Даулы мал қора мен тұрғын үй жауапкердің заңды иелігінде болғандықтан талапкердің арызы қанағаттандырусыз қалдырылды
( үзінді)
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 19 қыркүйек 2005 жылғы шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 27 қазан 2005 жылғы қаулысына келтірген талапкердің қадағалау шағымын алдын ала қарап, алқа мына мән-жайларды анықтады.
Талапкер Т. 1 наурыз 2000 жылы "Б" өндірістік кооперативінен "Ә" учаскесін-де орналасқан мал қора мен тұрғын үйді 20.000 теңгеге сатып алғанын көрсетіп, жауапкермен жасасқан мәмілені жарамды деп тануды сұрап сотқа талап арыз берген.
К. Т-ның "Ә" учаскесінде орналас-қан мал қора мен тұрғын үйді бұзып алғанын, бұзылған қора мен үй орналасқан жер учаскесі "Д" шаруа қожалығына тиісті екенін, сол жерге жаңадан мал қора мен тұрғын үй салып, осы күндері пайдаланып отырғанын, сондықтан жаңадан салынған мал қора мен тұрғын үйге "Д" шаруа қожалығының меншік құқығын тануды және қожалықтан Т-ның пайдасына 20.000 теңге өндіруді сұрап сотқа қарсы талап арыз берген.
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 19 қыркүйек 2005 жылғы шешімімен Т-ның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, К-нің қарсы талабы ішінара қанағаттандырылған. Мал қора мен тұрғын үйге "Д" шаруа қожалығының меншік құқығы танылып, одан Т-ның пайдасына 44.344 теңге өндірілген.
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 19 қыркүйек 2005 жылғы ұйғарымымен Т-ның талап арызының өзі мен "Б" өндірістік кооперативі арасында 1 наурыз 2000 жылы жасалған сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы бөлігі, "Б" өндірістік кооперативі сот шешімімен банкрот болып танылуына байланысты қараусыз қалдырылған.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 27 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасының 19 шілде 2006 жылғы қаулысымен аталған сот қаулыларын қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тартылған.
Т. қадағалау шағымында аталған соттар дауды қарау барысында іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелерді жан-жақты зерттеп, оларға заң тұрғысынан дұрыс баға бермегендіктен, аталған сот қаулыларының күшін жойып, талапты толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабыл-дауды сұраған.
Алқа шағымның уәждерін зерделеп, төмендегі мән-жайларға байланысты қадағалау іс жүргізуін қозғауға негіз жоқ деген қорытындыға келген.
АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады, алайда іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілмеген.
Ұсынылған сот қаулыларына қарағанда, даулы мал қора мен тұрғын үй "Б" өндірістік кооперативі мүшелерінің 1 наурыз 2000 жылғы жалпы жиналысының шешімімен Т-ға 20.000 теңгеге сатылған, ол туралы тараптардың арасында сатып алу-сату шарты жасал-ған. Кейіннен Т. мал қора мен тұрғын үйдің құрылысын бұзып алған.
Қордай аудандық сотының 17 мамыр 2001 жылғы шешімімен "Б" өндірістік кооперативі банкрот болып танылған.
Қордай аудандық әкімінің 23 қыр-күйек 2003 жылғы қаулысымен аталған мал қора мен тұрғын үй орналасқан жер учаскесі К. басқарған "Д" шаруа қожалығына пайдалануға беріліп, жауапкер 11 желтоқсан 2003 жылы жерге меншік құқығын беретін мемлекеттік акт ал-ған. Содан К. бұзылған мал қора мен тұрғын үйдің құрылысын жаңадан салып оларды ретке келтірген.
Істің мұндай тұрғысында, соттар жаңадан салынған мал қора мен тұрғын үй "Д" шаруа қожалығына тиесілі деп дұрыс тұжырымға келген.
Жоғарғы Сот алқасы АІЖК-нің 394-бабын басшылыққа алып, Жамбыл облысының Қордай аудандық сотының 19 қыркүйек 2005 жылғы шешімін және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 27 қазан 2005 жылғы қаулысын қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тартты.
Достарыңызбен бөлісу: |