Аягөз ауданының 2009 жылғы экономикалық-әлеуметтік
дамуының қорытындылары туралы аудан әкімі Н.Әзімбаевтың
ЕСЕБІ
I. Бәсекелестікке қабілетті экономиканы дамыту
Өнеркәсіп
2009 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында аудан өнеркәсіптері бойынша
қолданыстағы бағамен 3543,1 млн.теңгенің тауарлық өнімдері өндірілді.
Заттай көрсеткiштер серпiнiнен есептегенде, өнеркәсiп өнiмдері көлемінің нақты индексі 2008 жылға 8% құрады. Жыл басынан бері кен өндіру саласындағы «Қарағандытүстімет» Корпорациясының Аягөз ауданындағы «Құсмұрын» руднигінің консервацияға жабылуы жалпы өндіріс өнімдерінің көлеміне кері әсерін тигізді.
Сондай-ақ, бұл «Аягөз-Турксиб» ЖШС-де жөнделетін вагондар санының өткен жылмен салыстырғанда кемуіне, «Теміржолжылу-Аягөз» ЖШС-де кейбір тұтынушылардың қаржы жетіспеушілігінен техникалық қажеттіліктер үшін алатын ыстық су мөлшерін 30%-ға азайтуына да байланысты болды.
Ауылды дамыту (ауыл шаруашылығы)
Ауыл шаруашылық өнімдері 5567,5 млн. теңге құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға артты.
2010 жылдың 1 қаңтарына барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 69133 бас, оның ішінде аналығы 30871, қой мен ешкі – 267751, жылқы – 18705, түйе – 76 бас, құс – 28085 бас. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 3,6%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 6,8%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 13915,7 тонна (2008 жылғы денгейге қатысты 107,3%), сүт өндіру – 44829,6 тонна (105,8 %), жүн 495,7 тонна (116,8%), жұмыртқа алу – 3784,6 мың дана (104,3%) құрады.
2009 жылғы себілген жалпы егістік көлемі 12930 га, оның ішінде дәнді дақыл 10220 га, майлы дақыл 1910 га, картоп 600 га, көкөніс 200 га.
7377 тонна дәнді дақыл алынды, бұл 2008 жылғыдан 6,3 есе артық. 540 тонна күнбағыс (былтырғы жылдың деңгейіне 360% құрайды), 4800 тонна картоп (171,4%), 3000 тонна көкөніс (214,3%) алынды.
Агроөнеркәсіп кешенінің 2006-2010 жылдарға арналған даму бағдарламасында көрсетілгендей, ауыл шаруашылығы саласының алатын орны ауқымды. Ауданымыздың негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылатыны да белгілі. Осы орайда көптеген жұмыстар атқарылып, мал басының өз төлі есебінен жылма-жыл өсуі артып келеді.
Тарбағатай ауылдық округіндегі «Нұр» шаруа қожалығы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіріп, асыл тұқымды шаруашылық статусын алды. Сол сияқты «Аманғұл» шаруа қожалығының басшысы Д.Аманқұлов қазақтың жартылай қылшық жүнді «Байыс» тұқымды қойын өсірумен айналысып келеді. Бүгінгі күнде осы шаруашылықта 600 бас аталмыш тұқымның аналығы бар. Шаруашылық биылғы жылы асыл тұқымды шаруашылыққа өту үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, осы ауылдық округтегі Т.Құрманбаев жетекшілік ететін «Жарқын» шаруа қожалығында 1000 бас, Д.Омархановтың «Саябол» шаруашылығында 790 бас, С.Тынышбаевтың «Рахым» шаруашылығында 1003 бас қой малы бар. Бұл шаруа қожалықтарында бүгінгі таңда іріктеу-сұрыптау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда ет өнімдерін өндіруде көптеген шаруа қожалықтары жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Биылғы жылы «Бектас» шаруа қожалығына 20 тонна ет өткізуге мемлекеттік тапсырыс берілген болатын. Шаруашылық 40 тонна етті өткізді. «Ұлан» шаруа қожалығы тапсырмадағы 30 тонна еттің орнына 32 тонна тапсырды. «Макс-А» шаруа қожалығы 40 тонна ірі қара етін өткізді. Сол сияқты, «Ақышбай» шаруа қожалығы 50 тонна ет өткізіп отыр.
Шаруашылықтарға бордақылау алаңдарының беретін тиімділігі аз емес. Мал семіртетін орындарын ашып, малдарын өздері бордақылап, өткізген өнімдеріне байланысты олардың әрқайсысы үстеме ақша алуға қол жеткізіп отыр.
2009 жылы мал бордақылау алаңдарынан 237 тонна ет өндіріліп, 20,2 млн. теңге ақша игерілді. 6 ауылдық округте мал қорымдары ағымды жөндеуден өтіп, 1,5 млн теңгенің жұмыстары атқарылды.
Аудан бойынша бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан 4 асыл тұқымды шаруа қожалығының қатарына 2009 жылы тағы 2 асыл тұқымды шаруашылық қосылып, жиыны 6 асыл тұқымды қой шаруашылығы, 2 асыл тұқымды «Жәбе» жылқыны өсіретін шаруашылықтар құрылды.
Асыл тұқымды мал сатуда мемлекеттен субсидия ретінде қойдан – 3,7 млн.теңге, жылқыдан 1,0 млн.теңге алынды.
2009 жылғы көктемгі егіске және күзгі егін ору науқанын өткізуге жанар–жағар майға бөлінген 11 млн 40 мың теңге субсидияның 10,8 млн.теңгесі игерілді.
Қ.Р. Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы №1907 қаулысымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережесін» басшылыққа ала отырып, 23 ауылдық округке арнайы мал сою алаңдарын ашу туралы тапсырма берілді.
Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және жою шаралары іске асатын болды.
«Ақбота» өндірістік кооперативіндегі сүт өңдеу цехы пастерленген сүт, айран, ірімшік, қаймақ өнімдерін өндіруде. Кооператив 12 ай ішінде 18 млн.теңгенің өнімдерін өндіріп, қосымша құрылған жұмыс орындарына 2 адамды қабылдады. Жергілікті бюджетке 100,0 мың теңгенің салықтарын аударды. 860,0 мың теңге субсидия алды.
Қосағаш ауылдық округінің «Ақышбай», Бидайық ауылдық округінің «Түсібай» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды «Жәбе» жылқысын өсіру бойынша селекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл әкімдері өз округтеріндегі ауыл шаруашылығы құрылымдарымен ауылды тазалауға, көркейтуге, тал, ағаш егуге, мектептерге, медициналық мекемелерге материалдық көмек көрсету мақсатында меморандумға қол қойды. Аудан бойынша 360 ауыл шаруашылық құрылымдарымен меморандум жасалып, шаруа қожалықтары 1556,0 мың тенгені ауыл тазалығына, 226,0 мың теңгені мектепке дейінгі балалар тәрбиеленетін шағын орталықтарға, 438,0 мың теңгені төтенше жағдайларға, 1196,0 мың теңгені тұрмысы төмен отбасыларына көмек жасауға, 475,0 мың теңгені жаңа жыл, наурыз және тағы басқа мерекелерді өткізуге, 80,0 мың теңгені Ақши ауылының амбулаториясына бөліп отыр.
Инвестициялар
2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1540,0 млн.теңгені құрады. Бұл 2008 жылдың деңгейіне 30%. Қаржылық дағдарысқа байланысты барлық қаражаттар есебінен, әсіресе кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инвестициялар жұмсау азайып отыр. Азаюының негізгі себебі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысын уақытша тоқтатуында болды. Кәсіпорын басшыларының мәліметтеріне сәйкес, құрылыс жұмыстары 2010 жылдан бастап жанданатын болады.
Құрылыс, су жүйелері
Аудан бойынша құрылыстар салу және салынатын құрылыстарға жобалау – сметалық құжаттар дайындау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Аягөз қаласының су жүйелерінің қайта жаңғырту ІІ кезегінің жұмыстарын 2006 жылдан бастап ЖШ «Құмаров және К» серіктестігі жүргізуде. 2009 жылға республикалық бюджеттен қаралған 123,4 млн. теңгенің, 111,7 млн. теңгесі игерілді. 11,7 млн. теңге 2010 жылға жоспарланған.
Тарбағатай ауылының су жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2010 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Қосағаш-Мәдениет-Бидайық, Айғыз, Сарыарқа ауылдарының су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, іске қосылды.
Аягөз қаласындағы жасөспірімдер мектебіне арналған күрес спорт залының құрылысы аяқталуға жақын. 2010 жылдың шілде айында іске қосылуы жоспарлануда, биылғы жылы 7265,0 мың теңге қаржы қаралды.
Аягөз қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің қайта жаңарту құрылысына 2009 жылы қалған 24, 2 млн.теңге қаржы толықтай игерілді. Сыртқы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдық құрылысына 24,5 млн. теңге 2010 жылға бөліну жоспарланды.
Облыстық бюджет есебінен Ақши ауылындағы мектеп құрылысы жүргізілуде, аяқтауға облыстық бюджеттен 200,0 млн.теңге қаржы қаралды.
Тұрғындар есебінен 2009 жылдың 12 айында жалпы аумағы 3962 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артты.
Жоспарланған нысандар құрылысына жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
«Ақтоғай ауылы орта мектебіне 240 орындық қосымша құрылыс салу» нысанына жобалау-сметалық құжаттар дайындауға аудандық бюджеттен 7,35 млн.теңге, «Әріп Тәңірбергенов атындағы тарихи-мәдени және әдеби – мемориалдық мұражай» нысанына жобалау-сметалық құжаттар дайындауға 6,1 млн.теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Жобалау-сметалық құжаттар 2010 жылы қаңтар айында дайын болады.
«Қазақстанның дамуы – 2030» бағдарламасының негізгі басымдығының бірі қоршаған ортаны қорғау. Осыған орай, Аягөз қаласында биологиялық тазарту стансасының құрылысын салу жоспарланды. «Аягөз қаласында биологиялық тазарту стансасының құрылысы» нысанының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға аудандық бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлінді, құжаттар 2010 жылы ақпан айында дайын болады.
«Аягөз қаласының су жүйесін жаңартудың ІІІ-кезегі құрылысы» нысанына техникалық - экономикалық негіздеме дайындауға 3,6 млн. теңге бөлініп, 2009 жылы дайын болды.
2010 жылы Алакөл көлінің жанынан балалар демалыс орнын салуға және «Аягөз қаласында 200 орындық бала-бақша салу құрылысы», «Аягөз қаласында ІІІ-кезектегі су жүйесін жаңарту құрылысы», «Аягөз қаласында биологиялық тазарту стансасының құрылысы» нысандарына жобалау – сметалық құжаттар әзірленуде.
«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау барысында аудан бойынша 60 жоба құрылды. Оның ішінде: 3 жоба қаланы көріктендіру және көгалдандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша жылу жүйесін ағымды жөндеуден өткізуге арналған 1 жоба, 26 жоба мектептерді, 18 жоба жолдарды жөндеуден өткізуге және 7 әлеуметтік жоба. Қосымша 3 жоба денсаулық сақтау саласы және 2 жоба облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу республикалық бюджеттен қаржыланды.
Жаңа жұмыс орнын құру бағдарламасы бойынша 710 жұмыс орны құрылды. Оның 609-ы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа орналасты.
Бөлінген қаржы 418,0 млн.теңге құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 321,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 96,7 млн.теңге. Денсаулық сақтау саласына және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 91,8 млн.теңге, барлығы 509,8 млн.теңге бөлініп, 2010 жылдың 1 қаңтарына толығымен игерілді.
Әлеуметтік жобалар бойынша 7 жоба, күрделі жөндеуге 1 жоба, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 жоба. Осы жобалардың орындалу кезеңінде 65 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 21,1 млн.теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 19,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 1,8 млн.теңге.
Білім саласы бойынша 26 әлеуметтік жоба қатысты. Оның 3-не күрделі жөндеу жұмыстары, 23 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жобалардың орындалу кезеңінде 220 жұмыс орны ашылып, 92,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 59,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 33,2 млн.теңге.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бойынша 19 әлеуметтік жоба болды. Осы жобалар бойынша 252 жұмыс орны ашылды. Жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 146,0 млн.теңге бөлініп, «Орталық», «Сәуле», «Гимназия», «Жаңа» жылу қазандықтары бойынша 12 км. жылу трассалары жөнделді.
Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 133,0 млн.теңге бөлінді. 18 ауылдық округ бойынша 120 км автомобиль жолдары жөнделді.
Қаланы көріктендіру және көгаландыру бойынша 3 жоба қатысты. Қаланың Әуезов көшесі Ақтамберді көшесінің бұрышынан сауда орталығына дейінгі бөлігі, Б.Момышұлы көшесі және аудандық ішкі істер бөлімінің алдындағы парк жөнделді. Осы жобалар бойынша 15 жұмыс орны ашылды, бөлінген қаржы 15,0 млн.теңге құрады: республикалық бюджет есебінен 12,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 2,8 млн.теңге.
Денсаулық сақтау саласында 3 жоба қатысты, жұмыс орындары 139, Республикалық бюджеттен 68,3 млн.теңге бөлінді.
Жолдар бойынша 2 жоба, 19 жұмыс орны құрылған, бөлінген қаржы 23,5 млн.теңге.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша 10,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: жастар іс-тәжірибиесіне 3,4 млн.теңге, 54 адам қатысты; әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 7,1 млн.теңге бөлінді, жұмыс орыны 96. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша 331 адам оқыды.
Жол картасы бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жергілікті бюджетке 6,0 млн.теңге салықтар түсті, оның ішінде: білім саласынан 1,8 млн.теңге, әлеуметтік жобалар бойынша 436,3 мың теңге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бойынша 3,1 млн.теңге, қаланы көріктендіру және көгаландыру бойынша 729,9 мың теңге.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша барлығы 456,1 млн.теңге жоспарланып отыр, оның ішінде: республикалық бюджеттен 311,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен 13,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 131,6 млн.теңге. Барлық 28 жоба бойынша 500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Білім саласына 18 жобаға 124,5 млн.теңге, республикалық бюджеттен 83,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 41,5 млн.теңге, 156 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Әлеуметтік жобалар бойынша 3 жобаға 17,9 млн.теңге, республикалық бюджеттен 11,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 6,0 млн.теңге бөлінеді. 23 жаңа жұмыс орындары құрылады. Қопа, Қосағаш, Бидайық ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлері ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бойынша 2 жобаға 101,9 млн.теңге, республикалық бюджеттен 68,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 33,9 млн.теңге бөлінеді, 111 жаңа жұмыс орындары ашылады. Мұнда Майлин, Емелтау ауылдарында су жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қаланы көріктендіру және көгалдандыру бойынша 2 жоба 151,0 млн.теңгеге, республикалық бюжеттен 100,7 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен 50,3 млн.теңгеге қаржыландырылады, 151 жаңа жұмыс орындары ашылады. Ә.Тәңірбергенов және Б.Момышұлы атындағы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласында 2 жобаға 52,0 млн. теңге, республикалық бюжеттен 39,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен 12,9 млн.теңге бөлінеді деп жоспарлануда. 40 жаңа жұмыс орындары құрылады. Шұбартау ауылдық аймақтық ауруханасы және Аягөз аудандық медициналық бірлестігі күрделі жөндеуден өткізіледі.
Аягөз балалар психоневрологиялық емдеу-әлеуметтік мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 8,7 млн.теңге бөлінеді, 19 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша жастар іс-тәжірибиесіне 35 адам қатысады; әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 80 адам жұмысқа жіберіледі.
Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау
2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 127 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркеуде тұрған. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 73.
Жалпы шағын кәсіпкерлік пен айналысуға 5630 адам жұмылдырылып, шағын кәсіпкерлік субьектілерінен 162,4 млн.теңге салықтар түсті.
Шағын және орта бизнес субьектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін қайтарым негізінде облыстық бюджет қаражатынан қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге қарастыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өңірлік филиалына 2008 жылы кәсіпкерлер Әжікенов, Адыкенов, Тортаев, Ахметовтың жобалары қолдау тапты. Н.Адыкеновтың ескі моншаны қалпына келтіру жобасы осы жылдың наурыз айында қаржыландырылады. «Даму» қоры арқылы ЖК А.Жұмаханов мал басын көбейтуге 2,5 млн.теңге несие алды.
«Аягөз Авангард» ЖШС-нің ағаш өңдеу, пеноблок, фундамент блогын шығару цехы 2009 жылы 4,5 млн.теңгенің өнімдерін өндірді. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мөлшері - 0,8 млн.теңге. Қосымша құрылған жұмыс орындарына қабылданғандар саны - 5 адам.
Маусым айында Аягөз қаласында жапы сыйымылығы 320 адамдық «Нұрай» тойханасы іске қосылды. Тойхана 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Темір жол вокзалы жанынан ЖК Балғынтаев өз қаражаты есебінен автобус бекетін ашты. Бекет ішінде қонақ үй, асхана, күту залы бар. Қосымша жұмыс орындарының саны 5.
ЖК Смағұлов Аягөз қаласында сыйымдылығы 700 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысын аяқтап қалды. Жобаның жапы құны 15,0 млн.теңге кәсіпкердің өз қаражаты.
Ауданда 2009 жылы қосымша 3 дүкен, 2 кафе, 6 қызмет көрсету орындары, 2 дәріхана және ауылдық округтерде әлеуметтік дүкендер, барлығы 33 нысан ашылды.
Бюджет, салықтар
Жергілікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жоспардағы 1 млрд. 203 млн.теңгенің орнына 1 млрд. 230 млн. теңгеге немесе 102,2 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері алынған трансферттер 2158,7 млн.теңге, оның ішінде 1443,7 млн.теңге субвенция, 467,1 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 247,9 млн.теңге даму трансферттері алынды.
2009 жылғы 3335,1 млн.теңге бюджеттік қаржының игерілуі 99,3% құрады.
II . Халықты әлеуметтік қолдау – басты назарда
Әлеуметтік қорғау және еңбекақы
Аудан экономикасының тұрақты дамуы, шығарылатын өнімнің мөлшерінің көбеюі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және бұрынғы жұмыс орындарының қайта жаңартылуы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көптен – көп себепкер болды.
Аудан көлемінде 2009 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 % болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға азайды.
2010 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздық деңгейі 0,9% процентін құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Жыл бойы 1896 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, оның 570-і ауылдар бойынша.
2009 жылға халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру үшін қаралған іс-шаралар жоспары бойынша 38,2 млн.теңге бөлініп, осы қаражат толығымен игерілді.
Қайта оқыту, мамандандыруға 130 жұмыссызды оқуға жіберу жоспарланып, 122,3%-ға орындалды (159 адам жолдама алды), қаралған қаражат 8,2 млн.теңге.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 550 жұмыссыз жіберілді, бұл жылдық жоспардың 104%-ы. Осы жұмыстардың орындалуына 28,9 млн.теңге жұмсалды.
2009 жылы ауданда 620 жаңа жұмыс орын ашу белгіленген. Жыл қорытындысы бойынша 730 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш жылдық жоспардың 117,8 процентін құрайды.
Жұмыссыздар арасынан 1122 адам жұмысқа орналасты, бұл жұмыс іздеушілердің 59,2%-ы.
Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 8 жас түлекті жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарланған, бүгінде 9 адам қала мекемелерінде іс-тәжірбиеден өтіп, 8-і мамандықтары бойынша тұрақты жұмыстарға орналасты. Осы іс-шараларға қаралған қаражат 632 мың теңге толығымен игерілді.
Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам жіберілді.
2009 жылы аудан бойынша аз қамтылған 4792 адам 94,3 млн.теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы алды. 8156 адамға 107,0 млн.теңге балалар үшін берілетін жәрдемақы, 2462 отбасына 33,7 млн.теңге тұрғын-үй жәрдемақысы төленді. Үйде тәрбиеленіп оқитын 141 мүгедек балаға 17,7 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Мүгедектерге тісті протездеуге 50 адамға 10 мың теңгеден 500,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.
Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына байланысты 44 соғыс мүгедектері мен қатысушыларына 36 мың теңгеден барлығы 1575,0 мың теңге төленді.
«Уба» демалыс үйіне 53 зейнеткер мен мүгедектерге демалуға жолдама берілді.
Облыс әкімі гранты негізінде аудан бойынша 57 бала жоғары оқу орындарында білім алуда. Оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген 6 жас маманның әрқайсысына 250 мың теңгеден көтерме қаражат төленді. Сондай-ақ, аудандық арруханада жұмыс істеуге ниет білдірген 3 дәрігерге де 250 мың теңгеден көтерме қаражат бөлінді.
Туберкулез, онкологиялық ауруларға шалдыққан және материалдық жағдайы өте төмен 62 азаматқа 1200,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.
1081 адамға, оның ішінде ауылдық жерлердегі мұғалім, дәрігерлер, әлеуметтік, мәдениет және спорт қызметкерлеріне 5905,0 мың теңге отын сатып алуға төленді.
2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 51204 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 17,1%-ға өсті.
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау болып табылады.
Ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізуге жұртшылық, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері тартылған.
Аякөз ауданы аумағында 28 (5 қалалық және 23-і ауылдық округтарда) ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді, олардың құрамында 145 адам бар. Жолдау шыққан күннен бастап ауданда 254 кездесу, 69 «дөңгелек үстел», семинарлар өткізілді. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарына 27856 адам тартылды.
Жолдауды насихаттауда қоғамдық-саяси және әлеуметтік бағыттарды айқындайтын сыртқы жарнамалар қолданылады. Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы бойынша ауданда 47 баннер қойылған.
Ауданның «Өркениет» жастар қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған белсенді жастар тобы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене араласады. Ауыл жастарын қоғамдық өмірге тартып, саяси сауаттылығын арттыру мақсатында, көшпелі «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру дәстүрге айналдырылған.
Аякөз ауданының ақпараттық кеңістігін 2 бұқаралық ақпарат құралы: «Аякөз жаңалықтары» аудандық газеті және «Мөлдір сана» қоғамдық - әдеби газеті құрайды. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Аякөз жаңалықтары» аудандық газеті толықтай аудандық бюджет есебінен жарыққа шығатын болды.
2009 жылы мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз етуге қаржы бөлінді. Жолдауға байланысты 114 мақала жарық көрді.
Ауданда қоғамдық кеңестер: «Соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі», «Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес» жұмыс істейді, олардың мүшелері өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және жобалық шешімдер әзірлеуге белсене қатысады.
Аякөз ауданында 6 Үкіметтің емес ұйымдар және жұмыс жасайды. Олар: Семей аумақтық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Аякөз аудандық мүгедектер қоғамы, «Өркениет» оқушы жастарқоғамдық бірлестігі, «Рауан « Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Аякөз аудандық кәсіподақ ұйымы», «Жерлестер» қоғамдық бірлестігі.
Оған қосымша, заңды тіркеуден өтпеген, бірақ ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене араласатын «Ақсақалдар алқасы» жұмыс істеуде.
Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарын нығайту жөнінде аудандағы барлық ҮЕҰ, діни бірлестіктері, кәсіподақ, саяси партияларды қатыстыра отырып ұсыныстар қабылданатын «Сұхбат» кеңесі құрылған. Жыл басынан кеңестің 6 отырысы өткізіліп, Елбасының Жолдауына орай «Жол картасы», ауыз су, жастар, қала тазалығы, дағдарыстық жағдай, жылу, дін мәселелері қаралды.
Білім беру саласын дамыту
Аягөз ауданының білім жүйесінде 58 мекеме бар, оның ішінде жалпы орта білім беретін мекемелердің саны 54: 36 орта мектеп, 17 шағын комплектілі бастауыш мектептер, 2 мектеп-балабақша. Аудан бойынша оқушылар контингенті 14318, бұларға дәріс беретін мұғалімдердің саны 1743.
Қазақстанды әлемдегі ең әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыруда Елбасы ұсынған «Интеллектуалдық ұлт – 2020» ұлттық жобаны жүзеге асыру, білім беру жүйесін әлемдік озық инновациялық даму жолына түсіруді талап етеді.
Кейінгі жылдары білім саласында оң үрдістер байқала бастады. Елімізідің білім беру әлеуеті дамып, азаматтардың білім алуға Конституциялық құқығы толық қамтамасыз етіліп, қаржыландыру деңгейінің тұрақтануына қол жеткізілді. Бұл жетістіктер өзіміздің ауданымыздың білім жүйесінде байқалады.
Қазіргі уақытта ақпаратты технологияларды қолдану білім сапасының артуына, яғни жеке оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпалы зор. Аягөз ауданында білім мекемелерін толық компьютерлендіру жұмыстары жүйелі өткізілуде. Соның нәтижесінде 2009 оқу жылында 1 компьютерге 13 оқушыдан келеді.
ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес электрондық оқулықтар мен он-лайн режиміндегі сабақтарды оқу үрдісінде пайдалану қолға алынып отыр.
Сапалы білім беру ісі жеке тұлғаға бағытталады. Ендеше, жеке тұлғаның жетілдірілген қабілетін дамыту ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Осы жұмыстардың нәтижесі олимпиада көрсеткіштері болып табылады. Былтырғы жылы облыстық олимпиададан оқушыларымыз командалық есеппен ІІІ орынды иеленсе, бастауыш сынып оқушылары командалық есеппен II орынды иеленді.
«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалдық марафондарға аудан оқушыларының үзбей қатысулары білім сапасын арттыруға септігін тигізуде.
Ұлттық бірыңғай тестілеу білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады. 2008 оқу жылында ҰБТ – ң көрсеткіштері бойынша ауданымыз 19-орынды көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2009 жылында білім берудің сапасын арттыру жолында көптеген іс-шаралар жасауға қозғау салды.
Қорытындылап отырған 2009 жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге 768 оқушы қатысты. Орта балы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 15,2 балға өсіп 74,8 балл құрады. «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестат иегерлері – 28, грант иегерлері – 221. Бұл мектеп бітіруші түлектердің 29 пайызын құрады.
2009 оқу жылында ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 1-4 кластар бойынша – 4632 оқушы, бөлінген бюджет 51 507,2 мың теңге. Жаппай білім беру қоры арқылы тұрмысы төмен отбасы балаларына 16 574,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен 97,8 пайыз қамтылып отыр.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген 77 млн теңге толық игерілді. Ауданымыздағы 26 мектеп толық ағымды, күрделі жөндеуден өтті. Осы бағдарламаның аясында қазан айының бірінші жұлдызында 50 орындық бала-бақша Баршатас ауылында, 50 орындық бала-бақша Ақтоғай бекетінде ашылды.
Қазіргі кезде ауданымыздың 27 білім мекемесінде шағын орталықтар ашылып, 3-4 жасар бүдіршіндер мектеп алды даярлықтан өтуде.
Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа жылда Аягөз қаласындағы бұрынғы бала – бақшалардың екі ғимараты қайтадан қайтарылып, жұртшылықтың мектеп алды даярлыққа сұранысын қамтамасыз етпек.
Жалпы ауданымыздағы білім мекемелерінің 2009 жылы қаржыландыруға жоспарланған қаражаттың мөлшері 1845779,9 мың теңге, жыл қорытындысы бойынша оның орындалу барысы 99,9 пайызды құрайды. Бұл 1845533,2 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының мөлшері 1839,8 мың теңге, ал білім мекемелернің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 41053,8 мың теңге жұмсалды.
Мәдениетті дамыту
Бүгінде аудан тұрғындарына 1 аудандық мәдениет үйі, 21 ауылдық клуб, 1 аудандық, 23 ауылдық кітапханалар, 1 мұражай қызмет көрсетуде.
«Жол картасы» бағдарламасы негізінде ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен барлығы 21119,0 мың қаражат қаралды: Ақтоғай, Сарыарқа, Мәдениет, Мыңбұлақ, Малкелді, Емелтау, Ақшәулі ауылдық округтардағы клуб үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2009 жылда ауылдық елді- мекендерде 21387 адам қамтылған 752 әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді. Дәстүрлі мерекелерді уақыт талабына сай өткізуге үлкен мән беріледі.
Кітапханада Ақансері Қорамсаұлының 165 жылдығына, аса көрнекті
композитор Мұқан Төлебаевтың 95 жылдығына арнап библиографиялық
шолу, Ш.Құдайбердиевтің 150 жылдығына байланысты, ақынның «Жол
табалық ақылмен» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Көрнекті
ғалым, жазушы А.Байтұрсыновтың туғанына 135 жыл толуына, жазушы Кемел
Тоқаевтың туғанына 85 жыл толуына, қасиетті Рамазан айына арналған «Дін –
ислам діңгегім» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
«Ақиық ақынға тағзым» атты Мұқағали Мақатаев ағамызға арналған әдеби
сазды кеш және «Қос бұрым – шаш көркі » атты сайыс, Астанамыздың туған
күніне арналып «Есіл жағасындағы еңселі қала» атты мерекелік концерт
өткізілді.
2009 жылғы өткізілген облыстық мәдени байқауының қорытындысы бойынша аудан өнерпаздары «Бабалар аманаты» қойылымы үшін «Ғасырлармен үндескен» номинациясының жеңімпазы атағын иеленіп, облыс әкімінің дипломымен және «Туған ел- алтын бесігім» белгісімен марапатталды.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту
Аягөз ауданының емдеу мекемелері өткен 2009 жылы ауданымыздағы 73369 тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Емдеу мекемелерінің арасында өзгерістер болған жоқ.
Ауданымызда 5 аурухана, 20 дәрігерлік амбулатория, 1 тіс емханасы, 37 медициналық пункттер халыққа қызмет көрсетуде.
Емдеу мекемелеріндегі жоғары білімді дәрігерлер саны – 159.
-
10 мың адамға шаққанда тұрғындарды жоғарғы білімді дәрігерлер мен қамтамасыз ету 21,6 (2008 жылы 20,1) болды.
Орта білімді медицина қызметкерлерінің саны – 466 (2008 жылы 465).
-
10 мың адамға шаққанда тұрғындарды орта білімді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 63,5 болды.
Ауруханалардың төсек қоры – 365 – 10 мың адамға шаққанда тұрғындарды аурухана төсек орнымен қамтамасыз ету 49,7 болды. Ауруханалардан 10655 адам емделіп шықты.
Емханаларда 657846 қабылдау жасап, 1 тұрғынға шаққандағы қабылдау 8,9, 1840 сәби дүниеге келді, туу көрсеткіші – 25,0. 1000 адамға жалпы өлім көрсеткіші – 6,5. Табиғи өсім 18,5 болып, оң нәтиже көрсетті.
Туберкулез ауруымен аурушандық 100 мын адамға шаққа.да 141,5 – тен 133,5-ке дейін төмендеді.
35328 мың адам профилактикалық алдын алу тексеруден өткізіліп 4874 адам диспансерлік есепке алынып 6230 адам сауықтырылды.
Жол картасы бойынша орталық аурухананың ғимаратының 5 қабатында, туберкулез диспансерінде, Ақтоғай ауруханасында 68300 теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаржы толық игерілді, оның Орталық ауруханада 56000,0 м.т., Ақтоғай ауруханасында 5000,0 м.тенге, туберкулез диспансерінде 7300,0 м.тенге игерілді. Жұмыспен 134 адам қамтылды.
Салауатты өмір салтын қалыптасытру
Аудан бойынша спорттық құрылыстардың барлық саны - 111.
Оның ішінде: Аягөз қаласында 1500 орындық 1 стадион, газон шөптерімен себілген футбол алаңы, орта мектептердегі-35 спорт залдар. Футбол, баскетбол, волейбол спорт түрлері үшін арналған жасанды жабдықталған көп функционалды 1 жасыл алаңы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт зал, бөлек бокс залы жұмыс істеуде.
2009 жылы облыстық бюджеттен күрес залының құрылысына 21 млн. теңге қаражат бөлінді, толықтай іске қосылуына 7,2 млн. теңге қаражат қажет етіледі.
Баршатас ауылында, «Мәдениет үйі» жанындағы спортзал ғимаратының күрделі құрылыс-жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3 700 мың теңге және демеуішілік көмек арқылы аяқталып, спорт мектебі бойынша бокс және қазақ күрес бөлімшелері ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, қалалық гимназия және № 6 орта мектептердің жанынан қысқы спорт түрлеріне арналған хоккей қораптары салынған. Сонымен қатар № 4 орта мектеп жанынан 1 хоккей қорабын салуға 1 млн. теңге қаражат бөлініп, кұрылыс жұмыстары аяқталды.
2009 жылы Қазақстан Қарулы Күштері Министірлігінің қаражаты арқылы Аягөз қаласындағы Оңтүстік қалашықтағы №10810 әскери бөлімшесінде 1 комплексті стандартқа сай спорт залы салынып, іске қосылған.
2009 жылы ауданда жастары мен жасөпірімдеріне арналған тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы үйірмелері орта мектептер жанынан ашылды, сонымен қатар таэквондо, каратэ және басқа да шығыс спорт түрлерінен секциялар жұмыс істеуде.
Аудан жастары мен жасөспірімдерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін, спорттық ғимараттары мен спорт залдар сабақтан тыс уақыттарында дене тәрбиесімен шұғылдануына беріледі. Дене шынықтыру және спорт саласындағы 168 жаттықтырушылар 1000 астам жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулуда.
Ақши, Ақшәулі, Нарын, Ақшатау, Мамырсу, Тансық, Сарыарқа, Баршатас ауылдық округтерінде қазақ күресі, бокс және грек рим күрестерінің бөлімшелері ашылып, жасөспірімдермен тәрбиеленуде.
Таңсық, Тарбағатай, Баршатас, Нарын, Мамырсу ауылдық округтеріне демеушілік көмек арқылы спорттық инвентарлар алынып, ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында 2009 жылы барлығы 96 спорттық көпшілік іс шаралар өткізіліп, оған аудан тұрғындарының 57,6 пайызы тартылды.
Спорт мектебінің түлектері 2009 жылы әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуде. Картиков Досжан – Азия Чемпионы атағын алып, Әлем Чемпионатында 2 орынды иеленді. Жарболов Бекжан жастар арасында Әлем Біріншілігінде 2 орынға иеленді. Алибаев Серикжан – Казақстан Республикасының Чемпионы атағын иеленді. Жарболов Мәди – Азия Чемпионатында 2 орын алып, Әлем Біріншілігінде бесінші орынды иеленді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау
2009 жылдың 12 айында өткен жылмен салыстырғанда барлық тіркелінген қылмыс саны 343 –тен 349- ке артқанымен, оның ішінде жалпы қылмыстар саны -1.6 %-ға / 319-дан 314-ке / төмендеген. Ашылу пайызы 1.4 % жоғары 2008 жылы 61.4% болса, 2009 ж -62.8. %
Аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылу пайызы жоғарлады.
Алайда ашылу пайызы жоғары болғанымен аса ауыр қылмыстар саны /4-тен 11-ге / , ауыр қылмыстар саны /25-тен 36-ға / , тонау / 10-нан 17-ге/, бұзақылық /42-ден 57-ге / мал ұрлығы /22-ден 29-ға / өсіп отыр.
Ауданда болған қылмыстардың басым көпшілігі 54,4 % бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы . Қылмыс саны /189-дан 171-ге / азайғанымен , ашылу пайызы 11.5% төмен /2008 ж- 61,2% / болса, /2009 ж - 49.7 % /. Оның ішінде мал ұрлығының саны /22-ден 29-ға / дейін артып, ашылу небары - 40.0 % құрайды.
Мал ұрлығының ашылмауына басты себеп, мал ұрлығының ауылдық жерлерде болуы және дер кезінде хабарланбауы. Мал иелері, әсіресе /шаруа қожалықтары иелерінің/ өздері малдарын бақпай бос жіберіп, мал жоғалғанын білмей , 10-15 күн өткізіп ,өздері іздеп, табылмағаннан соң ғана хабарлайды. Бұл қылмыстың ашылуына көп қиындықтар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |