Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ДИЗАЙН ТЕОРИЯСЫ
|
Мектеп: «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Аманбаева Л
|
Сынып: 10 «А»
|
Сабаққа қатысатын оқушылар саны:
|
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§11.«Жақсы дизайн» принципі
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
|
10.2.1.4. «Жақсы дизайн» қағидаттарын іске асыру (ыңғайлылық,қарапайымдылық және т.б.)
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: «Жақсы дизайнның» принциптерінің (ыңғайлылық, қарапайымдылық, көркемдік) қағидаттарын жүзеге асыру.
Оқушылардың басым бөлігі:
«Жақсы дизайнның» басты принциптерін ажырату.
Кейбір оқушылар: «Жақсы дизайнның» басты принциптеріннің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру.
|
Бағалау критерийі
|
«Жақсы дизайнның» басты принциптерінің қағидаларын тұжырымдайды.
«Жақсы дизайнның» басты принциптерін ажыратады.
«Жақсы дизайнның» басты принциптерінің мүмкіндіктерін салыстырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Лексика мен терминология (толқтыру)
Принцип – Принцип - Principle
Көрнекілік – Наглядность – Visibility
Cапа – Качество – Quality
Икемділік – Гибкость - Flexibility
|
Құндылықтарға
баулу
|
Оқушыларды жауапкершілікке, өз ортасын сыйлауға, бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыландыру.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Көркем еңбек, сызу
|
Алдыңғы білім
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал «Жасырын сөздер»
Суреттер арқылы топқа бөліну
Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп,топ құрайды.
Миға шабуыл
Өткен сабақты қайталау:
Топтар арасында «Ашық микрофон» әдісі.
Дизайн дегеніміз не?
Біздің өміріміздегі дизайнның маңызы?
Дизайнер не үшін керек?
Дизайн мен дизайнер сөзінің айрмашылығы бар ма?
ҚБ: мұғалім бағалайды
|
1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
|
Суреттер
микрофон
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырып «Эйлер шеңбері» әдісі
А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып,
кезекпен идеялар талқыланып, жазылады.
Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер
бойынша идеялар сараланады.
І топ – Ыңғайлылық принциптері
ІІ топ – Қарапайымдылық принциптері
ІІІ топ – Көркемдік принциптері
«Жақсы дизайнның» басты принциптеріне ыңғайлылық,
қарапайымдылық, көркемдік жатады.
|
1 тапсырма
65 беттегі 4 тапсырма
Дескриптор
«Жақсы дизайнның» басты принциптерін тұжырымдайды.
«Жақсы дизайнның» түрлерін ажыратып қолданады.
«Жақсы дизайнның» басты принциптерінің жіктелуінің мүмкіндіктері мен айырмашылықтарын салыстырады.
ҚБ: бірін - бірі бағалау ( Жұлдызша арқылы)
Практикалық жұмыс
Кестеге жарнамалардың суреттерін орналастырыңдар.
|
|
Ватман
Оқулық
Оқулық
Инт.тақта
Дәптер
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «SMS» әдісі. Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушы-лар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын досы-на SMS – арқылы жазып білдіреді.
|
Қағаздан жасалған ұялы телефон
|
|
Үй тапсырмасы
|
§11. «Жақсы дизайн» принципі тақырыбын оқу.Болашақтағы компьютер дизайнын құру.
|
|
|