Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің кеңуіне ықпал ету, қиялдау мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту



Дата17.03.2023
өлшемі41.5 Kb.
#470921
ертегі оқу


Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің кеңуіне ықпал ету, қиялдау мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық - даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдыру, балаларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Ертегінің қалыптасу тарихы, оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар.
Халықтық ертегілер өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. 
Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қияметі айтылады. Халық ертегілерінің негізі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты баяндайды.
Халық ертегісі ішінде балалардың сүйіп тыңдайтын, олардың жас ерекшеліктеріне тән мұралар сондай көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп, көңілді шаттық күлкіге бөлеп, қуантады. Халық ертегілерінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады, сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Ертегілердің ерекшелігі
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке
құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі
күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық
жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп,
бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы
таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік»
ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала
ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын
әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне
байланысты.
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір
сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға
желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып,
зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен
бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі
жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық
өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы
тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің
жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының
шеберлігіне байланысты.
Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
Қиял ғажайып ертегілері, Хайуанаттар жайлы ертегілер,Аңыз ертегілері,Тұрмыс салт ертегілері.
Қиял ертегісінің ішіндегі қазақ халқы айтқан көне түрлерін атасақ – ең ескілері аңшы мергендер
жайындағы ғажайып хал ертектері болу керек. Мерген болғанда берідегі шындыққа жақын салт
ертегісіндегі мерген емес. Өзгеше қиял дүниесінің ішінде әрекет ететін мергендер. Бұл «Еділ Жайық»,
«Құла мерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Аламан мен Жоламан» сияқты ертектер
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны , әсіресе сүйіп тыңдайтыны , хайуанаттар
жайындағы ертегілер . Табиғат жайында ең бай материалдар , кең түсініктер балаларға алғаш осы
хайуанаттар жайындағандар ертегілер арқылы берілген . «Бармақтай бала» , «Қотыр торғай» , 
«Мақта қыз бен мысық» , «Арыстан , қасқыр, түлкі, түйе , бөдене» , «Кім неден күшті» , 
«Түлкі мен тауық» т . б .
Аңыз ертегілер де қазақтағы көп ертегісінің бірі. Бұл топтың ерекшелігі, барлығы да тарихта болған
адамдар жайынан айтылған, халық шығарған көркем әңгіме, көбінше жасанды әңгіме болады.
Бұл жай алыс ескілікте болған адамдар тұрасында бір болса, тіпті бертінде, жаңада болған тарихтық
адамдар жайында да бола береді. Тарихта ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық әрекетімен елге
даңқты болған кісі болса, соның өмірінде шын болған мінез қалпынан туғызып қиялдық, тың іс,
уақиғалар тізіледі. Ондай әңгімелерді аңыз дейді. Аңызда мысалы тарихта болған Боран батыр,
немесе Кенесарының баласы Сыдық жез тырнаққа кездеседі. Ерлік етеді, алысады, жеңеді.
Жорығы, ерлігі Боран мен Сыдықтың өз қалыптары. Олар шынында батыр ер болған адамдар.
Міне, сол бейнесіне халық әңгімесі жез тырнақты әкеп қосып, солайша әңгімелеуі – өсіру.
Шындық әңгімені қиял мен ертегі етіп аңызға айналдыруы.
Тұрмыс –салт ертегілерінің ішінде идеясы идеясы халықтық, мазмұны мол оқиғаға құрылғаны “Аяз би”
десек, соған орай оның көркемдік дәрежесі сай екендігін байқаймыз. Басқа ертегілерге қарағанда,
“Аяз бидің” өзіне тән ерекшелігі оқиғаны жұмбақ түрінде құруында деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет