Дәптерге қойылатын талаптар



Дата12.03.2024
өлшемі20.94 Kb.
#495120
дәптер


Дәптерге қойылатын талаптар.

1.Дәптер сырты талапқа сай толтырылып, нөмірленіп (№1,№2), қапталуы тиіс.


2.Орфографиялық режим: шет сызық, күні, баға, үй және сынып жұмыстары талапқа сай сақталуы керек.
3.Дәптерлердің тексерілуі нұсқаулық хатқа сай жүргізіледі, қателер шет сызығына көрсетіледі.
4.Тексеру соңында, бақылау жұмыстарынан кейін міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі.
5.Жазба дәптерлерінің саны: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі – 2 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптері, сөздік дәптері.
6.Математика – 2 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптер.
7.Физика, химия, биология,1жұмыс дәптер,1бақылау дәптер,1 зертхана дәптері.
8.Тарих, география – 1 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптер, атластар, контур карталар міндетті түрде болуы тиіс.

Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі


Қазақ тілі 3 - 2 жұмыс дәптері; - 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Әдебиеттік оқу 2 - 1 жұмыс дәптері; - 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Орыс тілі 2 - 1 жұмыс дәптері; - 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Ағылшын тілі 2 - 1 жұмыс дәптері; - 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Математика 3 - 2 жұмыс дәптері; - 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері (бақылау жұмысы осы дәптерде орындалады);
Жаратылыстану 1 - 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады);
Дүниетану 1 - 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады);
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
1-2-сыныпта кіші жол дәптердегі кіші әріптің биіктігі 4 мм, көмекші жолдың биіктігі 8 мм болады. Үлкен жолды дәптерде кіші әріптердің биіктігі 3 мм, бас әріптің биіктігі 6 мм болады.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан (жаңа жолдан) бастап жазу, жолды дәптердің түп жағынан (10-15 мм), оң жағынан (20 мм), тор дәптердің түп жағынан 2 тор, шектеу сызығына 1 тор жетпейтін бос орын қалдыру, біркелкі көркем жазу талап етіледі.
- 1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Көркем жазу жұмыстары
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта-1-2 жол
3 сыныпта – 3 жол
4 сыныпта - 3-4 жол
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге бағытталған үлгі жазуды көрсетеді. Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет. Бұндай әріптер мен әріптер байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.
Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
- 1,2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
- 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың сол жағына қойылады;
- Мадақтау жазулары жазылады;
- Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
- 2,3,4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға дәптерге 2 баға (әуелі мазмұнына, кейінгісі қатесіне) қойылады (журналда 1 баға мазмұнына қойылады);
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалынады;
Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:
- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері; - Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса; - Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде; - Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса; - Бір сөзді қайталап жазып қойса.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау:
1. Жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан, т/б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
2. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, “ неге? “ сұрағын көбірек қою.
3. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық, әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
4. Грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен кезектестіру. Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет