Дайына талдау. Swot-анализ



бет2/9
Дата01.03.2024
өлшемі63.62 Kb.
#493640
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектептің даму жоспары1

Негізгі әзірлеуші

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен шығармашылық тобы

Мақсат

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету,сындарлы оқыту теориясы негізінде білім сапасын арттыруға жағдай жасау. «Табысты мектеп» жолында идеяларды жүзеге асыру.

Міндеттері

 - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру;
- білім алу мүмкіндігіне жағдай туғызу;
- білім алу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- білім алушының зияткерлік, рухани - адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
- материалдық - техникалық базаны нығайту;
- педагогикалық білім беруді жаңғырту;
- оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету

Күтілетін нәтижелер

 Мұғалім құзыреттілігін көтеру нәтижесінде мектепті заманауи деңгейге жеткізу.
Критериалды бағалау қолдану арқылы, білім көрсеткіштері жоғарылайды.
Салауатты өмір салтын ұстанған функционалды сауатты, бойында отаншылдық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Мектеп мәдениеті: мұғалім – оқушы– ата-ана қарым-қатынасы жақсарады.
Материалдық- техникалық ресурстармен мектеп базасы толықтырылады.

Іске асыру мерзімдері

 2021– 2026жж.
(2021– 2022жыл) Дайындық
(2022– 2025жыл) Практикалық
(2025 – 2026 жыл) Нәтижелік

Кіріспе.
Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Республикамызда мектептегі білім беру жаңартылған жүйе бойынша іске асып келеді. Мектепті дамыту жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды. Мектептің даму жоспарын жасауда сауалнама қорытындылары бойынша «ата-ана үні», «оқушы үні», «мектеп персоналдарының үнінен» анықталған басымдықтардың бәрін біріктіріп, түзету жолын қарастыратын бір ортақ тақырып таңдау өте маңызды да, жауапты істердің бірі болды. Жетілдіруді қажет ететін сұрақтардың негізінде мектептің даму жоспарының басымдылығы ретінде «Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуі — жеке тұлғаның шығармашылық дамуының негізі» деген басымдық алдық. Себебі, мұғалімдер заманауи талапқа сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқушыларды ынталандыру арқылы өздіктерінен оқу дағдыларын қалыптастырғанда мектепке ата-ананың көзқарасы да өзгеріп, мұғалім ата-ана, мұғалім — оқушы араларында коллаборативті орта қалыптастыру арқылы деген сеніммен. Мектептегі жаңа оқу жылында осы басымдылықтың шешімін табу төңірегінде жұмыстарды атқаруды көздейміз.
Даму жоспарын жасау барысында басымдылықтарды түзету мақсаттарын, табыс критерийін нақтыладық. Мектептің даму жоспарын құруда қарастырылған іс-шаралардың бағыттары: жоспарлау, іске асыру, өзгерістерді бағалау (эвалюациялау) болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет