Дабылтаева Назым Есбергенқызы



Дата19.06.2016
өлшемі145.31 Kb.
#148247
Дабылтаева Назым Есбергенқызы

«Туризм» кафедрасының доценті

экономика ғылымының кандидаты

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті

Алматы қаласы

Нуржанова Айнур Мырзагалиевна

«Туризм» кафедрасының аға оқытушысы

ғылым магистрі

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті

Алматы қаласы

ҚР КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Алматы облысының көлік-логистикалық кешені шекараның экономикалық және саяси конъюнктурасына байланысты өзгеріп тұратын Қазақстанның көлік желісінің аймақтық фрагменті ретінде, Алматы қ. орталықтандырылған және клиенттер мен тасымалдаушылардың мүддесіне қарай сауда-жолаушылар тасымалын реттейтін көлік торабы – көліктік-логистикалық орталық (КЛО) басымдылығы ретінде орын алады.

Келешекте облыстың көліктік-логистикалық орталықтары Алматы қаласында жоспарланған терминал құрылысымен бірге аймақтың көліктік-логистикалық қызметінің ортақ жүйесін қалыптастырады.

Алматы облысы бірқатар қуатты жүйені қалыптастыратын және интенсивті дамып жатқан геостратегиялық ресурстарға ие. Бұл Қытай елінің шекаралас дамып келе жатқан аудандарымен шекаралық территориялар, «Қорғас» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық орталығы, Құлжа шекаралық автожолы, «Қорғас-Шығыс Қақпа» шекаралық сауда-экономикалық зонасы және «Достық» индустриалды-сервистік зонасы.

Облыс территориясында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жобасы аясында еліміздің Оңтүстік көлік дәлізінің «Достық - Алматы» және «Қорғас – Алматы» бағытында халықаралық көліктік-коммуникациялық бөлігі даму алады.

Қазіргі таңда «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының қызметін қамтамасыз ету мақсатында оның көліктік және сервистік-сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

«Көлік логистикасы» кластерін қалыптастыру аясында Іле ауданының Первомай және Өтеген батыр ауылдарында көліктік-логистикалық кешендер құрылды.

Достық станциясын дамыту жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес аймақтың қажеттілігін қамтамасыз ету, транзиттік контейнерлік жүктерді өңдеу, Достық темір жолының өткізу қабілетін кеңейту үшін Достық шекаралық жол базасында ірі көлік-логистикалық орталықты құру қарастырылуда. Қазақстан Республикасының 2015 ж. дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес [1], халықаралық көлік дәліздерінің белсеңді көлік-логистикалық торабы ретінде және осы көлік-логистикалық орталық арқылы транзиттік жүк тасымалдау үлесін көбейту арқылы Достық шекаралық жолды әрі қарай дамыту жоспарланған.

Соңғы жылдары Қазақстанда республиканың ұзақ мерзімді Көлік стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде заманауи көлік-логистикалық орталықтардың отандық желісі белсеңді қалыптасуда.

Көлік-логистикалық орталықты қажетті іріктеу паркі мен техникалық жабдықтары бар, стандартты қызмет кешенін ұсынатын (қосымша құны қосылған жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын орындау, контейнерлеу, орап-түптеу/паллетирлеу және т.б. қызметтер, кедендік, карантиндік және басқа процедуралардан өту бойынша мемлекеттік органдардың барлық талаптарын орындау) интермодальды көлік-логистикалық кешені ретінде, өткізілетін жүктер бойынша логистикалық функцияны орындайтын және түрлі көлік түрлерінің өзара іс-әрекетін және үйлестіруін қамтамасыз ететін сауда желілерінің көлік-логистикалық қызмет көрсету орталығының функциясын орындайтын, көлік торабтарында орналасқан көпфункционалды терминал кешені ретінде қолдану жоспарланады [2, с.157-176].

Терминалдың басты мамандануы контейнерлік операциялар болып табылады, бұл үшін ол жеке темір жол станциясына немесе темір жол станциясына жалғасатын сорттау-жинақтау паркіне ие болу керек, сонымен бірге вагондарда жүктерді сақтау үшін. Сонымен бірге терминалдың тағы бір қызметі – Алматы қ. орталығы болатын Оңтүстік аймақтың негізгі кластерінің кәсіпорындарына және сауда желілеріне қызмет көрсететін логистикалық және дистрибьютерлік орталық.

2006 жылдан бастап қозғалыстың жаңа түрі ұйымдастырылды – жүктерді контейнерлік тасымалдау. Бұл қызметтің жаңа түрі Шығыс Еуропа елдерінің бағытындағы Үрімжі-Достық-Ақсарай-Новосибирь маршруты бойынша жүктерді тасымалдау үшін ыңғайлы. Бұл жобаның алдағы жоспарында – Қазақстан территориясы арқылы Тынық мұхитынан Еуропаға дейін жүктерді контейнерлік тасымалдауды қамтамасыз ету. Аталған маршрут бойынша пилоттық контейнерлік поезд 2005 жылдың 24 желтоқсанында жолға шықты.

Тағы бір жоба – Азербайжан, Қазақстан және Грузия елдерімен жүзеге асырылған Алматы-Ақтау-Баку-Поти маршруты бойынша темір жол арқылы іске асырылатын мультимодальды тасымалдау – ТРАСЕКА дәлізінің бәсекеге қабілеттігін күшейтуге және осы аймақтарда контейнерлік тасымалдаудың дамуына септігін тигізеді. Бұл жобаға Болгария және Қытай елдері өздерінің қызығушылығын танытуда.

Басты жоба Алматы облысының көліктік-логистикалық кешенін құру болу керек, мұның өзі бірнеше тапсырмаларды шешуді талап етеді. Біріншіден, оның құрылуы қала көшелерін, Алматы трассасын және санаторлы-курорттық зонасын жүк көліктерден азайтады, қаланы қойма ғимараттарынан босатады, тауарлардың өзіндік құнының төмендеуіне мүмкіндік береді және қалаға кіру жолдарында үлкен жүкті контейнерлер ағымы тоқтайты. Басқаша айтқанда, болашақтағы кешеннің негізгі функциялары – үлестіруші, жинақтаушы, жүк тиейтін және қалалық сауда желілеріне логистикалық қызмет көрсету болып табылады.

Оңтүстік аймақтың инфрақұрылымының дамуында «серпілісті» қамтамасыз ету және синергетикалық тиімділікті алу мақсатында, Оңтүстік аймақтың ортақ аймақтық көлік-логистикалық жүйесінің шеңберінде қолда бар территориалдық жобаларды бір-бірімен үйлестіру қажет. Оңтүстік аймақтың көлік кешенін ортақ логистикалық орталықтан басқарылатын жеке терминалдарды өзіне қосумен қалыптастыру. Басты орталық Іле ауданының Первомай және Өтеген батыр ауылдарының аймағындағы «Алматы терминалы» болу керек. 150 үлкен жүкті машианаларға арналған тұрағы, кеңсе ғимараттары, темір жол тұйығы және 10 вагонға арналған қойма ішінде дебаркадері, кеден қоймасы мен УСҚ (уақытша сақтау қоймасы) бар көлік-логистикалық кешендер құрылды, Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «Тау-Терминал» ЖШС-де «А» класы бойынша жұмыс атқаратын көліктік-логистикалық орталық ашылды, яғни темір жол вагондарының тұрақтауы, жүкті түсіру-жүктеу және жүкті сақтау қарастырылған.

Кластер құрамына, сонымен қатар қоймада сақтайтын және жүктерді өңдейтін мультимодальды орталықтар, авто және темір жолдың кіріс жолдары бар мультимодальды терминалдар, жүк көліктерінің орталығы, контейнерлерді айырбастау және жөндеу тіректері, өндірістік-технологиялық және техникалық қызмет көрсету қызметтері, ақпараттық-логистикалық орталықтар, кедендік рәсімдеу және бақылау орталықтары, персоналды оқыту және қайта даярлау оқу орталықтары, консалтингтік-сараптамалық орталық, күзет агенттігі жатады.

Алматы аймағының көліктік-логистикалық кешенінің жағдайын талдау нәтижелері көлік-логистикалық инфрақұрылымның үздіксіз қайта жаңғыруы жүзеге асырылмауын, ресурстардың оптимизациясының жоқтығын, аймақтағы логистикалық қызмет сапасының қажетті деңгейде қамтамасыз етілмеуін көрсетті. Көлік-логистикалық кластерді дамытудың мүмкін варианттарынан ең тиімдісі болып халықаралық көлік дәліздерінің аясында қызмет жасайтын, ұлттық макрологистикалық жүйеге және трансұлттық логистикалық жүйеге интегрирленген аймақтық логистикалық жүйені қалыптастыру табылады.

Ұлттық макрологистикалық жүйе елімізде ортақ логистикалық тірек құруға мүмкіндік береді. Алайда оның тиімді функциялануы үшін аймақтық аспектілерді ескеру қажет. Ұсынылатын макрологистикалық жүйені қалыптастыру ХКД (Халықаралық көлік дәлізі) бойынша негізгі жүк ағымының өтуін жақсартады және материалдық және ақпараттық ағымдардың аймақаралық қозғалысын үйлестіреді. Әр аймақ ішіндегі жүк ағымын тиімді үйлестіру және басқару әр нақты аймақтың функциялану ерекшелігін есепке алмай мүмкін емес. Ұлттық логистикалық жүйе әр аймақтың ерекшелігін толығымен ескере алмағандықтан, әр аймақтың логистикалық басқаруын жетілдіру тәсілдерін жеке-жеке іздеу қажет.

Осы мақсатпен аймақтық көлік-логистикалық жүйені (АКЛЖ) қалыптастыру көлік-логистикалық кластерді құрудың аралық кезеңі болуы керек және олардың жүк-тауар айналымының ұлттық логистикалық жүйесінде интеграциялануы керек. Осы тектес жүйелердің қалыптасуы жергілікті тұтынушылардың көлік-логистикалық сервиске деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алады және әр аймақтың экономикасының ерекшелігін ескере отырып, оның даму деңгейін еуропалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді [2, 101 б.].

Дәл осы аймақтық билік көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына ең жоғары мүдделі болуы керек, себебі тек осы жағдайда ғана тауар қозғалысы каналын құрылымдық қайта құру мен аймаққа бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мүмкін болады.

Қазақстанда логистикалық инфрақұрылымның да, логистикалық делдалдықтың да даму деңгейі әлі де төмен болғандықтан, мұндай жүйелердің құрылуына бірінші кезекте аймақ әкімшілігі бастама жасау керек.

Жүк және тауар қозғалысының аймақтық жүйесінің қатысушыларының интеграциясы жүйенің контрагенттері арасындағы мүдделердің келісімін талап етеді және көліктік-үлестіруші үдерістерін басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттарды талап етеді.

АКЛЖ-нің тиімді функциялануының ұйымдастыру-экономикалық негізі бір жағынан, бәсекелестік ортаны құруды және тауар-материалдық ағымның қозғалысының барлық қатысушыларының максималды еркіндігі мен дербестігін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан – аймақтың даму мүдделерімен келісілген, жүйенің функциялануының жалпы мақсаттарына қол жеткізудің экономикалық мүддесін құру.

Ұсынылатын жүйенің шартты шекаралары ретінде, оның Алматы облысында қалыптасатының ескерсек, Алматы облысының территориясы қабылданды. Жүйеге кіру және шығу нүктелері болып облыс шекарасында орналасқан, бірінші кезекте темір жол және іріктеу станциялары, әуежайлар, автомобиль терминалдары мен жүк автостанциялары табылады.


  1. Алматы қаласының сыртында қызмет көрсетіп тұрған көлік-логистикалық орталықтар – қойма кешендері (ИКаР, Первомай, Тау-Терминал, CALM, USKO логистикалық парктері).

  2. Алматы қаласының сыртында жүзеге асыру кезеңінде тұрған және ауданының көлемі бойынша қызмет көрсетіп тұрған жоғары класты қойма ғимаратарынан бірнеше рет асып түсетін жаңа ірі жобалар («ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталық, «Астана-Контракт» АҚ көлік-логистикалық орталығы).

Бұл аяны айрықшалау көп жағдайда шартты болып табылады, себебі АКЛЖ-нің функционалды және қамсыздандыру жүйелерінің элементтері өзара тығыз байланысты және интегрирленген логистикалық тізбектерге бірлескен. Сонымен бірге жүйенің жеке элементтерінің логистикалық функцияларының аясы кеңеюі мүмкін, мұндай шартта олардың қызмет көрсету сферасы бірнеше функционалды және қамсыздандыру жүйелерін қамтиды немесе логистикалық функциялардың қатарласуының сәйкестігі шартында бүтіндей барлық аймақтық логистикалық жүйені де қамтуы мүмкін.

Қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін толықтай қазақстандық және жекелей аймақтық терминалды-көліктік технологияларды көлік ағымын басқарудың ортақ жалпы әлемдік жүйеге сәйкес келтіру керек. Қойылған міндеттерге қол жеткізудің ең тиімді тәсілі логистикалық үлестіру Орталықтарын ұйымдастыру болып табылады. Бұл Орталықтар экспедиторлар мен көлік агенттерінің шектеусіз саны арқылы әр жүк жіберуші мен сатып алушыға шығу көздерін қамтамасыз ететін логистикалық жүйелері қосылған көлік «дәліздерімен» өзара байланысты болуы керек. Біздің көзқарас бойынша, мұндай орталықтарды құрудың ең тиімді тәсілі – «терминал мекендері» моделі бойынша үлестіру-бөліп тарату орталықтарын құру.

Темір жол және автомобильді жолдары бар, контейнерлі терминалдары бар, ортақ қолданыстағы басқа да қажетті логистикалық инфрақұрылымдар мен тұрақты көлік сервисі бар ірі «терминал мекендері» – қойма немесе экспедиторлық бизнесінің шоғырлануының тиімді орны. Алайда мұндай жобаны жүзеге асырумен байланысты туындайтын барлық қиыншылықтар, құрылыс жерін бөлу мәселесінен бастап, – жеке компания үшін өте күрделі тапсырма. Мұндай тектес мәселелерді жүйелік деңгейде тек мемлекеттің шеше алатыны мәлім.

Толықтай жүйені емес, тек бір ғана «терминал мекенін» құру – басқарудың барлық деңгейін, түрлі салалардың және көлік түрлерінің мүдделерін қозғайтын мәселе. Мұндай жағдайда ортақ іс-әрекеттердің келісушілігін және ымырасын іздеу, әдетте, қосымша қиындықтарды тудырады. Алдын-ала жүргізген есептеулер бойынша Алматы аймағында үлестіруші-бөліп тарату орталықтарын құру мүмкіндік береді:



  • логистикалық жиынтық шығындарды 10-15%-ға азайтады;

  • аймақ территориясында тұтынушыларға жүкті жеткізу уақытын 10-20%-ға қысқартады;

  • жүкті жоғалту залалы 5-10%-ға төмендейді;

  • қойманың жиынтық қорларын 30-40%-ға азайтады;

  • көлік-логистикалық сервисінің сапасы жоғарлай түседі

  • Алматы қ. мен облыстың ірі қалаларының территориясынан қойма қуаттарын және көлік инфрақұрылымының объектілерін кезеңмен шығарылуы үшін жағдайлар пайда болады;

  • қала территориясына кіретін ірі тонналы жүк автомобильдерінің саны 20-30%-ға азаяды;

  • көліктердің түрлі түрлерінің өзара әрекеттестік сапасы айтарлықтай жоғарлайды;

  • жүктердің көп бөлігін автомобильді көліктен темір жол көлігіне ауыстыру, аймақтың автомобильді жолдар желілерінен жүктеменің азаюына септігін тигізеді.

Құрылатын қластердің ядросы көлік-шоғырлану орталғы болуы керек, ол өзіне жүк және жолаушылар тасымалы сферасында қызмет көрсететін барлық ұйымдарды, өнеркәсіптік ұйымдар-жүк жіберушілерді, логистикалық және көлік-логистикалық компанияларды, көмекші қызмет көрсететін компанияларды шоғырландырады.

КЛО – Алматы қ. орталықтандырылған, Көлік-логистикалық кластердің (КЛК) өмірлік циклінің кезеңдеріне тәуелді өзінің қызметінің құрамы мен көлемін ұлғайтатын болашақ КЛК-дің базалық құрылымы. Функционалды түрде КЛО ақпараттық технологиялардың кешенін білдіреді, оның қуаттылығы бақылауға және реттеуге мүмкіндік береді: КЛК-гі тауар қозғалысының негізгі торабын; қойма жұмысын; терминалдардың функцияланауын; КЛК қызмет көрсететін трансакционды компаниялар қызметін (кеден, сақтандыру, бизнес-орталықтар және т.б.).

КЛК құрамында Көлік-логистикалық орталықтар «орталық штаб» рөліне ие болады, осы рөлге сәйкес:


  • КЛК жағдайы туралы теңгерілген көрсеткіштердің кейбір жүйелерінде ақпараттарды жинауды қамтамасыз ететін желілік инфрақұрылымы болу керек;

  • КЛК динамикасы жайлы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын ресурстық орталығы болу керек;

  • алынған мәліметтер негізінде КЛК адекватты моделін қалыптастыратын және оның өзектілігін қолдайтын сарапшылардың тобын қамтитын әдістемелік орталықтары болу керек;

  • әкімшілік және бизнес деңгейінде стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдау үшін жұмыс инструменті болып табылатын ситуациялық орталық болу керек. Ситуациялық орталық жұмысы өзінің әрі қарайғы дамуына жұмсауға қажетті табыс әкелу керек.

Кластер қызметіндегі басты басымдылық «ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы – Алматы темір жолы, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ компанияларына, автокөлік және логистикалық компанияларға беріледі.

Мамандардың болжамы бойынша 2010 жылдың соңында қызмет көрсетіп тұрған терминалдар кешенінің қуаттылығын есепке ала отырып, жалпы тасымалдау көлемі 110,0 млн. тоннаны құрады. 2020 жылда Алматы облысының жүк айналымы 2-2,3 есе көбейеді. Тасымалданатын жолаушылар саны біршамаға өседі – 1,3-1,5 есе және жолаушылар айналымы – 1,5-1,8 есе.

Алматы қ. орталықтандырылатын Көлік-логистикалық орталық көлік-логистикалық кластердің алғашқы кешені болады, оның аясында аталған кластер біртіндеп қалыптасады. Қолайлы шарттар жағдайында көлік-логистикалық орталық 2015 жылда толыққанды қалыптасады, ал кластердің өзі – 2025 жылы.

Көлік-логистикалық орталық оңтүстік аймақ территориясында тауар қозғалысын үйлестіретін және мемлекеттік-жеке серіктестік принципі негізінде функцияланатын аймақтық ранг орталығы ретінде құрылуы керек. Көлік-логистикалық кластердің дамуына бағытталатын инвестициялардың шамалас көлемі бірінші бес жылдықта 2,5-3,0 млрд.тг құрайды [3].

Облыс экономикасының инновациялық бағытталуы және көлік-логистикалық кластердің қалыптасуы Алматы облысының сыртқы экономикалық қызметінің сапалы масштабтары үшін алғышарттарды туғызады.

Оның қызмет аясы Орталық және Таяу Азияға, Азия-Тынық мұхит елдерінде, еуропалық және азия елдеріндегі экспорттық позициялардың өсуімен бірге таралады. Болжам бойынша 2025 жылға қарай Алматы облысының экспорты 2005 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өседі, ал импорт – 5 есе.

Құрылатын аймақтық көлік-логистикалық жүйенің максималды тиімді функциялануына қол жеткізудің міндетті шарты болып оның ұлттық макрологистикалық жүйемен интеграциялануы табылады.

Біздің көзқарас бойынша, аталған логистикалық жүйелердің интеграциясы ұлттық макрологистикалық жүйе звеноларының аймақтық логистикалық көліктік-үлестіруші жүйелердің звеноларымен интеграциялануы арқылы жүргізілуі керек. Бұл ұлттық логистикалық жүйеден аймақтық жүйеге кіретін және аймақтық логистикалық жүйеден ұлттық жүйеге шығатын материалдық ағымдарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша, ұлттық макрологистикалық жүйе аймақтар арасындағы ағымдардың тиімді қозғалысын қамтамасыз етеді, ал аймақтық көліктік-үлестіруші жүйелер жекелеген аймақтар деңгейінде материалдық ағымдарды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Басқарудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру кезінде келесі принциптерді жетекшілікке алу орынды болады:



  • экономикалық ымыраға қол жеткізу және жүйе субъектілері арасында жиынтық синергетикалық тиімділікті қайта бөлу жолымен, олардың мүдделерімен келісілу негізінде жүк қозғалысының интегрирленген логистикалық жүйесіне қатысушылардың экономикалық-құқықтық өзара байланыстың ортақ жүйесін құру;

  • аймақтардың логистикалық инфрақұрылымының негізі тұтынушыларға заманауи логистикалық қызметтің толық гаммасын ұсынатын ортақ қолданыстағы ірі үлестіруші-бөліп тарату орталықтар жүйесі болуы керек;

  • прогрессивті терминалды технологиялар негізінде сапаны көтеру мақсатымен, кәсіпкерлік қызметті лизенциялау негізінде көлік-экспедиторлық және логистикалық қызмет нарығын дамытуда тікелей мемлекеттік реттеуді қолдану;

  • аймақтағы көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуды ірі және шағын отандық бизнес пен шетел капиталын қоса алғанда, бюджеттік немесе бюджеттік емес көздерді тарту арқылы үлестік қаржыландыру;

  • аймақта аралас жүктер қозғалысын ұйымдастыру кезінде көліктердің үлестірілген жұмысына негізделген интермодальды логистикалық технологияны жүзеге асыру;

  • аймақта АКЛЖ қатысушыларын ақпараттық қамсыздандырудың интегрирленген жүйесін құру үшін қажетті ұйымдастыру-экономикалық және өндірістік-техникалық шарт-жағдайлармен қамтамасыз ету;

  • көлік-экспедициялық сферасындағы кадрларды, тасымалдау, үлестіруші-бөліп тарату, сервистік және басқа да логистикалық қызметтің кадрларын кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, прогрессивті терминал технологияларын оқыту, тауарлы-материалдық және оған көмекші сервистік, ақпараттық, қаржылық ағымдарды басқарудың логистикалық әдісін оқыту;

  • мемлекеттік қолдау мен реттеуді қалыптастыру, мемлекеттік және әкімшілік реттеу негізінде жүк қозғалысының аймақтық логистикалық жүйесіне қатысушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, оның ішінде: лицензиялау жүйесі, инвестицияларды льготалық несиелеу, льготалық салық салу, терминалдар мен логистикалық инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылысына жер телімдерін бөлу, АКЛЖ қатысушыларына тең шарттарды қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық реттеу;

  • АКЛЖ ұлттық логистикалық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету;

  • логистикалық делдалдардың және жүк және тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырушы-операторлардың институтын құру.

АКЛЖ қалыптастыру үшін аса маңызды мәнге тауар қозғалысы жүйесіндегі логистикалық делдалдар институтын дамыту ие. Мұндай делдалдар көліктік және көлік-экспедиторлық компаниялар мен фирмалар бола алады; көтерме сауда орталықтары; тауар және қор биржалары; дистрибьютерлік компаниялар; тауар қоймаларының желісі; жүк терминалдары мен мультимодальды терминал кешендері; өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі өндірістік логистикалық құрылымдары; аймақтық ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер; банк және басқа қаржылық институттар.

Оңтүстік аймақ территориясындағы көлік-логистикалық қызмет нарығына жүргізген маркетингтік зерттеулер оның интенсивті қалыптасу және даму кезеңінде тұрғанын көрсетті. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігімен және басқа да мүдделі ведомстволармен келісілген жағдайда Оңтүстік Қазақстан территориясында көлік-логистикалық жүйені құрудың аймақтық мақсатты бағдарламасының Тұжырымдамасын әзірлеу қажет деп есептейміз. Шымкент көлік торабында (ШКТ), Алматы көлік торабында (АТК), БАКАД зонасында терминал кешендерін, халықаралық көлік-логистикалық орталықтарын және индустриалды-логистикалық парктерін құрудың ірі инвестициялық жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Бір уақытта АТК айналасында және барлық аймақтарда дерлік қуатты КЛО және логистикалық парктердің қалыптастыру жобаларын әзірлеу. Оңтүстік аймақ арқылы өтетін ХКД-не қатысты зоналардағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың инвестициялық жобалары ең алдымен приоритетке ие болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ:

1. Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года. Утверждена Указом Президента   Республики Казахстан  от 11 апреля 2006 года N 86 //www.mtk.kz



2. Кородюк И.С. Региональные транспортно-логистические системы: вопросы теории и практики: Монография / И.С. Кородюк, С.А. Кархова. - Иркутск : Изд-во БГУЭП, 2008. - 335 с.

3. Титюхин Н, Овчаренко Н. Модель транспортно-логистической системы Казахстана // ЛОГИНФО №9. -2008. - www.loginfo.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет