Қасқабасов С.
Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014.
ISBN 978-601-7568-39-9
Т.2. Мифология. Фольклор. Әдебиет. Зерттеулер. – 344 б.
ISBN 978-601-7568-41-2
Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лау
реаты Сейіт Қасқабасовтың таңдамалы шығармаларының екінші томы на
қазақ және әлем мифологиясына қатысты әр жылғы зерттеу еңбекте рі,
жыраулар поэзиясы, Абай және Жамбыл шығармашылығына арналған
ғылыми мақалалары еніп отыр.
Кітап әдебиет пен фольклорды, өнер мен мәдениетті зерттеушілерге,
тарихшылар мен философтарға, сондайақ әр елдің фольклоры мен мифо
логиясын салыстыра талдайтын мамандарға, халық мұрасын сүйетін
жалпы қауымға арналады.
ISBN 978-601-7568-39-9
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
Қ 44
Қ 44
©
Қасқабасов С., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 978-601-7568-41-2 (Т.2)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
[
3
]
ҚАЗАҚ МИФІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК МИФОЛОГИЯ
(Ізденістер мен болжамдар)
МӘСЕЛЕНІҢ ҚОЙЫЛУЫ
Жалпы мифологияны кең ауқымда, макролық тұрғыдан
қа растырсақ, яғни әлемдік мифология үш сипатта болатынын
көреміз. Бірінші – алғашқы қауымда пайда болған рухиелік
мифтер. Олар, негізінен, адамды қоршаған жер бетіндегі әр
алуан объектілердің, өсімдіктердің, жануарлардың, тіпті адам
дардың өздерінің пайда болу тарихы мен жекелеген аспан шы
рақтары жайында баяндайды.
Екінші – құлиеленуші мемлекеттер тұсында туып, қа
лып тасқан мифтер. Олардың тақырыбы мен мазмұны бірін
шідегіден әлдеқайда кең. Мұнда екі процесс орын алады:
бұрынғы миф
тер өңделеді, әрі жаңа мифтер туады. Енді
алғашқы қауымда шыққан рухиелік мифологияның ау
қы
мы зорайып, тек жер бетіндегі объектілер ғана емес,
күллі Космостың Хаостан рет
телу тарихы әңгімеленеді.
Сонымен қатар алғашқы қауымға тән рутайпалық қатынас
жағдайындағы адамдардың азаматтық, әлеуметтік теңдігі,
ру бірлігі, бауырластығы, кісілердің өза ра қайырымдылығы
жойылып, олардың орнына қоғамда тап тық жіктелу пайда
болып, әлеуметтік әрі мемлекеттік қа нау орныққан шақта,
яғни құлиеленуші және феодалдық мемлекеттердегі деспотизм
күшейген тұста, бұрынғы рутайпалық өмірді аңсаған, оны
«алтын ғасыр» («қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған»
деген сияқты) еді деп дәріптеген мифтер туады. Бұл мифтер
[
4
]
кейін, бірқұдайлық дін орнаған шақта, «жұмақ», «пейіш»
туралы болып өзгереді.
Үшіншісі – феодалдық мемлекет кезінде қалыптасып, дамы
ған бірқұдайлық мифология. Мұнда алғашқы қауымдағы
рухиелік мифология да, құлиеленуші мемлекет тұсындағы
көп
құдайлық мифология да қайта қаралып, рухиелер мен
көп құдайлардың орнын енді әлемді бір өзі жаратып, бір өзі
басқаратын жалғыз Құдай иемденеді, бұрындағы рухиелер
мен құдайлардың барлық қасиеті жалғыз ғана Құдайдың
бойына жинақталады. Сөйтіп, бірқұдайлық мифология адамзат
қоғамының дамуындағы жаңа белес болып, жаңа дәуір пайда
болғанын айғақтайды.
Аталмыш үш сипатты мифологияның үшеуінде де көрініс
беретін бір тақырып бар, ол – дүниенің жаратылуы мен күйреуі,
яғни топан су мен одан кейінгі тіршілік туралы баяндайтын
миф. Осы алуандас мифтерді зерттеу арқылы әлемдік мифо
логияның жалпы даму жолдары, оның жалпы адамзаттық
(типологиялық) және ұлттық сипаттарын айқындауға болады.
Сонымен, топан су туралы мифтер. Мұнда дүниенің қира
уы мен ақырзаман жайында баяндалады. Түптеп келгенде,
бұлар – эсхаталогиялық мифтер. Олардың қарапайым үлгілері
сонау алғашқы қауымда пайда болған және космогониялық
сипаттағы мифтермен араласып жүрген. Жалпы, заманақыр
туралы мифтердің бізге жеткен классикалық үлгісі – топан
су жайындағысы. Бұл мифтер алғашқы қауым тұсындағы
эсхаталогиялық мифтердің негізінде туған, бірақ кейін діни
мазмұнмен толығып, өзінің алғашқы «танымдық» сипа
тын діниге ауыстырған. Сөйтіп, ежелгі құлиеленуші мем
лекеттегі көпқұдайлық діннің негізгі тірегі болған миф кейін,
бірқұдайлық дін кезінде, құдайдың адамдарды күнәлары үшін
жазалағаны жайындағы мифке айналған.
Сонымен, біздің қарастыратынымыз – әлемнің жаратылуы
мен күйреуі туралы мифтер, олардың өзгеру та рихы. Әлемнің
жаратылуы дегеніміз – аясы өте кең ұғым, мұнда аспан мен
жердің жаралуы, жер бетіндегі объектілердің және аспан
шырақтарының пайда болуы, сондайақ жерде тіршілік ете
тін аңқұстардың, адамдардың дүниеге келуі қамтылады.
[
5
]
Ал әлемнің күйреуі туралы мифтерден, негізінен, то пан су
жайындағылары талданады.
Әлемнің, адамдардың, жанжануарлардың, жер бетіндегі
нәр
селердің, аспан денелерінің пайда болған дәуірі әр
халық тың мифінде әр түрлі аталады. Көбінесе «ерте заманда»,
«баяғыда», «жер кеппей түрғанда», тағы басқаша аталып,
сипатталады. Этнографиялық еңбектерде осындай мифтік
уақыт ты «Түс заманы» («Время сновидений») деп атау орнық
қан. Бұл орта лық Австралия түрғындарының мифтік уақытты
атаған сөзі. Кейде бұл мифтік мезгілді «оу баста» деп те айтады.
Бұл атаулардың бәрі фольклорлық түсінік тұрғысынан екені
көрі ніп тұр. Гуманитарлық ғылым үшін мұның еш сөкеттігі
жоқ. Дегенмен, дәл болу үшін мифтік дәуірді жаратылыстану
не месе математика мен физика ғылымдарының ұғымдарымен
де белгілеуге болатын тәрізді. Айталық, космос пайда болған
мифтік дәуірді, яғни мифтегі адам өзі пайда болмаған заманды
«минус І дәуір» деп, ал адам өзі пайда болған уақытты «нольдік
дәуір», одан кейінгі мезгілді «плюс І дәуір» деп атауға болатын
сияқты. Сонда аспандағы жұлдыздардың, Ай мен Күннің,
Жердің жаралғаны туралы баяндайтын мифтер «минус І дәуір
ді» бейнелейтін болып табылады. Ал жердегі таутас, өзенкөл,
алғашқы адамдар жайында айтатын мифтер «нольдік дәуірді»
көрсететін болып саналмақ. Адамдар қауымының өмірі мен
әдетғұрыптары, олардың реті жөніндегі мифтер «плюс І дә
уірді» бейнелейді деп есептелуге тиіс.
Міне, егер біз осы атауларды қолданар болсақ, онда біз
дің ғылымымыз мифологиялық түсінік негізінде туған атау
ларды пайдаланбас еді. Сөйтіп, біз мифтерді, «оу ба ста», «түс
заманында» деген жалпылама анықтаудан гөрі ғылымға
негізделген, әрі мифтік дәуір мен мифтік сананың стадиялық
сатыларын да дәлірек бейнелейтін ұғымдарды фольклористика
ғылымына енгізген болар едік. Бұл әдістің тағы бір ұтымды
жағы – алғашқы қауымнан кейінгі қоғамдарда орын алған
қайта мифологизация процесін, жаңадан туған мифтерді және
ескі мифтерді жүйелеп, циклденген мифологияны да, оларда
көрінетін уақытты, оларды тудырған мезгілді де анықтауға
мүмкіндік туатындығы. Мәселен, алғашқы қауымнан соң
пайда болған мифтердің уақыты – құлиеленуші мемлекет тұсы,
[
6
]
демек, бұл «плюс ІІ дәуір», ал бірқұдайлық дінге негізделген
миф туатын феодалдық қоғам мезгілі – «плюс ІІІ дәуір» болып
белгілене алады. Сонда біз күллі адамзат мифологиясының
туып, даму мезгілдері мен сатыларын дәлірек анықтай аламыз.
Осы әдіспен қарайтын болсақ, аспандағы жұлдыздардың,
Достарыңызбен бөлісу: |