Дәрілік заттар формалары. Таблеткалар Фармакологияның бір басты саласына фармация



Дата02.01.2022
өлшемі83.62 Kb.
#452417
таблеткалар фарм


Дәрілік заттар формалары.Таблеткалар

Фармакологияның бір басты саласына фармация жатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.Фармацевтік химия – бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін биологиялық маңызды заттарды зерттейтін ғылым.Фармакогнозиятабиғи өсімдік, жануарлар мен минералды өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы.



Рецептура– бұл дәрілік түрдің рецептте жазылу ережесі туралы фармация бөлімі. Рецептура дәрігерлік және фармацевтік болады. Дәрігерлік рецептура, препаратты алу үшін дәрігердің дәріханаға жүгіну мақсатына тағайындалған. Фармацевтік рецептура, технолог-фармацевт үшін фармакопия негізінде зауыттарда препараттарды дайындау.

Фармакопея – дәрілік препараттарды дайындаудың және олардың міндетті түрде белсенділігі анықталумен болатын бірыңғайландырылған ережелері бар арнайы кітап. Онда препараттың сапасын анықтайтын стандарттар жиынтығы мен нормалар келтірілген. Сонымен қатар физико-химиялық қасиеттері мен улы және күшті әсер ететін заттар мен басқа да көрсеткіштердің балалар үшін бір реттік және тәуліктік мөлшері кесте түрінде берілген. Мемлекеттік фармакопия ретінде РФ Х және ХІ (1 және 2 том) фармакопиясы қолданылады.

Дәрі-дәрмектерді рецептте жазудың бірнеше түрлері бар:

1. Официнальды немесе ресми (латын тілінде officina – дәріхана) өндірісте шығарылатын, тұрақты құрамы бар, фармакопея мақалаларында келтірілген дәрілік заттар.

2. Магистральды (латын тілінде magister – оқытушы) дәрігердің нұсқауы бойынша жасалатын дәрілер..Дәрілік өнім ретінде әртүрлі заттарды қолданады: өсімдік (жүрек гликозиді ж.т.б.), жануар (қалқанша безінің гормоны ж.т.б.), минерал (кальций препараттары) бактериялық (антибиотиктер) және химиялық синтез жолымен (фенобарбитал).



Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:

1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т.б.

2. Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т.б

3. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т.б.

4. Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.

5. Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т.б.

Таблеткалар (Tabulettae) – дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр. Мысалы: Атропиннің таблеткалық түріндегі жазбасы.

Rp.: Atropini sulfatis 0,0005

D.t.d. N. 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, тамақ ішер алдында.

#

Кейбір таблеткалардың ішінде емдік мақсатпен қосылған бірнеше заттар бар, сондықтан олардың жалпы коммерциялық аты жазылады. Мысалы: Цитрамон П (ацетилсалицил қышқылы 0,24 г; парацетамол 0,18 г; кофеин 0,03 г; какао 0,0225 г; лимон қышқылы 0,005 г) таблетка түріндегі жазбасы.



Rp.: Tabulettas «Citramonum П» № 20

D.S. 1 таблеткадан бас ауырғанда.

#

Таблеткалар- престеу арқылы алынған, дөнгелек, сопақша, беті тегіс немесе екі жағы доғалы пластинка тәріздес, дозаланған қатты дәрілік формасы. Олардың барлығы официналдық, дәл дозаланған, сондықтан да қолайлы болады, заводта жасалатын дәрілердің қатарына жатады.



Таблетка бір рет қабылдауға арналады, бірақ кейде оларды 2-4 бөлшекке бөлу қолайлы болу үшін (аурудың жасы мен қалына байланысты) олардың үстіне әдейі кертпелер салынады.

Таблеткалар сыртқа және ішке қолдану үшін тағайындалады, сыртқа қолдану үшін таблеткаларды еріту керек. Оларды ішке таза күйінде немесе болюс қойыртпағына және нанға қосып береді. Таблеткалардың жәй және біріккен түрлері бар. Таблеткалар құрамына асқазанның кілегей қабығын тітіркендіретін және күйдіретін қоспалар кіргізбейді.



Таблеткалардың құрамына дәрілік заттар және олардың салмағына 20 пайыздай құрайтың көмекші заттар (қант, крахмал, желатин т.б.) кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет