Дайындаған: 23-18 тобы Мажитова Лейла



Дата04.04.2024
өлшемі1.25 Mb.
#497656
Мажитова Лейла психо

Дайындаған:

23-18 тобы

Мажитова Лейла


Эмоцияның әр түрлі мәдениеттерде көрінуі мен сезілу
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.Қазақ тіліне аударғанда «эмоция» сөзі – ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады
Кіріспе
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауымен тығыз байланысты.
Эмоцияның сигналдық қызметі – сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі – адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның басқарушы рөлі – Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез құлқын басқаруда эмоция маңызды рөл атқарады.
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Қоғамның назарын ерекше аударып отырған кез келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болмауы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары бағалауына ықпал етеді. Әрбір жеке тұлғаға өзгелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға, анықтауға, өзгелер алдында өзін бекітуге жағдай құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен балалар қарым-қатынасының барысында жүзеге асырылатын үрдіс болып табылады.
Эмоция адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады.
Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субъективтік және заттық мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмауымен байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып жатқан физиологиялық процестер
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
Қорытынды
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒЫ РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет