Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Мудрос келісіміне қашан қол қойылды?
-
Мұстафа Кемаль кім?
-
Түркия Коммунистік партиясы қашан құрылды?
-
Түркия тәуелсіздігін қай жылы жариялады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Новейшая история Турции. М.,1968.
-
История стран Востока. (Васильев Л.С.). М.,1994.
-
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. (под ред. Розалиева Н.). М.,1988.
-
Новичев А.Д. История Турции. Л.,1965.
-
Киреев Н.Г. Турция вчера и сегодня. М.,1977.
-
Арабские страны. Турция, Иран, Афганистан. История. М.,1973 г.
9 апта.
Дәріс №9
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстын кейінгі Түркияның сыртқы саясаты.
Дәрістің мақсаты: Тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес даму жолына түскеннен кейін ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Түркияның халықаралық қатынастардағы орнын айқындау.
Тірек сөздер: Халықтық-республикалық партия, «этатизм», Отан партиясы, Тургут Озал, Сүлеймен Демирель, Д.Баяр, Бюлент Эджевит.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Түркияның саяси даму ерекшеліктері.
-
70-80 ж.ж. ішкі саяси жағдай.
-
КСРО-ның құлауы және Түркия сыртқы саясатындағы жаңа кезеңнің басталуы.
Соғыстан кейінгі алғашқы 10 жыл елдің даму тұжырымдамасын қайта қараумен ерекшеленді. Халықтық-республикалық партия (НРП) таратылып, 1946 ж. басында басқа буржуазиялық-помещиктік партия Демократиялық партия (ДП) құрылады. Алайда өзінің бағдарламалық құрылымы жағынан жаңа партия ХРП-дан еш ерешкленген жоқ. Бір партиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшу үшін заң жобалары қабылданады. Көп ұзамай елде түрлі бағыттағы 30 партия құрылады. Олардың ішіндегі неғұрлым ықпалдысы – Демократиялық партия болды. Демократиялық партия бағдарламасында «этатизм» саясаты жаңа мазмұнмен толығады. 1950 жылы өткен парламент сайлауында Демократиялық партия жеңіске жетеді. Елдің жаңа президенті болып оның жетекшісі Д.Баяр болады. Түркия осы кезеңде АҚШ-мен және басқа да европалық державалармен қатынастарын нығайтады. 1952 жылы ол НАТО-ға кіреді. Экономикалық салада министрлер кабинеті жеке меншікті «қолдау» саясатын өткізе бастайды. Өнеркәсіпте жеке капиталистік сектордың үлесі артып, ол мемлекеттік сектордан да асып түседі. Алайда елдегі экономикалық жетістіктер шектеулі мөлшерде ғана болады. 1956 ж. бастап Түркия бидайды импорттауға мәжбүр болады. 1958 ж. белгіленген сайлау қарсаңында, халықтың қолдауына ие болуға ұмтылған ДП жетекшілері ислам дінін сайлаушылар үшін идеологиялық құрал ретінде пайдалануға ұмтылады. Сайлауда ДП аз дауыс жинайды, бірақ мажоритарлық жүйеге байланысты парламенттегі 2/3-ден астам орынды иеленеді. Бұрынғы саясат нормаларын жаңадан құрылған Мендерес үкіметі жалғастырады. Елді толқу қамтиды. Осындай жағдайда 1960 жылы 27 мамырда елде әскери төңкеріс болып, әскерилер құрған Ұлттық бірлік Комитеті (КНЕ) елдегі басқару ісін қайтадан қолына алады. 1924 жылғы конституция күшін жойып, парламент таратылып, саяси партиялар қызметі тоқтатылады. Осылайша Түрік республикасының өмір сүруінің І кезеңі аяқталады.
КНЕ ұсынысымен жаңа заң жобасы қабылданып, 1961 жылы шілдеде референдумға енгізіледі. Қолдауға ие болғаннан кейін Негізгі Заң күшіне енеді. Конституция бойынша Түркия «әлеуметтік-құқықтық мемлекет» деп жарияланады. Жаңа конституцияның авторлары мемлекет өз міндеттерін жоспарлы экономиканы дамыту арқылы жүзеге асыра алады деп есептеді. 1983 ж. парламент сайлауына елде тіркелген партиялардың тек үшеуі ғана қатыстырылады. Сайлау барысында Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысына көпшілік орынды Отан партиясы (ПО) иеленіп, ал оның жетекшісі Тургут Озал премьер-министр болып сайланады. 1990 жылы ол президенттік қызметтен К.Эвренді алмастырып, бұл қызметті 1993 жылға дейін атқарады. 1995 ж. желтоқсанда парламент сайлауында Благоденствия Партиясы (ПБ) жеңіске жетіп, оның жетекшісі 69 жасар Неджметтин Эрбакан болды. 1997 жылы маусымда билікке Отан партиясының жетекшісі Месут Йылмаз басқарған жаңа коалициялық үкімет келеді. 2000 жылы сәуірдегі кезекті парламент сайлауында Бюлент Эджевиттің Демократиялық солшыл партиясы жеңіске жетеді. Қоғамдық ой өкілдерінің күштеуімен саясатқа 40 жыл өмірін арнаған президент Сүлеймен Демирель қызметінен кетуге мәжбүр болады. Жаңа президент болып 2000 ж. мамырда Ахмед Неждет Сезер тағайындалады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Демократиялық партия қай жылы құрылды?
-
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі «этатизм» саясатының мәні қандай?
-
Түркия НАТО-ға қай жылы кірді?
-
1924 ж. конституция қай жылы күшін жойды және неліктен?
-
1983 ж. сайлау қорытындысы бойынша қандай партия жеңіске жетті?
-
2000 ж. президент болып кім сайланады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Гасратиян С.Л. Очерки истории Турции. М.,1983.
-
Турция: история, экономика, политика. М.,1984.
-
Новейшая история Турции. М.,1968.
-
Турция: новые тенденции экономического развития в 80-е гг. М.,1991.
-
Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Радригеса. М.,2001. Ч.ІІ.
10 апта.
Дәріс №10
Тақырып: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Иран (1918-1945 жж.)
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Иранның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындау.
Тірек сөздер: жартылай отар, Англия, Ресей, Гилян Республикасы, Реза-шах Пехлеви.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иранның саяси даму ерекшеліктері.
-
Саяси күрес және Реза-шах билігінің нығаюы.
-
ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Иран.
1917 жылға қарай Иран аграрлы артта қалған, Англия мен патшалы Ресейдің жартылай отарлы елі болып қала берді. Ел экономикасы құлдырау жағдайында болып, қаржы дағдарысы орын алып, ішкі және сыртқы сауда, егістік алқабы және мал басы саны айтарлықтай қысқарады. Мемлекеттік құрылымы жағынан монархия түрінде дамып, оны ХҮІІІ ғ. аяқ кезінен бастап Каджарлар династиясы басқарды. І д.ж. соғыс жылдарында Иран үкіметі өзінің бейтараптылығын жариялады. Соғыстың аяқ кезінде парламент өзінің толық құрамымен отставкаға кетеді. Иран территориясы толықтай ағылшын әскерлерінің оккупациясына түседі. 1919 ж. тамызда Иранның сыртқы саудасы, жол құрылысын, финанс, армиясын толықтай ағылшын кеңесшілепінің бақылауына берген ағылшын-иран келісіміне қол қойылады. Бұл жағдай елдің басым көпшілігінің наразылығын туғызады. 1920 жылы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланады. 1921 жылы 21 ақпанда парсылық казактар Реза-хан басшылығымен Тегеранда мемлекеттік төңкеріс жасайды. 1922 жылы басында түрлі әскери бөлімдер (казактар, сарбаздар, жандармдар т.б.) бірыңғай орталықтандырылған армияға біріктіріледі. Бір жағынан, феодалдық хандардың бағындырылуы және демократиялық қозғалыстардың басып тасталып, екінші жағынан Реза-хан қарулы күштермен басып тастап отырды. Бұл шаралар Реза-ханның басты әлеуметтік тірегі болған помещиктік буржуазия арасында оның беделін нығайтты.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Иран қай елдердің жартылай отар еліне айналды?
-
Гилян Республикасы қай жылы жарияланды?
-
Қай жылы және кімнің басшылығымен парсылық казактар Тегеранда мемлекеттік төңкеріс жасайды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М.,1987.
-
Очерки по новейшей истории Ирана. М.,1976.
-
Хрестоматия по новейшей истории. М.,1961.
-
Васильев Л.С. История Востока. М.,1994.
-
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. (под ред. Розалиева Н.). М.,1988.
11 апта.
Дәріс №11
Тақырып: Халықаралық қатынастардағы Иран Ислам Республикасы.
Дәрістің мақсаты: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Иран Ислам Республикасы.
Тірек сөздер: М.Мосаддык, Кеңес-иран қатынастары.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
1945-1965 ж. Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері.
-
Мұнай өнеркәсібін национализациялау үшін күрес.
-
Иранның сыртқы саясаты.
ІІ дүниежүзілік соғыстың соңында иран реакционерлері және оларды бүркенген ағылшын-американ империалистері соғысқа дейін сақталған антидемократиялық тәртіпті қалпына келтіруге тырысады. Билік басында болған Хакими үкіметі отставкаға кетіп, жаңа премьер болып 1946 ж. басында Ахмед Кавамэс-Салтане тағайындалады. Ол демократиялық қозғалыстарға қарсы репрессияны тоқтату және КСРО-мен қолайлы қатынастар орнату қажеттігі туралы мәлімдейді. 1946 жылы 4 сәуірде Солтүстік Ирандағы мұнай кен орындарын бақылау туралы аралас кеңес-иран қоғамының құрылғандығы туралы келісімге қол қойылады.1946 жылы маусымда Кавам Иран Демократиялық партиясын құрып, ол негізінен ірі чиновниктерді, помещиктерді, саудагерлер мен реакциялық топ өкілдерін біріктіреді. 1947 жылы 22 қазанда Иран мәжілісі Кавамның ұсынысы бойынша кеңес-иран келісімін заңсыз деп есептеуге шешім қабылдайды. Осыдан кейін Кавам үкіметі Иранда американ империализмі позициясын нығайтуға бар күшін салады. 1950 жылы 23 мамырда Ирандағы американ әскери миссиясын 2 есе ұлғайтқан жаңа иран-американ әскери келісіміне қол қойылады.1949 жылы 4 ақпанда шахқа қастандық жасалып, осыдан кейін үкімет әскери соғыс жағдайын енгізіп, Халықтық партия қызметін заңсыз деп жариялайды. 1949 жылы жоғары палата – сенат құрылып, ол демократиялық күштерге қарсы күрес құралы ретінде пайдаланылады.
1951 жылы 29 сәуірде премьер-министр болып Халықтық майдан жетекшісі Мосаддык тағайындалады. Халықтық майдан ұлттық буржуазия мен интеллигенцияның түрлі топтарын біріктіріп, Мосаддык үкіметі мұнай өнеркәсібін және мұнай тасымалдау заводтарын басқару ісін өз қолына алады. 1951 жылы 15 шілдеде Тегеранға АҚШ президенті Трумэннің өкілі – Гарриман келіп, ол Иран мұнайын өндіру, тазарту және сату мәселесін жаңа шетелдік екі компанияның қолына беру ұсынысын білдіреді. 1953 жылы 19 тамызда Тегеранда америкалық ЦРУ-дің қатысуымен мемлекеттік тһөңкеріс жасалып, Мосаддык және басқа министрлер тұтқындалып, сотқа беріледі.
1953 ж. мемлекеттік төңкерістен кейін Иран бейтараптылық саясатынан бас тартып, АҚШ-мен әскери одақ саясатын жүргізеді және тек капиталистік елдермен экономикалық байланыстарын орнатады. 1962 ж. күзінен бастап кеңес-иран қатынастарының жақсаруы байқалады. Әсіресе, 1972 жылы қазанда КСРО-ға Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви сапары кезінде экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамытуды 15 жылға ұзарту және 1972-1976 ж. мәдени байланыстар жоспары туралы келісімге қол қойылады. Кеңес-иран сауда байланыстары сәтті дамиды. 3 жыл ішінде, 1970 ж. аяқталған, оның көлемі 4 есе өседі. Кеңес Одағы Иран экспортында І орын алады. КСРО-мен қатынастарының дамуымен бірге Иран басқа да социалистік елдермен бірқатар экономикалық келісімдер жасайды. Әсіресе, Чехословакиямен жасалған келісімТебризде – машина жасау заводы, Румыниямен келісім нәтижесінде – трактор заводы салынады. Көршілес Ауғанстан, Пакистан, Түркиямен жақсы достық қатынастарын сақтап отырды. 1970-71 ж.ж. Иран Бахрейннің тәуелсіздігін мойындап, екі ел елші алмасады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
ІІ д.ж. соғыстан кейін иран сыртқы саясатының негізгі бағыттары қандай болды?
-
Иран Ислам Республикасы қай жылы жарияланады?
-
Аятолла Хомейни кім?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Иванов М.С. Иран в 60-70 г. ХХ века. М.,1977.
-
Очерки по новейшей истории Ирана. М.,1976.
-
Скляров Л.Е. Иран в 60-80 гг. М.,1993.
-
Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М.,1987.
-
Годс М.Р.Иран в ХХ веке. Политическая история. М.,1994.
12 апта.
Дәріс №12
Тақырып: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу Шығыс елдері (1918-1945 ж.ж.).
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Таяу Шығыс елдерінің саяси даму ерекшеліктерін айқындап, халықаралық қатынастардағы роліне баға беру.
Тірек сөздер: ұлт-азаттық күрестің өрлеуі, Бальфур декларациясы, Сирия.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері.
-
Араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес.
-
ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы араб елдері.
Адамзат тарихының қазіргі заман тарихы басталуы кезеңінде Африканың араб елдері Англияның (Египет, Судан), Францияның (Алжир, Тунис, Марокко), Испанияның (Марокконың бір бөлігі) отарлары болды. Батыс Азияның араб елдері Осман империясының құрамына қосылды. Арабтарды өз жағына тартуға ұмтылған Англия І д.ж. соғыс кезінде де соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекеттерін құруға уәдесін береді. Алайда өз уәделерін орындамай, 1916 ж. мамырда құпия ағылшын-француз келісіміне қол қойылып, ол бойынша Ирак (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда – Францияның үстемдігі орнатылады. Палестина Антанта елдерінің бірігіп басқарылуына беріледі. І д.ж. соғыс Осман империясының толықтай құлдырауына алып келеді, бірақ дербес тәуелсіз мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде қалыптасады. І д.ж. соғыс яақталғаннан кейін империалистер Араб елдерінде де өз үстемдіктеріннығайту үшін Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесін пайдаланады: Ирак, Трансиордания, Палестина Англияның иеліктеріне, Сирия және Ливан – Францияның иеліктеріне айналады. Англия Аравия түбегінің бірқатар князьдықтарына бақылауын күшейтеді. Палестина Англияның мандаттық территориясы деп жарияланғанымен палестинаның барлық мемлекеттік саясаты 1917 ж. 2 қарашадағы Палестинада “еврей халқы үшін ұлттық ошағын” құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы Бальфур декларациясы арқылы анықталады. Бальфур декларациясына АҚШ, Франция және Италия үкіметтері қосылады. Англия Палестинаға еврей капиталының енуіне және еврейлердің иммиграциялануына кең түрде қолдау көрсетіп отырады.
Империалистік державалардың үстемдігінің орнатылуы арабтардың бостандық және тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтата алмады. 1919 жылы наурызда Египеттің жұмысшылардың, студенттердің, феллахтардың көтерілісі басталады. Әсіресе Каирдағы желтоқсан көтерілісі өте қауіпті болды. Сирия халқының ұлт-азаттық күресі 1925-1927 ж.ж. ең шырқау шегіне жетеді. Қозғалыстың басталуына 1925 жылы шілдеде Джебель-Друз таулы облысындағы шаруалар көтерілісі себеп болады.
ІІ д.ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың бірінші кезеңінде әсіресе Францияның жеңілісінен кейін, отарларда антиимпериалистік қозғалыстар кеңінен жүреді. Мысалы, 1940 жылдың ІІ жартысында Египетте офицерлер арасында қарсылықтар күшейсе, 1941 жылы сәуірде Иракта ағылшындарға қарсы офицерлер төңкеріс жасайды. Сирия соғысқа Францияның мандаттық территориясы ретінде араласады. 1939 жылы 2 қыркүйекте ол «әскери аймақ» деп жарияланады. 1941 жылы шілдеде Сирияны одақтастар әскері басып алады. Генерал де Голль Сирияны басқаруды ағылшын бақылауына беруге келісімін береді. 1941 жылы 27-қыркүйекте Сирияның тәуелсіздігі жарияланып, бірақ бұл тәуелсіздік «соғыс кезеңіндегі талаптарға» байланысты шектеулі болатындығы айтылады. 1944-1945 ж.ж. Араб елдері Лигасы құрылады. 1945 жылы ақпанда Египет формальды түрде Германия мен Жапонияға соғыс жариялайды, бұл оған 1945 жылы мамыр-маусым айларындағы БҰҰ құрған конференцияға қатысуға құқық береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Версаль-Вашингтон жүйесі Араб елдеріне қалай әсер етті?
-
Қай елдерге мандаттық жүйе орнатылды?
-
Қай елдерде империалистерге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар орын алды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Родригеса. М.,2001. Ч.ІІ.
-
История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч.ІІ М.,1979.
-
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Розалиева Н. М.,1988.
-
Хрестоматия по новейшей истории. Ч.ІІ. М.,1969.
13 апта.
Дәріс №13
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Таяу шығыс елдері.
Дәрістің мақсаты: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы даулы мәселелердің бірі – Таяу Шығыс мәселесінің пайда болу себептерін, салдарларын ашып көрсету.
Тірек сөздер: Таяу Шығыс, араб-израиль соғысы, БҰҰ Бас Ассамблиясы, Палестина, Израиль, Кэмп-Дэвид келісімі, Женева, 1973 ж.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардағы Таяу Шығыс.
-
70-80 ж.ж. Таяу Шығыс мәселесі.
-
КСРО-ның құлауынан кейінгі геосаяси жағдайы.
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – Таяу Шығыс мәселесі болды. ІІ д.ж. соғыс аяқталғаннан кейін Таяу Шығыста басталған шиеленістің басты орталығы – тәуелсіз палестина мемлекетін құру кезінде қалыптасады. Бұл мәселені екі тәуелсіз – еврей және палестина - мемлекеттерін құру жолымен шешу қарастырылады. Егер Израиль мемлекеті үлгісіндегі еврей мемлекеті 1948ж. құрылса, палестиналықтарға мұндай құқық берілмейді. ІІ д.ж. соғыстан кейін ұлт-азаттық күрестердің өрістеуі жағдайында Англия Палестинаға орнатылған мандаттық жүйеден бас тартып, бұл елдің болашақ тағдыры туралы мәселені БҰҰ-на беруге мәжбүр болады. Бұл мәселені шешу жолындағы ортақ келісімнің болмауы бірнеше араб-израиль соғыстарының басталуына алып келеді. 1948-1949 ж.ж. І араб-израиль соғысында арабтар жеңіліске ұшырайды. АҚШ-ның және басқа империалистік державалардың саяси, дипломатиялық, қаржы-экономикалық көмегінің нәтижесінде халықаралық сионизм БҰҰ-ның Бас Ассамблиясының шешімі бойынша палестиналық араб мемлекетінің құрамына кіруге тиіс Палестина территориясының үлкен бөлігін басып алады. 1956 жылы қазан-қараша айларындағы Египетке қарсы үш жақты – ағылшын-француз-израиль агрессиясы арабтардың ұлт-азаттық қозғалысына соққы беру және Египеттегі прогрессивті режимді жоюды мақсат етеді. 1967 жылы 5 маусымдағы Израиль және араб елдері арасындағы соғыс Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның рөлін бәсеңдетеді.
Израильдің аннексиялық саясаты, Палестина арабтарының заңдық құқықтарын мойындауға тиым салу Таяу Шығыс мәселесін саяси реттеуге басты кедергі болып отыр. Израиль шиеленісті шешуге бағытталған барлық шаралардан бас тартып, Суэцк каналының шығыс жағалауына және Голан қыраттарына әскерлерін шоғырландыруды жалғастырады. Осындай жағдайда 1973 жылы 6 қазанда ІҮ араб-израиль соғысы басталады. Бұл соғыста Израиль әскери күші және техникасы жағынан үлкен шығындарға тап болады.
1973 жылы желтоқсанда Женевада КСРО мен АҚШ-тың жетекшілігімен Таяу Шығыс мәселесі бойынша конференция шақырылады. 1974 жылы қарашада Бас Ассамблияның ХХІХ сессиясында алғаш рет «Палестина туралы мәселе» қойылады. Израиль мен Египет арасындағы бейбіт келісімге үш ел басшыларының (Бегин, Садат, Картер) Кэмп-Дэвид қаласындағы (АҚШ, 1978 жылы қыркүйекте) кездесуде қол жеткізіледі, ал келісімге 1979 жылы наурызда Вашингтонда қол қойылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Қандай жағдайға байланысты екінші д.ж. соғыстан кейін Таяу Шығыс мәселесі шиеленісе түседі?
-
БҰҰ-ның Таяу Шығыс мәселесіне әсері?
-
І араб-израиль соғысы қашан болды, нәтижелері қандай?
-
Ең алғаш рет қашан және қайда «Палестина мәселесі туралы» тұңғыш рет айтылады?
-
Кэмп-Дэвид келісіміне қашан және қайда қол қойылды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Родригеса. М.,2001. Ч.ІІ.
-
История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч.ІІ М.,1979.
-
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Розалиева Н. М.,1988.
-
Хрестоматия по новейшей истории. Ч.ІІ. М.,1969.
14 апта.
Дәріс №14
Тақырып: Африка: саяси және әлеуметтік процесіндегі жаңа тенденциялар.
Дәрістің мақсаты: Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі Африка елдерінің даму ерекшеліктерін айқындау.
Тірек сөздер: империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі, ұлт-азаттық қозғалыстар, отарлардың тәуелсіздігін жариялауы, «Африка жылы».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
ІІ д.ж. соғыстың нәтижелері және Африка елдері.
-
Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі.
-
Тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы.
ІІ д.ж. соғыстың аяқталуы Африканың саяси картасын іс жүзінде өзгерткен жоқ, бірақ отаршылдық экономиканың дамуына айтарлықтай түзетулер енгізіп, Африка қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымының құлдырау процесін тездетті. ІІ д.ж. соғыс кезеңіндегі және соғыстан кейінгі Африкадағы ұлт-азаттық күрестердің басты үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:
-
40 ж. – 50 ж. аяғына дейін. Африка халықтарының отаршылдарға «бейбіт» ықпал етуі, күрестің қарапайым – ереуілдер, шетелдіктер тауарларына байкот жариялау, митингілер және демонстациялар т.б. сияқты түрлерін қолдану.
-
50 ж. аяғынан - 60 ж. ортасына дейін. Бұл кезең отаршылдыққа қарсы қарсылықтардың даму кезеңі, көпшілік африкалық елдердің тәуелсіздік алуымен аяқталады.
-
60 ж. ортасынан – 80 ж. аяғына дейін. Португалиялық отарлардағы Африка халықтарының және Африканың оңтүстігіндегі – Зимбабве мен Намибия, сондай-ақ ОАР-ғы нәсілдік режимге қарсы қарулы күрестермен байланысты.
1960 ж. тарихқа «Африка жылы» деген атаумен енеді, себебі сол жылы 17 Африка елі тәуелсіздігін жариялайды. Тропикалық Африкадағы отаршылдық жүйеден алғаш болып босатылған елдердің бірі – Алтын жағалау болды. 1957 жылы 6 наурызда Алтын жағалау өзін Гана мемлекеті деп жариялайды. Кваме Нкрума оның тұңғыш президенті болып жарияланады. 1960 жылы 1 қазанда Африкадағы халқы жөнінен ең үлкен отар – Нигерия тәуелсіз мемлекет болды. Шығыс Африкадағы ағылшын отарларынан бірінші болып Танганьика территориясы тәуелсіз болды, ал 1962 жылы Занзибар азат етілгеннен кейін унитарлы мемлекет – Біріккен Танзания Республикасы құрылады. Оны Африкадағы азаттық қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі – Джулиус Ньерере басқарады. 1962 жылы қазан айында – Уганда, ал 1963 жылы желтоқсанда – Кения тәуелсіздігін алады.1960 жылдың аяғында Францияның 12 отары және екі қарамағындағы мемлекет тәуелсіз мемлекетке айналады. 1960 жылы 30 маусымда Бельгия үкіметі Конгоға тәуелсіздігін беруге мәжбүр болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
ІІ д.ж. соғыс Азия және Африка елдерінің саяси картасына қандай өзгерістер енгізді?
-
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысының тарихын неше кезеңге бөлуге болады?
-
Неліктен 1960 ж. «Африка жылы» деп аталады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Новейшая история Африки.М.,1968
-
История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч.ІІ М.,1979.
-
Хрестоматия по новейшей истории. Ч.ІІ. М.,1969.
-
Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Родригеса. М.,2001. Ч.ІІ.
-
Уинстон Черчилль. Индия, Судан, Южная Африка. М., 2004.
15 апта.
Дәріс №15
Тақырып: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |