Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану реті
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары (ары қарай – фдж бар бкм) туралы салық төлеушіге не білу керек
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіндегі 645 баптың 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен (немесе) заңды тұлғалар, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы міндетті.
Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы №1129 Қаулысы бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын 10 жекелеген қызмет түрлерінің тізімі бекітілген. Қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, ҚР үкіметінің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №1393 қаулысы бойынша фискальдық деректер операторы (бұдан әрі - ФДО) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалған.
ФДО сол үшін ФДО www.oofd.kz. веб-ресурсын іске асырды. Веб-ресурста салық төлеушімен «Қазақтелеком» АҚ серверіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қосылуы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын меңгеру және салық төлеушіні тіркелу рәсімі жүзеге асырылады.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (ары қарай – фдж бар бкм) тіркегенде салық төлеуші не истеу керек
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіндегі 644 бапқа сәйкес егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жері бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
3) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын
4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітаптарын;
5) ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді салық органдарына беруді жүзеге асыру үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша фискалдық деректердің операторымен жасалған шарттың көшірмесін табыс етеді.
Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын бере отырып жүргізіледі.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына (ары қарай – фдж бар бкм) өту кезінде салық төлеуші не истеу керек
1. Электронды үкімет немесе ХҚК орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) алуға өтініш беру (ЭЦҚ порталдан алу немесе ХҚК орталықтарында flash-картда);
2. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын ҚОО-да алу. Сымсыз байланыс үшін ҚОО-да немесе «Қазақтелеком» АҚ сим-картаны алу;
3. ФДО www.oofd.kz. веб-ресурсында салық төлеушінің жеке кабинетінде тіркелі (өзінің тіркелу мәлеметтерін енгізу арқылы);
4. ЭЦҚ арқылы қол қою және ФДО көрсетілген қызметтерінде келісім шартты сақтап оны басып шығару, келісім шартты салық органдарында есепке қойған кезде ұсынылады;
5. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою;
6. Салық органында тіркелген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын іске қосу;
7. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын «Қазақтелеком» АҚ серверіне қосылу өтінімін беру;
8. ФДО www.oofd.kz. порталында деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын тіркеген соң, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы үшін ID және токен алады;
9. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қосу (Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын баптау тәрменине ID және токенді енгізу). Чекті басып шығару.
Мәлімдеу үшін хабарлаймыз, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын сымсыз байланысқа қосылу үшін «ALTEL» АҚ желісі арқылы, ал gsm модемі бар немесе VPN сымдық байланысы бар бақылау-касса машинасын «Қазақтелеком» АҚ желісіне қосылады. Сондай-ақ ФДО www.oofd.kz. веб-ресурсында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасына арналған «ALTEL» АҚ мобильді желісінің қамту әкімшілік-аумақтық бірліктің тізімі орналасқан.
Сондай-ақ, фиксалды тіркеуіште функциясындағы бақылау-касса машинасын жаңарту үшін ФДО-мен әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату керек. Сонымен бірге, ФДО www.oofd.kz. порталында жаңартуға жататын бақылау-касса машиналарының модельдер тізімі орналастырылған. Осыған байланысты, жаңарту қажет болып табылатын бақылау-касса машинасын қолданған кезде, қазіргі уақытта бақылау-касса машинасын бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату арқылы жаңарту керек.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану реті бойынша ақпаратпен Сіз ҚР ҚМ МКК www.kgd.gov.kz сайтында, ФДО www.oofd.kz сайтында біле аласыз.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану реті сұрақтары бойынша Сіз мына телефон арқылы
8 (7212) 507808 қоңырау шалуыңызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |