Далабай ауылының негізгі орта мектебі
Сынып жетекшінің 2021-2022 жылғы үйірме жұмысының жартыжылдық есебі.
Сынып жетекшісі: Еңбекші Аружан Қайратқызы
2021 жылдан I-тоқсанынан бастап 4 - сынып оқушыларының сынып жетекшісімін және үйірме жұмысын жүргізіп келемін. Үйірме жұмысының тақырыбы «Маржан сөз» деп алып 34 сағатқа жылдық жоспар жасап, директорға бекітіп, сол тақырыптық жоспар бойынша жұмыс жүргізіп келемін. Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, жазу мәнерін, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақылап отырды. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене, үйірмеге деген қызығушылықтары арттыра білді. Үйірмеде балалар берілген өлеңдерді мазмұнына қарай талдай білді. Оқушылар бір-бірімен бірігіп, жұптаса тапсырмалар орындап, еркін сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Қосымша тест алып білім деңгейлерін анықтап отырды. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың шығармаларын, өлеңдерін жаттап үйренді. Бұл тақырыпта оқушылардың есте сақтау қабілеттері жақсы екеніне көзім жетті. Және де «ертегі» тақырыбына байланысты ертегілерді оқу, мазмұнын айтуға дайындалу және ертегіні көрініске айналдыру жұмыстары жүргізілді. Ертегілерді көрініске айналдыру кезінде оқушылардың ойлау, сабаққа деген қызығушылығы одан сайын арта түсті. Осы үйірме жұмысының нәтижесінде оқушылар мәнерлеп оқу сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Нарбутин Мирас, Сырбай Нұрасыл жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Алдағы уақытта бұдан да жетістікке жетеміз деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: |