Дағдарыстанкейiнқалпынакелтiрубағдарламасын (бәсекегеқабiлеттiкәсiпорындардысауықтыру) бекiтутуралы



бет1/2
Дата23.02.2016
өлшемі371.95 Kb.
#9673
  1   2
Дағдарыстанкейiнқалпынакелтiрубағдарламасын (бәсекегеқабiлеттiкәсiпорындардысауықтыру) бекiтутуралы

ҚазақстанРеспубликасыҮкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысы



      Бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру тетiгiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2011 жылғы 4 наурыздағы 
№ 225 қаулысымен    
бекiтiлген       

Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы
(бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру)

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «сауықтыру жоспары», «Сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарлары», «сауықтыру жоспарында», «сауықтыру жоспарына», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарында» деген сөздер «оңалту (сауықтыру) жоспары», «Оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары», «оңалту (сауықтыру) жоспарында», «оңалту (сауықтыру) жоспарына», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарында» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.



1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы           Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру


                              бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi
                              кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi -
                              Бағдарлама)

Әзiрлеу үшiн негiздеме        Қазақстан Республикасының Президентi


                              Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда
                              «Нұр Отан» ХДП-ның ХIII съезiнде берген
                              тапсырмасы. Кәсiпкерлiк мәселелерi
                              жөнiндегi бiрыңғай үйлестiру кеңесi
                              отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы
                              хаттамасы

Бағдарламаны әзiрлеуге        Қазақстан Республикасы Қаржы


және iске асыруға             министрлiгi
жауапты мемлекеттiк
орган

Бағдарламаның мақсаты         Бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың


                              төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру

Бағдарламаның мiндеттерi      Жұмыс iстеп тұрған бәсекеге қабiлеттi


                              өндiрiстердi сауықтыру (оның iшiнде
                              қаржылық). Барынша мүмкiн жұмыс
                              орындарының санын сақтау.

Iске асыру мерзiмi            2011 - 2016 жылдар

Нысаналы индикаторлары        Бағдарламаға қатысушы - бәсекеге
                              қабiлеттi кәсiпорындардың төлем
                              қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру.
                              Индикаторлардың 2016 жылға дейiнгi
                              сандық көрсеткiштерi кейiннен
                              Бағдарламаға толықтырулар енгiзе
                              отырып, Бағдарламаның екiншi кезеңiн
                              iске асыру нәтижелерi бойынша
                              анықталатын болады.

Қаржыландыру көздерi          2011 - 2016 жылдарға арнаған


мен көлемдерi                 республикалық бюджет қаржыландыру
                              көзi болып табылады, оның iшiнде 2011
                              жылға - 8,756 млрд. теңге. Алдын ала
                              бағалау бойынша:
                              барлық әлеуеттi қатысушылар
                              Бағдарламаға қатысқан,
                              барлық оңалту (сауықтыру) жоспарларының
                              мерзiмi ең жоғары болған (5 жыл),
                              барлық оңалту (сауықтыру) жоспарлары
                              кредиттер бойынша сыйақы ставкасын
                              субсидиялауды талап еткен кезде ең
                              пессимистiк сценарий бойынша шығыстар
                              145,404 млрд. теңгеге дейiн болуы
                              мүмкiн.
                              Осыларға жол берудi нақты бағалау осы
                              шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейiн
                              айтарлықтай қысқартуды болжамдауға
                              мүмкiндiк бередi.
                              Сондықтан 2012 - 2016 жылдарға арналған
                              республикалық бюджеттен қаржыландыру
                              сомасы жоспарлы кезеңге арналған тиiстi
                              бюджеттердi қалыптастыру кезiнде
                              нақтыланатын болады.

2. Кiрiспе

      Әлемдiк экономикадағы дағдарыс көрiнiстерiнiң салдарынан бүгiнгi таңда бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың бiр бөлiгi кредиттердi және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушiлер, инвесторлар мен контрагенттер алдында мiндеттемелердi орындамау, салықтық мiндеттемелердi орындамау қаупiн туындатып, банктердiң несие қоржынына терiс әсер етедi.


      Өз кезегiнде банк активтерi сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемiнiң, шығындардың, капиталға қысымның өсуiне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкiндiгiнiң қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесiнде экономиканың өсiмiн тежейдi.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезiндегi өзiнiң сөзiнде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өттi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiмен бiрлесiп, дағдарыстан кейiнгi қалпына келтiру бағдарламасын әзiрлеудi тапсырды.
      Өз сөзiнде Мемлекет басшысы осы мәселенi шешу екi бағыт бойынша - бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыруға көмек көрсету және қаржы жүйесiн сауықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиiс деп айқындап бердi.
      Сондықтан Экономиканы дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасында бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру жөнiндегi және Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөнiндегi кеңес шеңберiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiмен бiрлесiп әзiрлеген қаржы жүйесiн сауықтыру жөнiндегi екi бөлiк көзделедi.
      Осы Бағдарлама берешегi 4,5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру мақсатында әзiрлендi.
      Берешегi осы сомадан кем болатын бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберiндегi мемлекеттiк қолдауды пайдалана алады.
      Қаржы жүйесiн сауықтыру үшiн кредиттiк портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ететiн ең үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес меншiктi капиталдың жеткiлiктi болуы жөнiндегi талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешенi қабылданатын болады.
      Мемлекет басшысы кәсiпорындарды сауықтырудағы мемлекеттiң қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсiпорындардың өсу стратегиясына көшуi үшiн көрсетiледi деп айқындады.
      Кейiннен өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiрген кәсiпорындар «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға қатыса алады.
      Бағдарламаның қолданысы кәсiпорындарды сауықтыру кезiнде тараптардың ерiктiлiгi, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиiмдiлiк пен жүйелiлiк қағидаттарына негiзделген.
      Ерiктiлiк қағидаты кәсiпорынның Бағдарламаға өтiнiммен қатысуына сайып келедi.
      Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсiпорынды сауықтыру жөнiндегi iс-шаралар кредит берушiлердiң, меншiк иелерi мен мемлекеттiң бiрлескен және көрсетiлетiн қолдау келемiмен мөлшерлес күш-жiгерiмен жүзеге асырылуға тиiс екенiн бiлдiредi.
      Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеу рәсiмдерi мен нәтижелерiн баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның iске асырылуы үшiн мемлекеттiк және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдында есеп беруiне негiзделедi.
      Жариялылық қағидаты қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимдi қамтамасыз етудi ескере отырып, мемлекеттiк органдардың қызметiндегi барынша ашықтықты және мемлекеттiк қолдау нәтижелерiн мiндеттi түрде жариялауды бiлдiредi.
      Тиiмдiлiк және жүйелiлiк қағидаты мемлекеттiк қолдау оңалту (сауықтыру) жоспарында айқындалған мерзiмге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын бiлдiредi.
      Бағдарламаға «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының ережелерiне сәйкес орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын, қызметiн өндiрушi өнеркәсiп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекi өнiмiн өндiретiн кәсiпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсiпорындар қатыса алады.
      Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.
      Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келiсiмдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрайтын немесе одан асатын сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей жасалуы тиiс (2011 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей туындаған бұрын қабылданған мiндеттемелердi қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледi деген негiздер болуы тиiс.
      Егер холдинг құрамына берешек бойынша критерийдi қоспағанда, жоғарыда көрсетiлген критерийлерге сәйкес келетiн кәсiпорын кiрген жағдайда және бұл ретте холдинг бойынша жиынтық берешек 4,5 млрд. теңгенi құраса немесе одан жоғары болса, онда осы кәсiпорынның  Бағдарламаға қатысуға құқығы бар.
      Бағдарламаға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешiмiнiң негiзiнде оңалту рәсiмi қолданылған, жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн кәсiпорындар қатыса алады.
      Бағдарламада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      Сауықтыру кеңесi - мүдделi мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкiлдерiнен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен қалыптастырылған консультациялық-кеңесшi орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Сауықтыру кеңесiнiң төрағасы болып табылады. Сауықтыру кеңесiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Сауықтыру кеңесi туралы ережемен реттеледi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады.
      Салалық органдар - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi және басқалар.
      Оңалту (сауықтыру) жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және кредит берушiлердiң талаптарын өтеу кестесiн, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелердi, пайдаланылатын ресурстарды және ықтимал тәуекелдердi қоса алғанда, iске асыру мерзiмiн көрсете отырып, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредит берушiлер, бiртектi кредит берушiлер арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын өзара байланысты iс-шаралар кешенi.
      Кредит берушiлер комитетi - еңбекақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жөнiндегi кредит берушiлердiң, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi кредит берушiлердiң өкiлдерiнен, кредит берушi - мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ кәсiпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушiлердiң өкiлдерiнен қалыптастырылған алқалы орган.
      Консультанттар - әлеуеттi қатысушылардан және олардың кредит берушiлерiнен және меншiк иелерiнен тәуелсiз, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу үшiн Кредит берушiлер комитетi таңдаған адамдар.
      Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi.
      Сауықтыру — кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру.
      Кәсiпорын - акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсiпкерлiк субъектiсi.
      Холдинг - ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамай, акцияларының бақылау пакеттерi мен қатысу үлестерi бiр меншiк иесiне тиесiлi немесе бiр қаржы ұйымының алдындағы бiрыңғай кредиттiк желi бойынша немесе шартпен бiрiккен компаниялар тобы.
      Әлеуеттi қатысушы - Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысуға ниет бiлдiрген кәсiпорын.
      Әлеуеттi қатысушының өтiнiшi - Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы белгiлеген нысанға сәйкес әлеуеттi қатысушы толтыратын құжат.
      Сауықтыру кеңесiнiң қорытындысы - әлеуеттi қатысушыны оңалту (сауықтыру) жоспарын талдауға негiзделген және оны негiзге алған Сауықтыру кеңесiнiң әлеуеттi қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешiмi.
      Қатысушы - Сауықтыру кеңесiнiң оң қорытындысын алған әлеуеттi қатысушы.
      Стратегиялық инвестор:
      оңалту (сауықтыру) жоспарымен корреспонденцияланатын жеке инвестициялық бағдарламаны iске асыру шарттарында дауыс беретiн акциялардың және/немесе акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының кемiнде он пайызын құрайтын оңалту (сауықтыру) жоспарын iске асыру шеңберiнде шығарылған акциялар пакетiнiң он және одан асатын пайызын сатып алуға мүдделi инвестор;
      жеке инвестициялық бағдарламаны iске асыру және/немесе серiктестiктiң жарғылық капиталына қосымша салым енгiзу шарттарында жарғылық капиталдың 10 және одан астам пайызы мөлшерiнде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысу үлесiн сатып алуға мүдделi инвестор.
      «Мониторинг жөнiндегi консалтингтiк компаниялар - қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларын iске асыру мониторингiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Уәкiлеттi орган тартатын компаниялар.
      Сараптау қорытындылары - кәсiпорындардың Бағдарлама талаптарына сәйкестiгiне салалық органдардың қорытындылары.
      Субсидиялау жөнiндегi оператор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған ұйым, оған:
      қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде ақша қаражатын, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды аудару;
      пайыздық ставканы субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаны iске асыру мониторингi жөнiндегi мiндеттер жүктелген.
      Ескерту. 2-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355, 2012.08.02 № 1016 Қаулыларымен.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Дағдарыс жағдайында мемлекет өзiне экономикалық үдерiстердi тұрақтандырушы рөлiн қабылдады, екiншi деңгейдегi банктерге, шағын және орта бизнес субъектiлерiне, құрылыс саласы компанияларына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсеттi.


      Мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыру үшiн қомақты бюджет қаражаты және Ұлттық қор қаражаты оқшауландырылды.
      Тұрақты жұмыс орындарының жұмыс iстеп тұрғандарын сақтау және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикiзаттық емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде мынадай:
      жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
      кәсiпкерлiк секторды сауықтыру;
      экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қолдау бағыттары бойынша банктiң сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектiлерiне қолдау көрсетiледi.
      Сонымен бiрге, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараты бойынша әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын жекелеген кәсiпорындар да кредиттердi өтеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды сезiнiп отыр.
      Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық мiндеттемелерiн орындауға терiс әсер етуi мүмкiн.
      Бұл кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң Қазақстан экономикасы үшiн маңызды мәнi бар екенiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.
      Әлемдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай, қаржы-экономикалық дағдарыстардың салдарын жою мемлекет тарапынан ауқымды қолдаумен сипатталады.
      Мәселен, Түркияда 2001 жылғы ақпанда басталған қаржы-экономикалық дағдарыс 1990 жылдар iшiнде болған дағдарыстардың тұтастай легiмен салыстырғанда ең ауыры болды және экономикаға анағұрлым нұқсан келтiрдi. Нәтижесiнде мемлекетке қомақты қаражат жұмсай отырып, 21 жеке банкке интервенцияны жүзеге асыруға және 4 iрi мемлекеттiк банктi қайта құрылымдауды жүргiзуге тура келдi. Реформа басында корпоративтiк берешек еленбеген едi, бiрақ шетелдiк валютада қарыздары бар iрi түрiк корпорациялары дағдарысқа жауап ретiнде түрiк лирасының өте құнсыздануы салдарынан ауыр жағдайда қалды.
      Осылайша, түрiк үкiметiне корпоративтiк сектор берешегiнiң проблемасын ерiктi қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру жолымен шешуге тура келдi. Банктер мен компаниялар арасындағы қайта құрылымдаудың бейресми рәсiмi немесе соттан тыс әлемдiк мәмiлелер дауаларды шешу бойынша ең табысты және кеңiнен қолданылатын әдiстер болып табылады.
      Ерiктi қайта құрылымдау бағдарламасының сипаттамалары:
      негiзгi кредит берушiлердiң соттан тыс қайта құрылымдауды жүргiзу мүмкiндiгiн қарастыруға әзiрлiгi;
      кредит берушiлер компанияның ұзақ мерзiмдi тыныс-тiршiлiгiне қатысты тәуелсiз сараптамаға бастамашылық ете алады;
      сараптама кезiнде кредит берушiлер компанияға өз қызметiн қалыпты режимде жүзеге асыру мүмкiндiгiн бере отырып, өнiм берушiлер мен клиенттердiң сенiмдiлiгiн қолдайтындай дәрежеде қолдау көрсетуге және өндiрiс үдерiсiне араласпауға келiсiм бiлдiредi;
      тәуелсiз сараптама нәтижелерiне негiзделе отырып, компанияның негiзгi кредит берушiлерi ұзақ мерзiмдi қолдаудың шарттары мен қажеттiлiгiн бiрге шешедi;
      үдерiстi жылдамдату үшiн жетекшi банктi және кредит берушiлер комитетiн құруға болады;
      бiр санаттың iшiндегi кредит берушiлер арасында шығындарды тең дәрежеде бөлу талаптарының бастапқылығын тану;
      егер кредит берушiлер компания ұзақ мерзiмдi перспективада шын мәнiнде өмiршең деп анықтаса, олар пайыздың мерзiмiн ұзарту, кредиттiң кезеңiн ұзарту, одан әрi қаржы беру немесе компанияның үлесiн сатып алу сияқты неғұрлым ұзақ мерзiмдi қаржылық қолдау шараларын ұсына алады.
      Стамбул ұстанымы - Нормативтiк база мен құрылым. 2001 жылы Түркияда лондондық ұстанымға негiзделген қайта құрылымдаудың ерiктi заңды емес бағдарламасы әзiрлендi. Шығыс Азиядағы дағдарыс тәжiрибесiнiң негiзiнде жасалған Стамбул ұстанымы деп аталған бағдарлама осы бағдарламаның жұмыс iстеуi үшiн қажеттi салықтық бастамаларды реттеп қолдануға бағытталды. Осы элементтер Қазынашылық пен Қаржы министрлiгiнiң күштi қолдауын талап еттi.
      Банк секторын реттеу және қадағалау агенттiгi 2002 жылы банктердi үйлестiрудi қайта құрылымдауды қолдауға провизиялардың түсiнiктi қағидаларын белгiледi. Келiсiмге 34 коммерциялық банк, банктiк емес қаржы делдалдары, сондай-ақ мемлекеттiк банктер қол қойды.
      Стамбул ұстанымын iске асыру. Үкiмет 2002 жылғы 1 маусымда бағдарламаның басталғаны туралы жария еттi. Бiрақ оны iске асыру жұмыс iстемейтiн кредиттердi қайта құрылымдау және банктердi қайта капиталдандыру аяқталатын қыркүйектiң аяғына дейiн кейiнге қалдырылды. Сол уақытқа капиталдандырылған банктердiң банктердi қайта капиталдандыру және барлық провизиялық кредиттердi жинақтау үшiн қажеттi бастамалары болуы тиiс болатын. Банктер сондай-ақ одан әрi ұзарту мүмкiндiгiмен үш жылға арналған Бағдарламаның бiр бөлiгi болған салықтық жеңiлдiктердi пайдалана алды.
      Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде үздiк әлемдiк практиканы ескере отырып, Қазақстанның орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн және жұмыс орындарын сақтау мақсатында оларға қолдау көрсеткен жөн.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары
және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарламаның мақсаты

      Бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      Бағдарламаға қатысушы - бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру;
      2016 жылға дейiнгi индикаторлардың сандық көрсеткiштерi Бағдарламаға кейiннен толықтырулар енгiзе отырып, Бағдарламаның екiншi кезеңiн iске асыру нәтижелерi бойынша анықталатын болады.

Мiндеттерi

      1. Жұмыс iстеп тұрған бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi сауықтыру (оның iшiнде қаржылық);
      2. Жұмыс орындарының барынша мүмкiн санын сақтау.

Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi



      1. Мыналар 2016 жылы Бағдарламаның негiзгi сандық және сапалық нәтижелерiне айналады:
      Бәсекеге қабiлеттi шамамен 30-50 кәсiпорынды сауықтыру;
      Бағдарламаға қатысушы кәсiпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемiнде 70 пайызын сақтау.
      2. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтиже
көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге органдар:
      Сауықтыру кеңесi;
      Уәкiлеттi орган;
      Меншiк иелерi;
      Бағдарламаға қатысушылар;
      Кредит берушiлер комитетi;
      Субсидиялау жөнiндегi оператор.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      3. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi.
      Бағдарламаны iске асыру тетiктерi Бағдарламаға қатысушы кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiн талдауға, барлық мүдделi тараптарға көлемi жағынан мөлшерлес қолдау көрсету кезiнде Бағдарламаға қатысушы әрбiр жеке кәсiпорын бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге және орындауға сүйенедi.
      Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысуға өтiнiш бергенге дейiн кәсiпорын меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) шешiмi негiзiнде кредит берушiлерге жүгiнедi және олармен өзiнiң Бағдарламаға қатысу мүмкiндiгiн келiседi.
      Егер талап ету құқықтары жиынтықта берешек сомасының (салық берешегiн қоспағанда) 85 және одан астам пайызын құрайтын кредит берушiлердiң (салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi кредит берушiлердi қоспағанда) оң шешiмдерi алынса, кәсiпорын өзiнiң Бағдарламаға қатысуын келiстi деп есептеледi.
      Кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына оң шешiм қабылданған жағдайда кредит берушiлер Кредит берушiлер комитетiн құрады. Егер талап ету құқықтары берешек сомасының 85 және одан көп пайызын құрайтын кредит берушi болған жағдайда, кредит берушiлер комитетi құрылмауы мүмкiн және шешiмдi осындай кредит берушi қабылдайды.
      Кредит берушiлердiң кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына келiсiмi Кредит берушiлер комитетiнiң шешiмiмен ресiмделедi. Кредит берушiлер комитетiне қатысатын кредит берушiлер кредит берушiлер комитетiне қатысатын кредит берушiлер талаптарының жалпы сомасына талаптар мөлшерiне барабар дауыстар санына ие болады. Мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар), төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн пайыздар, қолдан шығарылған пайда түрiндегi шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредит берушiлер комитетiнде дауыстар санын анықтау мақсаттары үшiн есепке алынбайды.
      Кредит берушiлер кәсiпорынның Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысу мүмкiндiгiмен келiспеген жағдайда кәсiпорын банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сот оңалту рәсiмiн жүргiзу үшiн сотқа жүгiне алады.
      Бағдарламаға қатысуға кредит берушiлердiң келiсiмiн алып, кәсiпорын мыналарды:
      Кредит берушiлер комитетiнiң кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесiн,
      оң сараптау қорытындысын,
      берiлген қарыздарды (кредиттердi) проблемалы қарыздарға жатқызу мүмкiндiгiн растай отырып, қаржы ұйымдарының 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсiпорынның жиынтықта 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауға немесе одан артық болуға тиiс берешегiнiң бар екенi туралы үзiндi көшiрмелерiн не облигацияны ұстаушылар туралы тiркеушiнiң мәлiметiн,
      қатысуға өтiнiш берген күннiң алдындағы кемiнде бiр ай бұрын берiлген кәсiпорын жарғысының және акционерлiк қоғам тiркеушiсiнiң үзiндi көшiрмесiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк үшiн құрылтай құжаттарының үзiндi көшiрмелерiнiң) нотариалды расталған көшiрмесiн қоса бере отырып, белгiленген нысандағы өтiнiшпен Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына жүгiнедi.
      «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешiмiнiң негiзiнде өтiнiш беру сәтiне оңалту рәсiмi қолданылған кәсiпорынның Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысуға өтiнiш беруi сот оңалту рәсiмi шеңберiнде құрылған кредит берушiлер комитетi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген құжаттардан басқа кәсiпорынға оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiледi.
      Әлеуеттi қатысушылардың өтiнiштерiн қабылдау 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылады. Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетiн және холдингке кiретiн бiрнеше кәсiпорын қатысқан жағдайда, сараптамалық қорытындыны алуға және қатысуға құжаттар оларды басқарушы компанияның атынан тапсырылуы мүмкiн.
      Өтiнiш нысанын Жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурстарында орналастырады.
      Сараптау қорытындысын алу үшiн кәсiпорын салалық органдарға жүгiнедi. Сараптау қорытындысын салалық органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бередi.
      Салалық органдардың сараптау қорытындысы мыналарды қамтиды:
      кәсiпорынның орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатынын:
      қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны елуден астам, бiрақ екi жүз елу адамнан аспайтын немесе бiр жылдағы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратынын,
      қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны екi жүз елу адамнан астам немесе бiр жылдағы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз жиырма бес мың есесiнен асатын жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратынын растау;
      кәсiпорын салалық органдар әзiрлеген критерийлерге сәйкес жүйе құрушы болып табылатынын растау;
      кәсiпорын қызметiн өнеркәсiптiң өндiрушi, сондай-ақ алкоголь және темекi өнiмдерiн өндiрушi салаларында жүзеге асырмайтынын растау.
      Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы ұсынылған құжаттардың толықтығы және дұрыстығы тұрғысынан оларды 5 жұмыс күнi iшiнде қарайды және кәсiпорынды екiншi кезеңге қатысуға жiберу немесе керi қайтаруы туралы шешiм шығарады.
      Екiншi кезең консультанттардың оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуiмен, оны Кредит берушiлер кеңесiнiң бекiтуiмен, Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органының талдауымен және Сауықтыру кеңесiнде қараумен тұжырымдалады.
      1) Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу үшiн әлеуеттi қатысушы Кредит берушiлер комитетi таңдайтын консультантты тартады.
      Консультант мынадай жағдайларда тартылмайды:
      әлеуеттi қатысушы берешегiнiң барлық сомасының 85 пайыздан астамы үлесiне келетiн негiзгi кредит берушi болған кезде. Бұл ретте оңалту (сауықтыру) жоспарын әлеуеттi қатысушы негiзгi кредит берушiмен бiрлесiп әзiрлейдi;
      егер әлеуеттi қатысушыға сот оңалту рәсiмi қолданылған болса.
      Консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге арналған 50 пайыз мөлшерiндегi шығыстар республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылады, бұл ретте әрбiр әлеуеттi қатысушыны қоса қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 пайызынан немесе 35 млн. теңгеден аспауға тиiс.
      2) Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу үшiн консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды алу үшiн әлеуеттi қатысушы уәкiлеттi органға әлеуеттi қатысушы мен консультант арасында жасалған оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге арналған шартты қоса бере отырып, Уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес жасалған өтiнiмдi жiбередi.
      Өтiнiмде Кредит берушiлер комитетi оңалту (сауықтыру) жоспарымен келiспеген, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеу мерзiмiнен асып кеткен, Сауықтыру кеңесiнiң терiс қорытындысы алынған немесе қатысушы Бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуеттi қатысушының республикалық бюджеттен жiберiлген қоса қаржыландыру сомасын қайтару мiндеттемесi көзделедi.
      Уәкiлеттi орган консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтiнiмдi алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген сома негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады.
      3) Оңалту (сауықтыру) жоспарын консультант немесе әлеуеттi қатысушы негiзгi кредит берушiмен бiрлесiп оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге шарт жасасқан күннен немесе екiншi кезеңге тиiсiнше қатысуға жiберiлгеннен бастап 6 айдан аспайтын мерзiмде әзiрлейдi және оны Кредит берушiлер комитетi бекiтедi, ол:
      кәсiпорынның ағымдағы қаржылық жай-күйi мен оның қалыптасуы себептерiнiң сипаттамасын;
      кәсiпорынның кредит берушiлерi мен меншiк иелерi қабылдайтын шараларды;
      мемлекеттiк қолдаудың қажеттi болжамды шараларын (көлемi, мерзiмi, кестесi және тағы басқалар);
      жоспарланатын қаржы-экономикалық көрсеткiштер негiзiнде жасалған кредит берушiлер берешегiн өтеу кестесiн;
      әлеуеттi қатысушының кредит берушiлерi арасында аффилиирленген тұлғалардың болуы туралы мәлiметтердi;
      қызметiнiң қаржы-экономикалық және өндiрiстiк көрсеткiштерiнiң болжамын;
      күтiлетiн нәтиженi;
      күтiлетiн тәуекелдердi;
      функционалдық бюджеттердi (мысалы: инвестициялар, маркетинг бюджетi, еңбек бойынша жоспар, салықтар бюджетi және басқалар) қоса бере отырып, оларға енгiзiлген деректердi мiндеттi түрде егжей-тегжейлi сипаттай отырып, қаржы-экономикалық модельдi (қаржылық есептiлiктiң негiзгi форматтарының (кiрiстер мен шығыстардың бюджетi, ақша қозғалысының бюджетi, теңгерiм парағының бюджетi) болжамын қамтитын MS Excel форматындағы құжат) қамтиды.
      Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетiн және холдингке кiретiн бiрнеше кәсiпорын қатысқан жағдайда, холдинг бойынша холдингке кiретiн әр кәсiпорын бойынша жоғарыда аталған талаптар көрсетiлген бiрыңғай оңалту (сауықтыру) жоспары әзiрленуi мүмкiн.
      Өтiнiш берген сәтте соттың оңалту рәсiмi қолданылған кәсiпорынның оңалту (сауықтыру) жоспары заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген, қолда бар оңалту жоспарын ескере отырып әзiрленуi мүмкiн.
      4) Әзiрленген оңалту (сауықтыру) жоспарын әлеуеттi қатысушының Кредит берушiлер комитетi бекiтедi.
      Кредит берушiлер комитетi бекiткен оңалту (сауықтыру) жоспары белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда Сауықтыру кеңесi кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуынан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы немесе әлеуеттi қатысушының кредит берушiлер комитетi консультант қызметiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсiмiне бастамашылық етуi мүмкiн.
      Кәсiпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке өндiрiп алуға жатады.
      5) Әлеуеттi қатысушы оңалту (сауықтыру) жоспарын Кредит берушiлер комитетiнiң оңалту (сауықтыру) жоспарын бекiту туралы шешiмiнiң көшiрмесiмен қоса Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органына ұсынады.
      6) Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы оңалту (сауықтыру) жоспары келiп түскен күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде:
      әлеуеттi қатысушының бюджетке төлейтiн төлемдерi бойынша қалыптасқан «төлем тарихы» туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
      меншiк иесiнiң, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдiгiн бағалау бөлiгiнде оңалту (сауықтыру) жоспарын және оның тиiмдiлiгiн талдайды.
      Меншiк иесiнiң, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдiгiн бағалау бөлiгiнде оңалту (сауықтыру) жоспарын және оның тиiмдiлiгiн талдау тараптар қолдауының келтiрiлген таза құнының есебiн пайдалану негiзiнде әзiрленген және уәкiлеттi орган бекiткен әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Оңалту (сауықтыру) жоспарының тиiмдiлiгi деп мыналар ұғынылады:
      сауықтыру жоспарының бюджеттiк тиiмдiлiгi;
      сауықтыру жоспарының әлеуметтiк тиiмдiлiгi (жұмыс орындарын барынша сақтап қалу);
      кәсiпорынның төлемге қабiлеттiлiгiн, кейiннен қаржылық тұрақсыздыққа жол бермеу және кредит берушiлер алдындағы өз мiндеттемелерiн уақтылы орындау қабiлетiн қалпына келтiру.
      7) Жүргiзiлген жұмыс қорытындылары бойынша Жұмыс органы әлеуеттi қатысушының досьесiн қалыптастырып, Сауықтыру кеңесiнiң қарауына жiбередi, онда:
      әлеуеттi қатысушының өтiнiшi;
      оң сараптау қорытындысы;
      қаржы ұйымдарының үзiндi-көшiрмелерi;
      оңалту (сауықтыру) жоспары;
      кредит берушiлердiң оңалту (сауықтыру) жоспарын бекiту туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
      меншiк иесi, кредит берушiлер және мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдiгiн бағалау бөлiгiнде оңалту (сауықтыру) жоспарын талдау нәтижелерi;
      оларға қатысты соттың оңалту рәсiмi қолданылған кәсiпорындар бойынша - кәсiпорынға оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi қамтылады.
      8) Сауықтыру кеңесi Бағдарламаға әлеуеттi қатысушының мәлiметiн Жұмыс органы енгiзген күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қарайды және 15 жұмыс күнi iшiнде Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органының интернет-ресурстарына орналастыруға жататын шешiм қабылдайды.
      9) Сауықтыру кеңесiнiң терiс қорытындысын алған әлеуеттi қатысушы бойынша Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы немесе әлеуеттi қатысушының Кредит берушiлер комитетi консультант қызметiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсiмiне бастамашылық етуi мүмкiн.
      Кәсiпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметтерiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке өндiрiп алуға жатады.
      Екiншi кезеңнiң қорытындысы бойынша әлеуеттi қатысушы мәртебесiн алады.
      10) Бағдарламаға қатысушылар Кредит берушiлер комитетiнiң шешiмi бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi мүмкiн, бұл ретте оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар кредит берушiлердiң және меншiк иелерiнiң тарапынан қолдау шараларының көлемiн азайтуды көздемейдi.
      Өзгертiлген және (немесе) толықтырылған оңалту (сауықтыру) жоспары оны кейiннен Сауықтыру кеңесiнде қарау және мақұлдау үшiн тиiстi өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды бекiту туралы Кредит берушiлер комитетi шешiмдерiнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына ұсынылады.
      Егер мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұлғаймаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушының кредиторлары мен меншiк иелерi оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзбестен қосымша қолдау шараларын көрсете алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355, 2012.08.02 № 1016 Қаулыларымен.
      4. Қолдау шаралары.
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде кәсiпкерлiк секторды сауықтыру бiрнеше қолдау құралын пайдалана отырып жүзеге асырылады, олар оңалту (сауықтыру) жоспарында көрсетiлiп, жауапкершiлiк блоктарына бөлiнедi:
      1) кредит берушiлер тарапынан қолдау:
      берешектiң бiр бөлiгiн есептен шығару (негiзгi борыш, сыйақылар, тұрақсыздық айыбы);
      банктердiң күмәндi және үмiтсiз қарыздарды екiншi деңгейдегi банктердiң күмәндi және үмiтсiз талаптарын басқару және (немесе) кейiннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендiру үшiн оларды сатып алу жөнiндегi еншiлес ұйымға беруi;
      төлемдi өтеу кестесi мен мерзiмдiлiгiн өзгерту;
      қаржыландыру мерзiмiн ұлғайту, негiзгi борыш бойынша жеңiлдiк кезеңiн ұлғайту;
      инвестициялық кезеңдi аяқтау мақсатында жобаны түгел қаржыландыру;
      қарызды қайта құрылымдаудың өзге де тәсiлдерi;
      стратегиялық инвестор iздестiру және қатысушыны бағалау;
      2) кәсiпорынның меншiк иесi тарапынан қолдау:
      кәсiпорынның акционерлiк (жарғылық) капиталын ұлғайту;
      кредит берушiлер алдындағы қарыз толық өтелгенге дейiн кәсiпорынның таза пайдасын қатысушылар арасында бөлмеу;
      инвестор iздестiруге Мандат беру;
      кәсiпорынның бизнес-үдерiстерiн оңтайландыру;
      берешектi қайта құрылымдаудың шарттарын орындау бойынша кредит берушiлерге толық көмек көрсету (кредиттiк құрылымды күшейту);
      iске асыру жөнiндегi келiсiлген жоспарлардың және мәлiмделген рентабельдiлiктiң орындалуын қамтамасыз ету;
      акциялар пакетiн/жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн сатуға келiсу;
      кәсiпорында тәуекел-менеджердi немесе қаржылық бақылаушыны енгiзуге келiсу;
      заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қолдау шаралары;
      3) мемлекеттiк қолдау:
      қазiргi бар қарыздар (кредиттер) және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялау;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмiн ұзарту;
      салықтық преференциялар беру;
      стратегиялық инвестор iздестiруде көмек көрсету;
      4 жылға дейiнгi мерзiмге кепiлдендiрiлген тапсырыс беру;
      олардың кәсiпорынды сауықтырудағы қатысу дәрежесiн ескере отырып, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң ақша қаражатын екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерге орналастыру бойынша шаралар қолдану.
      Мемлекеттiк қолдау шараларын беру былайша жүзеге асырылады.
      Кәсiпорын кредиторлар комитетiнiң кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуға келiсетiнi туралы шешiмiнiң және Сауықтыру кеңесiнiң (оларға қатысты сот оңалту рәсiмi қолданылған кәсiпорындардан басқа) шешiмiнiң көшiрмелерiмен қоса кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сотқа арыз жолдайды.
      Сот кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы шешiмi алынып, ол Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына ұсынылғаннан кейiн ақша түрiндегi мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi және уәкiлеттi органның, Бағдарламаға қатысушының, меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң), субсидиялау бойынша оператор мен кредиторлардың арасында жасалатын келiсiмдерде ресiмделедi.
      Кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмi ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылмайды. Сауықтыру кеңесi қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешiм қабылдайды. Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы немесе әлеуеттi қатысушының кредиторлар комитетi консультант қызметiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсiмiне бастамашылық етуi мүмкiн.
      Кәсiпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметiнiң құнын төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкрот туралы заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке өндiрiп алуға жатады.
      Кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмi болмаған кезде мемлекеттiк қолдау шаралары егер Бағдарламаның осы бөлiмiнiң 5-тармағында көзделген түзетулер кәсiпорын Бағдарламаның қатысушысы деп танылғанға дейiн қабылданбаған жағдайда, мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылмайды. Бұл ретте, жоғарыда көрсетiлген түзетулер қабылданғаннан кейiн қатысушы кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сотқа арыз жолдайды.
      Кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша купонды субсидиялауды қаржыландыру үшiн қажеттi ақшалай қаражатты жоспарлауды, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау және консультанттардың қызметтерiн қоса қаржыландыру бойынша бюджеттiк бағдарламаларды әкiмшiлендiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Пайыздық ставканы субсидиялау.
      Пайыздық ставканы субсидиялау тек қана кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялардың купоны бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидияланатын қарыздардың (кредиттердiң) жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауға немесе одан көп болуға және олар бойынша игеру 2011 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей басталған болуға тиiс (доллар бағамы Бағдарлама iске асырылатын бүкiл кезеңге 2011 жылғы 1 қаңтардағы мән деңгейiнде тiркелiп қалады).
      Субсидиялау инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мiндеттемелердi қоспағанда, оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес қаржылай кредит берушiлердiң мiндеттемелердi қайта құрылымдауының мiндеттiлiгi шарттарымен берiледi.
      Субсидиялау қызметтiң негiзгi түрiмен байланысы жоқ, коммерциялық жылжымайтын мүлiк сатып алуға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      Субсидиялау мерзiмi 5 жылға дейiн, субсидия мөлшерi - жылдық 7 пайызға дейiн.
      Бұл ретте субсидиялау жөнiндегi оператор және қаржы ұйымдары қандай да бiр комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдердi алмайды.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда ол болашақ субсидиялар есебiне жатқызылады, ал терiс бағамдық айырма жағдайында - өтеу Бағдарламаға қатысушының қаражатыесебiненжүзегеасырылады.

Субсидиялау қатысушының қарыздарды (кредиттерді) өтеу кестесіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.


      Субсидиялау Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 1031 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
     Салықжәнебюджеткетөленетiнбасқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмiн ұзарту және салықтық преференциялар беру.
      Мерзiмiн ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қалыптасқан берешек бойынша өсiмпұл есептеу жүргiзiлмейтiн 3 жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн.
      Көрсетiлгенмен қатар Бағдарламаға қатысушылар Салық кодексiнде белгiленген инвестициялық салықтық преференцияларды және басқа да салықтық жеңiлдiктердi пайдалануы мүмкiн.
      Бағдарламаға қатысушылар салық органдарын өздерiнiң Бағдарламада қатысатыны туралы хабардар етедi.
      Стратегиялық инвестор iздестiруде көмек көрсету.
      Кәсiпорынның капиталына кiру үшiн стратегиялық инвестор iздестiруде көмек көрсету осы мәселенi негiзгi кредит берушiмен немесе қазақстандық даму институттарының қызметi шеңберiнде қалыптастырылған кредит берушiлер комитетiмен мiндеттi түрде келiсу шартымен жүзеге асырылады. Осы қолдау шарасын iске асырудың тиiмдiлiгi мақсатында Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы Бағдарламаға қатысушылардың кредит берушiлерi мен қазақстандық даму институттарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      4 жылға дейiнгi мерзiмге кепiлдендiрiлген тапсырыс беру.
      Кепiлдендiрiлген тапсырыс беру мемлекеттiк сатып алу субъектiлерi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алу арқылы 4 жылға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте сатып алынатын тауарлар техникалық ерекшелiктер талаптарына сәйкес болуға тиiс және олардың құны сатып алушылар мәлiмдеген құннан асып кетпеуге тиiс.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң ақша қаражатын орналастыруы жөнiнде шаралар қабылдау.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң басқару органдары арқылы олардың кәсiпорынды сауықтыруға қатысу дәрежесiн ескере отырып, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне уақытша бос қаражатты орналастыруы жөнiнде шаралар қабылданды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.19 № 1355, 2012.08.02 № 1016 Қаулыларымен.
      5. Бағдарламада қойылған мiндеттердi шешу мақсатында банкроттық саласындағы заңнамаға сауықтыру (оңалту) сот рәсiмiн қолдануға қатысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      Кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мараторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу мүмкiндiгi көзделетiн болады.
      Сауықтырудың (оңалтудың) тиiмдi сот рәсiмi үшiн заңнамаға:
      банкроттық (тарату) рәсiмiнен бөлек қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсiмiн енгiзу;
      кредит берушiлердiң келiсiмiмен қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсiмiнде кредит берушiлердiң талабы бойынша топ-менеджменттi ауыстыру мүмкiндiгiмен кәсiпорынды меншiк иесiне қалдыру;
      кредит берушiлер комитетiнiң құрамын кеңейту және оның құрамының тақ болуына қатысты талапты алып тастау;
      кредит берушiлер талабының сомасына қарай дауыс беру кезiнде дауыстарды санаудың қосымша критерийiн енгiзу;
      уәкiлеттi органның құзыретiнен оңалту рәсiмiн енгiзудi келiсу функциясын алып тастау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      Сонымен бiрге салық салу, мемлекеттiк сатып алу салаларындағы, банктер мен банк қызметi туралы заңнамаға мынадай:
      Бағдарламаға қатысушыларға салық берешегiн өтеу мерзiмiн ұзарту;
      банктердiң күмәндi және үмiтсiз қарыздарды екiншi деңгейдегi банктердiң күмәндi және үмiтсiз талаптарын басқару және (немесе) кейiннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендiру үшiн оларды сатып алу жөнiндегi еншiлес ұйымға беруi;
      банктiң еншiлес ұйымына борышкердiң күмәндi және үмiтсiз қарыздарын сауықтыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн немесе банк пен борышкердiң келiсiмi бойынша мерзiмнен бұрын қарыз алушының оны сатып алған күнiнен бастап 1 жыл iшiнде сатылуы тиiс акцияларына (қатысу үлестерiне) айырбасталатын облигацияларына айырбастауға мүмкiндiк беру;
      банкке Бағдарламаға қатысушы қарыз алушыға қойылатын талаптар табысталған еншiлес ұйымының берешегi бойынша осы ұйымның қызметi мерзiмiне тепе-тең провизияларды бiркелкi қалыптастыруын жүргiзу мүмкiндiгiн беру;
      мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамадағы әлеуеттi өнiм берушiлер үшiн белгiленген, - төлемге қабiлеттiлiгi мен мерзiмi үш айдан асқан салық берешегiнiң болмауы - бiлiктiлiк талаптарын Бағдарламаға қатысушыларға қолданбау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Сондай-ақ, ЕЭК шеңберiнде қол қойылған Мемлекеттiк (муниципалдық) сатып алу туралы келiсiмге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар жеткiзетiн белгiлi бiр тауарларды ұлттық режимнен шығару жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау қажет болады.
      Бағдарламаның iске асырылуын әдiснамалық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын Iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
      6. Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын тиiмдi iске асыру мақсатында Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негiзде Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуына кешендi және жүйелi мониторинг жүргiзу үшiн мониторинг жөнiндегi консалтингтiк компанияларды тартады.
      Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингi оны iске асырудың екiншi жылынан бастап сауықтыру бағдарламасының бүкiл мерзiмi бойына жыл сайын жүргiзiлетiн болады.
      Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын мониторингтеу нәтижелерiн жұмыс органы жылына кемiнде бiр рет Сауықтыру кеңесiне шығарады.
      Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын мониторингтеу барысында мүдделi тараптардың оңалту (сауықтыру) жоспарын орындамағаны не сауықтыру (оңалту) жоспарының нәтижелерiне қол жеткiзiлмегенi анықталған жағдайда Сауықтыру кеңесi қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешiм шығарады. Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi ол қабылданған кезден бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Бағдарламаға қатысушыға жеткiзiледi.
      Сауықтыру кеңесiнiң қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешiмiнiң негiзiнде Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн жою туралы өтiнiшiмен сотқа жүгiнедi және оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберiнде, оның iшiнде консультанттардың қызметiне ақы төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражатын өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсiмiне бастамашылық етуi мүмкiн.
      Кәсiпорын банкрот деп танылған жағдайда оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберiнде, оның iшiнде консультанттардың қызметiне ақы төлеудi бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке өндiрiп алуға жатады.
      Бағдарламаны iске асыру барысында субсидиялау жөнiндегi оператор ай сайынғы негiзде пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторинг жүргiзедi және Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмде Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органына ақпарат бередi.
      Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылған салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмiн ұзартудың мониторингiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жұмыс органы бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаның iске асырылу жай-күйiн жария етiп отыруды қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет