Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы



бет1/6
Дата12.12.2023
өлшемі0.73 Mb.
#486263
  1   2   3   4   5   6
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ

Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

  • Жаңа технологиялар:
  • Ойын технологиясы.
  • Проблемалы оқыту технологиясы.
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
  • Деңгейлік саралау технологиясы.
  • Жекелеп оқыту технологиясы.
  • Оқытудың компьютерлік технологиясы.
  • Презентациялар технологиясы.
  • Кезеңдеп оқыту технологиясы.
  • Жеке пәндік педагогикалық технология.
  • Альтернативті технологиялар.
  • Өзіндік дамыту технологиясы
  • Дамыта оқыту технологиялары
  • Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары.
  • Модульдік оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады.

  • Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады.
  • Осы технологияны 3 ғалым ізденіп, зерттеген. Олар: Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар.
  • Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.

  • «А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
  • «В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
  • «С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет