үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы,
залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.
Аурудың кезеңдері:
Аурудың кезеңдері:
1. инкубациялық кезең - адам ағзасына қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;
2. продромальді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен басталады, бұл кезеңнің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;
3. өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.

4. реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.