Даму болжамы



Дата22.02.2016
өлшемі216.08 Kb.
#1479


Нұра ауданы

әкімдігінің 2013 жылғы

2013 ж. 24.10 № 29/19

қаулысымен мақұлданды




НҰРА АУДАНЫНЫҢ 2014-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУ БОЛЖАМЫ

Киевка к. – 2013 ж.
М А З М Ұ Н Ы



Кіріспе




1

  1. Нұра ауданының экономикалық дамуының тенденциялары




1


    1. 2011-2012 жылдарғы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы




1







  1. Ауданның экономикасының 2014-2018 жылдардағы даму жағдайы мен факторлары




  1. Нұра ауданының 2014-2018 жылдарға арналған ауданның экономика дамуының нысаналы индикаторлары




  1. Нұра ауданының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы







10

12

13



    1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары







13

    1. Кіріс түсімдерінің болжамдары







13

4.3. Бюджеттің шығыс бөлігінің болжамы




14










1 қосымша. Нұра ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің тізбесі





15











2 қосымша. Нұра ауданы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған басымды бағыттар бөлігіндегі басты бюджеттік инвестициялардың тізімі




18




Нұра ауданының 2014-2018 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

және бюджеттік параметрі

Кіріспе

Нұра ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі болжамдардан, тенденциялар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық приоритеттерінен, ауданның салықтық – бюджеттік саясатының үш жылдық негізгі бағыттарынан, аудандық бюджеттік бағдарламала әкімгерлерінің шығындарының болжау көлемдерінен құралады.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрі келесі негізгі бөлімдерден түзеледі:



  • аудан экономикасының экономикалық даму тенденциялары;

  • аудан экономикасының факторлары және даму шарттары;

  • 2014-2018 жылдарға арналған ауданның даму экономикасының мақсатты индикаторлары;

  • 2014-2016 жылдардағы ауданның бюджеттік параметрінің болжамы;

  • ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрінің негізгі көрсеткіштерінің болжамдары (кестелік түрде).



  1. Нұра ауданының экономикалық дамуының тенденциялары.

    1. 2011-2012 жылдардағы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының талдауы.

Өнеркәсіп.

Ауданда өндіріс түрін: көмір және марганец рудаларын өндіретін “Шұбаркөл көмір” АҚ, кен шығатын “Тур” кенші басқармасы “Қазмарганец” және кокс өндіретін ТОО «Сары арка спецкокс» сияқты үлкен мекемелерді ұсынады. Аталған мекемелер Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.




2010-2012 жылдардағы физикалық көлем индексі өзгеруінің

динамикасы және өндіріс өнеркәсіп өнімінің көлемі

2012 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға өсті және 38666,2 млн.теңгені құрады. Физикалық көлем индексі – 108%.

Ауданның өндіріс өнімдерінің жалпы көлемінің негізгі үлесі – 83,1% тау-кен өнеркәсібі болып табылады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 32146,2 млн. теңге сомакөлемінде өнім өндірілді, немесе 2011жылға – 120,6%.

Көмір өндіру көлемі 10,1% ұлғайды және 8223,6 мың тоннаны құрды (АҚ “Шұбаркөл көмір”).

Марганец концентратының өндіруі 7,3%-ға (рудник Тур), кокс өнімдерінің көлемі 12,6% -ға артты (ТОО «Сары арка спецкокс»).

2013 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемдері 37654,2 млн.теңге мөлшерінде күтілуде, немесе 97,4%. (2012 жыл – 38666,3 млн.теңге). 2013жылғы тау-кен өндірісі өнімдері 31372 млн.теңгеге өнімдер өндірілетіні жоспарлануда, немесе 2012 жылға 98 %. Көмір өндіру көлемі 2%-ға ұлғайды. (АҚ “Шұбаркөл көмір”). Металл кен өндіруі, оның ішінде марганец концентраты 2,3% (рудник Тур). Кокс өнімі 2% (ТОО «Сары арка спецкокс»).

2013 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемдері заттай тұлғада өндіретін мекемелер бойынша:

- көмір өндіру - 8400 мың тонна АҚ “Шұбаркөл көмір”, 2012 жылға ұлғаюы 2,1%.

- марганец концентраты 279,3 мың тонна – рудник «Тур» РУ «Казмарганец», 2012 жылға өсуі 2,8%.
2010 - 2012 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп

өнімдерінің маңызды түрлерінің динамикасы

2013 жылы өңдеуші өнеркәсібінің өнімдері 6282,2 млн.теңге көлемінде күтілуде, немесе 2012 жылға 1,3% ұлғайды. Оның ішінде: кокс өндіру (ТОО «Сары арка спецкокс») – 4970 млн.тенге, немесе 2012 жылға 101%.


Ауыл шаруашылығы.

2012 жылғы жалпы өнiмнiң көлемi 11013,4 миллион теңге, оның ішінде өсiмдiк шаруашылығы 4439 миллион теңге, мал шаруашылығы 6560,1 миллион теңгені құрады. Дәнді дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне байланысты физикалық көлем индексі 76,4%.

2013 жылы жалпы өнiмнiң өндiрiс көлемi - 12000 миллион теңге, оның ішінде өсiмдiк шаруашылығы – 6200 млн теңге, мал шаруашылығы - 5800 млн теңгеге өнім жоспарланып отыр.

Нұра ауданының АӨК 2011-2015 жылдарға арналған және 2020 жылға дейiн мерзiмiне арналған индустриалды - инновациялық дамуының тұжырымдамасы әзірленді, оған 6,2 млрд. теңге көлемінде 15 инвестициялық жобалар енгізілген.

2011-2012 жылдар аралығындағы тұжырымдама шеңберiнде 7 инвестициялық жобалар 607,9 млн. теңгеге iске асырылған: «ЖШС Шахтер» қамбаларының кешенi - 22, 0 мың тонна, көкөністер қоймасының құрылысы 1,0 мың тонна және «ЖШС Қайнар» картоп өсiруi, «ЖШС Жартас» майлы дақылдарын өсiру, Киевка кентіндегі (ЖШС Отканжар) қымыз өндiрiсі, «Алакөл» кымызханының құрылысы және «Изнур» азық-түлiк дүкенiндегі қой етi мен жылқы етiнің iске асырылуы, «Нуркен» крестьян қожалығының 1,0 тонна, «Альдеран» крестьян қожалығының 2,0 тонна көкөнiс қоймаларының құрылысы, ЖК «Протасов» мал сою пунктiнiң құрылысы. Осы жобалар шаруашылық субъектілерінің меншiктi қаражатынан iске асырылды.

Өсiмдiк шаруашылығы. Нұра ауданы облыс бойынша негізгі бидай өндіретін аудан болып табылады және бидай өнімінен бірінші орындарына ие болып тұр. Өсімдік шаруашылығы с.Шахтерское, с.Щербаковское, с.Пржевальское, с.Көбетей, с.Тассуат селоларында жақсы дамыған.

2012 жылы өсімдік шаруашылығының өнімі – 4439 млн.теңгені құрды, 2011 жылмен салыстырғанда 43,5% азайды. Дәнді дақылдардың егістік алқабы 216,4 мың га.

Егiн шаруашылығында негізгі мәселе саланың диверсификациясы болып қалады. Бұршақ, майлы дақылдар, картоп және көкөнiс егiндерінiң ауданы 2011 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайды және 6361 га-ды құрады.

Ылғалды-ресурстар жинақтаушы технологияларымен өндірілу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы технологиямен жұмыс істеген нәтижеде дәндi дақылдардың егiн аудандарының ұлғайтылуы 154,1 мың га, немесе жалпы егiн егетін жерден 71% құрады. 2013 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – 6200 млн.теңгені құрды, немесе 2012 жылға 163%.



Мал шаруашылығы. 2012 жылғы мал шаруашылығының жалпы өнімі 6560,1 млн.теңгені құрды. 11,4 мың тонна ет; 32,2 мың тонна сүт; 6,3млн.бірлік жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығы мен құс өнімінің негізгі түрлері: ІҚМ – 29,3 мың бас, немесе 108,9%; қойлар мен қозылар – 63,6 мың бас, немесе 107,2%; жылқы – 19,1 мың бас, немесе 115,8%; шошқа – 9,5 мың бас, немесе 107,9%; құстар – 51,1 мың бірлік, немесе 110,8%.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын ұлғайту мақсатында НУХ «КазАгро» қаржы институттары арқылы қарыздар алынған және 205 бас ІҚМ сатып алынған. Шаруа қожалықтарымен асыл тұқымды бұқалар, аттар және қойлар сатып алынған. Мал шаруашылығында табыстылықтың артуындағы үлкен рөлдiң атқаруы, оның өнiмдiлiгiнiң жоғарылатуында. Бұл бағытта белгiлi бiр нәтижеге жеткен ЖШС «Отқанжар» және ЖШС «Қайнар».

2013 жылы мал шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 5800 млн теңгені құрады. Мал шаруашылығының дамыту бағытында мал соятын пункт және алаңдардың желiсi жасалған. Ет өндiрiсiн ұлғайту мақсатында сиырлардың ұрықтандыру жолымен ІҚМ өнiмдiлiгiнiң жоғарылатуы бойынша жұмыс жалғастырылады. Ауданда сиырлардың ұрықтандыруы бойынша 12 пункт жұмыс iстейдi. Аудандағы iндет жағдайы тұрақты, ветеринарлық - профилактикалық шаралар жоспарға сәйкес өткiзiлген.
Кәсіпкерліктің дамуы

2012 жылғы шағын кәсіпкерлер бизнес мекемелерінің қызметі, тауар, өнім шығаруы–5200 млн.теңгені құрады, 2011 жылға 2,3% артты.

2012 жылы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны 1014 бірлікті құрады, немесе 2011 жылға 100,8% өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны –3338 адамды құрды, 2011 жылға 2,3%-ға ұлғайды.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 847,2 млн.теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді, немесе 2011 жылға 105,2%.

Шағын бизнестің инфраструктурасы ауданда кәсіпкерлік ұйымы, кәсіпкерлікті құқық қорғау қоғамдық бірлестігі «НҰр толқын», Орталық Қазақстан Ассоциациясымен, кәсіпкерлердің өкілдігімен, микрокредиттік мекеме «Албата», «Нұра – Астық» ауылдық кредиттік серіктестігімен ұсынылады.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың негiзгi бағыты «2020 бизнестің жол картасы» бағдарламасының iске асыруы болып табылады.

ЖК Әбiлдинова М.С Қарой ауылындағы «Темiрбетон шарбақтарының өндiрiсi» жобасы бойынша АҚ «Банк Центр кредит» кредиттік комитетінің оң шешiмi берiлген, облыстың Аймақтық басқарушы кеңесiмен мақұлданған.

«Iскерлiк байланыс» жобасы бойынша 2 адам оқыды, «Жылқы өсiрудi және қымыз өндiрiсін дамыту» инвестициялық жобаларының презентациясын iске асырған. (ЖШС «Отқанжар» директорының орынбасары Отарбай Р.) және Киевка кентіндегі «Мал сою пунктiнiң қызметiн ұйымдастыру» (к/қ директоры Акбас Дашкин В.)

Ауданда шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерінiң қызметiнде әкiмшiлiк тосқауылдардың төмендету мақсатында, шағын кәсiпкерлiктiң iстерi бойынша Нұра ауданының әкiмдігінде Сараптық кеңес жұмыс iстейдi. Бұдан басқа, әділ бәсекелестікті артықшылықтарындіру мақсатында уәкiлеттi органдармен, кәсiпкерлiк өкiлдерiмен, кәсiпкерлердiң Кеңесiмен, Орталық - Қазақстан кәсiпкерлер қауымдастығының өкiлдiгi және БАҚ-дың қатысуымен дөңгелек столдар жүргiзiледi.

Кәсiпкерлiк субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, әкiмшiлiк тосқауылдардың төмендетуi бойынша жұмыс өткiзiлген. Бұл -мемлекеттiк органдармен берілген, рұқсат етілген процедуралардың (құжаттардың ) оңтайландыруы.

2013 жылғы ШБС шығарылатын тауарлар, қызметтер өнiмiнiң 5360 миллион теңге көлемiнде күтілуде, немесе 2012 жылғы 3% өсті. 2013 жыл бойынша 1032 шағын және орта бизнестің субъектілері тіркелді, немесе 2%-ға өсті. Шағын және орта бизнеспен қамтылғандар саны 3402 мың адамды құрады, 2%-ға артуы жоспарлануда.

Бөлшек тауар айналымының физикалық көлем индексі 108, 2% құрайды.
Құрылыс.

2012 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі – 2084,0 млн.теңгені құрады, 2011 жылға 60% құрды. Құрылыс жұмыстары көлемінiң төмендеу себебі: су құбырының желiлерiнiң қалпына келтiруiне республикалық бюджеттен бюджеттiк инвестицияларының төмендеуi, сонымен бiрге өнеркәсiп кәсiпорындарының ҚМЖ-ы бойынша инвестицияларының төмендеуi болып табылады.

10,2 мың шаршы метр немесе жоспардың 102,4%-ы тұрғын үй іске қосылды, немесе 2011 жылға 123,3%.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен 186,3 млн теңге мөлшерінде Шахтер селосында су құбыры желiлерiнiң қалпына келтiруi аяқталды.

Республикалық бюджеттен Киевка кентінде тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы бойынша 9 екi пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы - 101,7 млн теңгеге салынды, Киевка кентінің инженерлiк - коммуникациялық инфрақұрылымның жағдай жасауына және дамуына – 28,3 млн. теңгеге іске асырылды.

Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен 5,0 млн.теңге көлемінде Киевка кентіндегі 16 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды.

2013 жылы республикалық бюджет есебінен қаражат бағытталды: 200 орынға кәсіби техникалық лицейдің құрылысы 100 орындық жатақханасымен – 396,3 млн.теңге 2013 жылғы аяқталатын мерзіммен;

Баршын, Щербаков, Кертінді, Мынбаев селоларындағы су құбыры желiлерiнiң қалпына келтiруi – 604,6 млн.теңге;

облыстық бюджет есебінен: Қарой орта мектебінің спортзалының қосымша құрылысына – 51,8 млн.тенге;

аудандық бюджет есебінен: Киевка кентінде мал қорымының құрылысы – 7,6млн теңге, Байтуған, Көбетей селоларындағы, Киевка кентіндегі су құбыры желiлерiнiң қалпына келтiруiнің жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуіне – 13,5 млн.теңге, Киевка кентіндегі 10 екi пәтерлi тұрғын - үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуі,инженерлiк - коммуникациялық инфрақұрылымның жағдай жасауына және дамуына – 6,4 млн. теңге және Баршын селосындағы мал қорымының құрылысының жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуіне – 0,5 млн.теңге.


Инженерлiк инфрақұрылым.

Ауданның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 1094 км құрайды, олардың iшiнен: республикалық маңызы бар - 185 км, облыстық маңызы бар - 455 км және аудандық маңызы бар - 454 км. Жолдардың ішкіпоселкелік және сыртқыпоселкелік созылымдығы - 212 шақырым.

2012 жылғы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуіне және ұстауына қаржыландыру көлемi 1300 млн. теңгені құрады. Бұл автомобиль жолдарының қайта жаңартуына, күрделі жөндеуіне мүмкіндік берді: а/ж «Қарағанды-Шахтинск-Есенгельды-Щербаковское-Киевка».

Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберiнде 3 елдi мекендердегi ішкіселолық (Киевка кенті, Жараспай, Заречный селолары) жолдардың орташа жөндеуі – 40,7 млн. теңге көлемінде өткізілді, жолдардың ұстауына 20,9 млн.теңге бағытталды.

2012 жылғы тасылған жүктердiң көлемі 2,3 мың тоннаны құрады, бұл 2011 жылғы тасылған жүктердiң көлеміне 33,5% құрды. АҚ Казавтотранс филиалы, ЖШС «Камаз мустанг», ЖШС «Киевская Автобаза» кәсiпорындары бойынша таситын жүктердің көлемі төмендеді.

Облыс және аудан орталығымен пункт аудандарының қатынасы үшiн басты роль автомобильдiк көлiк болып табылады. Негiзгi маршруттар бойынша тасымалдаулар «№3-шi автопарк ЖШС» жүзеге асырады.

Телекоммуникация саласында барлық 37 ауылдық елді мекен телефондырылған. АҚ «Қазақтелекомда» 25 ауылдық телефон станцияларын пайдаланады, соның iшiнде 15 цифрлық форматтың АТС-ы және 10 ұқсас АТС-тар. Ауданның ауылдық елді мекендерінде байланыс тораптарының цифрланған форматына аудару бойынша жұмысы жалғастыруда.

АҚ «Казпочтаның» өндiрiстiк объектілерiнiң желiсi пошталық байланыстың 1 аудандық және 25 ауылдық пошталық байланыс бөлiмшелерiнен тұрады. Рейстiк автобустарды қолдану жолымен почта жөнелтiлiмнiң тасымалдауын жүйеге келтірілген. Компьютерлік ақпараттық желi құрылған, аудан бөлiмшелері корпоративтік спутниктi телефон және электрондық байланыспен қамтылған.

2012-2013 жылдардағы жылыту маусымына қарай жоспарланған барлық жөндеулер орындалған: жергiлiктi жылу көздерiнiң, су құбырының, электр желінің, тұрғын-үй және әлеуметтiк мәдени тұрмыстық объектісінің әзiрлеуi бойынша жұмыс көлемдерi жүргізілді. Жылыту маусымның өту мерзiмінде жылумен жабдықталған барлық объектілер штаттық тәртiптемеде жұмыстар өткізілді, авариялық тоқтаулар болған жоқ.

Электр энергиясын беруiнiң барлық сызықтары 1745 шақырым. Ауданға электрэнергиясын жеткiзуін ЖШС «КРЭК» филиалдары жүзеге асырады. Тұтынушы энергиялар жабдықтауын ЖШС «Жезказган-энергосбыт» филиалы жүзеге асырады. Барлық елдi мекендер 100% энергия жабдықтаумен қамтамасыз етілген.

Елді мекендерде сәулеттендiру, көгалдандыру, санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Киевка кентіндегі С.Сейфуллин ескерткішінің орнатуы аяқталды – 11,0 млн.теңге, «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуіне 3,2 млн. теңге бағытталды. Киевка кентінің Резник көшесіндегі көшелердің жарықтандыруына 7,0 млн.теңге көлемінде тіректер орнатылған.
Капиталға инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2012 жылдың қорытындылары бойынша 9237,5 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылға 89,5%. Соның iшiнде өнеркәсiп кәсiпорындары 4792,2 млн. теңге, ауыл шаруашылық 1237,2 млн. теңге, көлік және қоймалау 1839,4 млн.теңге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 562,8 млн.теңге, сумен жабдықтау 224,8 млн.теңге, көтерме және бөлшек сауда 353,3 млн.теңге, мемлекеттік басқару 42,1 млн.теңге, басқа инвестициялар 185,7 млн.теңге. Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың көлемдерiнiң төмендеу себебі инвестициялық жобаларды iске асыруға қаражаттардың болмағандығынан өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бизнес- жоспарына түзетулер енгізуі болып табылады.

2013 жылғы негнізгі капиталға салынған инвестицияларының көлемi 15937 млн. теңгені құрады, немесе 2012 жылға 173%. Оның ішінде 89% инвестициялар кәсiпорындардың, ұйымдардың, сонымен қатар шағын және орта кәсiпкерлiк бизнес субъектілерінің қаражатынан инвестициялардың салынуы жоспарлануда.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражат есебінен инвестициялар сумен жабдықтау, тұрғын-үй құрылысының объектілерiнің дамуына бағытталған.


Сыртқы экономикалық қызмет.

2012 жылы ауданның кәсіпорындарымен жалпы соммасы 9920,2 млн.теңгеге өнімдер экспортталды, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды. Оның ішінде АҚ «Шұбаркөл көмір» көмірдің экспорты 9846,3 млн.теңгені құрды, 2011 жылы – 8762,5 млн.теңге, ЖШС «Сары Арқа Спецкокс» кокс экспорты 73,9 млн.теңге, 2011 жылы 153,6 млн.теңге. Кокс экспортының төмендеуі АО «Серовский завод ферросплавов» және АО «Ташкентский трубный завод» қажеттіліктің төмендеуіне байланысты.

Көмір Ресейге, Қырғызстанға, Украинаға, Турцияға, Польшаға, Болгарияға экспортталады.

АҚ «Шұбаркөл Көмiр» көмiрдiң экспорт көлемдерiнiң ұлғайтылуы өндiрiстің жетілдіру есебінен және 2011 жылғы тұтынушылары Ресейдiң металлургиялық зауыттары болатын 20-50 мм класс көмiрiнiң өндіруін жаңғырту есебiнен пайда болды. Сонымен бiрге, кокстың экспорты Ресейге және Өзбекстанға жіберіледі. Нұра ауданының кәсiпорындарымен АҚ «Шұбаркөл көмiр» көмiр жеткізу, ЖШС «Сарыарка спецкокс» кәсiпорынның кокс экспорты бойынша, потенциалдық тұтынушылардың Еуропадағы жабдықтауымен, Ресей федерациясының кәсiпорындарымен сыртқыэкономикалық байланыстарының күшейтуi бойынша жұмыс жүргiзiледi.


Бюджет.

2012 жылы Нұра ауданының бюджетіне 334,4 млн. теңге жоспар бойынша 364,4 млн. теңге көлемінде төлемдер түсті, соның iшiнде: салық түсiмдерi – 354,3 млн.теңге, салық емес түсімдер – 6,8 миллион теңге, негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3,3 миллион теңге, орындалуы - 109%. Бюджеттiң профициті 30 млн. теңгені құрады. 2011 жылға артуы 44 млн. теңге, немесе 113,7%.

2014-2016 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын және бюджеттік параметрлерінің әзірленуі үшін Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіш болжамының базалық сценарийі қолданылды.

2013 жылғы аудандық бюджет 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Нұра аудандық Мәслихаттың 15 сессиясының №149 шешiмiмен келесі көлемде бекітілді:



  1. Түсімдер барлығы – 3349,5 млн.теңге, оның ішінде:

  • салық түсiмдерi – 339,8 млн.теңге;

  • салық емес түсімдер – 4,3 миллион теңге;

  • негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,0 миллион теңге;

  • трансферттердің түсімдері – 3002,3 млн.теңге.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлiгi 347,1 млн.теңгеге бекітілді. Ең үлкен үлесі салық түсiмдерi – 97,9%, салық емес түсімдер – 1,2%, негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,9%.

Нұра ауданының есеп тіркеуінде тұрған заңды тұлғалардың саны 159, оның ішінде: жұмыс істейтіндер - 154, тоқтап тұрғандар -6.

Соның ішінде 2 ірі төлеуші – Аудандық орталық ауруханасы РМО, ЖШС Қайнар;

- 31 орта төлеушілер - ПК Индустриальный, ЖШС Пржевал, ЖШС Чериниговское, ЖШС Қарой, ЖШС Шахтерское, ЖШС Отқанжар, ЖШС Сервисно-заготовительный центр «Нура», КГП Каратал, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі, Ішкі істер бөлімі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ауданның мәдениет үйі, Орта мектептер – 18 бірл;

- шағын - 126 төлеушілер.

2012 жылғы ірі және орта кәсіпорындарының жергілікті бюджетке аударымдарының үлесті салмағы 64,9%- ды құрды.

Нұра аудандық бюджетінің кіріс бөлігі негізінен төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, көлiк құралдарына салынатын салықтардан қалыптастырылады. Осы аталған салықтар жалпы бюджет көлемінде 88,1%- ды құрайды.

2013 жылдың күтілетін салықтар мен төлемдердің түсімдері - 352,5 млн.теңгені құрайды, жылдық жоспарға орындалуы 101,6%, оның ішінде салық түсiмдерi – 344,2 млн.теңге, салық емес түсімдер – 4,7 млн. теңге, негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,6 млн. теңге.

2013 жылғы аудандық бюджеттiң жалпы шығындары 3384,6 млн. теңгені құрайды, соның iшiнде мақсаттық трансферттер – 3055,4 млн. теңге,

Бюджеттiң шығындарының негiзгi үлесi басым бағыттардың бiрi бiлiм беру саласына бағытталды – 51,8%. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8,1 млн.теңге бағытталды, республикалық бюджет қаражат есебінен мемлекеттік білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттеріне жабдықтар сатып алынды.

Республикалық бюджет қаражатынан Баршын ОМ-нің жөндеуіне – 107,1 млн.теңге, облыстық бюджет қаржыландыруынан 11,9 млн.теңге, жұмыспен қамтудың 2020 Жол картасы бойынша Пржевал орта мектебінің ағымдағы жөндеуіне 16,1 млн.теңге бөлінді.

Аудандық бюджет есебінен Киевка № 1 ОМ-нің күрделі жөндеуі 30,0 млн.теңгеге жүргізілді, сонымен қатар бес мектептің жылыту жөндеуіне - 6,2 млн.теңге.

Мәдениет саласының шығындары ұлғайды – Киевка кентінің аудандық мәдениет үйіне – 28,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, спорт және ақпараттық кеңістік – ЖШС «Шахтер» қаражат есебінен Шахтер селосындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды – 100,0 млн.теңге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына - 4 ауылдық елді мекендердің су құбыры желілірін қалпына келтіруі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2012 жылы жұмыспен қамту мекемесімен 1404 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 481 адам қатысты, кәсіби даярлауға 130 адам бағытталды, 41 жұмыссызға өз ісін ашуға материалдық көмек көрсетілді. Жылдың аяғына тіркелген жұмыссыздық деңгейi 0,1% құрды.

Қамсыздандырылуы аз отбасыларын қолдау мақсатында 332 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4,6 млн.теңге көлемінде төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға 488 алушылар 14,2 млн.теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақыларды алды. Тұрғын үй жәрдемақының тағайындалуына 1,8 млн.теңге төленген, 137 отбасы өтініш білдірді.

Жұмыспен қамту саладағы қолданылған шаралар кедейшілiк шегiнен табыстары төмен болатын азаматтардың сандарын төмендетуге ықпалы тиді. Осылай, тiркелетiн кедейшілiктiң деңгейi 0,3 проценттi тармақтарға төмендедi және аудан бойынша 0,6% құрды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк программалар бөлiмiнiң есебінде 1156 мүгедектер бар. Мүгедектердің әлеуметтiк қолдауына ауданның бюджетiнде 18,4 миллион теңге бағытталған.

Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтiк төлемдер бағдарламасы бойынша 1,7 миллион теңге көлемінде 206 азаматтарға материалдық көмек берiлген.


2. Ауданның экономикасының 2014-2018 жылдардағы даму жағдайы мен факторлары.

Дамудың iшкi және сыртқы факторлары.

Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер дамуының сапалы және сандық болжамды бағалаулары ішкі, сонымен қатар сыртқы факторларының ықпалында болады.

Ауданның дамуына ықпал ететiн сыртқы факторлар:

тасылатын негiзгi тауарларға бағалы динамикасы, қаржы институттарымен арақатынасы, аймақтың экономикалық-географиялық жағдайы.

Экономикалық дамудың тұрақтылығы мақсатында мемлекеттiк сатып алудағы қазақстандық мазмұнның ұлғайтуы бойынша, ұлттық өндiрушiлерiмен байланыстарын күшейтуiне және отандық өндiрушiлердiң қолдауына, ауданның өнеркәсiптiк кәсiпорындарының инновациялық және инвестициялық жобаларын өндіруі, энергия және қор сақтаушы технологиялардың қолдануы бойынша дәйектілік жұмыстар жүргiзiледi.

Аймақтың дамуының ішкі факторларына табиғи-ресурстық әлеуеті, экономика құрылымы, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы құрылымдықтарды қайта құру, аймақтың экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады. Аудан өнеркәсiбiнiң дамуына ықпал ететiн iшкi факторлар: АҚ «Шұбаркөл көмір» көмiр өндiру көлемдерiнiң ұлғаюы, өнiмнiң жаңа өндiрiс технологияларын енгізуі, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуi. Еуразия табиғи қорлардың корпорациясына енетiн «АҚСУ ТЭС» көмірмен қамтамасыз ету және кәсiпорындардың қажеттiліктерi, ТМД елдеріне көмірдің экспортталуы, көмiрдiң өндiру көлемдерiнің өсуі, кешеннiң разрезін толық электрлендiруi, қолдану кезiндегi шығындардың қысқартылуы - көмiрдiң өзiндiк құнының төмендетуiн алдын ала анықтайды.

Нұра ауданының экономикасының резервтерiнің өсуi, ең алдымен, индустрияландыру Картасы шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыруына байланысты.

Шұбаркөл көмір акционерлік қоғамы «5,5 МВт электр энергиясын өндiру, пайдаға асырылған кокс газындағы электрлі технологиялық кешен өндiрiсiн ұйымдастыру» - 1220,3 млн. теңге. 1 кезеңнiң жобалық қуатына шығу - 2012 жыл, 2 кезең - 2016 жыл.

ЖШС «Сары Арка Спецкокс» зауыты электр жабдықтауымен дербес тәртіптемеде жұмыс iстейдi. 2013 жылдың қаңтар – маусым айында 1255,9 мың Квт.ч электр энергиясы өндірілді. Екiншi жоба кезеңiнiң iске асыруы бойынша 80 миллион теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) өнделедi. Жобаның iске асыруы 5,5 МВт автономиялы электрэнергияның қамтамасыз етуіне мүмкiндiк бередi. Электр энергиясын алатын кокс өндiрiсiнде ілеспе газын қолданады , электр энергиясымен қалдықсыз өндiрiс және электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етеді, 16 жұмыс орындары ашылған, 26 жаңа жұмыс орындарына дейiн ашылады.

ЖШС «Сары Арка Спецкокс»- жаңа кокс зауытының құрылысы, жыл сайынғы өнiмдiлiгi - 350 мың тонна, жобаның құны - 9704,5 миллион теңге . Пайдалануға қосу – 2018 жыл. Жобаның iске асыруы 350 мың тоннаға дейiн кокс өндiрiсiнiң өсуiн қамтамасыз етуге, Ресей және Қытайдан тасылатын көлемiнiң төмендеуіне мүмкiндiк бередi, 180 жаңа жұмыс орындары ашылады.

«10000 тонна көкөнiс қойманың құрылысы» жобасы ЖШС «Агрофирма «Astana Agro» агрофирмасы с. Мыңбаев. Жобаның жалпы құны - 4775 миллион теңге. Iске асырылу мерзiмi 2015 жылға ауыстырылған. Осы жобаның іске асыруында тұрғындарды, Астана қаласының тұрғындарын азық-түлiк өнімдер шеңберiнде жергiлiктi өндiрiстiк көкөнiстерiмен қамтамасыз етуі жоспарланып отыр, салық түсiмдерiнiң көлемiн ұлғайту 8 миллион теңгеге дейiн, 70 жаңа жұмыс орындарына дейiн ашылады.

Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасына ЖШС «СП Арбат» «Көмiр өндiру бойынша разрездің құрылыс жобасы және жартылай кокс өндiрiсi бойынша зауыт» қосылған. Iске асырылу мерзiмi 2013-2016жж. Жобаның жалпы құны - 57,0 млрд.теңге, жобалық қуаты 3 млн.тонна көмір және 300 мың тонна жартылай кокс. Жобаның iске асыруы көмiр және кокс өндiрiсiнің артуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, 1800-ге дейін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ауыл шаруашылығында өсiмдiк шаруашылығы саласының диверсификациясы және мал шаруашылығының дамытуы бойынша жұмыстары жалғастырады. Бұршақ, майлану, картоп және көкөнiстердiң егiстіктерінің көлемінің ұлғаюы. Ылғалды қор сақтайтын технологияның енгiзуi, тамшылап суландыруды енгiзу бойынша жұмыстары жалғастырылған. Сүтті және еттi сиыр шаруашылығын, үйiрлi жылқы және қой шаруашылығын дамытады.

Ауданда «IҚМ етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» бағдарламасы жүзеге асырылады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014-2015 жылдарға ТОО ЖШС «Агро Темай» 400 бас асыл тұқымды малдарды өсіру репродукторын ұйымдастыруы жоспарлануда және КХ «Шубаркөл» 200 бас мал бордақылайтын жемдеу алаңын құру, қоғамдық табындарда, ауыл шаруашылық табындарда тұқымдық түрлендіру жоспарланып отыр.



экономикалық эффект : жобаның iске асыруы IҚМ ет өндiрiсiнің жоғарылатуына мүмкіндік береді, тектiк потенциалдың жақсартуын және мал өнiмдiлiгiнiң көбеюін, генетикалық әлеуеттің жақсартуын және мал өнімділігін ұлғайтуын қамтамасыз етеді, Астана қаласының өнімділік шеңберiнде өнімдерді ұлғайтуға мүмкiндiк бередi, 50 жаңа жұмыс орындары ашылды: салықтар түсімдерінің көлемін ұлғайту: төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы - 709 мың теңге, әлеуметтiк салық - 809 мың теңге және бiрыңғай жер салығы 800 мың теңге.

Кәсiпкерлiктiң дамуында аудандағы шағын бизнестің әрі қарай дамытуына , әкімшілік тосқауылдардың төмендету жолымен, мемлекеттік органдардың әкімшілік процедураларының және бақылау функцияларының қысқартуы, салық салу жүйелерін жетілдіруі, шағын және орта бизнес субъектілерiне арналған қаржылай-несие қолдауы, шағын бизнес субъектілерінің жергілікті кредиттік мекемелерінің (ТОО « СКТ «Нұра астық», МКО «Албата») несие беруінің ұлғайтылуы, сонымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдаудың қолдану жолымен, ауылшаруашылық өнімнің өңдеу саласындағы қызметтің ұлғайтуы, тұрғындарға тұрмыстық және басқа да қызметтерінің ұсынуы бойынша қолайлы жағдай жасалды.




  1. Нұра ауданының 2014-2018 жылдарға арналған ауданның экономика дамуының нысаналы индикаторлары

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі жыл сайын 5%-ға ұлғаятыны күтілуде.

2018 жылы өнеркәсіптегі өндіріс өнімдерінің өсімі 3% құрайды. Соның iшiнде кен өндiру өнеркәсiптердің жыл сайынғы өсмі 3%.

2014-2018 жылдар аралығында өңделетiн өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң жыл сайынғы 2%-ға өсiмі күтiледi.

Құрылыс көлемi қарқынының 7%-ға артуы жоспарлануда.

2014 жылы тауарайналымның көлемі 2018 жылы 7%-дан 9%-ға дейін артуы күтілуде.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірістік өнімнің жоспарланған көлемі (жұмыстар, қызметтер) 2018 жылға дейінгі жыл сайынғы артуы 4%, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2%-ға артады.

Негізгі капиталға инвестицияларының көлемi жыл сайынғы ұлғаюы 5% құрайды.

2018 жылға дейін кедейшіліктен төмен тұратын азаматтар санының төмендеуі жоспарлануда. Есептік жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ға дейін азаятыны жоспарланды. Күнкөріс деңгейі 2018 жылы 27759 теңгені құрады, немесе 2014 жылға 138,8%.

Білім беруде – оқыту сапасын арттыру және тәрбиелеу, білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, жаппай спорт дамуы, білім беру объектілерінің құрылысы және күрделі жөндеулері. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуі және оқытуын қамтуы 2018 жылы 100% құрайды.

Денсаулық сақтауда салауатты өмiр салтының насихаттауы бойынша, шаралардың жандануын, ауыл тұрғындарының дәрiгерлiк қызметтерiне қол жеткізуін қамтамасыз ету жұмыстарын жақсартуға бағытталады. Мәдениет және спорт дамуында тарих ескерткiштерiнiң сақталуын, зияткерлiк рухани-бiлiм беретiн тұрғындардың интеллектуалды - мәдени деңгейiн көтеруiн қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық мәдениеттiң қайта туу және дамуы.

.

4. Нұра ауданының 2014-2016 жылдарға арналған

бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы

4.1. Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

2014-2016 жылдардағы ел азаматтарының тұрмыс деңгейін арттыруға және жұмыссыздықтың, кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, аз қамтылған азаматтардың санын төмендетуі, ауданның тұрғындарын қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуіне, өмірлерінің сапалы жақсартуына жағдай жасау, ауданның алдағы дамуы үшін негіз құруға бағытталған әлеуметтік мәселелерді шешу саласында бұрын қабылданған шараларды іске асырылуы жалғастыруда.

2014-2016 жылдарға арналған салықтық саясаттың негізгі бағыттары экономиканың қажетті бағыттарын дамытуға ықпал ететін әділ де, өзін ақтаған құрал ретінде салықтардың әлеуметтік-маңызды қызметтерін нығайту қажеттігін есепке алғанда мемлекеттік қызметтерді толық атқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Қажеттілік болған жағдайда аудандық бюджет параметрлерінің нақтылануы өткізіледі.

4.2. Кіріс түсімдерінің болжамдары

2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттiң кірістер болжамының жобасы бюджет кірістерінің болжау Әдістемесіне сәйкес, бюджет кірістерін болжау әдістемесінің есепке алынған ортамерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері базасында, Салық кодексінің ережесіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес анықталған. Кірістер есептерінде бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 2014 жылы 3%-ға, шаруашылық субъектілерінің еңбекақыларын 11%-ға, шағын кәсіпорындарының еңбекақылары 7%-ға, 2015 жылғы жалпы еңбекақы қоры 8,6%-ға, 2016 жылы жалпы еңбекақы қоры 8,7%-ға артылуы және 2014-2016 жылдардағы ең төменгі еңбекақының өсуі ескерілді. Салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс жалғастыруда. Болжамда ең кіші еңбекақы мөлшерінің 2014-2016 жылдары ұлғаюы есебінен кірістердің салынатын салықтың азаюына байланысты жеке табыс салығының түсімдерінің азаюы есепке алынған.

Болжам көрсеткiштері салық декларациясы, ағымдағы төлемдердiң есептерiне, салық схемаларына сәйкес, жер қатынастары бөлімінің, статистика бөлімінің көрсеткіштерімен есептелінді.

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салығының негізгі төлеушілері бюджеттік мекемелер, ауылшаруашылық саласы болып табылады.

Нұра ауданының бюджетінің кiрiс бөлiгi төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан, әлеуметтік салығынан, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығынан қалыптасады. Осы салықтар бюджет көлемінде 84% құрайды. Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы анықталды:

2014 жылы - 2799,2 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 352,8 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 4,6 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,0 млн. теңге, трансферттер түсімдері – 2438,8 млн.теңге;

2015 жылы - 2846,9 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 365,7 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 5,0 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,0 млн. теңге, трансферттер түсімдері – 2473,2 млн.теңге;

2016 жылы - 3046,2 млн. теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 391,3 млн. теңге, салықтық емес түсімдер – 5,3 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,4 млн. теңге, трансферттер түсімдері – 2646,2 млн.теңге;




    1. Бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң болжамы

Бюджеттiң шығындарының негiзгi үлесi басым бағыттарының бiрi - бiлiм беру саласына бағытталады. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiк, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы шығындары ұлғаятыны жоспарлануда. Бюджеттің 2014-2016 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы 2 қосымшада көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет