«Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің 2010 ж. «03» тамыздағы
№03/08/10-01 хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар мен өзгертулер
«Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің 2011 ж. «18» тамыздағы
№18/08/11-11 хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар мен өзгертулер
«Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің 2012 ж. «03» сәуірдегі
№03/04/12-01 хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар мен өзгертулер
«Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің 2014 ж. «10» ақпандағы
№10/02/14-09 хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар «Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің 2014 ж. «29» тамызындағы
№29/08/14-01 хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар «Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің
2014 ж. «22» қазандағы
№22/10/14-01
хаттамасымен бекітілген
Толықтырулар мен өзгертулер
«Цеснабанк» АҚ
Директорлар Кеңесінің
2015 жылғы «23» қыркүйектегі
№ 23/0 /15-02 хаттамасымен бекітілген
«Цеснабанк» АҚ-та операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Цеснабанк» АҚ-та операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, «Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Жарғысына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.
1-1. Осы Ережеде қолданылатын анықтамалар мен терминдер, жалпы түсініктер:
Анонимді хабарласу – авторлығын анықтау мүмкін емес, өтінім берушінің қолы қойылмаған, соның ішінде электронды сандық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтінім;
Банк – «Цеснабанк» АҚ
Банктік омбудсман – Қарыз алушы және Банктің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыру жөніндегі келісімге келу мақсатымен қарыз алушының өтініші бойынша Банк пен қарыз алушы-жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын өз қызметіндегі тәуелсіз жеке тұлға;
Банктік шот – клиентке банктік қызмет көрсету және (немесе) ақша қабылдау бойынша Банк пен клиент арасындағы шарттық қатынастарды білдіретін тәсіл. Банктік шоттар клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады;
Банктік қызметтер – Банктің Банктер туралы заңының 30 бабымен белгіленген банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруы;
Валюталық операциялар – Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес валюталық операцияларға жатқызылған операциялар;
Депозит – белгілі бір тұлғамен (депозитор) басқа тұлғаға – Банкке бірінші талабы бойынша немесе белгілі бір мерзімде толығымен немесе бөліктермен алдын ала анықталған үстемесімен немесе үстемесіз тікелей депозиторға немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаларға қайтарылуы тиістігіне қарамастан номиналды түрінде қайтарылу шарттарымен табысталатын ақша.
Қосымша жай (бұдан әрі – ҚЖ) – клиенттерге банктік операциялардың нақты спектрін жүзеге асыратын, бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде Банк филиалының мекенжайынан басқа мекенжайда орналасқан Банк филиалының жайы (ДҚО/БҚО/КЕБ/ҚО).
Клиент – банктік қызметтерді тұтынушы болып табылатын немесе банктік қызметтерді болашақта пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Кредит (қарыз) – Банктің банктік қарыз, лизингілік, факторингілік, форфейтингілік операцияларды, сондай-ақ вексельдерді есепке алуды жүзеге асыруы;
Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тұлғалар;
Клиенттің хабарласуы - банкке жіберілген жеке немесе ұжымдық, жазбаша, ауызша немесе электронды сандық қолтаңбамен расталған электронды құжат түріндегі ұсыныс, өтініш, шағым, сұраным немесе пікір;
Төлем тапсырма – жіберушінің бенефициар (ақша алушы ретінде төлем тапсырмасында көрсетілген тұлға) пайдасына осы нұсқауда анықталған ақша сомасын аудару туралы Банкке нұсқауды ұсынуын қарастыратын төлемді және (немесе) ақша аударуды жүзеге асыру тәсілі;
Тариф – клиентке қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы;
Ағымдағы шот – төмендегілерге байланысты операциялар жүргізілетін банктік шот шартының негізінде Банктің клиентке ашатын банктік шоты:
-
клиент ақшасының бар болуын қамтамасыз етуге және банктің пайдалануына;
-
клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауға (есепке алуға);
-
банктік шот шартында қарастырылған тәртіппен үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімін орындауға;
-
Қазақстан Республикасы заңнамасымен және (немесе) шартпен қарастырылған негіздер бойынша клиенттің ақшасын өндіріп алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындауға;
-
Банктік шот шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға;
-
Банктік шот шартында анықталған мөлшер мен тәртіпте сыйақыны төлеуге;
-
Клиенттің талабы бойынша банктік шот шартында қарастырылған тәртіппен клиенттің Банктегі ақша сомасы және жүргізілген операциялары жөніндегі ақпаратты ұсынуға;
-
Клиентке шартпен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым әдетімен қарастырылған өзге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
Банктің уәкілетті тұлғасы – ұсынылған өкілеттікке сәйкес клиенттердің өтініштерін қарастыру мен олар бойынша шешім қабылдауға құқылы Банктің басқарушы қызметкері;
Уәкілетті мемлекеттік орган - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік орган;
Банк филиалы (бұдан әрі – филиал) – Банк атынан банктік қызметті жүзеге асыратын және Банктің берілген өкілеттілігі шегінде әрекет ететін Банктің орналасқан орнынан тыс жерде орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын Банктің ерекшеленген бөлімшесі.
2. Банк өз қызметін банктік және басқа операцияларды әрі бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік органымен (бұдан әрі –уәкілетті мемлекеттік орган) берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
3. Банктің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар желісі және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына әрі Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ашылған қосымша жайлары бар.
4. Осы Ережелер келесі мәліметтер мен процедураларды қамтиды:
1) қабылданатын депозиттер мен ұсынылатын кредиттердің шекті сомасы мен мерзімін;
2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті деңгейін;
3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақыны төлеу шарттары;
4) Банктің қабылданатын қамтамасыз етуінің талаптары;
5) Банктік операцияларды жүргізуге мөлшерлемелер мен тарифтер;
6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімі;
7) банктік қызметтерді көрсету барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібі;
8) Банктің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттемелерін, олардың жауапкершілігін;
9) клиенттермен жұмыс жасау тәртібі туралы ережені;
Банктік өнімдер мен қызмет түрлері бойынша Банктің операциялар жүргізуінің толық шарттары Банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
5. Банктік операцияларды жүргізу барысындағы Банктің заңды тұлғалармен, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерімен, заңды тұлға болып құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалармен (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлер), жеке нотариустар, адвокаттар және жеке тұлғалармен (бұдан әрі бірге - Клиент деп аталатындар), қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Клиентпен – Қазақстан Республикасының резидентімен/бейрезидентімен мәмілелер жасасу барысында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, жалпыға ортақ қабылданған іскерлік айналым салттары мен халықаралық ережелерді, сондай-ақ Клиенттің қызметі қарауына жататын мемлекетпен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарының ережелерін басшылыққа алады.
7. Банк валюталық бақылаудың агенті болып табылады. Банкте шетел валютасымен және/немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен жүргізілетін барлық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Банктер туралы заңның 40 бабына сәйкес Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға Банк жеңілдік шарттарды ұсынбайды.
8-1. Тізілімін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін офшор аймақтарында тіркелген тұлғаларға Банк банктік қарыз ұсынбайды.
8-2. Банк Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету заңнамасында, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша алушыны және оның өкілін, Клиентті тиісті түрде тексеруді жүзеге асыруды регламенттейтін Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған шараларды қолдана алмауы жағдайында, Қазақстан Республикасының резидент/бейрезидент-Клиенттерімен операцияларды жүргізбейді және іскерлік қарым-қатынастарды орнатпайды.
8-3. Банктің Басқарма Төрағасының тиісті шешімі негізінде Банк шетелдік лауазымды жария тұлғалармен қарым-қатынас орнатады/қарым-қатынасын жалғастырады.
9. Банктік өнімдер және қызметтер бойынша шарттар, соның ішінде қолданыстағы тарифтер мен мөлшерлемелердің күшіне ену күндері мен оларға өзгертулер енгізу жөніндегі мәліметті, оларды қабылдаған органдар мен ішкі құжаттардың нөмірлерін көрсетумен банктік қызметтер үшін мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат баспа түрінде жарияланады және Банктің барлық бөлімшелеріндегі клиенттер үшін қолжетімді, сонымен қатар Банктің htpp://www.tsb.kz/ мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.
9-1. Банктің банктік қызметтер туралы жарнаманы жариялауы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының және Банктер туралы Заңының талаптарына сәйкес, соның ішінде төмендегілерге сәйкес жарияланады:
1) жарнама тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы білімсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай нақты әрi түсiнiктi болуы тиiс;
2) Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ Банктің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады;
3) радиодағы жарнаманы қоспағанда, жарнамада Банктің лицензиясының нөмiрi және лицензия берген органның атауы көрсетіледі;
4) қарыз және салымдар жарнамасында (банкаралықты қоспағанда) сыйақы мөлшерлемесі анық әрі жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен көрсетіледі (нақты құны).
1-1-Тарау. Банктік қызметтерді ұсыну тәртібі.
9-2. Клиент банктік қызметтер үшін Банкке хабарласқан кезде, Банк клиенттің талабы бойынша танысу мақсатында осы Ережелерді ұсынады.
9-3. Банктік қызметтерді ұсыну кезінде Банк:
1) банктік қызметтерді көрсету туралы шартты жасасқанға дейін клиентке:
Мөлшерлемелер мен тарифтер, банктік қызметтерді көрсету туралы өтініш бойынша (өтініш беру қажет болған кезде) шешім қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты;
Банктік қызметтерді көрсету шарттары туралы ақпаратты және банктік қызметтерді көрсету туралы шартты жасасуға қажетті құжаттардың тізілімін;
Банктік қызметтерді көрсету туралы шарты бойынша міндеттемелерді орындамау жағдайында клиенттің жауапкершілігі және болуы мүмкін тәуекелдіктері туралы ақпаратты;
Клиентте туындаған сұрақтар бойынша кеңес;
Клиенттің қалауы бойынша тиісінше банктік қызметтерді көрсету туралы шартының үлгілік формасының көшірмесін ұсынады;
2) осы Ережелерде белгіленген мерзімде (осы Ережелердің №3 Қосымшасы) клиенттің банктік қызметтерді көрсету туралы өтінішін қарастырады (өтініш беру қажет болған жағдайда);
3) Банктік қызметтерді көрсету туралы шартына қол қойғанға дейін клиентке осы шарттың талаптарымен танысу үшін қажет уақытты ұсынады;
4) клиентте көрсетілетін банктік қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде клиенттің Банкке, банктік омбудсманға (ипотекалық қарыздар бойынша), уәкілетті мемлекеттік органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы хабарландырады. Осы мақсатпен клиентке Банктің, банктік омбудсманның және уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері, пошталық, электронды мекенжайлары және интернет-ресурстары жөніндегі ақпарат беріледі;
5) клиенттің сұранымы бойынша Банктің қаржы есептемесін және өзге ақпаратын орналастыру дереккөздері туралы хабарландырады http://www.tsb.kz/.»;
6) клиенттің ұсынылған ақпаратының құпиялығын қамтамасыз етеді.
2-Тарау. Депозиттер (салымдар) бойынша операциялар жүргізудің жалпы шарттары
10. Салымды қабылдау барысында Банк пен Клиенттің арасында банктік салым шарты жасалады, онда салымды қабылдау және берудің барлық шарттары көрсетіледі.
11. Банк салымшыдан ақшаны (салымды) қабылдауға, ол бойынша банктік салым шартында қарастырылған тәртіп пен мерзімде сыйақы төлеуге, сондай-ақ банктік салым шартында қарастырылған талаптар мен тәртіпте салымды қайтаруға міндеттенеді.
12. Жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен және (немесе) салым құжаттарымен куәландырылған теңгемен және шетел валютасындағы салымдары (депозиттері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылады.
13. Банктік салым шарты бойынша салымды ашу барысында ақша (салым) салымшының өз атына немесе тиісті сенімхаттың негізінде алдағы уақытта Банктің Клиенті болып табылатын белгілі бір үшінші тұлғаның атына (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кейбір жағдайларда белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат беру талап етілмейді) салынуы мүмкін.
14. Заңды тұлғалардың, заңды тұлғаның филиалының және/немесе өкілдігінің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариус пен адвокаттардың салымдары ұлттық валютамен - қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз түрде, шетел валютасымен – қолма-қол ақшасыз түрде қабылданады.
Жеке тұлғалардың салымдары валюта түріне қарамастан, қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да қабылданады.
15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды тұлғалардың, заңды тұлғаның филиалының және/немесе өкілдігінің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариус пен адвокаттардың салымдары (депозиттері) бойынша есептелген сыйақыларды төлеу, заңнамамен қарастырылғандарды қоспағанда, төлем көзінен табыс салығын ұстап қалу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде, Клиент жүгінген жағдайда, Банк оған алдағы уақытта оның салық органдарымен есептесуі үшін төлем көзінен ұсталынып қалған табыс салығы туралы тиісті анықтаманы береді.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақыларға төлем көзінен ұсталынатын салық салынбайды.
16. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар-клиенттері үшін, сондай-ақ Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларды қоса сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамалары, шекті сомалары және қабылданатын салымдардың мерзімдері (бұдан әрі – салымдар бойынша шектік шамалар) Банктің Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
Салымдар бойынша шекті шамалар, осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген клиенттер санатына қарай белгіленеді.
Шекті сыйақы мөлшерлемелерін, шекті мерзімдерді және салымдар сомасын белгілеу кезінде Банк депозиттер нарығындағы мөлшерлемелер деңгейін, банкаралық ресурстар құнын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің көлемін, қаржы нарығындағы конъюнктураны және баға белгілеудің басқа да маңызды факторларын басшылыққа алады.
Банктің Директорлар Кеңесі осы Ережелерде бекітілген шекті шамалардың шеңберінде қабылданатын салымдар бойынша шарттарды қолдану жөніндегі уәкілеттіліктерді Банктің уәкілетті органына табыстайды.
17. Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген салымдар бойынша шекті шамалардың шеңберінде Банктің уәкілетті органдары клиенттер үшін, банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларды қоса, салымның нақты түрі бойынша шарттарды, оның ішінде арнайы мөлшерлемені (банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу жағдайында салым бойынша сыйақы төленетін мөлшерлеме) қолдануға құқылы. Клиенттердің салымдарының түрлері бойынша сыйақы мөлшерлемелері (оның ішінде арнайы мөлшерлеме) Банк тиісті салым түрі үшін белгілеген салым валютасына, сыйақы төлеу кезеңділігіне, оны орналастыру мерзіміне және басқа да параметрлеріне байланысты қолданылады.
18. Банктің уәкілетті органы Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген салым бойынша шекті шамалардың шеңберінде салымды қабылдау бойынша жеке шарттарды қолдануға құқылы. Егер салымды қабылдау бойынша жеке шарттар Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген салым бойынша шекті шамаларға сәйкес болмаған жағдайда, салымды жеке шарттарда қабылдау туралы шешім Банктің Директорлар Кеңесімен қабылданады.
19. Банктік салым шартында жеке салымның әрбір түріне сәйкес келетін сыйақыны төлеу тәсілдері және мерзімдері көрсетіледі.
Салым Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардың басқасынан, кез-келген уақытта банктік салым шартының әрекеті кезеңінде банктік салым шартын бұзу арқылы талап етіле алады. Бұл кезде салым бойынша сыйақы төленбейді/ банктік салым шартымен белгіленген арнайы мөлшерлеме бойынша төленеді.
20. Банктің клиенттерімен жасалатын банктік салым шарттарында Банк сыйақы мөлшерлемесін мемлекеттік уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есептелетін, тәртібі уәкілетті органмен белгіленетін анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен көрсетеді.
21. Салымдарды қабылдау шарттары Банктің барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері үшін бір болып табылады.
21-1. Банк осы Ереженің 9-3 тармағының 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтер мен құжаттармен қатар банктік салым шартын жасасқанға дейін клиентке ауызша түрде банктік салымдар бойынша келесі ақпаратты ұсынады:
1) салым түрін (талап етуге дейін, мерзімді, шартты);
2) салым мерзімін (бар болған кезде);
3) салымның ең аз сомасын;
4) клиенттің хабарласқан күніне сыйақы мөлшерлемесін, соның ішінде нақты әрі жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеумен сыйақы мөлшерлемесін (нақты құнын);
5) қосымша келісім жасаспай салым мерзімін ұзарту шарттарын (бар болған кезде);
6) салымды толықтыру мүмкіндігін, капиталдану;
7) салымды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара алу шарттарын, салымды мерзімінен бұрын бұзу шарттарын;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кепілдік берілетін банктік салымдар бойынша кепілді орнын толтыру мөлшерін.
21-2. Қосымша келісімді жасаспай банктік салым шартының талаптарына сәйкес банктік салым мерзімін ұзартқан кезде сыйақы мөлшерлемесі кемуіне қарай өзгерген жағдайда, Банк банктік салым мерзімінің аяқталуына дейін клиентті банктік салым шартында қарастырылған тәсілмен сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінің төмендеуі туралы хабарландырады.
3-тарау. Қарыздық операцияларды жүргізудің жалпы шарттары
22. Банктің кредиттік қызметі анықтық, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, халықаралық стандарттарға сәйкес келу және шешімдерді қабылдаудың алқалылығы қағидаларына негізделеді.
22-1. Банктің қарыз операциялары Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілетін Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
23. Клиенттерге қарыздар мерзімділік, қайтарымдылық және ақылық шарттарында ұсынылады.
24. Банк кредиттік қызметті келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) жеке тұлғаларға кредит беру;
2) шағын және орта бизнеске кредит беру;
3) корпоративті бизнеске кредит беру.
25. Банк жеке тұлға-клиенттерге кредиттің келесі түрлерін ұсынады:
1) дайын немесе салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алуға ипотекалық кредиттер;
2) автокөлік сатып алуға кредиттер;
3) тұтынушылық кредиттер;
4) экспресс- кредиттер;
5) төлем карточкалары бойынша кредиттер;
5-1) қарыздар бойынша берешекті қайта қаржыландыру;
6) басқалары.
26. Банк шағын, орта және корпоративті бизнес субъектілері-клиенттерге келесі мақсаттарға кредиттер ұсынады:
1) негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға кредиттер;
2) айналым қаражаттарын толықтыруға кредиттер;
3) инвестициялық жобаларды қаржыландыруға кредиттер;
4) корпоративті төлем карточкалары бойынша кредиттер;
4-1) қарыздар бойынша берешекті қайта қаржыландыру;
5) басқалары.
26-1) Банк кредиттерді мемлекеттік қаржыландыру/қайта қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде жасалған келісімдерге сәйкес ұсынады.
27. Жеке кәсіпкерлердің заңды тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шеңберінде де, жеке тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шеңберінде де қарыздар (кредиттер) алу мүмкіндігі бар.
28. Клиенттерге, соның ішінде Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларды қоса ұсынылатын қарыздардың шекті сомалары және мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамалары (бұдан әрі – қарыздар бойынша шекті шамалар) Банктің Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
Қарыздар бойынша шекті шамалар осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген кредит беру субъектілерінің түрлеріне байланысты белгіленеді.
Шекті сыйақы мөлшерлемелерін, қарыздар бойынша шекті мерзімдер мен сомаларды белгілеу кезінде Банк кредит беру нарығындағы мөлшерлемелер деңгейін, банкаралық ресурстар құнын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерін, қаржы нарығының конъюнктурасын және баға белгілеудің басқа да маңызды факторларын басшылыққа алады.
Банктің Директорлар Кеңесі осы Ережелерде бекітілген шекті шамалардың шеңберінде кредит беру бағдарламаларының шарттарын қолдану жөніндегі уәкілеттіліктерді Банктің уәкілетті органына табыстайды.
29. Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген қарыздар бойынша шекті шамалар шеңберінде Банк уәкілетті органдары кредит берудің нақты бағдарламасы бойынша шарттарды қолдануға құқылы.
Кредит беру шарттарында қарыздың келесі параметрлері көрсетіледі: кредит беру субъектілері, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз валютасы, өтеу тәсілдері, қамтамасыз етудің бар болуы және түрі, ұсыну мерзімі, комиссияның бар болуы және мөлшері және тиісті бағдарлама үшін Банк белгілеген басқа параметрлері.
Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредит беру түріне және формасына, қарыз валютасына, өтеу тәсілдеріне, қамтамасыз ету түріне, ұсыну мерзіміне, комиссияның бар болуы мен мөлшеріне, клиенттің статусына және тиісті бағдарлама үшін Банк белгілеген басқа параметрлерге байланысты белгіленеді.
30. Банктің уәкілетті органы Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген қарыз бойынша шарттардың шеңберінде жеке шарттарды қолдануға құқылы. Егер ұсынылатын қарыз бойынша жеке шарттар Банктің Директорлар Кеңесімен бекітілген шарттарға сәйкес болмаған жағдайда, жеке шарттарда қарыз беру туралы шешім Банктің Директорлар Кеңесімен қабылданады.
31. Клиентке кредит беру туралы барлық талаптар қарыз беру шарттарында және кепілзат шарттарында көрсетіледі.
32. Клиенттермен жасалатын кредиттік шарттарда Банк мемлекеттік уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес есептелетін, анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді. Кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен аспауы тиіс.
33. Кредитті (қарызды) пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріліп алынады. Кредит (қарыз) бойынша сыйақы Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен негізгі борыш сомасына пайыздық тұлғалауда немесе тіркелген сома түрінде белгіленеді.
33-1. Жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, соның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында Банк тіркелген (мөлшері белгілі бір мәнде тіркелген) немесе құбылмалы (мөлшері өзгеруі мүмкін) сыйақы мөлшерлемесін белгілейді және қарыз алушының таңдауы бойынша банктік қарыз шартын жасасу күніне Банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсетеді.
Тұрғын үй ипотекалық шартын жасасқанға дейін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған жағдайларда, Банк жеке тұлғаға қарызды өтеу әдісін таңдау үшін әртүрлі әдістермен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын ұсынады. Міндетті түрде қарыз алушыға банктік қарыз шартында белгіленген кезеңділікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобалары келесі өтеу әдістерімен ұсынылады:
Сараланған төлемдер әдісімен, бұл әдісте банктік қарыз бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомасынан және кезең үшін негізгі борыш қалдығына есептелген сыйақыдан құралатын, төлемдердің азаюымен жүзеге асырылады;
Аннуитетті төлемдер әдісімен, бұл әдісте банктік қарыз бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша көбейетін төлемдерден және негізгі борыш қалдығына кезең үшін есептелген сыйақы бойынша азаятын төлемдерден құралатын, банктік қарыздың барлық мерзімі бойында тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлемдер мөлшері басқалардан өзгеше болуы мүмкін.
Банк қарыз алушыға Банктің ішкі ережелеріне сәйкес есептелген қарызды өтеудің қосымша әдістерін ұсынуға құқылы.
Тіркелген сыйақы мөлшерлемесі біржақты түрде өзгертілмейді.
Тараптардың келісімі бойынша тіркелген сыйақы мөлшерлемесі шарттың қолданыс мерзімі бойында оның азаюына қарай немесе құбылмалы сыйақы мөлшерлемесіне өзгертілуі мүмкін.
Тараптардың келісімі бойынша тіркелген сыйақы мөлшерлемесі шартта белгіленген мерзімнің аяқталуынан кейін, бірақ банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап үш жылдан бұрын өсуіне қарай өзгертілуі мүмкін емес. Бұдан кейінгі тіркелген сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне қарай әрбір өзгеруі тараптардың келісімі бойынша тіркелген мөлшерлеменің қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін болуы мүмкін, бірақ тіркелген сыйақы мөлшерлемесінің алдыңғы өзгеруі күнінен бастап үш жылдан бұрын емес.
34. Есептелген сыйақыны Клиент, қарыз бойынша сыйақыны өтеудің әдісі, тәсілі, кезектілігі, кезеңділігі және басқа маңызды шарттары белгіленуі тиіс кредит беру туралы шартқа сәйкес өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |