52. Оқытудың практикалық әдістерінің мәні мен мазмұны



бет1/7
Дата07.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491181
  1   2   3   4   5   6   7
52-63 педагогика


52. Оқытудың практикалық әдістерінің мәні мен мазмұны
Практикалық әдістер бұл мұғалімнің ұйымдастыруымен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін асыратын сөздік, көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады.Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді,еңбекке баулиды.Оқу- тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды.Оқушылар бұрынғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық әдістердің түрлеріне жататындар:
1.Табиғи обьектілерді танып білу және анықтау.
2.Құбылысты бақылап есепке алу.
3.Эксперимент жасау.
Практикалық жұмыстың барысында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеуі керек. Көрнекілік әдісі мен практикалық әдіс кезеңіндегі оқушылардың бақылауының айырмашылығы жер мен көктей.Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді,өлшейді,есептейді келтіреді т.б. Осындай бақылаудың нәтижесінде оқушылар құбылысты дәлелдейтін материалдар жинайды. Осындай бақылаулар және эксперименттер сабақтарды,үйде, экскурсия кезінде, мектептің оқу-тәжірбие учаскісінде жүргізіледі.Оқушылар оны ауызша немесе жазбаша тапсырма бойынша жүзеге асырады.
53. Оқытудың көрнекілік әдістерінің мәні мен мазмұны
Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Көрнекілік әдіс – барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Көрнекілік әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар: плакат, кесте, картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет