Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша:
Индустриаландыру картасы аясында өзектендіру қорытындысын ескере отырып, жалпы құны 122,5 млрд. теңгені құрайтын 25 жоба іске асырылуда. Жаңадан 1940 жұмыс орындары ашылу күтілуде.
Оның ішінде 2010-2012 жылдар аралығында жалпы құны 79,3 млрд. теңге болатын 21 жоба іске асырылып 1069 жаңа жұмыс орындары ашылған.
– 2010 жылы құны 26,0 млрд. теңге болатын 10 жоба іске асырылды. Жаңадан 381 жұмыс орындары ќұрылған.
– 2011 жылы жалпы құны 53,0 млрд. теңге болатын 9 жоба іске асырылып 653 жаңа жұмыс орындары ашылды.
– 2012 жылы 240 млн. теңге болатын 2 жоба іске асырылды. Жаңадан 35 жұмыс орындары құрылған, оның ішінде «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт Ата зиярат етушілер орталығы» кешенінің құрылысы» жобасы қазіргі таңда пайдалануға беруге дайын. Алайда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымдарды тарту бойынша мемлекеттік сатып алулардың ұзаќ жүргізілуіне байланысты объект толықтай 2013 жылдың І жартысында толық пайдалануға берілетін болады.
- 2013 жылы жалпы сомасы 701,0 млн. теѕге ќўрайтын (100 жаңа жўмыс орнымен) 2 жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр.
– «Жан Арай» ЖШС – «Тәулігіне 80 тонна қуаттылықпен комбикорм зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 280,0 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары – 60.
– «Фабрика красок» ЖШС – «Синтетикалық латекс шығару зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 421,0 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары – 42.
- 2014 жылы 2 жоба іске асырылу жоспарлануда:
– «Сыр Цементі» ЖШС-нің «Цемент зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 7500,0 млн. теңге, жаңадан 120 жұмыс орындары құрылатын болады.
– «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала-Сауысқандық кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының 2-ші кезеңі.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2012 жылдың қорытындысымен 253 471,0 мың теңгені құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайызды құрады.
Тікелей шет елдік инвестиция тарту және өзара ынтымақтастық әл-ауқатты жақсарту мақсатында 2012 жылғы 22-24 мамырда Астана қаласында өткізілген V Астана экономикалық форумы аясындағы Индустриалды-инновациялық жобалар көрмесінде Қызылорда облысынан 4 жобаның тұсаукесері өткізілді:
1. «Шалқия цинк ЛТД» ЖШС-нің «Байыту фабрикасының құрылысы және жылына 4 млн.тонна қорғасын-мырыш өндіретін Шалқия кенішін кеңейту» жобасы;
2. «СПК Қызылорда» АҚ-ның «Қуаттылығы жылына 6000 тонна құс етін шығаратын құс фабрикасы» жобасы;
3. «Фирма Дана» ЖШС-нің «Кварц құмын құрғақ байытуға арналған кен байыту комбинатының құрылысы» жобасы;
4. «СДО бөген» ЖШС-нің «Сервистік дайындау бөген орталығын ұйымдастыру» жобасы.
Сондай-ақ, 2012 жылдың 13-14 қазанында «Жібек жолы – 2012» Бизнес-форумы ұйымдастырылды. Бизнес-форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, шетелдік инвесторлар, еліміздің даму институттарының өкілдері, ірі компаниялар басшылары қатыстырылды.
Форум аясында әлеуметтік-экономикалық бағытында шамамен жалпы құны 150,0 млрд. теңгеден астам 72 меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |