немесе қарыз беруден бас тарту себептерін көрсете отырып бас тарту жөнінде шешіммен клиентті хабарландырады.
34-3. Банктік қарыз шарты банктік қарыз шартының міндетті талаптар тізбесін регламенттейтін уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген банктік қарыз шартының міндетті талаптарынан құралады.
34-4. Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк клиенттің (қарыз алушының) немесе кепілзат берушінің сұрау салуы бойынша (Банктер туралы заңында қарастырылған банктік құпияны жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып) сұрау салуда алған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде төмендегілер туралы жазбаша түрде мәлімет ұсынады:
1) банкке төленген ақша сомасы;
2) мерзімі кешіктірілген берешек мөлшері (бар болған кезде);
3) борыш қалдығы;
4) кезекті төлемдер мерзімі мен мөлшері;
5) кредит беру лимиті (бар болған кезде).
34-5. Банк Клиенттің өтініші бойынша Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне кезекті түсетін ақшаны бөлу туралы ақпаратты жазбаша формада үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде айына бір реттен жиі емес ақысыз ұсынады.
34-6. Клиенттің банктік қарыз шарты бойынша ұсынылған ақшаны Банкке мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтару жөніндегі өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде оған қайтаруға тиесілі сома мөлшері туралы ақысыз хабарлайды.
34-7. Банктік қарыз шартында қарастырылған жағдайда, Банк клиентке банктік қарыз шартында қарастырылған тәсілмен мерзімділік негізде осы Ережелердің 34-4 тармағында қарастырылған мәліметтерді ұсынады.
34-8. Ережелердің 34-4, 34-7 тармақтарында қарастырылған мәліметтер негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық төлемдері мен айыппұл санкцияларының басқа түрлерін, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсетумен ұсынылады.
34-9. Банк клиентке міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілуі және шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы банктік қарыз шартында қарастырылған мерзімде және тәсілмен хабарлайды. Банктік қарыз шартында тараптардың келісімі бойынша шарт бойынша кезекті төлемдердің күні туралы хабарламаның мерзімі мен тәсілі қарастырылады.
34-10. Банк берешекті өндіріп алуды Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және банктік қарыз шартында белгіленген негізде және тәртіпте жүзеге асырады.
34-11. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында Банк клиентке банктік қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі және клиенттің өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабарлайды.
34-12. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы хабарлама клиент үшін банктік қарыз шарты бойынша берешек мөлшері туралы қысқаша ақпараттан құралады (негізгі борыш, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық төлемдері мен айыппұл санкцияларының басқа түрлерін, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсетумен).
34-13. Банк клиентке, сондай-ақ кепілзат берушіге, кепілгерге және қарызды қамтамасыз ету шартының тараптары болып табылатын өзге тұлғаға банктік қарыз шартына қызмет көрсетуге байланысты хабарламалар мен ескертулерді (телефон бойынша қоңырау соғу) жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-ден бастап 9.00-ге дейін ұсынуға жол бермейді.
34-14. Осы Ережелердің 34-11 тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптарды орындамаған кезде Банк клиентке Банктер туралы заңының 36 бабында қарастырылған шараларды қолданады.
34-15. Егер банктік қарыз шартында Банктің осы шарт бойынша (талап ету) құқықтарын үшінші тұлғаға табыс ету құқығы қарастырылған болса (талап етуді табыстау), Банк (талап ету) құқығын табыстағаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде бұл жөнінде борышкерге табысталған (талап ету) құқықтарының толық көлемін, сондай-ақ мерзімі кешіктірілген және ағымдағы негізгі борыш сомаларының, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық төлемі, айыппұл және төленуге тиіс басқа сомалардың қалдығын және банкке немесе (талап ету) құқығы табысталған тұлғаға қарызды өтеу бойынша кейінгі төлемдерді белгілеуді көрсетумен жазбаша түрде хабарлайды.
4-тарау. Банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
35. Айналымнан алынған заттарды, кредитордың тұлғасымен ажырамас байланыстағы талаптарды, атап айтқанда, алименттер туралы талаптарды, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуді, және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен басқа тұлғаға табыстау тыйым салынған өзге де құқықтарды қоспағанда, кепілдік заты ретінде кез келген мүлік бола алады, оның ішінде, заттар және мүліктік құқықтар (талаптар), сондай –ақ осы Шарттың 43 – тармағында көрсетілген мүліктер.
36. Кепілзат құқығы болашақта кепілзат берушінің меншігіне немесе шаруашылық басқаруына өтетін мүлік шартында қолданылады.
37. Мүлікті кепілге қабылдау кезінде, оның өтімділігі, сұранысы, нарықтық құны, өтеу бағасы, кепілге қабылдау кезіндегі және осы мүлікпен қамтамасыз етілген негізгі міндеттемелерді орындау кезіндегі тозуы және басқа белгілері ескерілуі тиіс.
38. Банк кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын мүлік жақсы техникалық күйде болуы және Банктің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
39. Мүлікті қайта кепілге салу жағдайларын қоспағанда, Банк кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын мүлік үшінші тұлғалардың талаптарынан және ауыртпалығынан бос болуы тиіс.
40. Кепілзатпен қамтамасыз ету Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес міндетті мониторингілеуге жатады.
41. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және/немесе Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған жағдайларда Банк кепілдік затын сақтандыру туралы талаптар қоя алады.
42. Ұсынылатын кепілзатпен қамтамасыз етуге меншік құқығының және басқа маңызды құқықтардың туындауын растайтын құжаттардың болуы міндетті талаптар болып табылады.
43. Кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде төмендегілерді Банк қабылдамайды:
-
Бірінші қажеттілік заттары;
-
Тізбесі ҚР заңнамалық актілерімен белгіленетін азаматтық айналымнан алынған мүлік;
-
Айналымда шектелген мүлік (қару-жарақ және оқ-дәрілер, аңшылық және спорттық оқпен атылатын қару);
-
жер:
а) ортақ пайдаланудағы;
б) қорғаныс қажеттіліктері үшін ұсынылған;
в) орман қорының;
г) ерекше қорғалатын, сауықтыру, дем алуға арналған және тарихи-мәдени мақсаттағы табиғи аумақтар;
д) қызметтік жер үлестірудегі;
-
уақытша ақысыз жер пайдалану және уақытша қысқа мерзімді ақылы жер пайдалану (5 күнге дейін) құқығы;
-
Стратегиялық маңызы бар объектілер;
-
Құрылысын салуға тиісті мемлекеттік органдармен келісілген жоба берілмеген, аяқталмаған құрылыс объектілері;
-
Қоғам үшін маңызды тарихи, көркем немесе басқа мәдени құндылығы бар мүлік;
-
Жеке мүліктік игіліктер және құқықтар (өмір, денсаулық, жеке бас абыройы, намыс, жақсы атақ, іскерлік абырой, жеке өміріне қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия, есім құқығы, авторлық құқығы, туындыға қол сұғылмаушылық құқығы және басқа материалдық емес құқықтар);
-
Пайдалану мерзімдері, сондай-ақ құрылыс үшін қолданған материалдар Банктің Кепілзаттық саясатында белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін ғимараттар, құрылыстар.
44. Банк ұсынылатын кредиттер бойынша қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді және Банктің Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
5-тарау. Басқа операцияларды жүргізудің жалпы шарттары
45. Банкте барлық операциялар Банк пен Клиенттің арасында жасалатын шарттардың негізінде (егер шарт жасау талап етілетін болса) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
45-1. Банк шарттары Клиенттің қосылу туралы өтінішке қол қоюы арқылы қабылдануы мүмкін қосылу туралы шарттың үлгілік формасына сәйкес қызметтер көрсете алады. Қосылу шарттарының үлгілік формалары баспа түрінде орналастырылады және клиенттер үшін Банктің барлық бөлімшелерінде қолжетімді, сондай-ақ Банктің http://www.tsb.kz/ мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.
46. Клиенттер үшін, соның ішінде Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар үшін банктік операцияларды жүргізуге арналған мөлшерлеме мен тарифтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып осы Ережелерде бекітілген шекті мөлшерлеме мен тарифтердің шеңберінде тарифтік саясатты реттейтін Банктің ішкі құжатының негізінде Банктің уәкілетті органымен қолданылады (осы Ережелерге №1 Қосымша). Банктік операцияларға шекті мөлшерлемелер мен тарифтердің мөлшері қаржылық нарықтың конъюнктурасының өзгеруі нәтижесінде немесе банктік қызметтердің баға белгілеуіне әсерін тигізетін экономикалық факторлардың нәтижесінде Банктің Директорлар Кеңесімен қайта қарастырылуы мүмкін.
Банктің уәкілетті органы Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген тарифтердің шеңберінде Клиентке жеке тарифтерді қолдануға құқылы.
47. Банк Клиенттерге – жеке тұлғаларға келесі қызмет түрлерін ұсынады:
1) теңгемен де, шетел валютасымен де банктік шоттарды ашу және жүргізу. Банктік шотты ашу кезінде Банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттің өкімін орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа қызметтерді көрсетуге міндеттенеді;
2) клиенттерге тиесілі құндылықтарды арнайы бөлмеде жеке сейфтік ұяшықтарда сақтау үшін сейфтік ұяшықтар беруге;
3) келесілерге төлем жүргізу үшін төлемдерді жүзеге асыруға:
- коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтерге;
- мемлекеттік баждарға, салықтарға және алымдарға;
- зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге;
- көрсетілген түрлі қызмет түрлеріне;
- және басқаларға.
4) аудару операцияларын жүзеге асыру. Банк клиенттің ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындайды:
- банк ішіндегі аудару жүйесі бойынша;
- Банктің таңдауы бойынша төлем аудару операторларының жүйелері бойынша.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес валюталық операциялар бойынша банктік шоттар ашпай төлемдер және аударымдар жүргізуге құқылы.
Жеке тұлғалардың валюталық емес операциялар бойынша төлемдері мен аударымдарының мөлшері шектелмейді. Төлемдер және аударымдардың мақсаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
5) шетел валютасымен жүргізілетін айырбастау операциялары. Банк қолма-қол ақшалай шетел валютасын сату/сатып алу бойынша операцияларды Банктің айырбастау пунктілері арқылы және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сату/сатып алу бойынша операцияларды Банк белгілеген айырбастау/конвертация жасау бағамы бойынша айырбастау арқылы жүзеге асырады.
Қолма-қол ақшалай валютаны сату/сатып алу Банк белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен жүргізілетін операциялар Банктің қолма-қол ақшасыз валютаны айырбастау бағамына сәйкес жүргізіледі. Банк клиенттері оларға валютаны сату кезінде бағамды төмендету немесе клиенттен валютаны сатып алу кезінде бағамды көтеру туралы өтінішпен Банкке жүгінуі мүмкін. Банк сатып алынатын/сатылатын валютаның көлеміне, биржадағы бағамға, Банктің қажеттілігіне байланысты Клиентке жеке валюта бағамын белгілеу туралы шешім қабылдай алады;
6) кассалық-есеп айырысу операцияларын жүргізу. Банк уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау мен орауды және басқа операцияларды жүзеге асырады.
7) халықаралық төлем жүйелерінің дебетті және кредиттік төлем карточкаларын шығару және олар бойынша қызмет көрсету.
Клиенттер алатын төлем карточкаларының саны және түрлері шектелмейді. Төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған операциялар байқалатын бір банктік шот бойынша клиент төлем карточкаларының бірнеше түрлерін ала алады. Төлем карточкаларының иелері төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған операциялар байқалатын өз банктік шотына олар бойынша ақша жұмсау лимитін белгілеу немесе лимитін белгілемей қосымша карточкалар шығару арқылы басқа жеке тұлғалардың қол жеткізуіне рұқсат бере алады.
Банк айналысқа шығарған төлем карточкаларын шығару Банкте жеке және заңды тұлғаларға арналған қолданыстағы карточкалық бағдарламалардың шарттарында жүзеге асырылады.
8) чектер бойынша операциялар. Банктің басқа банктермен сәйкесінше шарттық қатынастары болған кезде чектерді инкассоға қабылдау бойынша операцияларын жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге операциялар мен қызмет түрлерін жүзеге асырады.
48. Банк клиенттерге – заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары және/немесе өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға келесі қызмет түрлерін ұсынады:
1) теңгемен де, шетел валютасымен де банктік шоттарды ашу және жүргізу. Банктік шотты ашу кезінде Банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттің өкімін орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа қызметтерді көрсетуге;
Салық төлеушілерге банктік шоттар ашу – заңды тұлғаларға, бейрезидентті қоса, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде есепке алынған жеке тұлғаға, шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ тұлғаға, бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының және ерікті зейнетақы жинақтау қорларының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компанияларының облигациялары шығарылымының қамтамасыз етуі болып табылатын активтерді және инвестициялық қор активтерін сақтауға арналған банктік шоттардың, заңды тұлғалар-бейрезиденттердің, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ ақша шоттарының, шетел корреспондент-банкілерінің корреспонденттік шоттарының, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардың басқасынан Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің есепке алу жөніндегі тіркелген орны бойынша салық органдарына хабарлайды.
2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру. Банк клиенттің тапсырмасы бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырады:
- банктік шоттар ашу арқылы (қағаз бетіндегі нұсқасында ұсынылатын төлем құжаттарының және төлем құжатын қайтарып алу туралы немесе төлем құжатының орындалуын тоқтату туралы өкімдердің даналар саны 2 (екіден) кем болмауы тиіс, жеке төлем құжаттарының даналар саны (атап айтқанда, төлем талап-тапсырмаларының, инкассолық өкімдердің) Банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді);
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сонымен қатар, зейнетақы жарналарын және әлеуметтік төлемдерді және т.б. төлеу үшін клиенттің банктік шотын ашпай;
3) құндылықтарды арнайы бөлмеде жеке сейфтік ұяшықтарда сақтау үшін сейфтік ұяшықтар беру;
4) кассалық-есеп айырысу операцияларын жүргізу. Банк банкноттар мен тиындарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау және орауды жүзеге асырады;
5) шетел валютасында жүргізілетін айырбастау операциялары. Банк қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сату/сатып алу бойынша операцияларды айырбастау арқылы жүзеге асырады.
6) клиенттің құндылықтарын инкассациялау;
7) коммерциялық карточкалық өнімдер бойынша:
- корпоративті карточкалар шығару;
- сауда және сервис желісіндегі эквайринг;
- жалақы жобалары.
8) факторингілік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдаумен, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын алу;
9) форфейтингілік операциялар (форфейтирлеу): сатушыға қайтарымсыз вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерінің төлемі.
10) құжаттық операциялар бойынша қызметтер:
- аккредитивтер;
- инкассо;
- банктік кепілдер.
11) лизингілік операциялар бойынша қызметтер,
12) чектер бойынша операциялар. Банктің басқа банктермен сәйкесінше шарттық қатынастары болған кезде чектерді инкассоға қабылдау бойынша операцияларын жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге операциялар мен қызмет түрлерін жүзеге асырады.
49. Банк бағалы қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен делдалдық және дилерлік қызметті;
2) кастодиалды қызметті.
50. Банк аффинирленген құнды металдарға байланысты келесі операцияларды жүзеге асырады:
1) жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың филиалдары және/немесе өкілдіктерінің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, адвокаттардың, осы тұлғаға тиесілі аффинирленген құнды металдардың және құнды металдардан жасалған тиындардың заттай саны көрсетілетін металл шоттарды ашу және жүргізу;
2) аффинирленген құнды металдарды сенімгерлік басқару;
3) Құйма аффинирленген құнды металдарды (алтын, күміс, платин, платин тобының металы), құнды металдардан жасалған тиындарды сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, сақтау және сату;
4) Құнды металдардан және құнды тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, сақтау және сату;
Банк аффинирленген құнды металдарды сатып алу/сату бағамдарын, сонымен қатар, құнды металдардан және құнды тастардан жасалған тиындар мен зергерлік бұйымдарды сатудың бағамдарын (бағаларын) дербес белгілейді. Бұл кезде Банк аффинирленген құнды металдардың нарықтық құнының деңгейін, қаржылық нарықтың конъюнктурасын және баға белгілеудің басқа да маңызды факторларын басшылыққа алады. Аффинирленген құнды металдардың бағамдары, сонымен қатар, құнды металдардан жасалған тиындардың және құнды металдар мен құнды тастардан тұратын зергерлік бұйымдардың бағамы (бағасы) Банктің уәкілетті органымен/тұлғасымен бекітіледі.
50-1. Банк клиенттерді шетел банк-корреспонденттері және олардың деректемелері туралы өз http://www.tsb.kz интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
6-тарау. Банктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі
51. Банктің және оның Клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және тиісті шарттардың талаптарымен белгіленеді.
52. Банк және Клиенттер шарттың талаптарын және шарттардың талаптарымен оларға жүктелген міндеттерді орындауға міндетті.
53. Банк құқылы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемерін және банктік қызметтерді көрсету үшін тарифтерді дербес белгілеуге;
2) банктік операцияларды жүргізудің ішкі процедураларын дербес анықтауға;
3) банктік операцияларды жүргізу үшін клиенттен қажетті құжаттардың тізбесін дербес белгілеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жасалған шарттармен қарастырылған тәртіпте және жағдайларда клиенттердің шоттарынан ақшаны акцептсіз тәртіпте (олардың қосымша келісімінсіз) алуға;
4-1) егер шетел банктерімен корреспонденттік қатынастары бар болса, белгілі бір шектеулер және (немесе) қызметті жүзеге асыруға тыйымдар салынса және (немесе) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзу қаупі болса, шетел банктерінің корреспонденттік шоттары арқылы ақша аударуды жүргізуден (бас тарту себебін түсіндірумен) бас тартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және клиенттермен жасалған шарттармен қарастырылған басқа құқықтарды пайдалануға;
54. Банк міндетті:
1) Банк клиенттері жүргізген операциялардың құпиялылығына кепілдік беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда және негіздерде банктік құпияны білдіретін мәліметтерді ұсынуға;
3) Банк жүргізген операциялар бойынша ақпараттар мен шарттарды клиенттерге мәлімдеуге;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құжаттарға қатаң есеп жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа міндеттерді орындауға.
55. Банк Клиенттері құқылы:
1) Банктен операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ақпараттар алуға;
2) Банкте өзара келісілген шарттарда ақшаларын орналастыруға;
3) қарыз шартында қаралған шарттарда қарыздар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған басқа да құқықтарды пайдалануға;
56. Банк Клиенттері міндетті:
1) шарттарда қарастырылған міндеттемелерді толық көлемде орындауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банкке келтірілген зиянның орнын толтыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.
7-тарау. Банктік қызметтерді көрсету барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібі.
57. Банк клиенттерінің өтініштерін Банк Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңымен, уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген банктік қызметтерді көрсету барысында туындайтын Өтініштерді, сұрау салулар мен корреспонденцияларды қарастыру саясатымен (тәртібімен) , «Цеснабанк» АҚ-та өтініштер мен сұрау салуларды қарастыру ережелерімен және осы Ережелермен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастырады.
58. Банк клиенттердің келесі өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді:
1) арнайы қолына табыс ету арқылы, пошта байланысы, Банктің интернет-ресурсы арқылы және электронды поштаға жіберілген жазбаша өтініштері;
2) телефон арқылы және клиенттің Банкке тікелей жүгіну кезіндегі ауызша өтініштері.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңында қарастырылған жағдайлардан басқа мәселенің мән-жайы жазылмаған анонимді өтініштер қарастырылмайды.
59. Банктің уәкілетті тұлғалары бас офисте және филиалдарда Банктің Басқарма Төрағасы, филиал директоры (филиалда) бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес, айына бір реттен сирек емес, клиенттерді жеке қабылдайды.
Қабылдау жеке және заңды тұлғаларға мәлімет үшін жеткізілген және белгіленген күн мен уақытта жұмыс орны бойынша жүргізіледі.
Егер қабылдау кезінде Банктің уәкілетті тұлғасы өтінішті реттей алмаған жағдайда, клиент оны жазбаша түрде ресімдейді және кейін бұл өтінішті жазбаша өтініш ретінде қарастырады.
60. Клиенттердің жазбаша өтініштері Банктің ішкі құжаттарына сәйкес деректемелерден тұратын жазбаша өтініштер журналында тіркеледі.
61. Клиентке оның жазбаша өтінішін қабылдауды растайтын қағаз тасымалдаушысындағы құжат беріледі немесе өтініштің көшірмесінде сәйкесінше белгі қойылады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
62. Банктің интернет-ресурсы арқылы келіп түсетін өтініштер Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте тіркеледі.
63. Клиенттердің телефон арқылы берілетін өтініштері Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте тіркеледі. Клиентпен телефон арқылы жасалатын тілдесуді жазып алу сөйлесу алдында бұл жөнінде хабарлау кезінде оның келісімімен жүргізіледі.
64. Телефон арқылы немесе клиенттің Банкке тікелей келіп жүгіну кезіндегі өтініштер кідірмей тез арада қарастырылады және осындай мүмкіндік болған жағдайда клиенттің ауызша өтінішіне жауап бірден беріледі. Егер ауызша өтініш тез арада реттелмеген жағдайда, клиент оны жазбаша түрде ресімдейді және кейін бұл өтініш жазбаша өтініш ретінде қарастырылады. Клиент жауап алу үшін қажетті процедуралар және осындай өтініштерді қарастыру мерзімі жөнінде хабарландырылады.
65. Банк өтінішті қарастыру кезінде ұсынылған ақпараттың жеткіліксіздігі жағдайында клиенттен қосымша құжаттар мен мәліметті сұрастырады.
66. Банк клиенттер өтініштерінің объективті, жанжақты және уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді және өтінішті қарастыру нәтижесі мен қабылданған шаралар жөнінде хабарлайды.
Клиентке өтінішті қарастыру нәтижесі туралы жазбаша жауап қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына, қарастырылатын мәселеге, сондай-ақ қарастырылатын мәселенің нақты мән-жайларына қатысы бар шарттарға сілтеме жасай отырып, клиенттің берілген әрбір өтініші, талабы, хаттамасы, ұсынысына және өзге мәселесіне мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде мазмұны бойынша негізді және дәлелді түрде беріледі.
67. Клиенттің өтініші/шағымы негізді және құқықты болған жағдайда, Банк бұзушылықтарды жою туралы және клиенттің заңды құқықтары мен мүдделерін орнына келтіру туралы шешім қабылдайды.
68. Жазбаша өтініштің жауабына Банктің уәкілетті тұлғасы қол қояды.
69. Қарастыру үшін басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе тікелей орнына барып тексеру талап етілмейтін клиенттің өтініштері тіркелген күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде қарастырылады.
Қарастыру үшін басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе тікелей орнына барып тексеру талап етілмейтін клиенттің өтініштері тіркелген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қарастырылады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, өтінішті қарастыру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке қарастыру мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.
Өтініш бойынша қарастыру мерзімі Банктің уәкілетті тұлғасымен ұзартылады.
Егер өтініште берілген мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап ететін жағдайда, өтініш орындалуы аяқталғанға дейін қосымша бақылауға алынады, бұл жөнінде клиентке Банктің уәкілетті тұлғасы өтінішті қосымша бақылауға алу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш күнтізбелік күннің ішінде хабарланады.
70. Пошта байланысы немесе арнайы қолына табыс ету арқылы келіп түскен жазбаша өтінішке жауапты клиенттің өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша хабарламамен тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі немесе клиент Банкке келген кезде оның қолын қойдыру арқылы арнйы қолына табыс етіледі, бұл туралы жазба өтініштерді тіркеу журналында тиісті белгі қойылады.
71. Өтініштердің қарастырылуына талдау және бақылау жасау төмендегілерден құралады:
1) сәйкесінше өтінішке негіз болған себептерді анықтау мен жою үшін Банк клиенттерінің өтініштерін талдау мен қорытындылау;
2) Банк клиенттерінің өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруын жақсарту бойынша Банктің бөлімшелеріне ұсыныстар жасау;
3) Банк клиенттерінің өтініштерін қарастыру нәтижелері бойынша Банктің басшылығына осы қаржы қызметінің барлық тұтынушыларына қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шаралар және Банк қызметінде осындай бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шаралары туралы ұсыныстар жасауға.
Басқарма Төрағасының м.а. Р.К. Якупбаев
«Цеснабанк» АҚ-та операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережеге 1-қосымша
«Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже» шеңберінде жеке және заңды тұлға клиенттерге, сонымен қатар Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге
«Цеснабанк» АҚ-тың шекті мөлшерлемелері мен тарифтері
Қызмет түрі
|
Мөлшерлемелер мен тарифтер (минималды)
|
Мөлшерлемелер мен тарифтер (максималды)
|
Операция сомасынан %-да
|
Номиналды түрде (теңгеде)
|
Операция сомасынан %-да
|
Номиналды түрде (теңгеде)
|
1-бөлім. Жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
10 000
|
- заңды тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
20 000
|
2-бөлім. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
|
|
|
|
|
- заңды тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
20 000
|
3-бөлім. Аффинирленген құнды металдармен жүргізілетін операциялар:
|
|
|
|
|
3.1 Металл шоттарды ашу және жүргізу:
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
10 000
|
- заңды тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
15 000
|
3.2 Құйма аффинирленген құнды металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металы) сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату:
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
2%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
5%
|
-
|
3.3 Құнды металдардан жасалған тиындарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату:
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
4%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
5%
|
-
|
|
|
|
|
|
3.4 Құрамында құнды металдар және құнды тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату (1 грамм үшін)
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
15%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
20%
|
-
|
3.5 Аффинирленген құнды металдарды басқару бойынша және сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша сенімгерлік операциялар:
|
Мөлшерлемелер мен тарифтер, табыстың %-да
|
Табыстылығы, %-да (сату бағасы-сатып алу бағасы)/сатып алу бағасы
|
0-ден төмен
|
0-ден 10%-ға дейін қоса алғанда
|
10-нан 20%-ға дейін қоса алғанда
|
20-дан 50%-ға дейін қоса алғанда
|
50%-дан жоғары
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
1%
|
5%
|
20%
|
50%
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0,5%
|
2,5%
|
15%
|
50%
|
4-бөлім. Кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оларды ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау және сақтауды қосқанда
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
7%
|
5 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
10 000
|
5-бөлім. Аудару операциялары
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
10%
|
100 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
300 000
|
6-бөлім. Есепке алу операциялары: вексельдер және басқа борыштық міндеттемелерді есепке алу (дисконт)
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
10%
|
15 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
10%
|
30 000
|
7-бөлім. Қарыздық операциялар
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
15%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
15%
|
-
|
8-бөлім. Шетел валютасымен айырбастау операциялары
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
9-бөлім. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
10-бөлім. Төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда)
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
5%
|
100 000
|
11-бөлім. Аккредиттерді ашу (шығару) және растау және олар бойынша міндеттемелерді орындау
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
0
|
40%
|
300 000
|
12-бөлім. Ақша түрінде орындау қарастырылған банктік кепілдіктерді беру
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
40%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
50%
|
-
|
13-бөлім. Банктік кепілгерліктерді беру
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
40%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
14-бөлім. Банктік пластикалық карталарды шығару, жылдық қызмет көрсету және ауыстыру
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
60 000
|
- заңды тұлғалар
|
-
|
0
|
-
|
15 000
|
15-бөлім. Банктік пластикалық карталарды пайдалану
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
4%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
3%
|
-
|
16-бөлім. Эквайрингілік қызметтер
|
|
|
|
|
- жеке тұлғалар
|
0%
|
-
|
1,5%
|
-
|
- заңды тұлғалар
|
0%
|
-
|
2,6%
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |