29.08.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
(Хаттама № 1)
1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың жаңа талаптары тұрғысында 2011-2012 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру.
Қаулы етті:
-
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың жаңа талаптары тұрғысында 2011-2012 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру дайындығы қанағаттанарлық деп танылсын.
-
Оқу-әдістемелік басқармасы, Қызметкерлерді басқару және экономикалық жоспарлау мен мемлекеттік сатып алу бөлімі оқыту формалары тұрғысынан 1 курс студенттерін қабылдауды ескере отырып, профессорлық-оқытушы құрам және оқу қосалқы қызметкерлердің штаттық кестесінің жобасын әзірлесін.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, Қызметкерлерді басқару бастығы, экономикалық жоспарлау мен мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: 31 тамыз 2011 жыл.
3. Ғылыми кітапх на Оқу-әдістемелік басқармасымен бірлесіп жаңа мамандықтарға студенттерді қабылдауды ескерумен, кітап және электрондық қорды толықтыру бойынша жұмысты жалғастырсын.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, ғылыми кітапхана директоры, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: 30 қыркүйек 2011 ж.
4. Оқу дәрісханаларын және арнайы кабинеттерді стационарлық мультимедиялық проекторлармен және интерактивтік электронды тақталармен жабдықтау бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылсын.
Жауаптылар: бірінші проректор, Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар орталығының бастығы.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
5. Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы жасалған келісім шарттар, университет тарапынан іске асырылатын халықаралық бағдарламалар шеңберінде 2011-2012 оқу жылына студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы әзірленсін.
Жауаптылар: Оқу-әдістемелік басқармасы бастығы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы бастығы
Мерзімі: 20 қыркүйек 2011 жыл.
6. Магистратурада білім алушылардың бақылау білім үзігін өткізу тәжірибесі өрістетілсін.
Жауаптылар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы бастығы, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы.
Мерзімі: тұрақты.
7. МЖМБС жаңа талаптарын орындау мақсатында кәсіби бағдарланған шетел тілі, кәсіби қазақ, орыс тілдері бойынша сабақ жүргізетін оқытушыларға біліктілгін жетілдіруге мүмкіндік жасалсын.
Жауаптылар: Оқу-әдістемелік басқармасы бастығы, БЖФ деканы, экономикалық жоспарлау мен мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
8. Жаратылыстану ғылыми пәндерінің оқыту сапасын арттыру және білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру мақсатында зертханалық практикумдар шеңберінде заманауи ғылыми құрал-жабдықтарда жұмыс жасау әдістерін тереңдетіп оқыту қарастырылсын.
Жауаптылар: Оқу-әдістемелік басқармасы бастығы, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: тұрақты.
2. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» жаңа Заңы және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» контекстінде білім мен ғылым ықпалдастығы туралы.
Қаулы етті:
1. Факультет декандары технологияларды коммеризациялау офисінің тапсырыстары портфелін толықтыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамның келешекті инновациялық жобаларын айқындау және қолдау бойынша жұмыстарды жандандырсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,
Инновациялық-технологиялық орталық директоры,
факультет декандары.
Мерзімі: тұрақты.
2. Университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен ғалымдарына үйретуші семинар өткізу үшін шағын, орта және ірі бизнес өкілдерін тарту кеңейтілсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
3. ҚарМУ профессорлық-оқытушы құрамының импакт-факторлы журналдарда жарияланымдар санын арттыру мақсатында олардың ғылыми қызметін ынталандыру шаралары әзірленсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, экономикалық жоспарлау мен мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: қыркүйек 2011 жыл.
4. «Қарағанды университетінің хабаршысы» ғылыми журналының барлық серияларының импакт-факторын бағалау рәсіміне даярлау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, «Қарағанды университетінің хабаршысы» журналының жауапты хатшысы.
Мерзімі: қыркүйек 2011 жыл.
5. Жаңа инновациялық құрылымдар, соның ішінде технологиялық инкубатор құру арқылы университеттің материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеу базасы нығайтылсын.
Жауаптылар: бірінші проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталық директоры, химия, физика, математика, биология-география, кәсіби-көркем сурет, заң және экономика факультеттерінің декандары
Мерзімі: сәуір 2012 жыл.
6. Университет факультеттері магистратура және докторантура мамандықтары бойынша бөлінетін мемлекеттік білім тапсырыстары шеңберінде мақсатты орындарды игеру конкурсына үміткерлерді қатыстыруды қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізсін.
Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы бастығы, факультет декандары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» міндеттеріне сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дағы тәрбие жұмыстары туралы.
Қаулы етті:
1. Студенттерге патриоттық тәрбие беру және олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар күшейтілсін.
Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, факультет декандарының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
2. Белсенді азаматтық ұстанымы бар студенттер санын арттыру мақсатында жастар ұйымдарының қызметіне білім алушыларды тарту бойынша жұмыс жандандырылсын.
Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, факультет декандарының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары.
Мерзімі: оқу жылы ағымында.
3. Студент жастарды спортпен шұғылдануға бұқаралық түрде тарту мақсатында спорттық секциялардың, әскери-спорттық және спорттық-техникалық клубтардың санын ұлғайту мүмкіндігі қарастырылсын.
Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: 30 қыркүйек 2011 жыл.
4. Жастар ортасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленсін.
Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, факультет декандарының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, Жастар ісі жөніндегі Комитет төрайымы.
Мерзімі: 30 қыркүйек 2011 жыл.
5. Діни экстремизм көрінісін ескеру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында философия-психология және заң факультеті оқытушылары арасынан насихаттау-талдау тобы құрылсын.
Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, философия-психология, заң факультеттерінің декандары.
Мерзімі: 30 қыркүйек 2011 жыл.
4. 2011-2012 жаңа оқу жылына университеттің материалдық-техникалық базасының дайындығы туралы.
Қаулы етті:
1. 2011-2012 жаңа оқу жылына университеттің материалдық-техникалық базасының дайындығы дәрежесі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталсын.
Жауаптылар: ұйымдастыру-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор.
Мерзімі: 15 қыркүйек 2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |