Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет1/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығымен

бекітілген



Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


24-басылым

«Химиялық өндірістердің жалпы

мамандықтары» бөлімі

Астана 2009

Кіріспе
Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (БТБА) 24-шығарылымы КСРО МЕМеңбеккомитетінің және КОБОК хатшылығының 1986 жылғы 13 ақпандағы № 43/4-61 қаулысымен бекітілген, бұрын қолданылып келген «Химиялық өндірістердің жалпы мамандықтары» БТБА 24-шығарылымы негізінде әзірленді.

Шығарылым бөлімдерінде жұмыс тарифтерін жетілдіру жүзеге асырылған, жұмысшылардың өнімінің сапасына, біліктілігіне, білімдеріне, жалпы білім беру және арнайы даярлығына талаптардың өсумен еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты жұмысшылар мамандықтарының тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланған.

Жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты дәрежелі тарифтік торға қарай әзірленген. Жұмыстардың дәрежелері, әдетте, еңбек жағдайларын ескерусіз олардың күрделілігі бойынша анықталған.

Қандай да бір нақты өндіріс немесе жұмыс түрі үшін ерекше болып табылмайтын жұмысшылардың мамандықтары «Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың мамандықтары» бөлімінде орналастырылған.

Тарифтік- біліктілік сипаттамалар жазылған жекелеген шығарылымдарға қосымша, БТБА қолдану кезінде анықтамалық материал ретінде шығарылған тарифтік - біліктілік сипаттамаларын қолдану, дәрежелер беру мен арттыру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі БТБА 1 шығарылымына кіргізілген, Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Біріңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығының «Жалпы ережелерінде» келтірілген.

Көрсетілген бөлімде химиялық өндірістер үшін алмаспайтын болып табылатын мамандықтардың тарифтік-біліктілік сипаттамалары орналастырылған.

Химиялық өндірістің БТБА бөлімдерін, соның ішінде «Жалпы ережелерден» басқа осы бөлімді пайдаланған кезде, келесіні басшылыққа алу керек:

күрделі аппараттарға, агрегаттарға, станоктарға, машина мен басқа технологиялық құрал- жабдыққа қызмет көрсетумен байланысты жұмысқа тағайындаған кезде, сондай-ақ жұмысшы тарифтік- біліктілік сипаттамамен қарастырылған талаптарды әлі толық меңгермеген, және берілген жұмыс орнында еңбекті белгіленген ұйымдастыруға жауап беретін жұмыс тәсілдері мен әдістерін меңгермеген жағдайда, және сондықтан технологиялық процесті өз бетінше жүзеге асыра алмайды немесе құрал- жабдықты жөндеудің жеткілікті дағдылары болмайды, кәсіпорынның (ұйым) әкімшілігі кәсіпорынның (ұйымның) кәсіподақ комитетімен келісіп жұмысшыға алты айға дейін мерзіммен тарифтік- біліктілік сипаттамамен қарастырылғаннан біреуге төмендетілген дәреже белгілеуге құқығы бар. Осы мерзім аяқталысымен анықтамалықпен қарастырылған дәрежелі белгілеу туралы сұрақ жалпы тәртіпте шешіледі. Белгіленген мерзім аяқталысымен әкімшілік мұндай жұмысшыға технологиялық процесті өз бетімен жүзеге асыру үшін қажетті бүкіл жұмыс кешенін оның толық игеруіне көмек көрсетуге міндетті.

аппаратшылардың міндеттеріне құрал- жабдық пен қондырғыларды іске қосу кезеңінде технологиялық процестерді берілген параметрлерге дейін жеткізу сондай-ақ құрал- жабдықты қосу және тоқтату кіреді;

барлық дәрежедегі жұмысшылар процестің барысы туралы технологиялық құжаттаманы жүргізеді;

жекелеген мамандықтардың аса төмен дәрежелерінің сипаттамаларында өндірістің жағдайларына немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай, технологиялық процесті жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды орындау неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен жүргізілетіндігі жазылған. Мұндай жағдайларда неғұрлым жоғары біліктіліктің мамандықтардың жұмысшылары сол мамандықтағы неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшылардың жұмысын басқарып, бақылауы және үйлестіру білулері керек.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Тарифтік – біліктілік сипаттамалар
1. Абсорбциялау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Газдық қоспадан заттарды абсорбциялау технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу. Газды және абсорбциялайтын сұйықтықтарды аппараттарға беру, олардың температурасы мен концентрациясын қажетті деңгейде ұстау. Құрал- жабдықты және коммуникацияларды тазарту және майлау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: шикізат пен дайын өнімнің технологиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасын. қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасын


2. Абсорбциялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы абсорберлерде сумен, маймен, сілтілермен және қышқыл ерітінділерімен заттарды және газдық қоспаны жұтудың технологиялық процесін жүргізу, қажет болса – неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен абсорбенттерді десобциялау. Газ бен абсорбциялайтын сұйықтықтардың температурасын және концентрациясын қадағалау. Шашыратушы құрылғылардың, сорғыларды және желдеткіштердің жұмысын, аппаратураны және коммуникациялардың герметикалығын, жинағыштардағы сұйықтықтардың деңгейін қадағалау. Бақылау- өлшеу құралдар және көзбен қадағалау бойынша технологиялық процестің барысын бақылау. Дайын өнімді іріктеу және оны қоймаға немесе одан әрі қайта өңдеуге жіберу. Сынамалар алу. Сорғыш камераларға немесе мұнараларға, десорберлерге, сорғыларға, тұндырғыштарға, жинағыштарға, қышқыл қоймаларына, желдеткіштерге, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндуге тапсыру.

Білуі тиіс: өнім өндірісінің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін процестің мәнісін; шикізат пен дайын өнімнің технологиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын; құрал- жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою тәсілдерін; сынамалар алу ережесін.


3. Абсорбциялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы абсорберлерде сумен, маймен, сілтілермен және қышқыл ерітінділерімен заттарды ерітіндіден немесе газдық қоспадан жұтудың технологиялық процесін жүргізу. Газды шаңнан алдын ала тазарту, оны абсорберлерге беру. Белгілі құрамды және концентрациялы абсорбциялайтын сұйықтықтарды дайындау. Абсорберлерге суландыруға суды немесе қышқылды беруді реттеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша абсорбциялау процесс параметрлерін бақылау және реттеу: газдың температурасын, оны сұйылуын, қысымын, абсорбердегі вакуумды. Суландыратын сұйықтықтардың бүркіні мен тқманды ұстау. Дайны өнімді қоймаға беру, өнімді цистернаға немесе қоймаға құю немесе оны тұтынушыларға жіберу. Абсорбциялауға берілетін қышқылдың мөлшерін, абсорбциялау мұнараларын суару және суайалым суын бейтараптандыру үшін қажетті судың мөлшерін есептеу. Бөлінетін жылудың мөлшеріне және суытуыш агенттің температурасына байланысты абсорбциялау реакциясының жылуын есептеу және абсорбердің өнімділігін есептеу. Дайын өнімнің мөлшерін есептеу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша қышқылдың концентрациясын анықтау және кестелер бойынша қайта есептеу. Құрал- жабдықа қызмет көрсету: абсорберлерге, бүркін ұстағыштарға, қысым бактарына, суаратын және газды тоңазытқыштарға, тозаңдықтарға және басқа құрал- жабдықтарға, бақылау - өлшеу құралдарына, арматура мен коммуникацияларға. Бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен қолмен немесе қолмен әдіске көшумен қашықтан құрал- жабдықты басқару- реттеу. Талдаулар жүргізу. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Құрал- жабдыққа ұсақ жөндеу жасау. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; абсорбциялау процесінің физикалық- химиялық негіздерін, мәнісі мен параметрлерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары:

Бензолды абгаздардан ұстау.


4. Абсорбциялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тұз қышқылымен, қатты күкірт қышқылымен, концентрацияланған аммиак суымен, тұздықпен және үлкен өнімділікті әр түрлі конструкциялы немесе үлкен қысымдағы абсорберлердегі басқаларымен абсорбциялаудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау талдаулары арқылы абсорбциялау жүйесінің герметикалығын, бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Газды қабылдау, оны шаюмен алдын ала тазарту, кептіру. Қышқылды және басқа суаратын сұйықтықтарды қабылдау және олард мөлшерлеу. Абсорбциялау жүйесінің жұмысын қадағалау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша тазалау бағаналарда және абсорберлерде суару тығыздығын, жүйеде кедергіні, газ бен қышқылдардың температурасы мен концентрациясын және технологиялық процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу. Қалдық газдарды ұстау, тазарту, конденсатты белгіленуі бойынша ағызып жіберу. Алынатын өнімді қажетті концентрацияға дейін жеткізу және дайын өнімді өндіріске, сақтағыштарға, темір жол цистерналарына немесе орап түюге беру. Жұмыс істейтін пештердің санына байланысты температура режимін, дайын өнімнің өндірісі үшін шикізатты есептеу, ареометр бойынша ышқылдардың меншікті үлесін анықтау және концентрациялау кестелеріне сәйкес жинағыштардағы қышқылдарды және технологиямен қарастырылған басқа параметрлерді есептеу. Қажет болған жағдайда абсорбциялау бағаналарын тоқтату және олардың жұмысын қалыпты технологиялық режимге жеткізумен тоқтатқаннан кейін оларды жұмысқа қосу. Процестерді бақылау- өлшеу және тіркеу құралдарымен жабдықталған қашықтан басқару пультынан немесе қолмен реттеу. Тазарту жүйесін әлсін- әлсін шаю. Жуатын, тазартатын, кептіретін, абсорбциялайтын және басқа шеттес бөлімдердің жұмысын бақылау және үйлестіру. Абсорбциялау және тазарту жүйелеріне, қалдық газдарды ұстау мен тазарту құрал- жабдықтарына, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Газдық тармақтард және қышқыл коммуникацияларында ақаулықтарды жою, оларды жөндеу және ауыстыру. Жөндеуге тоқтату кезінде жүйені ағыту.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; технологиялық процестердің мәнісін; абсорбциялайтын сұйықтықтардың және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін; қызмет көрсететін процестерді бақылау және реттеу ережелері мен тәсілдерін, технологиямен қарастырылған есептеулер жүргізу ережелері мен әдістемесін; жүйені жөндеуге тоқтату және оны жұмысқа қосу кезінде құрал- жабдықты сөндіру және ағыту ережесін; шикізатқа және дайын өнімге техникалық шарттарды.


5. Абсорбциялау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Абсорбциялау бөлімінің ырғақты және синхронды жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен абсорбциялаумен, гидролизбен, буландырумен, айдаумен және басқа шеттес процестермен айналысатын аппаратшылардың жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен этил және изопропил спиртінің, әлсіз азот және фумар қышқылдарының, капролактам және басқа өнімдердің өндірістерінде абсорбциялау процесін жүргізу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскеделерде технологиялық процестерді; газдардың, абсорбциялайтын сұйықтықтардың және алынатын дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың кинематикалық сызбаларын; қызмет көрсететін процестерді бақылау және реттеу ережесі мен тәсілдерін; жүйені жөндеуге тоқтату және оны жұмысқа қосу кезінде құрал- жабдықты сөндіру және ағыту ережесін; процесті қашықтағы пульттан басқару ережесін; шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды

Жұмыс мысалдары.

1. Абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен этил және изопропил спиртінің өндірісінде этиленді, пропиленді, изобутиленді күкірт қышқылымен абсорбциялау.

2. Абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен контактілік газдан дивинилді спиртпен абсорбциялау.

3. Әлсіз азот және фумар қышқылдарының өндірісінде су және сілтілі абсорбциялау.

4. Абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен капролактам өндірісінде су және сілтілі абсорбциялау.

5. Суды және органикалық қоспаларды қамтитын бромды кептіру (сусыздандыру), - суды абсорбциялау және органикалық қоспалардан күкірт қышқылымен тазарту және су мен органикалық қоспалардың мөлшерін МемСТ-пен қарастырылған нормаларға дейін жеткізу.


6. Адсорбциялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен адсорбциялаудың технологиялық процесін жүргізу. Адсорбентті аппараттарға тиеуге дайындауға қатысу. Аппараттарға тазартылатын газдар мен сұйықтықтарға беруге қатысу. Технологиялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Сынамалар алу. Аппараттарды қалдықтан тазарту.

Білуі тиіс: өндірістік учаскенің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін процестің физикалық- химиялық негіздерін және мәнісін; шикізаттың және адсорбенттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын.


7. Адсорбциялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Газ тәрізді немесе сұйық өнімдерді қатты жұтушылардың үстінен адсорбциялау- ұстау технологиялық процесін жүргізу. Адсорбенттә дайындау, оны аппараттарға тиеу. Тазаланатын бөлінетін газдардың немесе сұйықтықтарды аппараттарға беру, процестің барысын бақылау, адсорбенттің қанығуына және тазарту сапасының төмендеуіне қарау аппараттарды ағыту, аппараттарды бумен үрлеумен адсорбцияланған өнімдерді бөлу (десорбциялау). Буларды конденсациялау, конденсатты тұндырумен немесе оны айдаумен адсорбцияланған өнімдерді алу. Процесс барысында бөлінетін газдарды ұстау немесе тазарту (кептіру), ағынды суларды бейтараптандыру, бөлінген (тазартылған) өнімдерді кейінгі операцияларға немесе қоймаға тапсыру. Талдаулар жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау. Адсорберлерге, конденсаторларға, айдау аппараттарына, скрубберлерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: шикізаттың және адсорбенттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; өндірістік учаскенің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін процестің физикалық- химиялық негіздерін және мәнісін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын және коммуникациялардың сызбасын, технологиялық процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


8. Активтендіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тұз ышқылымен әр түрлі өнімдерді активтендірудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен активтендіру құрамын аппаратқа тиеу, реакциялық массаны үнемі араластырумен буды қыздыруға беру. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және көзбен технологиялық процестің барысын қадағалау. Буды аппаратқа беру процесінің температуралық режимін реттеу. Алынған суспензияны тұндыру. Массаны сумен шаю, сүзу, кептіру, активтендірілген өнімді тарту. Сынамалар алу. Суспензияны шаюға берілетін тұз қышқылы мен судың мөлшерін есептеу. Активтендіру аппараттарына, центрифугаларға, вакуум - кептіргіш шкафтарына, жылу айырбастағыштарға, өлшеуіштерге, мөлшерлеуші құрылғылаға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Аппараттарды шаю, механизмдерді тазарту және майлау.

Білуі тиіс: активтендірудің технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және коммуникациялардың сызбасын; процесті бақылау үшін сынамалар алу ережесін; шикізатты есептеу әдістемесін; шикізат пен активтендірілген өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін.


9. Активтендіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мақта және ағаш целлюлозаны сірке қышқылымен активтендіру технологиялық процесін жүргізу, түтікті түрлі реакторда тригерлі катализаторды активтендіру немесе «КИЛ» топырағын активтендірудің бір уақытта технологиялық процестерін жүргізу және «КИЛ» өңделген топырағынан және активтендірілген көмірден СГС сұйықтықты десорбциялау. Шикізат пен материалдарды қабылдау және дайындау. Активатордың жиілігін тексеру. Араластырғыштың қозғалтқышын берілген жылдамдыққа келтіру. Активаторларға компоненттерді тиеу. Активатормен суытушы компоненттердің температура режимін, активаторға түсетін ауаның жылдамдығы мен көлемін, активаторларды беру уақыты мен мөлшерін, материалдарды беру жылдамдығын реттеу. Пневмо көлікпен ыдысқа сүзгілер арқылы қысу мен дайын өнімді тиеу. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: активтендірудің технологиялық процесін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін; мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін; активаторларды дайындау және тиеу бойынша операциялардың реттілігін процесті реттеу ережесін; шикізатты сақтау ережесін; дайын өнімді түсіру ережесін; шикізатқа активаторларға және дайын өнімге техникалық шарттарды.


10. Активтендіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мақта және ағаш целлюлозасында сірке қышқылымен активтендіру немесе неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыға бір уақытта басшылық етумен, түтікті түрлі реакторда тригерлі катализаторды активтендірудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару. Мөлшерленетін компоненттерді есептеу. Құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау.

Білуі тиіс: активтендіру процесінің технологиялық сызбаларын; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының кинематикалық сызбаларын; процесті реттеу ережесін; бақылау талдауларын жүргізу ережесін; шикізатқа активаторларға және дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.



11. Алкилдеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қышқыл ортада алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен риагенттерді аппараттарға тиеу, қажет болса – рекциялық массаны қыздыру. Реакция үшін қоспаларды есептеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін бақылау: температураны, қысымды, концентрацияны. Талдаулар үшін сынамалар алу. Кейінгі процестер үшін дайын өнімді түсіру. Қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты қосу, тоқтату және жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуі тиіс: Алкилдеудің технологиялық процесін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын; сынамалар алу ережесін; дайын өнімге техникалық шарттарды; шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.
12. Алкилдеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу және қышқыл ортада алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Шикізат пен реагенттерді қабылдау және дайындау. Жууға немесе бейтараптандыруға өнімді қысылған азотпен түсүру. Реакцияны аяқтау үшін қоспаларды есептеу. Алкилаторлардың, тұндырғыштардың, ыдыратқыштардың, бейтараптандырғыштардың, кептіргіштердің және қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтарды қосу, тоқтату және жұмысын қадағалау. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, жою. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және алкилдеу процесінің мәнісін, құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; сынамалар алу ережесін; дайын өнімге МемСТ-ды және технологиялық шарттарды; шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.


13. Алкилдеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға бір уақытта басшылық етумен және талдауларды орындаумен алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе алкилдеу процесін катализаторды, күрделі органикалық заттарды қатыстырумен бензол олифиндерімен, хлорланған керосинмен немесе фенолизбутилспиртпен жүргізу.

Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша көрсеткіштерін қадағалау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Технологиялық құрал- жабдыққа, бақылау- өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету. Технологиялық режим нормаларынан ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою. Құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын, физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; дайын өнімге технологиялық шарттарды; қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және алкилдеу процесінің мәнісін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарының құрылысын және оларға қызмет көрсету ережесін қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың және арматураның сызбасын; технологиялық режимді; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.
14. Алкилдеу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға бір уақытта басшылық етумен этилбензол, изопропилбензол, бутилфенол, ортокрезол, 2,6-ксиленол, диэтиланилин, моноэтилортотолуолидин, НП-3 сульфонол өндірісінде алкилдеу технологиялық процесінің барлық сатыларына басшылық ету. Істеп болған катализаторды реактордан түсіру. Аппаратты жаңа катализатор тиеуге дайындау. Реактордың түтіктерін катализатормен тиеу. Азот – қышқыл ара қатынастарын қатаң бақылай отырып катализаторды регенерациялау. Регламентке сәйкес өрт қауіпі бар жылутасығышты қабылдау, сызбаға тиеу, және қыздыру. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Құрал- жабдықтың күйін қадағалау. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын, физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды; алкаилдеудің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарының құрылысын және оларға қызмет көрсету ережесін қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың және арматураның сызбасын; технологиялық режимді, технологиялық процесті реттеу ережесін және мәнісін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет