¦дебиеттер



бет49/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
¦äåáèåòòåð

Фрикциялы муфталар (6-сурет) айналу моментін үйкеліс күші арқылы береді. Бұл муфталардың басқа муфталарға қарағандағы ерекшелігі, жалғасатын біліктердің айналып және сыртқы күштер әсер етіп тұрған жағдайда қосып ажырата алатындығында. Муфтаның жұмысы беттерінің үйкелісу арқылы жанасуы біліктердің бір-біріне бірқалыпты қосылуын


Сурет -1

Сурет -2

Сурет -3

Сурет -4


қамтамасыз ете отырып, бөлшектердің сынып, машиналарды тоқтап қалудан сақтандырады.Кемшіліктері – тез тозады.


Конструкциясы бойынша фрикциялық муфталар дисклі (6а-сурет), конусты (6б-сурет), цилиндрлі (6в-сурет) болып кетеді.
Фрикциялық муфталар маймен және майсызда жұмыс істей алады. Май үйкелісетін беттердің қажалуын азайтады, бірақта майды қолданатын муфталардың құрылысы күрделі.
Муфтаның материалы - конструкциялық болат, шойын СЧ 24-44 Үйкеліске төзімді материалдар: ферроло-мата, фрикциялық плстмасса және керамикалы металл.
Өзін -өзі басқаратын муфталар біліктердің атқаратын жұмыс тәртібінің өзгеруіне байланысты автоматты түрде оларды қосылып және ажыратылуын қамтамасыз етеді (7-сурет)




Центрден тепкіш муфтасы (8-сурет) біліктерді берілген шартты жылдамдықта автоматты түрде қосуға немесе ажыратуға арналған. Центрден тепкіш муфтасы, жетекші және жетктегі жарты муфталар 1,2 және олардың арасындағы қиғаш қимаға орналасқан ролик пен оны итеріп тұратын серіппелерден құралады.
Айналу моменті үйкеліс күші арқылы беріледі және оның шамасы бұрыштық жылдамдықтың квадратына пропорционал. Бұл муфталардың басқа муфталармен салыстырғанда көлемі ықшамдау және бір қалыпты жұмыс істеуге немесе жиі қосылып ажыратылуға ыңғайлы.
Муфтаның материалы – конструкциялық болат және үйкеліске төзімді материалдар: ферродомата, фрикциялық пластмасса және керамикалы металл.
Еркін қозғалысты муфтаның (9-сурет) ерекшелігі, айналу момнетін бір біліктен екінші білікее бір бағытта береді. Егер жылдамдығынан артық болса, муфта оларды қосады, егер аз болса – ажыратады. Сөйтіп , жетекші біліктің өз еркімен айналуына кедергі жасалмайды. Сол себептен де оларды еркін қосғалысты муфта деп атайды. Екі шарты муфта 1 мен 2 араларына роликтер 3 орналасқан, осылардың арқасында муфта жұмыс істейді. Материалдар болат ШХ 15,20Х.
Қорғаушы муфталар айналу моментін шектеп белгілі бір шамамен жеткізіп тұрады және айнымалы күштер әсер ету барысында машинаның жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін қолданады.
Қорғаушы муфталардың кең тараған түрлері:

  • жұдырықшалы,

  • арнайы қосатын механизм болмайды.

Жұдырықшалы және шарикті муфталар тұрақты қосылуы мүмкін, ал шамадан тыс күш әсер ете бастағанда, бірінші жарты муфтаның жұдырықшалары немесе шариктері екінші жарты муфтаның шұңқырларынан шығып кетеді де, муфта ажыратылады. Фрикциялық қорғаушы муфта үлкен күш әсер еткен кезде жарты муфталар арасында сырғанау пайда болып, жетектегі білік айналуын тоқтатады.
Қорғаушы муфталардың құрылысы қарапайым, ал көлемі жағына шағын келеді. Бұл муфталарды болаттан, шойыннан (СЧ 24-44) және үйкеліске төзімді материалдардан жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет