«Бекітемін» ________________
«Бөгетсай мектеп-гимназия» КММ
директоры: Д.К. Бультенов
1 қыркүйек – Білім күніне арналған
«Менің Отаным - Қазақстан»
атты салтанатты жиынының бағдарламасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналады
Дайындаған: ДТЖЖО А.С. Ергазина
2015 – 2016 оқу жылы
Білім күнін өткізуге негіздеме:
- Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;
- «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы;
- Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысы);
- Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы).
Білім күнінің мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.
Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты: қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.
Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.
Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты: балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.
Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.
Білім күнінің уақыты: 2015 жылғы 1 қыркүйек, сағат 10.00-де
Білім күнінің мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, мектеп-гимназия басшылары
Көркемдеу жұмыстары:
-
Оқушыларға арналған «Менің Отаным - Қазақстан» кітап-көрнекілік көрмесі.
-
Ата-аналарға арналған «Мектеп өмірі» көрнекілік көрмесі.
-
Әсем безендірілген хабарландыру.
-
Техникалық құралдар, музыкалық аспаптар.
-
Мектеп алаңына арналған әртүрлі жалаушалар, шарлар.
-
Мектептің кіре берістегі бөлігіне ілінетін плакат: «Білім ордасына қош келдіңіздер!»
-
Шақыру билеттері.
Салтанатты жиынның өту барысы:
Мектеп оқушылары кластарына қарай, жиын өтетін алдындағы белгіленген жерлерге тұрғызылады.
Салтанатты жиынды 11 класс оқушылары, «Алтын белгі» үміткерлері, Шыналиева Аида Саликқызы және Аманиязова Алтын Қуанышқызы жүргізеді!
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер!
2-жүргізуші: Бүгінгі алғашқы қоңырау соғылар сәттеріңіз, Білім күні мерекесі баршаңызға
Хормен: құтты болсын!
1-жүргізуші: Отаным десем, ойыма...
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түсер еске Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар
Менің Отаным – Қазақстан!
2-жүргізуші: Демек, осы мақсатта еңбек етіп жатқан білім мен тәрбие ордасының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты салтанатты жиынын
Хормен: ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар, қонақтар,
Қане, енді қуаныштан жыр ақтар.
Бүгін, міне, қоңыраудың әдемі
Үні шығып сыңғырлайтын гүл шақтар,
2-жүргізуші: Білім күні есік ашты сағына,
Ақ күн туды мектебімнің бағына.
Оқушылар жақсы үмітпен оралды
Мектебіне қуанышпен тағы да.
1-жүргізуші: Мектеп әрқашан да оқушысымен көрікті, олай болса, қош келдіңіздер, біздің аяулы шәкірттер!
2-жүргізуші: Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деді. Олай болса, балалар – біздің болашағымыз, ал сол болашақ дәл осы күнде біздердің қолымызда. Дүниеге келген әрбір баланың өз жолын сеніммен бастауына, олардың отбасында үлкен қамқорлықпен жақсы тәлім-тәрбие алуына айналамыздағы ортаның табиғи ресурстары мен білім және құқықтық негіздерінің түбегейлі де мол септігін тигізетіндігі баршамызға белгілі.
1-жүргізуші: Ендеше, киелі мекен, қасиетті қара шаңырақ алтын ұя мектебіміз қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген нағыз ана тілінің, ұлтының жанашырлары мен болашақ Қазақстанның элиталарын дайындап жатқан білім ордасы екендігі даусыз.
2-жүргізуші: Жалпы ұлттық ұстанымға қол жеткізу үшін білімнің тереңін талап ететін жаңа оқу жылы игілікті істерге, сәтті белестерге толы болсын!
Музыка қосылады.
1-жүргізуші: Бүгінгі жаңа 2015-2016 оқу жылының салтанатты жиынының құрметті мінбесіндегі қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер
Мектеп директоры Бөлтенов Дастанбек Қожабергенұлы;
2-жүргізуші: Аудан әкімінің аппарат басшысы
Жаконов Сәндібек Мұратұлы
1-жүргізуші: Аудандық білім бөлімінің басшысы
Жаржанов Сертай Қуандықұлы
2-жүргізуші: Ауыл әкімі Жаназаров Сердалы Зәкірұлы;
1-жүргізуші: ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Ермекбаева Гүлжан Қалбанқызы
2-жүргізуші: және зейнеткер ұстаздарымыз: Андашев Дүзбай ағай, Абдрахманова Бәдигүл апай, Сақтаева Дәмеш апай, Елемесова Роза апай, Сахиева Айман апа, Еркебаева Жамиға апай, Төпенова Биязы апай, Нәсіпқалиева Ұлдай апай, Мұқанова Сәния апай, Аубакирова Інжу апай, Тайжанова Мәншүк апай, Қазтуғанова Майра апай, Түйешібаева Рахима апай, Тлеубаева Ұлболсын апай, Үкібаева Жібек апай.
1-жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1класс оқушылары мен ұстаздары Талдықбаева Айгүл Серікқызын және Каналина Жұмагүл Алдаберліқызын ортаға зор қошеметпен шақырамыз!
(мектеп есігінен 1-класс оқушылары класс жетекшісімен бірге бірінің соңынан бірі дәліз арқылы жүріп өтіп, жиын тұрған жерге келіп тұрады. Олар орналасып болғанша жүргізуші өлең жолдарын оқып тұрады)
2-жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Жас досым саған мың сәлем!
1-жүргізуші: Ертең өсіп толасыңдар
Жұлдыздарды шоласыңдар.
2050-ң мақтаны
Мына сендер боласыңдар
2-жүргізуші: Бұлар - Көкбайрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын егемен еліміздің ереңі мен келешегі.
1-жүргізуші: Бұлар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, ардақты аға-апаларының ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтарымыз.
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыз ерекше болмақ. Өйткені бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясы-ның 20 жылдығы аясында өткелі отыр.
2-жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
2-жүргізуші: Конституцияны қатаң ұстау – бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғары мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Бір сөзінде Елбасы осылай деген еді.
1-жүргізуші: Еліміздің білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Бөлтенов Дастанбек Қожабергенұлына беріледі.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі аудан әкімінің аппарат басшысы Жаконов Сәндібек Мұратұлына беріледі.
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз аудандық білім бөлімінің басшысы Жаржанов Сертай Қуандықұлына беріледі.
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі Бөгетсай селолық округінің әкімі Жаназаров Сердалы Зәкірұлына беріледі.
1-жүргізуші: Білім күніне арналған мерекелік сөздің кезегі зейнеткер ұстазымыз Андашев Дүзбай Құрманалыұлына беріледі.
2-жүргізуші: Білім бәсекелестігі – өмір талабы. Отбасы тәрбиесі мен оқушыларды мектептегі тұлға ретінде жеткізу - бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.
Ата-аналар атынан құттықтау сөз Брімжанова Жамиля апайға беріледі.
(Ұлттар биі)
1-жүргізуші: Ал енді келесі құттықтау сөз кезегін 1-класс оқушыларына береміз.
(1 класс оқушыларының құттықтау өлеңдері)
1-жүргізуші: Рахмет қымбатты оқушылар! Ендеше сендерді сыйлық күтіп тұр!
2-жүргізуші: 1 класс оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық, «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын табыс ету салтанатты рәсімі аудандық білім бөлімінің басшысы Жаржанов Сертай Куандықұлына тапсырылады.
2-жүргізуші: Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп ортаға мектебіміздің мақтанышы, аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы Байжігітов Нұрболатты «Менің Отаным» әнімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Мектеп оқушыларын, ұстаздарын марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директоры Бультенов Дастанбек Қожабергенұлына беріледі.
1-жүргізуші: Мұғалім - ұстазы балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Аудандық, облыстық ән байқауының жүлдегері Мырзахметов Нұрсұлтанның орындауындағы «Байтақ елім» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Иә, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген еді.
1-жүргізуші: «Мен сіздерге –жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым» деген еді Елбасымыз.
2-жүргізуші: Сонымен, жаңа 2015-2016 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 - класс оқушылары, «Алтын белгі» үміткерлері Зәкір Дәурен мен Абдикалыкова Гаухарға және 1-класс оқушылары Әбдіғалиева Инабат пен Бақыт Нұрисламға тапсырылады.
1-жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан;
Өрле сен, биік шың басына!
2-жүргізуші: Мектеп директорының бұйрығын оқу үшін сөз кезегі Кенжегарин Ақзат Айбатұлына беріледі.
1-жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры,
2-жүргізуші: Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
1-жүргізуші: Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Хормен: Құтты болсын бүгінгі білім күні,
2-жүргізуші: дей келе жаңа оқу жылының «Менің Отаным - Қазақстан» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз..
Достарыңызбен бөлісу: |