Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 661 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5884 болып енгізілді
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы N 1 (Тиражға шыққан уақыты 20.03.2010 ж.)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4596 болып тіркелген, "Юридическая газета"- 2007 жылғы 25 сәуірде N 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 661 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтиханын
өткізу қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.07.05 № 457 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 176-бабының 4-тармағының, 7-бабының 28) тармақшасына, «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес әзірленді және орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға даярлығын анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) маман – медициналық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
2) маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіби қызметінің нақты кезеңіне үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің шартты бірегейлендірілген бірлігі;
3) практикалық дағдыларды бағалау – мамандардың практикада теориялық бiлiмдерiн қолдана бiлуiн анықтау;
4) сынақ бірліктерін жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіби даму іс-шараларына қатысуын біртіндеп есепке алу жүйесі;
5) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізуге арналған «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы № 1559 қаулысына сәйкес аккредиттелген жеке тұлға;
6) үміткер – маман сертификатын алуға үміткер медицина қызметкері.
3. Осы біліктілік Қағидаларына сәйкес бiлiктiлiк емтихандарын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі комитет (бұдан әрі – МФҚБК) және оның аумақтық департаменттері – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндерді қоспағанда орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қадағалау комитеті (бұдан әрі – МСЭҚҚК) және оның аумақтық департаменттері – орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейiндi жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн өткізеді.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары:
1) мiндеттi – медицина қызметкерлерiнiң клиникалық мамандығына сәйкестiгiн анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберуге рұқсат беру үшiн;
Міндетті біліктілік емтихандары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын берумен аяқталады;
2) ерiктi – тиісті бiлiктiлiк санатын бере отырып, мамандардың кәсiби деңгейiн анықтау үшiн деп бөлінеді.
Ерiктi бiлiктiлiк емтихандары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын берумен аяқталады;
Біліктілік санатын бере отырып және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты клиникалық практикада жұмыс істеуге рұқсат болып табылады (пациенттермен жұмыс істеу).
5. Клиникалық практикаға рұқсат алу үшін (пациенттермен жұмыс істеу), интернатурада, клиникалық ординатурада және резидентурада (интернатураны бітіру қарастырылмаған мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірген соң және/немесе өтініш берілген мамандық бойынша бастапқы мамандандыруды (қайта даярлау) циклын бітірген соң, ал орта медицина қызметкерлері үшін – колледжді, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген соң, маман міндетті біліктілік емтиханынан өтеді.
6. Біліктілік санаты беріле отырып және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берiлген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн сертификаттың қолданысы тоқтатылады.
2. Міндетті біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі
7. Міндетті бiлiктiлiк емтихандары автоматтандырылған компьютерлік тәсілімен тестілеу түрінде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
8. Міндетті бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру үшiн мамандар МФҚБК аумақтық департаменттеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) түпнұсқасымен салыстыру үшін жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi немесе орта медициналық бiлiм туралы дипломның көшiрмесiн, түпнұсқа ұсынылмаған кезде нотариаттық расталған дипломның көшiрмесi;
3) интернатураны, клиникалық ординатураны, резидентураны бiтiргендiгi және/немесе салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсына отырып өтiнiш бiлдiрiлген мамандық бойынша қайта даярлаудан (мамандандырудан) өткендiгi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi. Құжаттың түпнұсқасы болмаған жағдайда, нотариаттық расталған көшірмесі ұсынылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін өтiнiш бiлдiрiлген мамандық бойынша клиникалық қызметке кіріскен тұлғаларға тиісті мамандығы бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді;
4) соңғы 5 жылдары мамандығы бойынша жоғары білімі бар мамандар үшін жалпы көлемі 216 сағат және орта медициналық білімі бар мамандар 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткендігі туралы куәландыратын құжаттың көшірмесі (жұмыс өтілі болған жағдайда);
5) еңбек кітапшасының не еңбек жолын растайтын құжаттың (болған жағдайда) көшірмесі;
6) білім туралы құжаттың (жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi немесе орта медициналық бiлiм) нострификациясы туралы куәландыратын құжаттың көшiрмелерi (қажет болған жағдайда);
7) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау МФҚБК аумақтық департаменттердің кеңсесінде «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі.
9. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру оларды қабылдап алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Міндетті біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, үміткерге бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
Тестілеу МФҚБК аумақтық департаменттерімен өткізіледі.
10. Тестілеуді өткізудің мақсаты – теориялық білімдерін, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды білуінің, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша тәжірибелік амалдарды шешу қабілеттілігін ұтымды бағалау.
Тестілеуге арналған үй-жай бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады.
11. МФҚБК аумақтық департаменттері тестілеуді өткізетін орнын, күнін және уақытын көрсете отырып тестілеуге қатысатын үміткерлердің тізімін қалыптастырады.
12. Тестілеуге мамандар жеке куәліктерін ұсынған жағдайда жіберіледі.
13. Тестілеудің басталуына 10-15 минут қалғанда МФҚБК немесе аумақтық департаментінің қызметкері тестілеуден өтетін үміткерлерге бағдарламамен жұмыс бойынша нұсқаулық жүргізеді.
Өзін нашар сезінген жағдайда маман бұл туралы тестілеу басталғанға дейін МФҚБК аумақтық департаментінің қызметкеріне хабарлауы тиіс және одан әрі тестілеуге жіберілмейді.
14. Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны 50 құрайды. Тестілеуге арналған уақыт - 60 минут.
Тестілеуден өту және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алу үшін шекті деңгей жалпы жауаптардың 50% кем емес дұрыс жауаптары көлемін құрайды.
15. Тестіні өткізуге берілген уақыт аяқталғанда, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
16. Тестілеу кезінде үміткерлердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған үй-жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-таратушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.
17. МФҚБК аумақтық департаментінің қызметкері үміткер тестілеу тәртібін бұзған кезде оны тоқтатады және үміткердің тестілеуі өтілмеді деп есептеледі.
18. Тестілеу нәтижесін есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
19. Тестілеу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес екі данада ресімделеді, оның бірі үміткерге ол тестілеуді аяқтағаннан кейін беріледі, үміткердің қолы қойылған екінші данасы МФҚБК аумақтық департаментінде сақталады.
20. Тестілеуден өткен үміткерге біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты олардың тестілеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде беріледі.
3. Ерікті біліктілік емтиханын өткізу тәртібі
21. Ерiктi бiлiктiлiк емтихандары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үміткер ерiктi бiлiктiлiк емтихандарын өткізу кезіндегі біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес болған кезінде өткізіледі.
Жоғары және орта медициналық білімі бар үміткерлерге санат беру кезінде қойылатын біліктілік талаптары еңбек өтілін, тестілеу кезіндегі дұрыс жауаптардың пайыздарын, оның үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуын есепке алады.
Үміткердің өзінің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі санатты беру кезінде СБ қайта есептеу жүйесі бойынша (негізгі және қосымша) СБ-да өлшенеді.
22. Мамандардың бiлiктiлiк деңгейi мынадай санаттар бойынша анықталады:
1) екiншi санат;
2) бiрiншi санат;
3) жоғары санат.
23. Жоғарыда көрсетілген санатқа өтініш білдірілген біліктілік санатына біліктілік санатын алған күннен бастап маман кемінде үш жылдан кейiн жiберiледi.
24. Ерікті біліктілік емтихандары 2 кезеңнен тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.
25. Үміткерлер біліктілік санаты берілетін маман сертификатын алу үшін құжаттарды қолданыстағы маман сертификатының мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты айға жетпейтін мерзімде МФҚБК, МСЭҚК аумақтық департаменттеріне немесе МСЭҚК аумақтық департаменттеріне ұсынады.
Құжаттарды қабылдау МСЭҚК, МФҚБК аумақтық департаменттерінің және МСЭҚК аумақтық департаменттерінің кеңсесінде «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі.
26. Ерікті біліктілік емтихандарын тапсыру үшін үміткерлер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді және 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау ісін тапсырады.
27. Аттестаттау ісі үміткермен толтырады. Аттестаттау ісіндегі жазбалар аттестаттау ісінің тармақтарына және бағандарына сәйкес нақты және толық болуы тиіс, мәліметтер дәйекті болуы тиіс.
Толтырылған аттестаттау ісіне үміткер, кадр қызметінің маманы, сондай-ақ медициналық ұйымның басшысы қол қояды және медициналық ұйымның мөрімен расталады.
Кадр қызметінің маманы және медициналық ұйымның басшысы үміткердің аттестаттау ісінің толтырылуының дұрыстығын және дәйектілігін куәландырады.
Аттестаттау ісінің әр парағына ұйымның мөрі басылып, әр бетіне кадр қызметінің маманы қол қояды.
Қол қойылған және куәландырылған аттестаттау ісі үміткерге беріледі.
28. Санитариялық-эпидемиологиялық бейiнi мамандығы бойынша мамандарды қоспағанда, жоғары медициналық білімі бар үмiткердiң күнделiктi практикада пайдаланатын диагностика және емдеу әдістері көлемінің өтiнiш бiлдiрген санатқа сәйкестiгiне қорытындыны, медицина қызметкерiнiң бейiнiне сәйкес облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының мамандары (бастапқы медициналық-санитариялық көмек, акушер-гинеколог, хирург, педиатр, терапевт), орта медициналық білімі бар мамандарға, санитариялық-эпидемиологиялық бейiнi мамандығы бойынша мамандарды қоспағанда – негізгі жұмыс орнындағы бас мейірбике бередi.
Үміткердің практикалық дағдылары мамандықтардың біліктілік сипаттарына сәйкес бағаланады.
29. Біліктілік емтихандарын өткізу кестесі (үміткерлердің аттестаттау істерін, тестілеу, әңгімелесуін, өтінішін қабылдау) жыл сайын МФҚБК немесе МСЭҚК бекітіледі. Біліктілік емтиханын өткізу жыл бойы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
30. Медициналық білімі бар үміткердің санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарын қоспағанда осы Қағидалармен белгіленген талаптарына сәйкестігін МФҚБК аумақтық департаменттерімен тартылатын тәуелсіз сарапшылар айқындайды.
Тәуелсіз сарапшы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үміткердің аттестаттау ісінің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалайды.
Егер үміткер өтініш білдірілген санаттың практикалық дағдыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмесе үміткер тестілеуге жіберілмейді.
31. Біліктілік санатын алу үшін мамандар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сай болуы тиіс.
Өтінішті, аттестаттау iстерiн қабылдау, сондай-ақ мамандарды тестілеуді МСЭҚК, МФҚБК аумақтық департаменттері және МСЭҚК аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
32. Тестілеу шекті деңгейдің нәтижелерін қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауда қарастырылған ұқсас тәртіппен жүргізіледі.
Тестілеу нәтижесі тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл бойы күшінде болады.
33. Үмiткер бiлiктiлiк емтиханның келесi кезеңiне егер тестiлеу нәтижесі белгіленген шектi деңгейден кем пайызды құраған жағдайда жiберiлмейдi: жоғары санатқа 80% – дан кем емес, бірінші санатқа – 70%-дан кем емес, екінші санатқа – 60%-дан кем емес.
34. Үмiткердiң тестiлеу нәтижесі өтiнiш бiлдiрiлген санаттан төмен болған жағдайда үмiткердiң келiсiмi бойынша өтiнiш бiлдiрiлгеннен төмен санатқа арналған бiлiктiлiк емтиханының келесi кезеңдерiн өтедi.
50% немесе одан жоғары дұрыс жауап берген үміткер біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алады.
Біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алу үшін үміткер тестілеу нәтижесі мен өткізілген күні көрсетілген жазбаша түрде өтінішті аумақтық департаменттерге ұсынады.
35. Әңгімелесу өткiзу үшiн МФҚБК немесе МСЭҚК, олардың аумақтық департаменттерінің, денсаулық сақтау басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық ғылым және бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiнiң санынан МФҚБК, МСЭҚК және олардың аумақтық департаменттерінің бұйрығымен мамандандырылған комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады.
Комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және 13 адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппаратының немесе МФҚБК, МСЭҚК, олардың аумақтық департаменттерінің басшылары қызметкерлерінің бірі тағайындалады. Комиссия мүшелерiнiң арасынан төрағаның орынбасары тағайындалады.
Егер комиссияның отырысында комиссияның бекiтiлген құрамының кемiнде үштен екi мүшесi қатысса, комиссияның отырысы құқықты болып саналады.
36. Дауыс беру нәтижелерi комиссия мүшелерiнiң басым дауыстарымен айқындалады. Дауыстар саны тең болған жағдайда шешушi дауыс болып комиссия төрағасының дауысы саналады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
37. Әңгімелесу барысында маманның бiлiктiлiк деңгейi, оның кәсiптiк мiндеттердi (диагностикалық, тәсілдік, ұйымдастырушылық) шеше бiлуi, қолда бар ақпаратқа талдау жасай бiлуi және ол бойынша тиiстi шешiм қабылдай бiлуi бағаланады.
38. Ерікті бiлiктiлiк емтиханы аяқталғаннан кейiн осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы ресiмделедi.
МФҚБК, МСЭҚК комиссиясы отырысының хаттамасының негiзiнде, МФҚБК, МСЭҚК немесе оның аумақтық департаменттерінің басшысымен бұйрық түрінде ресімделетін маман сертификатын беру туралы шешiм шығарады.
39. Бiлiктiлiк санаты берілетін маман сертификаты МФҚБК, МСЭҚК немесе оның аумақтық департаменті комиссия отырысының күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күннiң iшiнде беріледi.
40. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыра алмаған тұлғалар өтiнiш пен өтініш бiлдiрген мамандығы бойынша көлемi жоғары білімі бар мамандар үшін кемiнде 108 сағат және орта білімі бар мамандар үшін – 54 сағат болатын бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан қосымша өткендiгiн растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін бiлiктiлiк емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі.
41. Бiлiктiлiк емтихандарын қайта тапсыра алмаған тұлғалар аттестаттау ісін, өтiнiш пен өтiнiш бiлдiрiлген мамандық бойынша жоғары білімі бар мамандар үшін көлемi кемiнде 216 сағат және орта білімі бар мамандар үшін 108 сағат болатын тақырыптық бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қосымша өткенiн растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін бiлiктiлiк емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі.
Біліктілік емтиханын қайта тапсыру үшін үміткерлер құжаттарын МФҚБК, МСЭҚК және оның аумақтық департаменттеріне тапсырады.
42. Бiлiктiлiк санаты беріле отырып, өткiзiлетiн бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу кезінде мыналар ескеріледі:
1) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін (учаскелiк терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрiгерлерi, фельдшерлер, акушерлер және мейiрбикелер), терапия, педиатрия және жалпы хирургия мамандықтары бойынша қызметті жүзеге асыратын аудандық (ауылдық) стационарлар деңгейінде қызметкерлер үшін сағаттарының жалпы көлемінен 50 %-нан асырмай бейінді мамандық бойынша біліктілігін арттыру өтуге рұқсат беріледі;
2) егер маман өтiнiш бiлдiрген мамандық бойынша соңғы екі жылда екi немесе одан көп ұйымдарда жұмыс iстесе, есебiн осы ұйымдардың басшылары жеке-жеке бекiтедi;
3) денсаулық сақтау жүйесiнде тәуелсiз сарапшы болып табылатын тұлғалардың жұмыс өтiлiне мамандығы бойынша тәуелсiз сарапшы ретiнде аккредиттелген сәттен бастап, сараптамалық қызметiнiң жұмыс өтiлi мамандық бейiнi бойынша жұмыс өтiлiне саналады;
4) денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік қызметкер болып табылатын тұлға, денсаулық сақтау жүйесiнiң кәсiподақтарында (бiрлестiктерiнде) жұмыс iстеп жатқан "қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтiк гигиена және денсаулықты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша бiлiктiлiк санатын алуға үмiткердiң жұмыс өтiлiне денсаулық сақтау жүйесiндегі, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесiнiң кәсiподақтарында және мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтiлi саналады;
5) «мейірбике ісі» мамандығы бойынша сертификат алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне «фельдшер, жалпы практика фельдшері» және «акушер, жалпы практика акушері» мамандықтары бойынша жұмыс өтілі де саналады;
6) «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша маман сертификатын алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне «терапия» және «педиатрия» мамандығы бойынша еңбек өтілі саналады;
7) «терапия» және «педиатрия» мамандығы бойынша маман сертификатын алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша еңбек өтілі саналады;
8) жалпы практика дәрігері лауазымына орналасқан тұлғалар үшін терапия (жасөспірімдер терапиясы), педиатрия мамандығы бойынша алған қолданыстағы біліктілік санаты қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
43. Бірінші, жоғары санат берілген тиісті мамандық бойынша маман сертификатының қолданысы өтінілген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санат алған тұлғалары үшін мерзімсіз болып табылады.
Тиісті біліктілік санаты берілетін мерзімсіз маман сертификатын алу үшін мамандардың МСЭҚК-ге, МСЭҚК аумақтық департаменттеріне, МФҚБК аумақтық департаменттеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) маман сертификаттарының көшірмелері;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жалпы көлемде соңғы 5 жылда үздіксіз кәсіби деңгейін дамыту шараларына қатысқанын растайтын құжаттар:
бірінші санатты мамандар үшін:
жоғары медициналық білімі бар мамандарға – 254 СБ, орта медициналық білімі бар мамандарға – 240 СБ;
жоғары санатты мамандар үшін:
жоғары медициналық білімі бар мамандарға – 270 СБ, орта медициналық білімі бар мамандарға – 254 СБ.
Маманның мерзімсіз сертификаты медициналық ұйымның кадр қызметінде әрбір келесі 5 жыл сайын үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқандығын растайтын құжат болған кезде жарамды.
44. Маман сәйкес санат бойынша мерзімсіз сертификат алу үшін, қатарынан берілген санаттар арасында үзілісі алты айдан аспаған жағдайда рұқсат беріледі.
Бірінші, жоғары санат берілген мерзімсіз маман сертификаты маманның қолданыстағы сертификатының мерзімі аяқталуына үш ай қалғанда, одан ерте емес, растайтын құжаттарды қоса ұсынған жағдайда беріледі.
4. Апелляциялық өтінішті қарау тәртібі
45. Міндетті біліктілік емтиханның нәтижесімен келіспеген үміткер тестілеу нәтижесін МФҚБК аумақтық департаменттерінің апелляциялық комиссиясына, ерікті біліктілік емтиханның нәтижесін - МФҚБК немесе МСЭҚК және оның аумақтық департаменттерінің апелляциялық комиссиясына шағымдануға құқылы.
46. Апелляциялық өтініш (бұдан әрі – өтініш) апелляциялық комиссия төрағасының атына келіспейтін нақты себебін көрсетіп, тиісті МФҚБК, МСЭҚК аумақтық департаменттеріне, МСЭҚК аумақтық департаменттеріне ұсынылады.
Міндетті біліктілік емтиханының нәтижесіне шағымдану туралы өтініш МФҚБК аумақтық департаменттерінде қаралады.
Ерікті біліктілік емтиханының нәтижесіне шағымдану туралы өтініш тиісті аумақтық департаментке беріледі және МФҚБК немесе МСЭҚК апелляциялық комиссиясында қаралады.
47. Өтініш міндетті немесе ерікті біліктілік емтиханының нәтижесін алған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей беріледі.
48. МФҚБК, МСЭҚК аумақтық департаменттері өтінішті барлық қажетті құжаттарымен бірге (тестілеу нәтижесі, тестіленушінің жауаптары мен сұрақтардың тізбесін, біліктілік комиссиясының шешімін) МФҚБК немесе МСЭҚК аумақтық департаментінде тіркелген сәттен бастап 3 күннен кешіктірмей МФҚБК, МСЭҚК апелляциялық комиссиясына жібереді.
49. Міндетті біліктілік емтиханының нәтижесін қарау үшін апелляциялық комиссия құрамы тиісті МФҚБК аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен, ерікті біліктілік емтиханының нәтижесін қарау үшін апелляциялық комиссия құрамы МФҚБК немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен құрылады.
50. Апелляциялық комиссияның дербес құрамын жыл сайын тиісті МФҚБК немесе МСЭҚК аумақтық департаменттің басшысы, МФҚБК немесе МСЭҚК төрағасы бекітеді.
51. Апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ 7 адамнан артық болмауы тиіс.
52. Апелляциялық комиссия өтінішті МФҚБК аумақтық департаментінде, МСЭҚК және оның аумақтық департаменттерінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарау жөнінде отырыс өткізеді.
Апелляциялық өтініштерді қарау кезінде (қажет болған жағдайда) аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар тартылады. Сараптаманы жүргізуге тәуелсіз сарапшыларды тарту «Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
53. Егер отырысқа оның құрамының кемiнде үштен екi мүшесi қатысса, апелляциялық комиссия шешімі құқықты болып саналады. Дауыс беру нәтижелерi комиссия мүшелерiнiң басым дауыстарымен анықталады. Дауыстар саны тең болған жағдайда шешушi дауыс болып апелляциялық комиссия төрағасының дауысы саналады.
54. Апелляциялық комиссия шешімі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді және апелляциялық комиссияның барлық мүшесі қол қояды.
55. Үміткерге МФҚБК, МСЭҚК кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде апелляциялық өтінішті қарау нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарланады.
Денсаулық сақтау саласында
бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |