ЖОСПАРЫ:
І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Еттің морфологиялық және химиялық құрамы.
2.2.Ет және ет өнімдерінің токсикалылығы жөнінде теориялық тұжырым:
2.3.Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау.
2.4.Жануардың улану кезіндегі клиникалық белгілері:
2.5.Улану кезіндегі ет және өт өнімдерінің токсико-санитарлық бағасы:
2.6.Еттегі улардың қасиеттері:
2.7.Еттегі улы заттарды анықтау жолы:
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
І. КІРІСПЕ.
У туралы аңықтамалар өте көп. Академик С.Н. Голиковтың пікірі бойынша, «у» деген –бұл организмге енген бөтен химиялық қосылыс, ол биохимиялық процестерді бұзып, организмнің физиологиялық қызметтерін өзгерту нәтижесінде әлсіз уланудан өлімге дейін әкеп соғады.
С.В. Аничковтың айтуы бойынша, улар - тірі организмге әсер еткен кезде қалыпты тіршілігінің бұзылуын тудыратын заттар, яғни улануды (токсикалық эффект) немесе тіршілігін тоқтатуды, немесе өлімді тудырады (летальды эффект). Бірақ мұндай және басқа да көптеген анықтамаларды қазіргі кездегі у туралы түсініктемеге толығымен жауап береді деуге болмайды. Анықтама берудің күрделілігі организмге жаратылысы табиғи немесе синтетикалық көптеген химиялық заттардың екі түрдегі сипатта әсер етуінде, улы заттардың мөлшеріне байланысты. Мысалы: натрий хлорид адамдар мен жануарлардың азық рациондағы қажетті компонент, сонымен қатар оның көп мөлшерде болуы уландырып, өлімге келтіруі мүмкін. Көптеген дәрілік препараттар жоғары мөлшерде адамдар мен жануарлардың улануына себеп болады. Осыған дәлел ретінде АҚШ-тағы дәріханаларда рецептсіз сатылатын ацетилсалицил қышқылымен (аспиринмен) көптеген адамдардың улану жағдайлары тіркелген. Антибиотиктерді терапевтикалық мөлшерде енгізген кездегі адамдардың улануы немесе өлімі сирек емес. Қазіргі кезде пайдаланылатын көптеген медициналық препараттар, бір ағзаға немесе жүйеге емдік әсерін тигізуімен қатар физиологиялық үрдістердің ағымын бұзуы мүмкін.
Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияда өте қажет антибиотиктер мен басқа да дәрілік препараттарды «У» деп атау әділ болмас еді. Сонымен қатар бұл дәрілік заттардың тигізетін кері әсерін де жасыруға болмайды. Осының бәрітоксикологиялық зерттеу мәселесі, осыларды адамдар мен жануарларға препараттарды тағайындаған кезде ескерген жөн. Сондықтан да «у» деп санауға болатын көптеген химиялық заттардың екі түрлі әсер етуін ескере отырып, уға нақты анықтама беруге күш жұмсау қажеті шамалы. Одан да элементтердің немесе заттардың токсикалық әсері туралы айту дұрысырақ болады. Сондықтан Парацельстің анықтамасы нақтылау: «Кез келген зат улы, заттарды улы ететін олардың мөлшері».
Достарыңызбен бөлісу: |