Демократиялық-құқықтық адамның құқықтары мен қызметкерлер тек нақты қоғамдық-саяси ерекше мәселе бостандықтарын қорғау


Е. Ярская-Смирнова әлеуметтік қызметкерге келесі cтандарттарды қойған



бет4/7
Дата23.11.2022
өлшемі100.89 Kb.
#465587
1   2   3   4   5   6   7
ЭТИКА БАЯНДАМА (2)

Е. Ярская-Смирнова әлеуметтік қызметкерге келесі cтандарттарды қойған:

  • кәсіби дайын болу;

  • қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму салаларында жан-жақты адам болуы тиіс;

  • өз іс-әрекетінің салдарын көре білу, өз мамандығының құндылықтарын өмірге енгізе білу;

  • қиын балалармен, мүгедектермен және қарттармен қарым-қатынасқа түсе алу үшін коммуникативті қабілеті болуы;

  • клиенттің жеке басына қатысты мәселелерде кәсіби құпияны сақтай білуі мен кәсіби шеберлікті қолдана білуі тиіс;

  • кез келген күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;

  • қандай жағдайда да мейірімділікпен кәсіби парызын орындауға дайын болуы қажет.

Әлеуметтік қызметкердің міндеттерін заңдастыратын құжат ретінде, олар мемлекеттік немесе жергілікті әлеуметтік бағдарламалар, бұйрық немесе әлеуметтік қорғау жоғары органның, мемлекеттік немесе жергілікті басқару органдарының құрылымдық хаты, олардың шешімі т.б. қандай жағдай болмасын, бұл құжат мазмұны адамгершілік критерийлерінің сұрақтарына жауап беретін және барлық әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік қорғау жүйесіне ортақ жалпы қабылданған, заң негізінде жүзеге асатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы болмауы тиіс.
Әлеуметтік қызмет пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін нақтылайтын ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты, жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.
Мақсаттардың сәйкестігі мен мақсатқа жетудің тәсілдері этиканың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік қызметкер мүмкін болатын барлық рухани құндылықтарға дейін, қолайлы, заңды тәсілдерді қолданады. Әлеуметтік қызметкердің ең маңызды принципі «зардабын тигізбе» болғандықтан, клиентпен жұмыс кезінде кәсіби-этикалық принциптерді ұстануы қажет.
Әлеуметтік қызметкер мақсатқа жету жолдарының жүру барысын ғана ойластырып қоймай, мақсатқа жету үшін басқа да тәсілдердің қолданылуын да алдын ала көре білуі керек, яғни «деструктивті тәсілдерді қолдану трансформацияға және мақсаттың орындалуына әкеледі». Әлеуметтік қызметкердің мәселені шешудегі алға қойған мақсаты моральдық талаптарға да сай болуы тиіс. Яғни, әлеуметтік қызметкер клиенттері арасынан материалдық жағдайы жақсы адамдардан алып, материалдық жағдайы төмен адамдарға бере алмайды. Себебі, «Адамның қолына балық бергенше, қармақ бер» деген мақалды мысалға келтірсек болады. Мұнда әрбір клиенттің, әлеуметтік топтық құқығы сақталуы керек. Сондықтан да біз бірінен алып, біріне бермей, керісінше сол нәрсенің ол адамда да болуының жолын көрсетуіміз керек. Әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмысы барысында осы аталған кәсіби этиканы ұстанған жағдайда, мақсатқа жету құралдарын дұрыс таңдаған жағдайда мәселенің шешімі оң нәтиже береді[2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет