Дайындаған: Тумархан Рина Компьютерде терген



Дата05.07.2016
өлшемі148.8 Kb.
#179733
Дайындаған: Тумархан Рина

Компьютерде терген: Тумархан Р., Айымбек

Ақерке.


Қолданған әдебиеттер: Белый Ю. А. «Электронные микроаклькуляторы и техника вычислений» - Москва: знание, 1981, Гончаров В. Л. «Вычислительные и графические упражнения» - Москва, 1948, «5000 игр и головоломок» - Моска: Просвещение 1999г. «Математика және физика» - журналы. 2002-2007ж.,

«Сынып жетекші» -журналы, «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары» т.б.



Тақырыбы: Озық ойлы математиктер.

Сайыстың мақсаты:

Сыныптар арасында танымдық білгірлер сайысын өткізе

отырып, оқушылардың пәнге деген көзқарастарын бағалау,

озық оқушыларды ерекше марапаттау. Оқушылардың

интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды

білімділікке, шапшаңдыққа, шабыттылыққа,

инабаттылыққа, сыныптарды досыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу;



Сайыс: 6-8-сыныптар арасында өткізілед

Көрнекіліктер: сызба плакаттар, үлестірмелер, кестелер,

Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка;
Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу,

Топтың атымен таныстыру



«Үшбұрыштар»-6с.,«Конустар»-7с.,«Пирамидалар»-8с.

ІІ. Өткізілетін сайыстың жоспарымен таныстыру:

І бөлім «Бәйге»

ІІ бөлім «Жеті жұмбақ»

ІІІ бөлім «Графиктік сызба»

ІҮ бөлім «Фокус»

Ү бөлім «Компьютер»

ҮІ бөлім «Формула әлемі»

ҮІІ бөлім «Музыкалық шығарма»

ҮІІІ бөлім «Қорытынды»

ІІІ. Негізгі бөлім:

  1. Уа халайық! Халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді ойын жасайық!

Формула шешуін табайық!

Мұнда қызық табылар,

Геометрия тағы бар. –деп:


Қымбатты математиканың жанкүйерлері мен кештікке жиналған қонақтар, сайысқа қатысушылар.Сіздерге бізден қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!!

Бүгінгі «Озық ойлы математиктер» атты кештігімізді бастайық!

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен таныстырайық:

6-сынып жас математиктері «Үшбұрыштар» тобы;

7-сынып жас математиктері «Конустар» тобы;

8-сынып жас математиктері «Пирамидалар» тобы.

Жан күйерлеріміз матемтика пән мұғалімі және тіл мамандары.

Ду қошемет көрсетейік!

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,



Кешіккенді тоспаймыз, - дей келе

І бөлім «Бәйге» сұрақ-жауап (бұл бөлімде әр сыныптарға 5-тен сұрақ қойылады, дұрыс жауаптары үшін 5 ұпайдан беріледі, ойлануға жарты минуттан уақыт беріледі.)
6-сыныпқа сұрақтар:

  1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (нөл саны)

  2. Үшбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (3қабырға, 3бұрыш)

  3. Оң сандар және теріс сандар деп қандай сандарды атайды? (минус және пльюс таңбалы сандарды).

  4. Екі минус таңбалы сандардың көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (пльюс таңбалы сан).

  5. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)


7-сынықа сұрақтар:

  1. Геометри сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу).

  2. Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? (икс)

  3. у=ax² функциясының графиги қандай? (параболла)

  4. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не? (көпмүшені 2 немесе бірнеше көпмүшенің көбейтіндісі түрінде келтіру).

  5. Планиметрия нені зерттейтін ғылым? (жазықтықтағы фигуралады).


8-сыныпқа сұрақтар:

  1. Биссектриса дегеніміз не? (бұрышты қаққа бөлу).

  2. π-дің мәні неге тең? (3,14-ке).

  3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема).

  4. Түбір астындағы 625 тің мәні неге тең? (25-ке).

  5. Градустың 1\60 бөлігі неге тең? (минутқа).


ІІ бөлім: «Жеті жұмбақ» - тіл өнер сайысы. /бұл бөлімде жеті жұмбақтың шешімін табу керек, қай топ жұмбақты тез шешіп, үш тілде аударса 30 ұпайда, екі тілде аударса 20 ұпайдан, 1 тілде ғана айтса 10 ұпайдан беріледі/.


  1. Нәрселеді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

(натурал сан, натуральные число, real)


  1. Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер.

(сегіз саны, восемь, ейт)


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)


  1. Бір бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

(сегіз саны, восемь, ейт)

  1. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар,

Ханы үшін де, жаны үшін де,

Бермейді олар намысын.

(шахмат, шахмат, )

  1. ... жылда ел жаңа.

(елу, пятьдесят, fifty)


  1. Қабат, қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)
ІІІ бөлім «Графиктік сызба» /7-8сыныптар координаталық жазықтықта нүктелерді дұрыс орналастырып сызбаны табыңдар. 6-сынып сиырдың басын екі шырпыны қозғап теріс қаратыңдар/

6-сыныпқа









Берілгені дұрысы

7-сыныпқа 8-сыныпқа

/(0;12), (3;9), (3;0), (3;-3), (5;-3), / (0;0), (-1;1), (-3;1), (-2;2), (-2;3),

(5;-10), (3;-8), (3;-7), (0;-7), (-3;-7), (-3;4), (-3;5), (-4;6), (-1;9), (2;6), (-3;-8), (-5;-10), (-5;-3), (-3;-3), (2;3), (3;4), (3;12), (6;9), (6;8),

(-3; 0), (-3;9)/. (5;9), (4;8), (4;2), (3;1), (3;0),(2;-1),

(2;-7), (3;-8), (1;-8), (1;-1), (-2;-4),

(-2;-5), (-1;-6), (-3;-6), (-3;-3))//..






ІҮ бөлім «Фокус» / бұл бөлімге топ басшылары қатысады/. Ойынның шарты: стакан, сіріңке, қағаз, су құйылған тарелка және оның ішінде тиын салынған. Осы құралдарды пайдаланып,

судағы тиынды қолдарын




суламай алулары керек.
Үбөлім Цифограмма «Компьютер» /мұнда қазіргі заманымызға сай, жыл өткен сайын электроника өрісі, электроникалық есептеуіш машиналар, компьютерлер күнделікті тіршілікте берік орын алуда. Сондықтан мына цифограмманы «Компьютер» деп атадық. Осы цифограммадағы жыпырлаған цифрлардың тілін тауып сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы, әрі математик Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Ол үшін цифрларды қазақ альфавитіндегі әріптердің рет санымен алмастыру керек. Сонда «Бар болмыстың бастамасы - сан» деген сөз шығады.
laptop

ҮІ бөлім «Формула әлемінде» /бұл бөлімде әр сыныпқа шытырман формулалар жазылған парақтар беріледі. Оқушылар формулалардың дұрыс шешімін фламастермен стрелка арқылы көрсеті керек.
ҮІІ бөлім «Музыкалық шығарма» /Бұл бөлімде әр топқа өлең жолдары беріледі, осы өлең жолдарына сай әнін (әуенін) шығарып, тобымен орындап берулері керек.


Пирамидалар тобына:

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа

Есеп білсек жетеміз ғой табысқа

Сайыстарда біз оңай беріспейміз

Тең ойынға тағы да келіспейміз

Жалпы ойын төрінде барлығымыз

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз

Біз «Пирамидалар» тобымыз

Басқа топтан ешқашанда қалмаймыз




Конустар тобына:

Шақырып жарыстарға сан-саналы,

Конустар топ жорғалы жар саламыз.

Ту етіп достықпен татулықты

Қарсылас топтар үшін ән саламыз.

Тобымыз биіктерде шарықтасын

Жеңісіміз көк жүзінде қалықтасын

Жеңіс туы желбіреп алауласын

Жеңісті бізден ешкім алалмасы



Үшбұрыштар тобына:

Білімге толы санамыз

Үшбұрыш тобы боламыз

Есепті біз шешеміз

Оны мақтан етеміз

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз

Қандай сынақ болса да

Біз жеңіске жетеміз.



ҮІІІ бөлім «Қорытынды» әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топтарға марапаттау қағазы мен сыйлықтар берілді.

Музыкалық нөмір.








Тақырыбы: Менің жұлдызды сәтім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жалпы білімдерін тексере отырып, тапқырлар мен білгірлер арасында сайыс өткізу, білімдерін бағалау;

Дамыту: Оқушылардың интелектуалдық ойлау қабілетін, еске сақтау, сөйлеу,ұйымдастырушылық және логикалық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, шапшаңдыққа, шабыттылыққа, инабаттылыққа, болашақты болжай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сайыс сабағы;

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс;

Көрнекіліктер: қолдан сызылған плакаттар, үлестірмелер, кестелер, 1-4 дейінгі нөмірлер;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу, Топтың атын таңдау «Тұлпар», «Сұңқар»;

ІІ. Өткізілетін сайыстың жоспарымен таныстыру:

І кезең «Тапқырлар» сайысы;

ІІ кезең «Білімділік» сайысы;

ІІІ кезең «Танымдық өре» сайысы;

ІҮ кезең «Тұжырымдама» сайысы;

Ү кезең «Қорытынды»

Мұғалім: Ал ендеше сайысымызды бастайық!

Мәнгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек қай топ озар,

Сұрақтарым қиын болсын.

–деп ойынымыздың бірінші кезеңін бастайық. Дұрыс жауап берген топқа

▲, ■, ● геометриялық фигуралар беріледі.
І кезең: «Тапқырлар» сайысы. /Оқушылардың логикалык есептеу қабілетін тексеру/. Ойын шарты: сұрақ қойылғаннан кейін, ойлануға бір минут уақыт беріледі. Тақтада төрт жауаптың біреуі дұрыс, сол жауапты тауып, уақыт біткенде дұрыс жауаптың нөмірін көрсету;

1. Мына фигурада неше үшбұрыш бар?



А) 4; Ә) 10; Б) 12; В) 16.

2. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?

А) Қайрат; Ә) Жанар; Б) Талғат; В) Ажар.

3. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

А) 5 тауық, 10 қоян; Ә) 6 тауық, 9 қоян;

Б) 7 тауық, 8 қоян; В) 8 тауық, 7қоян.

4. Сыныпта бір топ бала бар. Егер олар екеуден отырса бір парта артық қалады, ал егер бір-бірден отырса бір парта жетпей қалады. Сыныпта неше оқушы, неше парта бар?

А) 2 парта, 3 оқушы; Ә) 3 парта, 4 оқушы;

Б) 3 парта, 5 оқушы; В) 4 парта, 7оқушы.


Музыкалық үзіліс: Күй «Ерке сылқым» орындаушы 8-сынып оқушысы Досжан Еркін

Мұғалім: Мұнда ешкім келмеді ермек үшін,

Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.

Келді айтуға көпмүшенің формуласын

Ережесін тақылдатып бермек үшін.



ІІ кезең: «Білімділік» сайысы. /Оқушылардың қысқаша көбейту формулаларының ережелері бойынша еске салу қабілеттілігін арттыру/. Ереженің жалғасын айтыңдар...

  1. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі...

  2. Екі өрнектің қосындысының квадраты...

  3. Екі өрнектің айырмасының квадраты...

  4. Екі өрнектің қоындысының кубы...

  5. Екі өрнектің айырмасының кубы...

  6. Екі өрнектің кубтарының айырмасы...

  7. Екі өрнектің кубтарыны қосындысы...

Сергіту сәті: Екі топ бір-біріне жақсы сөздер айтуы керек. /сендер ақылдысыңдар, алғыр жандарсыңдар, т.б./

ІІІ кезең: «Танымдық өре» сайысы. / Мұнда математика тарихынан сұрақтар. Оқушыларды ескіше математика тілін тани білуге тәрбиелеу/.
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп?


1. Ата-бабаларымыздан ертеден келе жатқан әдет бойынша бір нәрсенің ұзындығын немесе қалыңдығын өлшегенде «шынтақ елі», «бір елі», «сере қарыс», «сынық сүйем» деген өлшемдерді пайдаланды. Сұрақ: осы өлшемдердің ішінен ата-бабаларымыз бөлшек ұғымын қалай атаған?

А) шынтақ елі; Ә) бір елі; Б) сере қарыс; В) сынық сүйем.


2. Теңсіздіктің қазіргі кездегі таңбалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған. Үлкен, кіші (>, <) таңбаларын ағылшын математигі 1631 жылы енгізді. Ол кім?

А) М. Ролль; Ә) Т. Гариот; Б) И. Ньютон; В) К. Гаусс.


ІҮ кезең: «Тұжырымдама» сайысы. Мұнда ойыншылар шешендік өнерден сайысқа түседі. Берілген тақыртарды топ басшылары өздері таңдайды.

Бұл ойыншыларға берілетін тақырыптар:



  1. Қазақстан 2030-жылдарда...

  2. Математиканы не үшін оқимыз...

Бұл бөлімде ойыншыларға ойлауға 3 минут уақыт беріледі. Топтар арасынан бір оқушы ғана сөйлеуге болады. Ойларын айтуға 2 минуттан уақыт беріледі.
Ү кезең. Қорытынды: топтардың жиаған ұпайларын есетеп жеңімпаз топқа марапаттау қазы беріледі. /музыка ойналып тұрады/.

Сынып тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Ән-би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ-бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, қолөнердің үлгілері.

Барысы:

Мұғалім: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі , жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты .
Бүгінгі «Ынтымақты отбасы» сайысына 10 отбасы балаларымен қатысады. Олар бес – бестен екі топқа бөлінеді.

І топтың аты - Бірлік

ІІ топтың аты – Ынтымақ
Ортаға отбасылары шығып өздерін таныстырады. Құрамы 5 адамнан тұратын әділқазылар алқасы сайланады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан-жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті мен ұллтық тәрбиені меңгеруін байқау.

ІІ бөлім: Жаңылтпаш, күлдіргі жұмбақтар сайысы

ІІІ бөлім: «Көңілді аспаздар» ойыны.

2 отбасы картоп тазалау бойынша жарысады.



ІҮ бөлім: «Өнерпаздар» сайысы . Әр отбасының мүшелерін ән айту , күй тарту, тоқу т.б. өз өнерін көрсетуі керек. Сайыс шартына сәйкес әр отбасы өзін таныстырады. Өз қалауы бойынша не өлеңмен, не сөзбен айтады. Бұдан кейін әр отбасы карточка бойынша сұрағын алып, сұраққа 1 минут дайындалып жауап береді.

Ү Қорытынды бөлім:

І бөлім:

1-тапсырма: (жеке карточка) сұрақтарға жауап беру:

1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?

2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз- өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?

3. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт- жораның түрлері қандай?

4.Ұлағаттың ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәні неде?

5.Жеті ғалам дегеніміз не?

6. Жеті қазынаны атаңыз.

7. Жеті атаны таратыңыз.

8. Мына мақалдың мәнін айтып беріңіз.

Қалауыңыз болсын)

а) "Тұлпар тайдан өседі"

ә) "Ана-балаға жастық, әке-көрпе"

б) "Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі"

9. Білімдіден шыққан қай сөзді ұстанасыз?

10. "Ұлым-қызым, саған айтам" дегендей, балаңызға аманат етіп, ғибрат етіп не айтар едіңіз?
2-тапсырма: "Мақал айтсаң-жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың" - демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мына үзік-үзік сөздерден мақал құрасырыңдар. ( жеке карточка)


  1. Ұяда ... үшқанда... (Ұяда не көрсең, үшқандасоны ілесің)

  2. Ата... бала...(Ата-бәйтерек, бала - балжапырақ)

  3. Ер... ез... (Ер бір өледі, ез мың өледі)

  4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же)

  5. Таяқ...сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

  6. Мал... жер...(мал баққандікі, жер жыртқандікі)

  7. Тентек... ақыл...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

  8. Сүйіндіреді... күйіндіреді... ( Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

  9. Мысық... тышқан... (Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)

  10. Мектеп... білім... ( Мектеп- кеме, білім-теңіз)



3-жалпы сұрақ: Қай топ тез жауап береді?

1-топқа: Мал аласы...

Адам аласы...



2-топқа: Адамның қасиеті...

Елдің қасиеті...



4-Кім жылдам?

1-топқа: Не істеуге болмайды?

Оқушының бірі"Жалғастыр" ойыны арқылы шапшаң үн қату үлгісін көрсетеді.

а) Үлкендерге...

ә) бейуақытта...

б) ауызды...

в) есікті...

г) қатты дауыс...

2-топқа: Не істеу керек?

Бір оқушы жылдам жауап берді.

а) Үлкенге...

ә) Аналар мен қыздарды...

б) қателігіңді...

в) досқа...

г) үлкендердің...

ІІ Бөлім

Жаңылтпаш, күлдіргі жұмбақ арқылы 2-топты жарыстыру:

1- жаңылтпаштар:

  1. Шөмеленбеген шөпті кім шөмелейді

Шөмелемей, кім шөмелейді?

  1. Былдыр, былдыр білдір, бүлдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін.

Білгір бұл бүлдіршін,

Білгірлігін білдірсін.


  1. Шөжем деп шешесі бәйек,

Шешем деп шөжесі бәйек.

Шешесі шөжем жесін дейді,

Шөжесі шешем жесін дейді.


  1. Аршабек аршам деп шыршаны,

Шыршабек шырша деп аршаны.

Шатасты күлдіріп баршаны,

Шырша деп, арша деп шаршады.


  1. Бұлбұл қиқылдамайды,

Қырғи қиқылдайды.

Бұл қырда

Ылғи қырғи қиқылдайды.

Бір қырғи қиқылдаса,

Мың қырғи қиқылдайды.


  1. Бұл алқаптағы егінді

Кім ора алар?

-Омар ора алар.

Омар ора алмаса,

Орал ора алар.


Жалпы сұрақ көрерменге: «Мақал – сөз атасы» дегендей бәріңізді мақал-мәтел сайысына шақырамыз

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)

  2. Инемен құдық қазуға бола ма? ( Білім инемен құдық қазғандай).

  3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)

  4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық).

  5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма).

  6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз-қорқақ, қол- батыр).

  7. Етіктің қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышыңнан бас).

  8. Үлкен көз, үлкен сөз болама? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен).

  9. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

  10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).


2-Күлдіргі жұмбақ:

  1. Кім барлық тілді сөйлейді? Жауабы: жаңғырық

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? Жауабы: мысық

  3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой-қиял

  4. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауап: Жоқ – бұл түн мезгілі.

  5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.

  6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші толы бөшкеге.

  7. Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Жауап: түйеқұстар ұшпайды.

  8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? Жауап: 12км жол жүреді.

  9. қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысына тең?

Жауап: 1х2х3=6, 1+2+3=67

  1. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар атайды? Жауап: сенің есімің.

ІІІ бөлім: «Көңілді аспаздар» ойыны.

2 отбасы картоп тазалау бойынша жарысады.


ІҮ бөлім: «Өнерпаздар мен қол өнер» сайысы . Әр отбасының мүшелерін ән айту , күй тарту, тоқу т.б. өз өнерін көрсетуі керек. Сайыс шартына сәйкес әр отбасы өзін таныстырады. Өз қалауы бойынша не өлеңмен, не сөзбен айтады. Бұдан кейін әр отбасы мүмкіндігінше жасаған «Қол өнерін» жарнамалар ретінде көрсетіп таныстыру.
Ү Қорытынды бөлім: «Ынтымақты отбасы»-ның жеңімпаздарын жариялау, отбасыларын марапаттау.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет