«ХҚКО» РМК-ның аттестаттауға жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидалары
-
Жалпы ережелер
-
Осы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «ХҚКО» РМК) аттестаттауға жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қызметкерлер мен үміткерлердің білімі мен қабілеттерін объективті бағалау мақсатында аттестаттауға жататын қызметкерлерге, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеу өткізу тәртібін анықтайды.
-
Тестілеудің әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) болып табылатын «ХҚКО» РМК филиалының қызметкерлерді дамыту қызметінің басшысы тестілеуді өткізеді.
-
Тестілеуді өткізу объективтілігі талаптардың, уақыттың, қорытындыларды есептеудің, тестер мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бермеушілік туралы жазбаша шектеулер қоюымен қамтамасыз етіледі.
-
Тестілеу рәсімін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының деректер қорын қалыптастыру мен оларды жаңартуды Қызметкерлерді басқару департаменті (бұдан әрі - ҚБД) жүзеге асырады.
-
Тестілеу кезінде қызметкер немесе үміткер әкімшіге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке куәлігін ұсынады.
-
Аттестаттауға жататын қызметкерлерге тестілеу өткізу тәртібі
-
Филиалдың қызметкерлерді дамыту қызметі (бұдан әрі - ҚДҚ) аттестаттауға жататын қызметкерлер мен тестілеуге жіберілетіндердің тізімін қалыптастырады.
Тізім мына мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты, лауазымы, ЖСН. Жеке деректер ЖСН бар, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Тізім ҚДҚ-ға ұсынылады, ол тестілеуді өткізудің мерзімі мен орнын белгілейді.
-
ҚДҚ тізім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тестілеу кестесін қалыптастырады және кесте туралы филиалдың ҚБҚ-сын хабардар етеді.
-
Филиалдың ҚДҚ қызметкерлерді 1 айдан кешіктірмей тестілеуді өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.
-
Қызметкерлерді тестілеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тестілеу бағдарламаларына сәйкес тестілеу кестесі қалыптасқаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
-
Бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге тестілеу өткізу тәртібі
-
Филиалдың ҚДҚ үміткерлер ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тестілеуге жіберілген үміткерлерді анықтаған соң тестілеуге бағытталатын үміткерлердің тізімін қалыптастырады.
Тізім мына мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты, лауазымы, ЖСН. Жеке деректер ЖСН бар, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Тізім ҚДҚ-ға ұсынылады, ол тестілеуді өткізудің мерзімі мен орнын белгілейді.
-
Филиалдың ҚДҚ үміткерлерді 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тестілеуді өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.
-
Үміткерлерді тестілеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеу бағдарламаларына сәйкес тестілеу кестесі қалыптасқаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік қызмет стандарттары мен ХҚКО қызметі бойынша жалпы сұрақтарды білуден тестілеу жүргізу кезеңінде шектік мәннен төмен тестілеу қорытындысын алған бос орын лауазымына орналасатын үміткер тестілеудің келесі кезеңіне (жеке және басқарушылық құзыреттілігі бойынша тест, мемлекеттік тілді білуге тест) жіберілмейді.
-
Кадрлық қорға үміткерлерге
тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
-
Кадрлық қорға үміткерлерді тестілеу мынадай бірізді кезеңдерді қамтиды:
-
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;
-
жеке және басқарушылық құзыреттілік деңгейін анықтауға тестілеу;
-
мемлекеттік тілді білуге тестілеу.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден тестілеу жүргізу кезеңінде шектік мәннен төмен тестілеу қорытындысын алған үміткер тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
-
Үміткерлер кадрлық қорға конкурстық іріктеу аясында бір рет тестілеуден өтеді.
-
Үміткер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеу кестесі қалыптасқаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.
-
Лауазым санаты үшін көзделген бағдарлама бойынша тестілеу қорытындылары тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.
-
Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
-
Тестілеуге ЖСН бар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі.
-
Тестілеу басталмастан бұрын әкімші тестілеуден өтушілерді тестілеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
-
Тестілеу кезіне көңіл-күйі қанағаттанарлық емес жағдайда болған адам тестілеуді өткізу басталмастан бұрын бұл туралы әкімшіге хабарлайды. Бұл жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес белгіленетін басқа күні жүргізіледі.
-
Тестілеу жүргізілетін үй-жай тестілеуден өтуші адамдардың ыңғайлы орналасу талаптарына сәйкес келуі тиіс.
-
Тестілеуден өтуші адамдарға бір-бірімен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электронды жүктегіштегі ақпараттарды пайдалануға, үй-жайдан шығып кетуге тиым салынады.
Тестілеуден өтуші адамдардың қабылдаушы-жіберуші электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталы дербес компьютерлер және басқа электронды жабдықтар) тестілеуден өту кезінде уақытша сөндіріледі.
Осы Қағидаларды бұзған жағдайда әкімшілер тестілеуді тоқтатады, қағидаларды бұзуға жол берген адамдарды тестілеуге арналған үй-жайдан шығарып жібереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда тиісті актіні жасайды, оған үшеуден кем емес адам, оның ішінде әкімші қол қояды. Тестілеу қорытындысының күші жойылады.
-
Тестілеуді орындауға берілген уақыт өтісімен бағдарлама автоматты түрде жабылады.
-
Тестілеудің дұрыс жауабын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
-
Тестілеу аяқталысымен адамдарға әкімшінің, лауазымды тұлғаның қолы қойылған және мөрі басылған тестілеу қорытындысы беріледі.
«ХҚКО» РМК-ның аттестаттауға
жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына
1 - қосымша
Аттестаттауға жататын қызметкерлер үшін тестілеу бағдарламалары мен тестілеудің шектік мәні
№
|
Санаты
|
Сұрақтардың саны
|
Дұрыс жауаптардың саны
|
Тесті орындау уақыты
|
1
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
|
10
|
6
|
60 минут
|
2
|
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
6
|
3
|
Мемлекеттік қызметтер стандарттары
|
20
|
14
|
4
|
Жалпы сұрақтар (ЭПҮ, іскерлік этика кодексі)
|
20
|
14
|
5
|
Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тест
|
-
|
-
|
30 минут
|
* Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тестке шектік мән белгіленбейді.
«ХҚКО» РМК-ның аттестаттауға
жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына
2 - қосымша
Филиалдардың бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге тестілеу бағдарламалары
№
|
Санаты
|
Сұрақтардың саны
|
Дұрыс жауаптардың саны
|
Тесті орындау уақыты
|
1
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
|
10
|
5
|
60 минут
|
2
|
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
5
|
3
|
Мемлекеттік қызметтер стандарттары
|
20
|
12
|
4
|
Жалпы сұрақтар (ЭПҮ, іскерлік этика кодексі)
|
20
|
12
|
5
|
Мемлекеттік тілді білуі
|
-
|
-
|
20 минут
|
6
|
Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тест
|
-
|
-
|
30 минут
|
* Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тестке және мемлекеттік тілді білуге арналған тестке шектік мән белгіленбейді.
«ХҚКО» РМК-ның аттестаттауға
жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына
3 - қосымша
Кадрлық қорға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары
№
|
Санаты
|
Сұрақтардың саны
|
Дұрыс жауаптардың саны
|
Тесті орындау уақыты
|
1
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы
|
10
|
5
|
80 минут
|
2
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
5
|
3
|
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
7
|
4
|
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
5
|
5
|
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
5
|
6
|
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңы
|
10
|
5
|
7
|
Мемлекеттік қызметтер стандарттары
|
20
|
12
|
8
|
Мемлекеттік тілді білуі
|
-
|
-
|
20 минут
|
9
|
Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тест
|
-
|
-
|
30 минут
|
* Жеке және басқарушылық құзырет бойынша тестке және мемлекеттік тілді білуге арналған тестке шектік мән белгіленбейді.
«ХҚКО» РМК-ның аттестаттауға
жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына
орналасатын үміткерлерге және кадрлық
қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидаларына
4 - қосымша
Тестілеуді тоқтату туралы
Акт
2013 жылғы «_____» ______, сағат____ _______минут
Тестілеудің әкімшісі _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Орталықтың өкілі ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аттестаттауға жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу фактісін анықтадық:
Т.А.Ә. _______________________________________, ЖСН ____________
(осы актіні жасаған адамдардың қолы және Т.А.Ә.)
Актімен таныстым:
(қызметкердің/үміткердің қолы және Т.А.Ә.)
Күні: _________
Достарыңызбен бөлісу: |