Цинь империясы



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460975
  1   2   3
26ff5db42c3090dd4f8c76eb11ff4409

Цинь империясы

Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріпМин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады.

  • Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады.

Ішкi саясат

  • 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты.
  • 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет