1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ жұмыс
Коллоидтық химияның демонстрациялық
тәжірибелері
Жұмыстың мақсаты: Коллоидтық химия объектілерінің ерекшеліктерін бейнелеу.
Теориялық бөлімі: Коллоидтық химия объектілерінің ерекшеліктері. Дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері (Фарадей-Тиндаль эффектісі), Рэлей теңдеуі, Ламберт-Бугер-Бэр заңы. Коллоидтық жүйелердегі диффузия мен осмос құбылыстары. Электрбеттік құбылыстар (электродтық процесстер, Липман теңдеуі).
Практикалық бөлім: Тәжірибелерді жүргізу, көрсету және түсіндіру.
1-тәжірибе. Фарадей-Тиндаль құбылыстарын көрсету.
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: жарық көзі, светофильтрлер, коллоидтық ерітінділер (Ғе(ОН)3, берлин көгі, канифоль, MnO2 зольдері.
Молекулалық ерітінділер: CuSO4,FeCl3, KMnO4 және флуоресцеин.
2-тәжірибе. Коллоидтық бақша.
Құрал жабдықтар мен реактивтер: сұйытылған силикатты желімшесі бар стақан, түрлі-түсті қатты тұздар: FeCl3, MnCl2, CоSO4, Со(NO3)2, CuSO4, K2Cr2O7, NiSO4, NiCi2, флуоресцеин.
3-тәжірибе. Сынап жүрегі.
Құрал жабдықтар мен реактивтер: штатив, сағат шынысы, тазаланып үшкірленген темір шеге, сүзгіш қағаздар, сынап, 10%-тік күкірт қышқылы, K2Cr2O7 ерітіндісі.
Әдебиеттер:
Ә.Қоқанбаев, Қ.Б. Мұсабеков, Ш. Ерболат. Коллоидтық химияның демонстрациялық тәжірибелері. «Қазақ университеті», Алматы, 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |